Курстың мақсаты



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі50,29 Kb.
#86091
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
адам анатомиясы мен физиологиясы факультатив


Түсінік хат
Үйірме курсының бағдарламасы және бағдарлама бойынша бірнеше сабақтардың топтамасы биология пәні мұғалімдеріне кӛмекші әдістемелік құрал ретінде жазылған. Мемлекеттік стандартқа сай адам ағзасының физиологиясы бойынша, PASKO құрылғысын қолдана отырып, биологияны зерттеулер арқылы оқыту үшін мұғалімге арналған нұсқаулық негізінде құрылған.
Үйірме мазмұны теориялық және практикалық бӛлімді қамтиды. Теориялық бӛлімде адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы туралы мәліметтер мен практикалық жұмыста зерттелетін сұрақтар қарастырылады, практикалық бӛлімде PASKO құрылғысын пайдаланып сарамандық жұмыстар жүргізу қаралған. Сарамандық жұмыстарды талдауға оқушының сыни ойлауын дамытатын талдау және жинақтаусұрақтары беріледі. Курс бағдарламасымен қатар бағдарламаға сәйкес бірнеше теориялық және практикалық сабақтардың үлгілері берілген.
Қазіргі кезде медицинаның жетістіктері мен өмір сүру жағдайларының жақсаруына қарамастан ауру адамдардың саны әлі де көп. Әрбір адам денсаулықтың зор байлық екенін біледі. Адам денсаулығының жақсы болуы- шектелетін мәсәле емес, үздіксіз жүретін процесс. Адам саулығының жақсы болуы үшін 50% пайызы оның әлеуметтік жағдайы мен өмір салтына байланысты болады. Адам өз саулығы үшін өзі жауап беруге міндетті .
Сондықтан «Адам денсаулығының физиологиясы мен гигиенасы» үйірме бағдарламасы оқушылардың адам денсаулығы және оның өмірдегі басты құндылықтары туралы білімдерін тереңдету мен кеңейтуге , тірі табиғат дүниесі мен өзін танып білуге деген құлшынысы мен қызығушылығын ояту, адам денсаулығын сақтайтын және бұзатын факторларымен, себептерімен терең таныстыруға мүмкіндік береді.
Үйірме бағдарламасы адамның психикалық, дене және рухани саулығын сақтау үшін салауатты өмір сүру мақсатында құрылды. Оқушыларға кәсіби бағдар береді, теорияның практикамен тығыз байланыстылығын қамтиды, оқушы бойында практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет