Байланысты: адам анатомиясы мен физиологиясы факультатив
Сарамандық жұмыс №6 Дене температурасын реттеу. Мақсаты: Бұл зерттеудің мақсаты қозғалмайтын ауа және ауа лебінің ықпалы, қолғаппен қорғалып немесе суық суға салу сияқты түрлі жағдайларда тері температурасының өзгеруін салыстыру болып табылады.
- Өзгерістерді өлшеу үшін температуралық датчикті колдану.
- Графикалық талдау және мәліметтерді салыстыру құралдарын қолдану.
- Өзгерістердің себептері туралы болжамдар.
Қысқаша ақпарат
Адам денесі әрбір реакцияның қосалқы өнімі ретінде метаболизмдік жылу шығарады. Неғұрлым белсенді болса, соғұрлым ағза да көп жылу шағарды. Дене температурасын қалыпты сақтап тұру үшін, метаболизмдік реакциялар арқылы пайда болатын жылуды ағза реттеуі керек. Ағзаның ішкі температурасы тұрақты болуы керек, өйткені ферменттер 370С температурада жақсы жұмыс істейді. Ағза дененің тұрақты ішкі жағдайдайларын сақтап отыру үшін, осы үдерістерді үздіксіз бақылап және реттеп отырады.
Бұлшық еттердің тез жиырылуы мен дірілдеуі кезінде жылу бөлінеді. Жасушалық метаболизм жылу шығарады және денені жасушадағы химиялық сияқты бейімделуі, жылуды жануарлардың жылу алмасу элементінен арнайы қан суық аяқ-қол ұштарына барады. Бұл, мысалы, аяқтың немесе қолдың температурасын
сақтап тұрады.
Тым суық немесе тым ыстық температура кезінде сіздің денеңіздегі бірнеше физиологиялық өзгерістерді сипаттаңыз.
Неліктен осындай өзгерістер болады?
Қандай жағдайда тері тепмературасы көбірек өзгереді: ауа лебі есіп тұрған қолдың температурасы ма, әлде суық суға салынған қолдың температурасы ма?
Суық суда тұрған қолдың температурасы қаншалықты өзгереді? Қолды судан алғаннан кейінгі бірінші минутта өзгеріс қаншалықты болады? Орнату
1. Мәліметтер жинау жүйесінде жаңа экспериментті бастаңыз.
2. Температура датчигін мәліметтер жинау жұйесіне қосыңыз.
3. Екінші датчикті екінші портқа қосыңыз.
4. Кестеде у осінде х осіндегі уақытпен салыстырғандағы температураны көрсетіңіз.
5. Үлкен табақты немесе соған ұқсас контейнерді алыңыз. Ол кейінірек мұзға қажет болады.
6. Датчиктің ұшын алақанның сыртқы жағына бекіту үшін жабысқақ лентаны қолданыңыз.
7. Басқа температуралық датчикті екінші алақанның сыртқы жағына бекітіңіз.
Ескерту: Бір қолдың мәліметтері ғана жазылады. Екі қолдың жағдайы бірдей болады.
Мәліметтерді жинау.
8. Мәліметтерді жинауды бастаңыз.
9. Барлық мәліметтерді көрсету үшін график шкаласын таңдаңыз.
10. 6 минуттан кейін мәліметтерді жинауды тоқтатыңыз. 11.1-мәліметтер жүргізгішін «қозғалмайтын ауа» деп атаңыз.
12. Қолыңыз қозғалмайтын ауада қандай температурада болады?
13. Неліктен қозғалмайтын ауада өлшенген температура «бақылаулық» деп аталады? Әр түрлі факторлармен салыстырылатын қозғалмайтын ауадағы температура тұрақты жағдай болып табылады.
3-бөлім. Қолғап немесе саусаққапта Мәліметтерді жинау
1 .Оң қолыңызға қолғапты киіңіз.
2. Мәліметтерді жинауды бастаңыз.Барлық мәліметтерді көрсету үшін график шкаласын таңдаңыз.
3. Екі минуттан кейін қолғапты шешіңіз.
4. Мәліметтерді жазуды тағы 4 минут жалғастырыңыз.
5. Мәліметтерді жинауды тоқтатыңыз.
6. 2- мәліметтер жүргізгішін «қолғап» деп атаңыз.
7. Қолғаптағы және қозғалмайтын ауа кезіндегі тері температурасын салыстырыңыз? Ауа ағымы терінің температурасының жоғарылауына жылытатын әсерін тигізеді.
8. Қолдың температурасы бастапқы температураға келгенше бес минут күтіңіз.
Суық суда мәліметтерді жинау
1. Үлкен табаққа немесе контейнерге мұз салыңыз және су құйыңыз.
2. Судың үстінде алақан мен датчиктің сырт жағын қалдыра отырып, алақаныңыз бен саусақтарыңыз толығымен суық суда болатындай етіп сол жерге оң қолыңызды сиыстырыңыз.
3. Мәліметтерді жинауды бастаңыз. Барлық мәліметтерді көрсету үшін график шкаласын таңдаңыз.
4. Зерттеліп жатқан объектіге отыруын, босаңсуын және жазылып жатқан мәліметтерге қарамауын ескертіңіз.
5. Екі минуттан кейін қолыңызды суық судан шығарыңыз.
Ескерту. Егер бұл ыңғайсыздық туғызса,қолыңызды судан ерте шығарыңыз.
6. Мәліметтерді жазуды тағы 4 минут жалғастырыңыз.
7. Мәліметтерді жинауды тоқтатыңыз
8. 3-мәліметтер жүргізгішін «суық су» деп атаңыз.
9. Суық судағы және қозғалмайтын ауа кезіндегі тері температурасын салыстырыңыз?
10. Экспериментті сақтаңыз және мұғалімнің нұсқауларымен келісе отырып жұмыс үстелін тазалаңыз.
Талдауға арналған сұрақтар
Ауа легі әсер еткендегі қол терісінің температурасының және қозғалмайтын ауадағы қол терісінің температурасының айырмашылығының себебі неде?
Қолды суық судан алғаннан кейін терінің температурасы қалай өзгереді?
Қолды суық судан алғаннан кейінгі бір минут ішіндегі температурасының өзгеруін өз болжамдарыңызбен салыстырып көріңіз.
Терінің алдыңғы температурасының айырмашылығын қалай түсіндіре аласыз? Бұл мәселені қалай шешуге болады?
Жинақтау сұрақтары
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін қол жетімді ресурстарды қолданыңыз.
Осы эксперименттің әрбір сынағын орындау кезінде неліктен бір қолды қозғалмайтын ауады қалдыру керек?
Бұл эксперименттің қорытындысы гомеостазды түсіндіру үшін қандай көмегін тигізеді?
Адам аяғының және қолының саусақтарын үсікке шалдырганда дененің салыстырмалы тұрақты температурасын қалай сақтайтынын түсіндіріңіз.
Дұрыс жауапты таңдаңыз немесе толық емес сөйлемдерді толтырыңыз.
Дененің тұрақты температурасын сақтайтын жануарлар.
А. Пойкилотермикалы
B. Эндотермикалы
C. Суыққанды
D. Экзотермикалы
Дене жылуды қалай шығарады?
А. Метаболизм
Б. Жасушалардың бөлінуі
В. Метаморфоз
С. Кондукция
Булану кезінде дене жылуын қалай жоғалтады?
А. Кондукция
Б. Сәулелену
В. Конвекция
Г. Метаболизм
Дене температурасын қалай реттеуге болады?
А. Булану
Б. Дірілдеу
В. Ыстық
Д. Жоғарыда көрсетілгеннің барлығы.
Қорытынды
Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыны шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек.
Ұсынылған үйірме курсын 9 сыныпта биология пәнімен қатар сәйкестендіре жүргізу, сабақ барысында қарастырылған тақырыптарды тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді. Мектеп курсында жүргізілетін сабақтарда PASKO құрылғысын қолданып зерттеулер жүргізуге сағаттар бөлінбеген, сондықтан үйірме курс барысында SPARK құрылғысын қолдана отырып эксперименттерді жүргізіп, олардың нәтижелерін талдап, әрі қарай оқушылардың адам физиологиясы туралы толығырақ ақпарат алуына жағдай туады. Өз ағзасында жүретін физиологиялық үдерістерге әсер ететін факторлар туралы мәліметтер алып, олардың әсерін бақылай және болжай алады. Сарамандық жұмыстар кезінде оқушыларға осы жасалатын эксперимент туралы қосымша мәліметтер қысқаша ақпарат түрінде беріледі және әр жұмысты орындағаннан кейін жұмысты талдау үшін әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қарастырылған. Оқушының сыни ойлауын дамытатын сұрақтардан басқа алған білімін тексеру үшін тест сұрақтары да ұсынылады.Сарамандық жұмыстармен қатар теориялық сабақтарда да мектеп бағдарламасына қосымша мәліметтер беруге болады. Сабақ барысында жүргізілген зерттеулерді одан әрі жалғастырып, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолдануға болады. Сонымен қатар, теориялық сабақтарды тек дәріс түрінде өткізбей түрлендіріп өткізсе, балалардың үйірме сабақтарға қызығушылығы артары анық.
Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып, қолдана алу бейімділігін қажет етеді.Осы орайда сабақтарда АКТ мүмкіндіктерін молынан пайдаланып, балалардың өздеріне зерттеуге мүмкіндік беріп отыру арқылы қажетті құрылғыларды ақпарат алуында қолдана алу дағдысын қалыптастыру, балалардың сапалы білім алуына, болашақта іскер әрі шығармашылығы мол, ақпараттық қаруланған тұлға болып қалыптасуына септігін тигізері сөзсіз.