Курстың міндеттері:
3. Оқушылардың табиғат пен қоғамның ажырамас бірлігін терең түсінуі арқылы ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
4. Жалпы еліміз аумағындағы, жекелеген аймақтардағы шаруашылық қызметтің көрінісін аша білуге үйрену; кәсіптік іс-әрекетте қажет өғымдарды игерулеріне көмектеседі;
5. Нарықтық экономика мен болашақ экономикалық өсу жағдайларында дұрыс бағыт-бағдар ұстану;
6. Қазіргі ақпараттық қоғамда ақпаратпен жөмыс істеу;
7. Әртүрлішаруашылықсалаларыарасындабайланысты табу.
Күтілетін нәтиже
Осы курстың материалдарынан әлем елдерінің шарушылығымен танысады.
Жекелеген елдер мен аймақтардың халық шаруашылық салаларының дамуы, құрылымы және орналасуын ашып көрсететін шаруашылықтың құрылымдық көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөледі.
Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы типологиялық бағытта болуы кажет, яғни әр елдің жеке өзіне тән спецификалық ерекшелігіне сай жалпы сипаттама берілуге дағдыланады. Ол үшін елдің экономикалық географиясын зерттегенде материалдарды дөрыс таңдай алып, салыстыру әдісін кең түрде қолдану қажет. Тек қана елді елмен, ауданды ауданмен, саланы саламен салыстыру арқылы ғана зерттеп анықтағанда мемлекеттің, шаруашылықтың ерекшелігін анықтауға үйренеді.
Елдердің шарушылық деңгейін анықтауда карталармен үнемі жұмыс істейді.
Бағдарланған мамандықтар - географ, жерге орналастыру ,эколог, ауыл шаруашылығы мамандары т.б.
Курстың жүргізу формасы: дәріс түрінде, семинар, сарамандық және шығармашылық жұмыстар түрінде.
Пәнаралықбайланыстар: экономика, химия, биология, физика, экология.
Достарыңызбен бөлісу: |