Кузнецов О. Л. Ресей табиғи ғылымдар академиясының п



бет2/5
Дата20.11.2016
өлшемі0,73 Mb.
#2179
1   2   3   4   5

1-сурет. Тұрақты дамудың қазіргі заманғы түсінігінің құрылымы

Инвариантты мүдделердің төрт тобы олардың кеңістіктік-уақыттық келісімі барысында тұрақты даму үшін қажетті жағдайлар жасайды. Саяси еркінділіктің, әлеуметтік табиғи жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастырудың болуы, және, әрине, тәнік ғылыми-технологиялық базис барысында жеткіліктілік туындайды.



Тұрақты даму стратегиясының мәнісі туралы ұғымдардың бұрмалануы және қазіргі замандағы ықтимал жаңылысулар

«Sustainable development» проблемасына мемлекеттік деңгейдегі қызығушылық бірде туындайтындығын, бірде жоғалатындығын ескеру қажет. Тұрақты даму ұғымы арқылы қоғамның еркін қуаттылығының уақыттағы оң туынды шамасы орын алатын даму түсінігін назарға алмай, «тұрақты» және «даму» сөздерінің сыртқы қарама-қайшылығын қазбалайтын оппоненттер саны азаймай отыр [1].

Кейбір саясаткерлер қазіргі заманғы жағдайларда, және жаһандық дағдарыс уақытында бұл туралы айтудың мәні жоқ дегенді айтып, бұл проблеманы жасанды деп санайды, олар тұрақты инновациялық дамусыз дағдарыстан шығу мүмкін еместігін ескермейді. Бірқатар ғалымдар мен саясаткерлер кез-келген жүйені дамытпайынша, оны қауіпсіздендіру және сақтауға болмайтындығын ескерместен, даму стратегиясының орнын қауіпсіздік стратегиясымен ауыстырады.

Сөздің түйінінде, публицистер мен политологтар кей кезде мұның көзқарас пен стратегияның диаметрлік қарама-қайшылығы екендігіне есеп бермей, «Sustainable development» проблемасы мен «алтын миллиард» проблемасын араласытрады.

Бұған қоса, БҰҰ тұрақты даму бойынша «РИО+20» Конференциясының «Біз қалайтын болашақ» бастамасының қорытынды құжатының басым жағы, атап айтқанда: әлемдік процестердің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық құрамдарының келісімі – толық емес. Сондықтан, «Экономика-энергетика-экология» 3Э-балансының мәнмәтінінде энергоэкологиялық стратегияның энергетикалық құрамдарының пайда болуы әрекеттегі көзқарастар жүйесін сәтті толықтырады.

Тұрақты даму стратегиясын әзірлеу және іске асыру бағыттары

Қазіргі заманғы тілмн айтқанда, жаһандық, өңірлік және әлеуметтік табиғи жүйелердің кез-келген даму процесінде қандай да бір инвариант болуы тиіс, сонымен қатар, новацияның жаңа қырлары үздіксіз қалыптасуы тиіс, одан кейін өзгеретін қоршаған әлемнің жаңа қарсылықтарына сай келетін жаңа жүйелердің элементтері пайда болады. Міне, қоршаған ортамен өзара әрекеттесу арқылы жүйенің даму философиясы осыдан тұрады.

Нақты мемлекеттердің (елдердің) немесе қоғамдық жүйелердің тұрақты даму стратегиясын әзірлей отырып, алда тұрған іс-қимылдарды екі векторға айқын бөлу қажет: біз нені сақтаймыз және біз нені өзгертеміз.

Жаһандандыру, индустриалдықтан кейінгі қоғамды дамыған елдерде және индустриалдық қоғамды дамып келе жатқан елдерде қалыптастыру қоса және тапжылмай келе жатқан ХХІ ғасырда мұндай бөлу орынды түрде өзекті болады.

Өркениет жылдан жылға «желілік» болып келе жатыр, яғни, біртіндеп жаһандық желілік қоғам қалыптасып келе жатыр (пікірталасқа арналған әр түрлі алаңдарды, әлеуметтік желілерді, виртуалдық шығармашлықы ұжымдарды қосқанда). Бірақ, осы орайда дамыған және дамып келе жатқан елдер деңгейлерінің арасындағы алшақтық терең болып қалып отыр. Соңғы жылдары «сандық» делінетін алшақтық көрініс беріп жүр, ол халықтың ғылым мен технологияның маңызды жетістіктері, гуманитарлық туындылар және т.б. туралы ақпараттардан тұратын желілік ресурстарға қол жетімділік мүмкіндіктері арасындағы байыпты айырмашылықта байқалады.

Өзімізге мына сұрақты қоялық:

«стратегия» терминінің мағынасын біз қалай түсінеміз?

Жауап береміз: стратегия – оңтайлылыққа (ресурстардың барлық түрін және шығарылатын экоогиялық зиянды азайту өлшемдері бойынша) жақын траекториялар бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жекізуге бағытталған білімдер мен жобалық іс-әрекеттердің (немесе жобалау бойынша іс-әрекеттердің) динамикалық жүйесі.

Кезектілікпен анықтау қажет: қандай білімдер, қандай жобалық іс-әрекеттер және қандай оңтайлы траекториялар туралы сөз болып жатқандығын.

Даму мақсаттарын анықтаудан бастаймыз, өйткені, «мақсатты білмейтін адамға кез-келген жел бағыттас».

Қоғам мақсаттары туралы ресейдің көрнекті ғалымы (математик, физик, философ) Н.Н. Моисеев терең ойланған [4-5]. Ол: «Қоғам мақсатын ойлап табуға болмайды, ол сол немесе басқа ел аумағында тұратын халықтардың айқын және айқын емес мүдделері мен ықыластарынан қалыптасады. Бірақ осы мүдделерді іске асыру мемлекет пен қоғамның ресурстық мүмкіндіктерін сүзгіден өткізу арқылы іріктеу жолымен мүмкін», - деген.

Ресурстық мүмкіндіктер ұғымы ретінде табиғи ресурстарды (жаңартылатын және жаңартылмайтын), интеллектуалдық ресурстарды, аумақты, оның көлемін, ландшафтық және климаттық (географиялық орналасуы, жануарлар және өсімдіктер әлемі) жағдайларды түсінген дұрыс. Елдің ресурстық мүмкіндіктерге белгілі бір шектеулері немесе басымдылықтары оның «адам капиталының» (БҰҰ сарапшыларының терминологиясынан) сапасымен жасалады. Нақты бір елдің ресурстық мүмкіндіктері туралы келтірілген талқылауларға байланысты, әр бір мемлекетте өзінің тұрақты даму стратегиясы болуы тиіс екендігі анық.

Сондықтан, РИО+20 қорытынды құжатындағы осындай стратегияларды құруды қолдау ғылыми ойды дамытудың заңды нәтижесі болып табылады және тарихи оқиғалар барысымн айтылған.

Мұндай стратегиялар қазіргі уақытта әзірленген және кейбір мемлекеттерде (Норвегия, Дания, Швеция, Қытай, Қазақстан және басқалары) іске асырылуда.

Қазіргі заманғы кезеңде тұрақты дамуды түсіну Н.Н. Моисеев ойларының мәнмәтінінде Адамзаттың Ықпалдастырылған Капиталына әкеледі (2-сурет).





2-сурет. Адамзаттың Ықпалдастарылған Капиталындағы өзара әрекеттестіктер.

Тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыруға арналған сыртқы және ішкі энергия көздері

Геопроцестердің эксперименталдық фактілерін, гипотез және физикалық-математикалық модельдерін талдауға байланысты, Жер планетасы – бұл эволюциясы оның элементерінің перманентті туындайтын кернеу градиенттері (физикалық өрістер мен толқындық резонанстық құбылыстардың барлық белгілі түрлерінің) есебінен өзін-өзі ұйымдастыру арқылы пик-деңгейден мега-деңгейге дейін кооперациондық физикалық-хи­миялық өзара әрекеттесуі есебінен жүзеге асырылатын ашық (термодинамикалық мағынада) жүйе екендігін айтуға болады [2].

Жер энергиясы көздерінің жеке түрлері бойынша оның бағдарлық теңгерімі 1-Кестеде келтірілген.

1-кесте. Жер энергиясы көздерінің жеке түрлері бойынша оның бағдарлық теңгерімі

Энергия түрі

Жалпы қорлар,

Дж


Жаңартылмайтын ресурстар

Термоядролық энергия

3,60 x 1026

Ядролық бөлу энергиясы

1,98 x 1024

Қазбалы органикалық ресурстардың химиялық энергиясы

1,98 x 1023

Жердің ішкі жылуы

4,82 x 1020

Жаңартылатын ресурстар

Теңіз тасқындарының энергиясы

25,2 x 1022

Жерге түсетін сәулелер энергиясы

20,8 x 1023

Атомдық оттегі және азот түріндегі атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы күн сәулелерінің шоғырландыру энергиясы

0,43 x 1017

Жел энергиясы

6,12 x 1021

Өзендер энергиясы

6,48 x 1013


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет