Абай облысы Alihan Bokeikan University Факультет: Педагогика және Психология



бет1/2
Дата28.11.2022
өлшемі154,48 Kb.
#160097
  1   2
Байланысты:
СОӨЖ 7 апта


Абай облысы
Alihan Bokeikan University
Факультет: Педагогика және Психология


СОӨЖ

Тақырыбы: Отбасындағы қарым қатынастың құлдырау, бұзылу ерекшелігі.

Орындаған: Сәйдін Айғаным
Тобы: НО-901

Семей 2022-2023 жыл

Отбасындағы қарым қатынастың құлдырау, бұзылу ерекшелігі.

Кіріспе
Отбасы өмірінде кездесетін кейбір дағдарыстар қалыпты және өтпелі болып келеді. 
Алғашқы некеге тұру – дағдарысыӘсіресе тойға дейін жастар бір-бірін «қызғылт түсті көзілдірікте көреді», сол кезде бір-бірінің бойынан ешқандай мін таппайды, жарасып жүріп некеге отырады. Неке – өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік жаңа статусқа әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгертіп, басқа үйдің босағасын аттап, енді сол үйдің ішкі заңдылықтарымен жаңа өмір бастайды. Бұл Э.Эриксонның пікірінше «Ұқсастыққа келу дағдарысына» соқтырады, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа әрекеттер пайда болады. Бұл ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделу кезеңі, ол отбасын құрған алғашқы жылда болатын құбылыс. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі-зайыптылар үйренісіп, бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе ажырасу тілегі пайда болып, некелік одақ сәтсіз болды деп саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Келесі дағдарыс бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуымүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Өйткені балалы болуға «ана», «әке» атануға теориялық жағынан дайындық болса да, бала дүниеге келгеннен кейін туындайтын қиындықтар, практикада мүлде басқа болатынын ұғындырады. Жастардың тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы міндеттер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда жас күйеу, ата-ене т.б. мұны өздеріне назар аударудың жолы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Отбасындағы келесі дағдарыс екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, үлкен бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентай кезіндегідей қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балаға осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік пен шыдамдылық қажет болады.
Келесі дағдарыс – бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес, некелік өмірді тек қаржы жағынан қамтамасыз ету, ал бала тәрбиесі әйел адамның ісі деп түсінетін ер адамдар үшін бұл өзінің бостандығына қол сұққандай сезіледі. 
Келесі дағдарыс әке мен баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі мүмкін: жеткіншек жас дағдарысы және ата-ананың 40 жастық немесе орта жас дағдарысы қатар келіп үлкен әлеуметтік-психологиялық қиындықтармен жалғасып кетеді. Бұл кезеңде ата-аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке, еркіндікке, ересектікке ұмтылып, араларында түсінбестіктер туындайды. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылықтарын, жас және психофизиологиялық ерекшеліктерінен туындайтын қиындықтарды барлық ата-аналар дұрыс түсіне бермейді, соның себебінен көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарысы – ерлі-зайыптылардың бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезде ересек адам көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс-әрекетте кемелдікте, даналықта ұстап дағдыланған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының ешнәрсеге жарамсыз болып қалғанына қатты қынжылады. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік, жыныстық қарым-қатынаста көрсетуге тырысады, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады.
Келесі дағдарыс – ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл кезде бірге өмір сүру тәжірибелері 15-20 жылға қарағанда, жаңа қатынастар құру, жаңа отбасылық өмірге, басқа адамға бейімделу сияқты сынақтарға әкеледі. Кейбір адамдар отбасында ешқандай сыйластық пен татулық қалмаса да, үйреншікті өмірді бұзуға күш-жігері жетпей қиналса да, отбасында абыройы жоқ болса да, бейтаныс адамдармен бірге тұрғандай селқостық өмір сүру жағдайында жүріп жатады. Бұл отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Өсіп қалған балаларының кәсіп таңдауы, жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты – дағдарыстың жаңа кезеңі пайда болады. Қазіргі экономикалық дамудың нарықтық кезінде ата-ана баласының болашақ қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешегін жақсы мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылады.
Дағдарыстың келесі түрі – ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз-өзіне қол жұмсауға баруы дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата-ана қамқорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі-зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Кейбір ерлі-зайыптылар мұндай жағдайға дайын болмағандықтан, осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы өміріне басқа да құбылыстар ықпал етеді, мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі-зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы ауру, отбасы мүшелерінің бірінің өмірден озуы, тұрмыс жағдайының ушығуы т.б. болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған міндеттерді кез келген отбасы, отбасы мүшесі көтере алмайды, міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.
Балалары ата-аналарының ажырасуына үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар – ата-анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын «әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын» деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер – әкесіз қалу, қайғыру, бойын үрей, қорқыныш билеу, сатқындықты сезіну жеңілген балаларда болады. Отбасында қалған анасының оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды. 
Аман қалғандар – бұл отбасы өмірінің барлық ауыртпалықтарын басынан өткізген, құр жаны қалған, соққыдан әлсіреп қалғандай сезінетін, жылы эмоционалдық қатынасты қажет ететіндер. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет