Кузнецов О. Л. Ресей табиғи ғылымдар академиясының п



бет1/5
Дата20.11.2016
өлшемі0,73 Mb.
  1   2   3   4   5


Кузнецов О.Л.
Ресей табиғи ғылымдар академиясының президенті, «Дубна» табиғат, қоғам және адам халықаралық университетінің президенті, техникалық ғылымдар докторы, КазТҒҚА құрметті академигі.

ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҚИЯЛ МА НЕМЕСЕ НАҚТЫЛЫҚ ПА?..

(табиғат-қоғам жүйесіндегі өзара әрекеттер философиясы тұрғысынан)

«Сөздердің мағынасын дәлдеңіз, сонда сіз адамзатты оның жаңылысуларының жартысынан арылтасыз» Рене Декарт

«Әлем осылай жаратылған, менің Гамлетім. Әлем осылай жаратылған...» В. Шекспир

Энергоэкологиялық даму, менің көзқарасым бойынша, әр елдің және жалпы әлемнің тұрақты дамуының ажырамас бөлігі болуы тиіс [1-2]. Сондықтан, бөлшек пен бүтіннің, яғни, тұрақты даму мен қауіпсіз энергетиканың экологиялық қалыптасуының бір-біріне қатынасы қандай екендігін түсіну маңызды.

Жалпы, бұл проблема толығымен жеткілікті баяндауды талап етеді, бірақ осы мақала шеңберінде мен кейбір басты мәселелерді ғана қарастырдым:


  1. Оғаш сөз тіркесінің көздері және олардың қазіргі заманғы ұғымы;

  2. Тұрақты даму стратегиясының мәнісі туралы ұғымдардың бұрмалануы және қазіргі замандағы ықтимал жаңылысулар;

  3. Тұрақты даму стратегиясының бағыттары, сонымен қатар, оларды іске асыруға қажетті ішкі және сыртқы энергия көздері;

  4. Тұрақты даму мүмкіндіктерінің философиялық, табиғи ғылымдық және технологиялық алғышарттары;

  5. В.И. Вернадскийдің тұрақты даму стратегиясына жасалатын алғашқы қадамдар ретіндегі нооқабаттық ұғымдары;

  6. Тұрақты дамуды синергетика, өзін-өзі ұймдастыру теориясы, қайтымсыз процестердің термодинамикасы тілдерінде және LT тілінде сипаттау;

  7. Тұрақты даму және жеделдетуші толқындық процесс (уақытты қысу) – сингулярлық даму мүмкіндігі;

  8. Бұдан әрі – «Нақтылық шектері» [10] және дамудың Құлдырайтын шиыршығы.

Оғаш сөз тіркесінің көздері және олардың қазіргі заманғы ұғымы

Бұл бөлімде 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Жер Саммитінде Sustainable development - тұрақты (үйлестірілген) даму атауын алған әлемдік проблема туралы сөз қозғалады [3].

Әуел бастан «тұрақты» және «даму» сөздерінің үйлесуі айналасында аудармасының қиындығы, түсінігі өзгергендігі жайында көптеген пікірталастар тудырды. «Тұрақты» сөзі «орнықтылық» сөзімен ұқсастырылды.

Негізінде сөз әлем дамуы парадигмасын ауыстыру: қоғамнан түпкілікті басқа құндылықтар жүйесіне, сонымен қатар, жаңа технологиялар мен технологияларға негізделген нооқабаттық қоғамға ауысу жайында болып отыр.

Әр бір тарихи дәуір жаңа қарсылықтар тудырады әрі адамзатты белгілі бір кезеңде жүйені жаңа аттракторлардың біріне шығаратын жаңа технологиялық және әлеуметтік-мәдени шешімдер іздеуге мәжбүрлейді, ал одан кейін даму бифуркацияның келесі нүктесі басталғанға дейін таңдалған траектория бойынша жүреді.

Әдетте, жаңа жаһандық немесе діни қатерлердің жақындауы азаматтық қоғамның сол немесе басқа құрылымдарына не мамандандырылған талдамалық орталықтарға кірген болашақ сарапшы-зерттеушілердің шағын ортасына ғана түсінікті болады. Одан кейін сарапшылар халықтың кең қабатының, оның ішінде үкіметтер мен парламенттердің назарын аударады.

Өткен XX ғасыр жаһандық дағдарыстардың, шиеленістердің, соғыстардың кезеңі, саяси режимдердің әрі Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Американың көптеген мемлекеттерінің әлеуметтік қағидаларының ауысуы ретінде белгіленді.

Sustainable development проблемасы туындау алдындағы оқиғаларға қысқаша тоқталамыз.

Енді, XX ғасырдың екінші жартысы, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі екі онжылдықтан соң.

Осы соғыстан кейінгі жылдардың жаһандық геосаяси көрінісі екі үстем державаның АҚШ пен КСРО-ның (екі әскери-саяси блоктың - НАТО және Варшава блогының) қарама-қарсы күйі түрінде бейнеленді. Әскери амбицияларды өзара ұстанымының құралы - екі державаның да ракеталық-ядролық күштері болды.

Егер әлем елдерінің экологиялық бет алған қоғамдығының дабылдары мен наразылықтары болмағанда, ядролық сынақтардың ұстатпас жарысы осы күнге дейін ұзақ уақыт бойы жалғасушы еді әрі оның болжамсыз зардаптары болушы еді.

Ауада, одан кейін жер бетінде ядролық қару сынақтарын тоқтату туралы шартқа қол қою «ядролық қыс» делінетін сндық математикалық модельдеудің ең айқын, дәлелді және дабылды нәтижелерінен кейін ғана жүзеге асырылған болатын. Бұл жұмыстарды көрнекті математик және философ академик Н.Н. Моисеевтің басшылығымен ресей ғалымдары жүргізді. Есептер Жер үстіндегі бірнеше сутегі бомбаларының жарылысы Жер ғаламшары адамдардың алдағы тұруы үшін жарамсыз болып қалатындай биоқабатқа әсерін тигізетіндігін көрсетті.

Тікелей ядролық соқтығыстың қатері шешілгендей болғанымен, осы уақытта сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар үшін басқа геологиялық проблемалар толқу туғыза бастады. Бәрінен бұрын бұл көмірсутегі шикізатымен байланысты энергия ресурстарын пайдаланудың шексіз көлемі және одан кейін атмосфераның, топырақтың, топырақ суларының, ашық су қоймалары мен өзендердің жылулық және химиялық ластануы.

Жаратылыстық табиғат шарттарын бұзатын ормандарды жыртқыштық жою, аумақты босату және артығымен урбандау, дамып келе жатқан елдер («үшінші» әлем елдерінің) халықтарының сызықты емес өсуі кезінде таза ауыз суының, азық-түліктің және басқа ресурстардың күрт жетіспеушілігі.

Туындаған қарсылықтарды ірі итальян бизнесмені Печчеидің бастамасы бойынша Еуропаға және басқа контингенттерге қатер тудыратын ең өткір проблемаларды азаматтық бастамалар деңгейінде талқылау үшін құрылған атақты Рим клубы нысандандырылған және ішінара ғылыми дәлелденген түрде тұжырымдауға тырысты. Рим клубының жұмысына әлемнің түрлі елдерінің беделді ғалымдары шақыртылды.

Рим клубы әлемдік экономиканың, экологиялық және әлеуметтік жағдайдың дамуының болашақ сценарийін американың жас зерттеушісі Денис Медоузға теориялық модельдік зерттеуге тапсырыс берді, ол тиісті есептер жүргізіп, «Өсім шектері» баяндамасын тапсырды, онда ол Еуропа, Америка және одан кейін басқа да елдердегі ғылыми және саяси элитаның жасанды емес толқуын туғызған теориялық тәуелділіктерді көрсетті.

Рим клубының және көптеген сарапшылардың ақпараты БҰҰ-ның Бас хатшысының Норвегияның премьер-министрі Гро Харлем Брунтланд ханымның басшылығымен қоршаған ортаны қорғау және дамыту бойынша халықаралық комиссияны құруға қозғады [3].

Экология, медицина, социология бойынша ондаған жоғары класты сарапшылар кірген комиссия, екі жылдың ішінде жер шарының барлық бұрыштарында болды, мұқият дисциплина аралық тексеру өткізіп, 1986 жылы БҰҰ-ның 42-Бас ассамблеясына «Біздің ортақ болашағымыз» баяндамасын тапсырды. Бұл проблемалар 1992 жылы Бүкіләлемдік жер Саммитінде талқыланды. БҰҰ баяндамасында келесі негізгі қорытындылар жасалды:


  • Соңғы жүз жылдықта адам және оның өмір тіршілігін қамтамасыз ететін ғаламшар арасындағы өзара қарым-қатынас түпкілікті өзгерді – Жер бетіндегі өркениет пен өмір үшін қауіп туды.

  • Соңғы жүз жылдықта тұтыну қарқындары, және осыған сәйкес, экономикалық өсім күрт ұлғайды. Өндіріске адамның тіршілік еткен өткен ғасырлары қанша болса, соншалықты ресурстар тартылды.

  • Табиғи ортаның мүмкіндіктерімен келісілмеген экономикалық өсім процестері ғаламшар да, оның халқы да ұзақ төзе алмайтын беталыстардың, әсерлердің себебі болып табылды.

  • Экономикалық өсім табиғи ортаны бұзады, экологиялық құлдырауға әкеледі, ал бұл өз кезегінде экономикалық өсім процесін күйретеді және әлеуметтік шиеленістің жаңа орамдарына әкеледі.

  • Қазіргі уақытта әлем өңірлері қоршаған ортаның қайтымсыз қатеріне ұшырап отыр, ол өркениет негіздерінің жойылуына және Жердің тірі табиғатының жойылуына қауіп төндіреті.

  • Бұрынғы шешімдер ескірген, және олар тек өмір тіршілігінің тұрақсыздығы мен қатерін ұлғайтады.

  • Дамудың жаңа шешімі қажет, ол бірнеше метрлерде және бірнеше жылдар ішінде емес, бүкіл ғаламшарда және ұзақ болашақта адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің даму мүмкіндігін қамтамасыз етуші еді,

  • БҰҰ-ның жоғарыда келтірілген құжаты маңыздысаяси функция атқарды. Ол әлемнің ондаған елдеріндегі экологиялық қозғалыстардың, партиялардың өзін-өзі ұйымдастырылуының қуатты қозғалыстарын жылжытты.

2002 жылы ЮАР-да (Йоханнесбург қаласы) «РИО+20» атауымен тұрақты даму проблемасы бойынша екінші саммит өтті. Саммиттің негзгі қорытындысы белгілі бір табыстарға қарамастан, проблеманың жалпы тіптен шешілмегендігін көрсетті, әрі тұрақты даму жағына жаһандық жылжу туралы айтуға тым ерте.

Дамыған және дамып келе жатқан елдер арасындағы адам өмірінің сапасы сияқты көрсеткіш бойынша айырмашылық зор екендігі айқын көрініп тұр. Жерде 1,5 миллиардтан астам адамның таза ауыз суына, заманауи медицинаға және білімге қолы жетімсіз. Әлемнің көптеген өңірлерінде бұрынғыша алуан түрлі экологиялық қатерлер және т.с. алынбаған.

2008 жылдан бастап өсіп келе жатқан жаһандық қаржылық-экономикалық, одан кейін жүйелік дағдарыстар ғалымдардың «табиғат-қоғам-адам» Жүйесінің ағымындағы процестерге, және осы процестердің нәтижесі ретінде тұрақты даму проблемасына қызығушылықтарын арттырды.

Тұрақты дамудың қазіргі заманғы түсінігін 1-суретте келтіреміз





Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу