адам организімінің физиология мен гигиенасы туралы білімдерін қалыптастыру;
адамның биологиялық және әлеуметтік мәнін түсінетін тұлға дайындау;
оқушының өз саулығын және салауатты өмір салтын сақтауда дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
мектеп оқушыларын салауаттандыру;
аурудың алдын алу, жарақаттанудан, тірек қимыл жүйесінің бұзылуынан, әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтану.
Курстың міндеттері: 1. Оқушыларға адам денсаулығының бұзылу себептері туралы білімдерін тереңдету мен кеңейту.
2. Оқушыларды денсаулықтарын сақтайтын факторлармен жете таныстыру.
3. Салыстыру, талдау , қайталау мен қорытынды жасау дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Базалық білім негізінде оқыту үрдісінде ғылыми көзқарас қалыптасып, оқушылардың мәдени денгейі жоғарлап, жеке бастың жан- жақты дамуы тәрбиеленеді.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, мамандық таңдауға мүмкіндік береді.
Әр оқушы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыра біледі.
Оқушының, жеке тұлғалық сипатын айқындау, оларды кәсіпалды дамыту, пән олимпиадасына қатыстыру, жоба қорғату, өзін - өзі бағалау.
Танымдылық іс - әрекеті, тапқырлығы артады, қызығушылығы оянады.
Жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді.
Жаңа ұғымдардың мәнін дұрыс түсінеді, орынды қолдану біліктілігі артады.