1. Таңертең балаңыз ұйқыдан оянған-да оған «Қайырлы таң!» , - деп жақсы тілек тілеңіз, алайда бұл тілегіңізге жауап күтіп тұрмаңыз. Жаңа күнді сергек, ұрыс-керіссіз бастаңыз.
2. Балаңызға ұрысқанда «сен үнемі осындайсың», «неге үнемі солай істейсің» деген тіркестерді қолданбаңыз. Сіздің балаңыздай жақсы бала жоқ, тек бүгін ғана бір қателік жасап қойды. Балаңызға бұл туралы айтуды ұмытпаңыз.
3. Балаңызбен ренжіскен күйде кетіп қалмаңыз, алдымен онымен татуласып, содан кейін ғана өз істеріңізбен шыға беруіңізге болады.
4. Әдетте бала мектептен келгенде «сенен сабақ сұрады ма?», «бүгін қандай баға алдың?» деп сұрап жатады. Одан да балаңыздан «бүгін қандай қызықтар болды?» деп сұраңыз.
5. Балаңыздың өздеріңіз тұратын үйдің төрт қабырғасына емес, осы үйдің өзін жақын тартуына көңіл бөліңіз, үйге келгенде «өз үйің қандай жақсы», «өз үйім өлең төсегім» деп айтып қоюды ұмытпаңыз.
6. Балаңызға «өтірік айтпа» дегеннен көрі «алдама» деп айтқаныңыз дұрыс. Одан да жымиып қана «біреудің жалған сөйлегісі келіп тұрған сияқты» дегеніңіз тіпті орынды болары сөзсіз.
7. Балаңыз үйден шығарда міндетті түрде есікке дейін шығарып салып, «Асықпа, сақ бол!» деген жақсы тілек тілеңіз.
8. Балаңыз үйге келгенде оларды міндетті түрде есік алдынан күтіп алыңыз. Бала тіпті ол бір нәрсеге кінәлі болса да, өзінің үйге келгеніне ата-анасының қуанышты екенін сезінуі тиіс.
9. Балаңыздың жадына «сен жақсысың, бірақ өзгелерден артықпын деме» деген бәріне белгілі психологиялық формуланы сіңіріп отырыңыз.
10. Балаңызға «өте тазайын да, салақ та болмай, жай ғана ұқыпты болу керек» екенін айтып отырыңыз.
11. Кейде әке ұлы ұйықыдан оянғанша жұмысқа кетіп, кешке жұмыстан кешірек келгенде ұлы ұйықтап қалып жатады. Ал демалыс күні әкесі аңға не балыққа шығып кетеді. Ең болмаса қолыңыз сәл қалт еткенде «қалің қалай, ұлым?» деп сұрап қоюды ұмытпаңыз.
12. Егер балаңыз бір өзі ойын қызығына беріліп кетсе, оның ойынға берілген күйін, өз әлемін бұзып алмас үшін балаңызды мазаламаңыз.
13. Балаңызға еш уақытта «үп-үлкен болып алып» деп жасын, «сені де ұл дейді-ау» деп жынысын немесе «сені біз асырап отырмыз» деп ішкен асын айтып бетіне салық қылмаңыз.
14. Балалардың көзінше біреулерді әңгіме қылмаңыз. Бүгін сіз көршіңізді жамандасаңыз, ертең балалар сізді жамандайтын болады.
15. Үйіңізде балаларыңыздың күлкісін қашан естігеніңізді еске түсіріп көріңіз. Балаларыңыз жиірек күлген сайын тәрбиенің де дұрыс жүріп жатқанын көруіңізге болады.
|