Түсінік хат Курстың білім беру мазмұны құрылымындағы орны «Экономикалық география» курсы дүниежүзіне аймақтық шолу, қоғам мен табиғатты біртұтас жүйе ретінде қарастыратын бірден-бір ғылым саласы – қазіргі заманғы география тарауларының құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар дүниежүзінің шаруашылығын оқыта отырып, әрбір елдің өз тарихи, уақыт аралығында қалыптасқан өзіндік сипаты бар ұлттық щаруашылығы болатыны белгілі. Жалпы алғанда дүниежүзіндегі елдердің бір-бірімен күрделі экономикалық қарым-қатынастар жүйесі арқылы байланысатынын түсіндіреді. Бұл курс еліміздің ертеңі болып табылатын өскелең ұрпақтың бойында еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, саяси және экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеуге, жоғары сынып оқушыларын ержету жолындағы жеке міндеттерін ойдағыдай шешулеріне көмектеседі. Курста шаруашылықтың барлық салалары қамтылады. Өмір сүруді қамтамасыз ету үшін тұрғындар материалдық және рухани игіліктерді өндіріп, еңбек етеді. Өндіріс процесінде адам табиғатпен ұдайы қарым-қатынаста болады. Сондықтан дүниежүзінің шаруашылығын біле отырып, қоршаған ортаны қорғау және табиғатпен үйлесімділікті сақтау мәселелеріне де көңіл бөлу қарастырылады. «Экономикалық география» атты қолданбалы курсы 10сыныптардың география пәнінің оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Курстың мақсаты 1. Жалпы табиғат заңдылықтары негізінде шаруашылық салаларын өтымды орналастыру, ондағы табиғи ортаны қалпына келтіру, өндіріс пен шаруашылықты тиімді өйымдастыру жобаларын жасау болып табылады.
2. Оқушылардың өз елінің шаруашылығы мен экономикасын одан әрі біле түсуіне көмектеседі.