Курстың мақсаты


Сарамандық жұмыс №4.Физикалық жүктеме және жүрек соғысының жиілігі



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі50,29 Kb.
#86091
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
адам анатомиясы мен физиологиясы факультатив
8-наурыз, Алг 8 сын
Сарамандық жұмыс №4.Физикалық жүктеме және жүрек соғысының жиілігі
Мақасаты: Жүрек соғуының жиілігі датчигін қолдана отырып, оқушылар физикалық жүктеменің физикалық дайындық деңгейімен салыстырғандағы әсерін бақылайды. Оқушыларға қойылатын тапсырма:
Физикалық жаттығуларды орындау кезіндегі және одан кейінгі жүрек қағысының орташа деңгейін анықтау. Жүрек қағысы жиілігінің негізінде денсаулыққа максималды пайда әкелетін жаттығулар деңгейін анықтау.
Тапсырмаларға шолу
Келесі тапсымаларды орындай отырып, оқушылар тәжірибе жинайды: Жүрек қағысының жиілігін өлшеу үшін Prepare the exercise heart rate sensor датчигін дайындау;
Физикалық жаттығуды орындағанға дейінгі жүрек қағысының жиілігін анықтау;
Физикалық жаттығуды орындау кезіндегі жүрек қағысының жиілігін анықтау;
Физикалық жаттығуды орындағаннан кейінгі жүрек қағысының жиілігін анықтау;
Жүрек қағысының проекциялық жиілігін анықтау;
Материалдар мен жабдықтар
Әр оқушыға немесе топқа:
Мәліметтерді жинау жүйесі
Жүрек соғысы жиілігінің Hand Grip датчигі.
Мәліметтерді жинау жүйесін қолдану
Бұл тәжірибеде оқушылар келесі техникалық жұмыстарды орындайды.
- Мәліметтерді жинау жүйесіндегі жаңа тәжірибенің басы
- Датчикті мәліметтерді жинау жүйесіне қосу
- Мәліметтерді жазудың бастауы және аяқталуы
- Мәліметтерді кестеде көрсету
- Кестенің шкаласын орнату
- Кесте шыңының мәнін табу
- Мәліметтер статистикасын қарау
- Тәжірибені сақтау
Қысқаша ақпарат
Жүрек соғуының жиілігі – бұл жүрек кезеңінің жиілігін суреттеу үшін қолданылатын термин. Әдетте ол жүректің минутына жиырылуының (қағысынын) саны ретінде есептеледі және «минутына қағысы (мқ)» ретінде көрсетіледі. Ересек адамның жүрегі қалыпты жағдайда шамамен мқ 70 (еркектер) және мқ 75 (әйелдер) соғады, бірақ бұл қөрсеткіш барлық адамдар үшін түрліше болады. Тамыр соғуы – бұл жүрек ырғағының жиілігін өлшеу әдістерінің бірі.
Ағза жүрек шығысын (жүрек бір секундта шығаратын қанның мөлшері) арттыру үшін жағдайларды кеңінен тандауға жауап ретінде жүрек ырғағының жиілігін арттыра алады. Физикалық жүктеме қалыпты адамның жүрек қағысының жиілігін қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігімен салыстырғанда артуына мәжбүрлейді. Жаттығу неғұрлым қарқынды болса, жүрек қағысының жиілігі де жоғары болады.
Осыған қарамастан, орташа деңгейлі мқ 60 және 100 аралығында болады. Егер жүрек қағысының жиілігі мқ 60-тан төмен болса, онда жағдай брадикардия деп аталады. Егер жүрек қағысының жиілігі мқ 100-ден асатын болса,онда жағдай тахикардия деп аталады.
Зертханалық жұмыс алдында орындалатын талқылаулар
1. Жаттығу кезінде жүрек қағысының жиілігі қалай өзгереді?
2. Сіздің жүрек қағысыңыздың жиілігі қалпына келу кезінде қалыпты жағдайдағы (жаттығуға дейінгі) жиілікке қаншалықты жақын болады?
3. Әйелдердің жүрек қағысының жаттығуға дейінгі, жаттығу кезіндегі және жаттығудан кейінгі жиілігінде еркектермен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар?
Орнату
1. Мәліметтерді жинау жүйесімен жаңа тәжірибе бастаңыз
2. Мәліметтерді жинау жүйесінде датчикті портқа жалғаңыз
3. Жүрек қағысының х осіндегі секундтық (сек) уақытқа қатысты у осіндегі минутына қағысының жиілігін тандаңыз.
Мәліметтерді жинау
Мәліметтерді жинау үш кезенде жүргізіледі.
- Бір минут ішіндегі қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігін өлшеу;
- Үш минут ішіндегі жаттығуды орындау кезіндегі жүрек қағысының жиілігін өлшеу;
- Екі минут ішіндегі қалпына келу кезеңіндегі жүрек қағысының жиілігін өлшеу.
4. Осы тәжірибедегі сіздің бақылаулық жиілік мәніңіз қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігі болып табылады.
5. Жүрек қағысы жиілігі датчигін екі қолыңызға алыңыз (hand qrip). Мәліметін өлшетіп жатқан адамға отыруды, босауын, асықпай демалуын және жазылып жатқан мәліметке қарамауын ескертіңіз.
6. Мәліметтерді жазуды бастаңыз.
7. Барлық мәліметтерд көрсету үшін кестенің шкаласын күйіне келтіріңіз.
8. Кестенің мәліметтерін бірінші 60 секунд ішіндегі мәлеметтерімен сипаттаңыз. Мәлеметтер мжқ 60-тан 80-ге дейінгі аралықта едәуір тұрақты болуы қажет.
9. Бір минутан кейін жүрек қағысы өлшеніп жатқан адам тұрып, 3 минут аралығында бір орында тұрып жүгіруді орындайды, сол уақытта мәліметтердің жиналуы жалғасады.
10. Кестенің мәліметтерін осы 180 секунд ішіндегі мәліметтерімен сипаттаңыз. Мәліметтер адамның физикалық жағдайына байланысты ажыратылады. Жүрек қағысы жиілігі шамамен мжқ 110-120-ға дейін жоғарылайды.
11. Жаттығуды орындағаннан кейін жүрек қағысының жиілігі өлшеніп жатқан адам орнына отырады және сол күйде 2 минут отырады, осы уақытта мәліметтерді жинау жалғастырылады.
12. Кестеңіздің мәліметтерін осы 120 секунд ішіндегі мәліметтерімен сипаттаңыз. Мәліметтер адамдың физикалық жағдайына байланысты ажыратылады. Жүрек қағу жиілігі шамамен мжқ 80-90-ға дейін төмендейді.
13. Мәліметтерді жинауды зерттеліп жатқан объектінің жүрек қағасының жиілігі бастапқы тыныштық күйіне оралғанға дейін жалғастырыңыз.
14. Мәліметтерді жинауды тоқтаңыз
15. Тәжірибеңізді сақтаңыз және оқытушыңыздың нұсқауына сәйкес жұмыс аймағын тазартыңыз.
Талдауға арналған сұрақтар
1. Дене жаттығуын орындау кезіндегі және қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігін салыстырыңыз.
2. Жүрек қағысының қалпына келу жағдайының 2 минутынан кейінгі жиілігін және қалыпты жағдайдағы жиілігін салыстырыңыз.
3. Әйелдер мен еркектердің физикалық жаттығуларды орындауға дейінгі және кейінгі жүрек қағысының жиілігін салыстырыңыз.
4. Белсенді өмір сүретін адамдар мен неғұрлым қозғалыссыз өмір сүретін адамдардың жүрек қағысының жиілігіндегі өзгерістерді салыстырыңыз.
Жинақтау сұрақтар
1. Өзіңіздің жүрек қағысы жиілігіңіздің проекциялық диапазонын санаңыз.
2. Қандай мәліметтер сіздің физикалық жағдайыңызбен байланысты? Олар жүрек қағысы жиілігінің проекциялық диапазонына кіреді ме? Түсіндіріңіз.
3. Жүрек қағысының максималды жиілігіне қол жеткізу үшін спортшы неліктен неғұрлым төмен дайындықтағы адамға қарағанда жаттығуды ұзақ немесе қарқынды орындауы керек?
4. Қалыпты жағдайдағы жүрек қағысыңыздың жиілігін қолдана отырып, 80 жас өмір аралығындағы қағыстың санын есептеңіз.
Жауаптардың бірнеше нұсқасы бар сұрақтар

  1. Жүрек қағысы проекциялық жиілігінің жоғары деңгейі (минутына қағысы) жүрек қағысының теориялық мақсималды жиілігінің 85%-на тең. Жүрек қағысының мақсималды жиілігі 220-дан адамдың жас мөлшерін алу арқылы есептеледі. Жақын төменгі тұтас санға дейін дөңгелектеу арқылы,

26 жасар адамдың жүрек қағысының проекциялық жиілігінің жоғары деңгейін анықтаңыз.
A. 134
B. 155
C. 165
D. 194

  1. Қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының орташа жиілігінің артуына себеп болатын фактор;

A. Жас
B. Күйзелу
C. Дәрі-дәрмек қабылдау
D. Жоғарыда айтылғанның барлығы

  1. Жүрек қағысының максималды жиілігі қалай есептеледі.

A. 220 минус адамның жас мөлшері
B. 220 көбейтілген жүрек интенсивтігі
C. 220 минус жүрек қағысының резервтік жиілігі
D. Жауаптың ешқайсысы дұрыс емес

  1. Әйелдердің қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының орташа жиілігі шамамен мынаған тең:

A. 120-дан 80-нен астам
B. 120
C. 75
D. Жауаптың ешқайсысы дұрыс емес.

Сабақ тақырыбы: Сарамандық жұмыс №5: Тыныс алу көлемі.


Мақсаты: Тыныс алу мен терең тыныс шығарудың көлемдік пайызы араларындағы әр түрлілікті түсіну үшін өкпенің функционалдық сынамасы мен тыныс алу көлемін зерттеу.


Оқушылар осы сарамандық жұмысты орындау үшін алдын ала мына тақырыптар туралы түсінік берілуі қажет:
Тыныс алу. Тыныс алу жүйесінің құрылымы мен қызметі.
Орындалатын жұмыс туралы қысқаша ақпарат
Тыныс алу мен тыныс шығару –біздің ағзамызға тән табиғи үдеріс. Тыныс алу мен қан айналым жүйесі бірігіп оттегі мен көмірқышқыл газдарының күрделі газ алмасу қызметін атқарады. Өкпеде көптеген ұсақ көпіршіктер –альвеолаларда газ алмасу жүреді. Спирометр –тыныс алғандағы ауа мөлшерін өлшейтін құрал. Сынама барысында зерттелуші бірнеше рет қалыпты тыныс алып, содан кейін бір рет терең тыныс алады( терең тыныс алу және шығару).
Спирометр уақытқа шаққанда сыйымдылық графигінде маңызды өлшемді көрсете алады. Бірден-бір маңызды өлшем –ол максималды жүктемеде зерттелушінің қалай жақсы тыныс алатынын көрсететін бір секунд ішіндегі тез тыныс алуы. Бұл көрсеткіш әдетте өкпелері науқас адамдарда төмен және өкпе ауруларымен шектелетін адамдарда жоғары болады. Дені сау адамның тез дем шығаруы әдетте 75-85% тең. Сонымен қатар, өкпенің функционалдық сынамы тыныс алу көлемін және тыныс алу сыйымдылығын зерттейді. Тыныс алу сыйымдылығы –сабырлы тыныс алу барысында өкпемен тыныс алу, тыныс шығаратын бір тыныс алу. Спирометр, әдетте, тыныс алудың қалыпты сыйымдылығының абсолюттік көлемі мен шамамен пайызын көрсетеді.
Жұмыс барысы:
SPARK құрылғысын жұмысқа дайындау
1. Мәліметтерді жинау жүйесінде жаңа экспериментті бастаңыз
2. Мәліметтерді жинау жүйесіне спирометрді жалғаңыз.
3. Қондырғыларды тұтқалармен жалғаңыз.
4. Өкпе қызметінің қалдықты сыйымдылығына арналған өкпе сыйымдылығын (2,5 литр) және өлшенген ауа ағыны жиілігін есептеу негізінде мәліметтерді жинау жүйесін реттеу.
5. Барлық мәліметтерді көрсетуге арналған график шкалаларын таңдау. Мәліметтерді жинау:

  1. Мәіметтер жазбасын бастаңыз: оқушы қалыпты тыныс алғанда, терең тыныс алғанда және содан кейін қайтадан қалыпты тыныс алғандағы өзгерістерді жазыңыз.

  2. Ауа ағыны қондырма арқылы өтіп жатқанын қадағалаңыз: ол үшін қондырманың конусты жағын алдыңғы тіс аралығына қойып, қондырманы ерінмен ұстаңыз, мұрынды жауып тек ауызбен тыныс алыңыз.

  3. Жасыл индикатор жанғаннан кейін тыныс алуды бастаңыз.

Ескерту: мәліметтерді жазып жатқан оқушы дауыстап нұсқаулар беріп, тыныс алуларды санап отырады:
a. 4 қалыпты сабырлы тыныс алыңыз.
b. Терең тыныс алып, содан кейін бірден максималды күшпен терең тыныс шығарыңыз.
c. 2 қалыпты, сабырлы тыныс алыңыз.

  1. Мәліметтер жазбасын тоқтатыңыз.

  2. Экспериментіңізді сақтаңыз. Алынған мәліметтерді талдау:

1. Берілген өкпе көлемін уақытпен салыстырып, график сызыңыз. Тыныс алу сыйымдылығын, бір секундтағы тез тыныс шығару көлемін және тіршілік сыйымдылығын белгілеңіз.
2. Алынған мәліметтерден тыныс алу сыйымдылығын, бір секунд ішіндегі тез дем шығару көлемін және өкпелердің тіршілік сыйымдылықтарын анықтайтын арақашықтықты өлшеңіз. Алынған мәліметтерді 1-кестеге жазыңыз.
3. Тез дем шығару көлемін келесі жолмен, пайыз арқылы есептеңіз: бір секунд ішіндегі тез дем шығару көлемін өкпелердің тіршілік сыйымдылығына бөліп, 100-ге көбейтеміз. Мәліметтерді 1-кестеге жазыңыз.
1-кесте: өкпенің функционалдық сынамы көлемі мен өкпелердің тіршілік сыйымдылығын өлшеңіз.
2 Өлшеу 3 Мәні
4 Тыныс алу көлемі, бір тыныс алу көлемі 5
6 Бір секунд ішіндегі терең дем шығару көлемі 7
8 Өкпелердің тіршілік сыйымдылығы: өкпедегі ауаның максималды көлемі 9
10 Терең дем шығару көлемінің пайызы 11

Тақырыпты бекіту үшін талдауға және жинақтауға ұсынылатын сұрақтар:


1. Өкпенің көлемін өлшеу барысында төрт алғашқы тыныс алуларда айырмашылықтар байқалады. Оған себеп болған не деп ойлайсыз?
2. Максималды тыныс шығару мен тыныс алудан кейінгі екі қалыпты тыныс алу, бірінші төрт қалыпты тыныс алуға қарағанда неге жеңілірек болады.
3. Ер адамдар мен әйелдердегі тыныс алу көлемін салыстырыңыз.
4. Демікпемен ауыратын адамдардың тыныс алу көлемі қалай өзгереді деп ойлайсыз?
Оқушылар білімін тексеру үшін ұсынылатын сұрақтар:
1. Тыныс шығарғанда кеуде қуысы қандай өзгеріске ұшырайды?
a) Диафрагма мен қабырға бұлшық еттері созылады.
b) Диафрагма мен қабырға бұлшық еттері босаңсиды.
c) Қабырға бұлшық еттері жиырылып, альвеолдағы ауа қысымы атмосфералық қысымға қарағанда төмен болады.
d) Көкірек қуысындағы көлем үлкейеді.
2. Адамның максималды тыныс шығарғаннан кейін тыныс алатын ауа көлемі қалай аталады?
a) Тіршілік сыйымдылығы
b) Тыныс алу көлемі
c) Қалдық сыйымдылық
d) Өкпелік желдету көлемі
3. Өкпе альвеолалары мен капиллярларындағы көмірқышқөыл газы мен газтекті оттегінің алмасу үдерісі қалай аталады?
a) Осмос
b) Диффузия
c) Фагоцитоз
d) Эндоцитоз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет