4-сурет. Тұздылық айырмашылығымен (а) және температура айырмшылығымен (б) шартталған Атлант мұхитындағы тереңдік тығыздық ағындарының ендік кескіні [Вюст, 1958]. (Әлемдік мұхиттағы өзін-өзі ұйымдастыру процестері. Мұхиттағы энергия мен массаның конвективті ауысуы)
Тұрақты дамуды іске асырудың философиялық, табиғи ғылымдық және технологиялық алғышарттары
Академик И.Т. Фроловқа арналған жұмыстан кейбір жолдарды атап өтпеуге болмайды: «Қазіргі заманғы әлемде философия өзіндік әмбебап коммуникатордың, ажырап кеткен және әлі де ажырап жатқан ғылымның, мәдениеттің, тәжірибенің салаларының арасындағы делдалдың ролін, сыни рефлексифті бастау таратушының, және онымен бірге парадигма аралық пікірталасты ұйымдастырушының ролін атқарады».
Берілген бағыттағы жас, бірақ көшбасшы болып үлгірген ғылыми және білім орталықтарының бірі «Дубна» Халықаралық университеті болып табылады, онда осы мақаланың авторы лекциялар курсын оқиды. Университетте Президенттің Ресейдің жетекші ғылыми мектептеріне арналған гранттарын үш рет алған Тұрақты дамудың ғылыми мектебі (басшылары профессор О.Л. Кузнецов және профессор Б.Е. Большаков) табысты жұмыс ітейтіндігін атап өткен жөн.
«Табиғат-қоғам-адам» жүйесін дисциплинааралық зерттеу жүргізуге арналған жаңа тілдер мен құралдарды кеңінен іздестірудің ғылыми қоғамдастықта қайта туындаған қажеттілігі бойынша кейбір философиялық ойларды мысалға келтіреміз:
«Әлем жалғыз, табиғат «факультеттерді» білмейді. Мұндай ойлардың негіздерін Египет, Қытай, Үндістан, Месопотамия философтары қалыптастырған;
«Әлем табиғат және адам үйлестігінде тамаша» – деп дауыстаған Жаңару дәуірінің философтары, суретшілері, ақындары;
«Әлем өзгереді және өзгермй қала береді». Батыс-Еуропалық философиямектебі (Гегель).
Мәңгі жорамалшылар XVIII - XX ғасырлардың өркениетінің қарқынды технократиялық даму аясында әрекет жасайды. Осы кезеңде Еуропаның, АҚШ, Ресейдің, Жапонияның және басқа елдердің көрнекті ғылыми, инженерлік және технологиялық мектептері пәндік салалар (факультеттер) білімдерінің ұлы өрісін дифференциялаумен тереңдете айналысқан: физика, химия, биология, геология, ақпараттану, социология және басқалары.
Заманауи (алтыншы) өркениетті салт та, алдыңғы салттар сияқты механика, термодинамика, электродинамика, аэро- және гидродинамика, атомдық және ядролық физика салаларындағы алдыңғы күрделі және қолданбалы зерттеулердің нәтижесі болып табылатын нақты инженерлік және конструктордық шешімдерге тұтастай негізделген. Осы арнайы дисциплиналардан кейін алып өркениет үлесін кибернетика, радиоэлектроника, геофизика, роботты техника, молекулалық биология, жаңа материалдардың физика-химиясы, тектік инженерия енгізді.
Алтыншы өркениетті салттың технологияларын дамыту энергоэкологиялық стратегияны және тұтастай тұрақты даму стратегиясын іске асыруға мүмкіндік береді деп болжанады.
В.И. Вернадскийдің тұрақты даму стратегиясына жасалатын бірінші қадамдар ретінде нооқабаттық түсініктері
Көрнекті жаратылыс сынаушы және философ Вернадский адамзаттың ортақ үйін өз қолымен қирататындығы туралы айтатын Жердің жылулық өлімінің алдындағы пайғамбарлармен келіспеген.
Өркениетті дамытуға қатысты оптимист болған Вернадский дамуды (құлдырауды емес) қоғамдық зердеде және қылықта біртіндеп пайда болатын жаңа мәдениет ықпал көрсететіндігі туралы болжаған. Қоршаған ортаның өзгеретін жағдайларына жедел бейімделуге, жинақталған тарихи иәжірибені сақтаумен (мүмкіншілікке қарай) биоқабат пен техноқабаттың табиғи және техногенді икемді үйлесуіне бағытталған қоғамдық өмірдің жаңа нақты мазмұнын қамтамасыз ететін мәдениет туралы айтылып отыр.
«Табиғат зерттеушінің философиялық ойларында» ол: «Біз оның ғаламшардың геологиялық тарихына айқын енуін бастан кешеміз. Соңғы мыңжылдықта бір түрдегі тірі заттың – өркениет адамзаттың биоқабат өзгерісіне әсер етуінің қарқынды өсімі байқалып жүр. Ғылыми ойдың және адам еңбегінің әсерінен биоқабат жаңа күйге – нооқабатқа ауысады», - деп жазған [7].
Өз мақалаларында «нооқабат» терминін бірнеше рет келтіргеніне қарамастан, Вернадскийдің сынды теориясы мен биоқабаттың нооқабатқа ауысу механизмдері жоқ екендігін байқайсыз. Сондықтан, бірқатар ғалымдар, публицистер, саясаткерлер нооқабатқа қозғалысты қандай да бір қиял ретінде қарастырған.
Осымен бірге, оның «Ғылыми ой ғаламшар құбылысы ретінде» деген аяқталмаған жұмысында биоқабаттың нооқабатқа ауысуының бірнеше нақты шарттары көрсетілген.
Осы шарттарды атап шығамыз:
Бүкіл ғаламшарға адамдардың қоныстауы;
Елдер арасындағы байланыс және алмасу құралдарының күрт өзгеруі;
Байланыстың күшеюі, оның ішінде, саяси, Жердің барлық елдерінің арасында;
Адамның геологиялық ролінің биоқабаттағы басқа геологиялық процестерден үстемдік алуының басталуы;
Биоқабат шекараларының кеңеюі және ғарышқа шығу;
Энергияның жаңа көздерінің ашылуы;
Барлық нәсілдер мен діндердегі адамдар теңдігі;
Сыртқы және ішкі саясат мәселесін шешуде халық массалары ролінің ұлғаюы;
Ғылыми ойдың және ғылыми іздеудің діни, философиялық және саяси құрылымдардан еркіндігі және мемлекеттік қатарда еркін ой үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы;
Халыққа білім берудің ойланған жүйесі және еңбекшілердің әл-ауқатының көтерілуі;
тоймау және ашығу, кедейшілік және науқастың тым әлсіреу жағдайларын болдырмаудың нақты мүмкіндіктерін жасау;
Жерді өсіп келе жатқан халықтың барлық материалдық, эстетикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті ету мақсатында оны бастапқы табиғатын дұрыс қайта құру.
Осы ойлар 1943-1944 жылдары, Екінші дүниежүзілік соғыс әлі аяқталмаған кезде жазылған. Ғалымның өзі осы кезеңде академиктер тобымен бірге әдемілігіне көз тоймайтын Бурабай (Қазақстан) таулы кентінде болған.
В.И. Вернадскийдің жеке тұлға, философ, ойшыл ретіндегі ұлылығы – осы тезистерде.
Вернадский туралы қысқаша әңгімені өзім аса құрметтейтін академик Б.С.Соколовтың сөздерімен аяқтағым келеді: «Оның ғажайып сәуегейлік күші болған»1.
Тұрақты дамуды синергетика, өзін-өзі ұйымдастыру теориясы, қайтымсыз термодинамика процестері тілдерінде және LT тілінде сипаттау мүмкіндіктері
Жер ғаламшары жалғыз данада. Күн Жүйесіндегі Жер ғаламшарының бірегейлігі көрудің барлық бұрыштары аясындағы әр тараптық сипаттауға лайықты. Бұл «көру бұрыштары» өткен жүз жылдықта Жер туралы ғылымдар циклына жататын мамандандырылған (астрономия, геодезия, геология, геофизика, геохимия және көптеген басқалары) ғылымдарға айналды.
Жүзжылдық ішінде әлемнің көптеген елдерінің ғалымдары мен тәжірибешілері ғаламшар дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары, оның өсімдіктер мен жануарлар әлемі, және, әрине, адамдар әлемі туралы ілімдердің ұлы ағашын құрды.
Бірақ XX жүзжылдықтың соңында осы орамда дисциплинааралық зерттеулерге қызығушылық белгіленді, және ғалымдардың бұл қызығушылығы Big History («үлкен тарих»), Synergetic (синергетика), Life science (Өмір туралы ғылым), Science of competition (күрделілік теориясы) сияқты ғылымның жаңа бұтақтарын тудырды.
XIX ғасыр философиясының маңызды ережелерінің бірі – диалектикалық материализмнің материяның әр бір даму деңгейінде өз заңдары әрекет ететіндігінен тұрғандығына назар аударамыз:
өмір туындағанға дейін – физика және химия заңдары;
өмір туындағаннан кейін – биологиялық заңдар;
адам пайда болғаннан кейін – әлеуметтік заңдар.
«Табиғат–қоғам–адам» жүйесінде әрекет ететін жалпы даму заңдылықтарын қандай тілдерде көрсетуге болатындығын қысқаша түсіндіріп көрелік:
Біріншіден, алгебралық және дифференциалдық теңдеулер тілі.
Екіншіден, дисциплина аралық синергетика тілі.
Үшіншіден, кеңістіктік-уақыттық шамалар тілі (LT-тілі).
Алгебралық және дифференциалдық теңдеулер тілі
XX ғасырдың екінші жартысында пәндік білімдер мен физика, химия, биология, геология тілдерінің қарқынды дамуына қарамастан, ғылыми қауымдастық феноменологиялық деңгейде физикалық, биологиялық, әлеуметтік жүйелер деңгейінде келе жатқан алуан текті процестерді «тігуге» мүмкіндік бере алатын қосымша тілдерді құру қажеттілігін сезінді.
«Тігу» проблемасына философиялық тұрғыдан шешім табу әрекеттерін Альфред Норт Уайтхед (1929) «Процесс философиясы» жұмысында қабылдады. Күрделі жүйелерді меңгеру проблемалары бүгінгі таңда алдыңғы шектерге шықты. Әлеумттік табиғи процестерді сипаттау үшін жаңа дисциплина аралық тілдердің қажеттілігі туралы биологиялық процестердің дамуын сипаттауға Клаузис термодинамикасының екінші басының қолданымсыздығы кезінде-ақ айтылған болатын, атап айтқанда: екінші басы кез-келген процесті дамыту (тұйық жүйеде) тек бір жаққа, яғни жылу өліміне бет алады; ал Жердің биоқабаты миллиард жылдар бойы мүлдем қарама-қайшы беталыстарды көрсетті. Осы қарама-қайшы беталыс туралы Ч.Дарвиннің «Түрлерді табиғи іріктеу арқылы шығару» атты (1859 ж.) көрнекті жұмысында да айтылған. Ғалым эволюцияның басты қозғалыс күштері, бұл – өзгергіштік, тұқым құлаушылық және іріктеу екендігін көрсетті.
XIX ғасырдың соңында биоқабат және әлеуметтік қабат эволюциясын орыс жаратылыс сынаушы С.А. Подолинский тамаша сипаттады [6]. Оның жұмыстарында Жердің (ашық термодинамикалық жүйе) үнемі күн сәулелерінің энергиясын алатындығы көрсетілген, ол энергияның бір бөлігі биоқабатты дамыту үшін шоғырланатындай болып өсімдік әлемімен қайта өңделеді. Биоқабатты дамыту күрделі тірі жүйелердің өсу жағына қарай жүреді («Биоқбат эволюциясы» бөлімін қараңыз [6]). Подолинскийден кейін биоқабаттың күрделі зерттеулерін В.И. Вернадский орындады. Жер эволюциясына термодинамиканың екінші басын қолданумен өзінің келіспейтіндігін әр түрлі жылдарда ірі ғалымдар мен тәжірибешілер айтқан: физик Н.А.Умов (1901ж.), ботаник К.А.Тимирязев (1903ж.), К.Э.Циолковский (1914ж.), М. Планк (1925 ж.). Биологияда self-organization және өмір туралы ғылымдардың алдында өткен ғасырдың 30-жылдары Э.Бауэр шығып сөйледі, ол биологиялық жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруының тұрақты тепе-теңсіздігі қағидасын дәлелдеді. Біртіндеп 40-50-жылдары ойдың жаңа парадигмасы – күрделі динамикалық жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы туралы ғылым (self-organization) қалыптасты.
Осыған қоса физикалық және химиялық процестердегі автотербеліс теориясы, сонымен қатар, тепе-теңдіктен алшақ жүйелердегі қайтымсыз процестердің термодинамикасы қарқынды дамиды. Бұл дисциплиналар «табиғат-қоғам-адам» жүйесіне байланысты процестер туралы біздің ұғымымызды айтарлықтай дамытады.
Дисциплина аралық синергетика тілі
Күрделі жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы туралы дисциплина аралық ғылым неміс ғалымы Г. Хакеннің «Синергетика – өзара әрекеттер туралы ілім» атты қазір бүкіләлемдік танымал кітабы жарыққа шыққанан кейін қуатты қарқын алды [3]. Бұдан кейін жеткілікті күрделі математикалық негіздерді түсіріп, Г. Хакеннің әрі өзін-өзі ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын ресейдің ғылыми мектептерінің өкілдері – Н.Н. Моисеевтің, СП. Курдюмовтың, Г.Г. Малинецкийдің, С.П. Капицаның және тағы басқалардың қорытындыларын да пайдалана отырып, әлеуметтік табиғи жүйелердегі өзара әрекеттер туралы басты түсініктерге тоқталамыз.
Біздің айналамыздағы әлемнің өсуге бейім флуктуациялар есебінен бірыңғай алгоритм бойынша дамып келе жатқан иерархиялы құрылған қабаттар (қабықшалар) жүйесін білдіретіндігінен бастаймыз.
Бифуркационды процестердің кейбір ерекшеліктерін атап өтеміз. Бәрінен бұрын – болжамсыздық. Бұл қасиет нақты бір адамның өмір жағдайларымен жақсы салыстырыла алады: күйеу жігітті немесе келіншекті күтпеген таңдау (алдыңғы қатынастарға байланысы жоқ), балалық шағында математикамен және физикамен шұғылданатын мектеп оқушысының кенет театр институтына түсуге өтініш беріп, мамандықты күтпеген таңдауы. Бифуркация нүктесі (процесс), әдетте, ұзаққа созылмайды. Осы нүктеден өткеннен кейін жүйе жаңа, жеткілікті түрде ұзақ созылатын күйге, жаңа аттракторға тап болады. Жаңа аттракторға ауысу барысында жүйе оның шегінде ұзақ уақыт болуы мүмкін (оның әсер ету процесінде). Осы ұзақ кезеңде жүйе өзін-өзі реттейді, яғни, өздігінен туындаған флуктуацияларды жояды.
Аттрактор нені білдіретіндігін қарастырамыз. Тұжырымдамалық деңгейде аттракторлар – бұл метаболизм нәтижесінде қалыптасатын ашық жүйенің квазитөзімді (квазистационарлық) күйі.
Ресейдегі тарихи оқиғалар (1917 ж., 1991 ж.) бифуркациядан кейін әлеуметтік жүйе келетін аттракторлар арасындағы таңдаудың приницпиалдық мәні бар екендігін, бірақ бұл орайда, ол жеткілікті түрде кездейсоқ болатындығын көрсетті.
LT-тілі
Әлеуметтік табиғи процестерді сипаттауға жасалған принипиалдық маңызды және болашағы зор шешімдердің бірі кеңістіктік-уақыттық шамалар тілі болды. Мұндай тілді құру логикасы, оның философиялық және физикалық-математикалық негіздері алғаш рет ресейдің көрнекті ғалымдары Р.Л. Бартинидің, П.Г. Кузнецовтің еңбектерінде қаралған болатын. Әлеуметтік табиғи жүйелерді тұрақты дамыту негіздерін сипаттауға арналған LT-тілін пайдалану әдістемесі мен қағидалары Б.Е. Большаков пен О.Л. Кузнецовтың монографиясы мен оқулығында берілген [1].
Әмбебап шараларды пайдалану проекивті кеңістік
Әмбебап шараларды пайдалану белгілі бір ережелер бойынша қайта құруға жол беретін инвариантпен проективті кеңістік ретінде түрлі пәндік салалар түсінігін қарауға мүмкіндік берді. «Табиғат-қоғам-адам» жүйесінің барлық негіздік түсініктері инвариантпен қайта құру тобы ретінде қарастырыла бастады. Инвариант ретінде кеңістіктік-уақыттық шараларда көрсетілген табиғаттың жалпы заңдары қатысты.
Сол немесе басқа пәндік саланың түсініктерінде айтылған инварианттың атауы оның сол немесе басқа координаттардың жеке жүйесіндегі проекциясы болып табылады. Бір инварианттың проекцияларының жиынтығы «топтар» түсінігін құрайды, ал координаттың бір жүйесіндегі (немесе пәндік саланың) жазбадан координаттың басқа жүйесіндегі (басқа пәндік саланың) жазбаға ауысу ережелері – «қайта құру» түсінігі. Аталған түсініктердің бүкіл жиынтығы «тензор» түсінігін құрайды. Бұл, өз кезегінде, әлемді мулътитензор немесе табиғаттың жалпы заңдарының жүйесімен қайта құру тобы – инварианттар ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Жобалау логикасы «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі дамуды басқаруға арналған табиғаттың жалпы заңдарын дұрыс қолданудың ғылыми құралы ретінде болашақты жобалаудың тензорлық әдістемесіне дамыды.
Әмбебап LT-шамалар жүйесі философиялық және әдістемелік тұрғыдан қарағанда, Нақты әлемнің әр түрлі типтері мен геометриялық Кеңістіктердің әр түрлі типтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу үшін маңызды: евклидті және евклидті емес, паскальді және паскальді емес, дезаргті және дезаргті емес, риманды және риманды емес және басқалары.
Бірақ әлі де Ұлы Н.И. Лобачевский геометриялық кеңістіктердің әр бір түріне физикалық әлем жүйелерінің белгілі бір класы сәйкес келетіндігін болжаған.
Тұрақты даму және жеделдетуші толқындық процесс (тарихи уақытты қысқарту) – сингулярлық даму мүмкіндігі
Дарвиннің «Табиғи іріктеу арқылы түрлердің шығу тегі» атты озық жұмысы биоқабат эволюциясын түсіндіруге баға жетпес үлес қосты (1859). Тірі ағзаларды дамытудың басты векторы келесі триада болып табылады: тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, іріктеу. Дарвин идеясының дамуы ХІХ ғасырдағы ғылыми генетиктер мектептерінде (Вейсман, Морган) болды, XX ғасырда – молекулалық биологияда. Бүгіннің өзінде Вернадский, Дарвин, Опарин қағидаттарынан басқа эволюция барысын анықтайтын заңдар жиыны бар.
Оларды атап айталық:
Эволюциялық процестердің қайтымсыздық Заңы (эволюция кері жүре алмайды).
Геологиялық кезеңдерді қысқартумен эволюция қарқындарының жеделдету Заңы (Палеозой – 340 млн. жыл, Мезозой – 170 млн. жыл, Кайнозой – 60 млн. жыл).
Ағзалардың жеке топтарының дамуының тепе-теңсіздік Заңы (бұл негізінде темпоральдық айырмашылығы).
Әр түрлілік Заңы, яғни, ағзалардың саны сызықсыз түрде өседі. ХХ ғасырда ағзалардың 5 миллионнан астам түрлері тіршілік етеді.
Балықтан адамға дейінгі бас миының үздіксіз дамуының цефализация Заңы (америка геологы Д. Дан, 1813-1895).
Геологиялық кезеңдердің ауысуы фаунаның және флораның ауысуымен ілесті. Органикалық әлемнің эволюция жүрісін биоқабаттың бос қуаттылығының сипаттамаларына байланыстырып көрсетеміз. 5-суретте ұсынылған қисық сызық биоқабаттың жеделдетілген толқындық процесін көрсетеді.
Өмірдің даму Заңы
Гео- және әлеуметтік апаттардың саны мен қуаттылығы бойынша жеделдету
Көк-жасыл бактериялар
Қарапайым бір жасушалық
Омыртқасыздар
Хорда тәрізділер
Бауырымен жорғалаушылар
Репителиялар
Сүтпен қоректенушілер
Маймыл адамдар
Адам
млрд. жыл
5-сурет. О.Л. Кузнецов және Б.Е. Большаков бойынша Жеделдетуші толқындық процесс ретінде биоқабаттың дамуы.
Тарихи уақыттың қысылуы нақты болып жатыр. Бұл ерекше сингулярлық нүкте пайда болатындығын білдіреді ме? Жалпы айтқанда, иә, бірақ қазіргі заманғы әлемде бұл бірінші кезекте алдын ала көруге болатын бифуркация нүктесі, және егер тұрақты даму шеңберінде дұрыс әрекет жасайтын болсақ, онда фазалық ауысуларды апатсыз жүзеге асыруға болады. Алайда, егер дәстүрлі әлеуметтік-экономикалық шешімге сүйенетін болсақ, апаттың алдын алу мүмкін болмайды.
Бұдан әрі не? «Нақтылық шектері» және Дамудың құлдырайтын шиыршығы
Стивен Хокинг пен Леонард Млодиновтің тамаша «Жоғарғы ой» кітабынан сөздерді мысалға келтіремін [8]: «Біз ғылымда модельдер жасаймыз, бірақ оларды күнделікті өмірде де жасаймыз. Модельге тәуелді реализмді тек ғылыми модельдерге ғана емес, сонымен қатар, біз ұғыну және күнделіктілігін түсіну үшін саналық және санадан тыс ойлық модельдерге қолданамыз. Қадағалаушыны – біздің өзімізді – біздің сезімдеріміз бен ойлануымыз және зерделеуіміз арқылы құрылатын біздің әлемді қабылдауымыздан алып тастау мүмкін емес. Біздің қабылдауымыз (сол сияқты, біздің теорияларымыз негізделетін қадағалауымыз) тікелей болып табылмайды, ол адам миының ұғынуға қабілеттілігі түрінде қалптасады».
Бұл, әсіресе, материалдық әлемнің түрлі ұйымдастырылу деңгейлерінің өзара қарым-қатынастарын: адам қолымен туындаған әлемді және табиғатты зерттеу барысында маңызды [9,10].
Квантты-механикалық деңгейде микрообъектілердің қылығына қолданымды Нильс Бордың қанатты сөздері белгілі: «Нақтылық – танылмайды, өйткені ол іштей белгіленбеген».
Даму шиыршықтары – бұл «модельге тәуелді реализмнің» ерекше бір түрі. Біз барлығы жиі, бірақ жоғарырақ деңгейде қайталанып тұрғандығын өте қалаймыз. Осы жерде кеңейтілетін шиыршық келбеті қалыптасады.
Алайда, өзін-өзі ұйымдастыру процесінде [11] және әсіресе, синергетикалық ұйымдарды ескерумен [12,13] жағдай мүлдем басқаша көрінеді.
Р.Ф. Абдеев «Ақпараттық өркениет философиясы» [14] келесі қорытындыға келеді: «Өзін-өзі ұйымдастыру процесінің ойлық моделі ретінде, құлдырайтын шиыршық өзін-өзі ұйымдастыру процесі туралы заманауи түсініктерге тәнік, өйткені, ол:
Жаңа құрылымды қалыптастыру түсініксіз «көрінбейтін нүктеден» емес, максималды (нақты әрекеттегі) энтропиядан (хаостан, белгісіздіктен) басталады;
ақпарат-энтропия үйлестіктерінде құрылады және уақыттағы объектіні ұйымдастырудың өсімін көрсетеді;
шиыршық орамдарының санын айқын көрінетін шиыршық түріндегі сипаттағы ауыспалы процесс кезеңімен түсіндіреді;
өзін-өзі ұйымдастыру процесінің бейнесі ретінде құлдырайтын шиыршық автореттеудің тұрақты жүйелерінде тербелмелі процеспен белгілі бір ұқсастық бар. "Гомеостат, кейбір мағыналарда тепе-теңдік күйіне қарай жылжығаннан басқа ештеңе істемейді, - деп жазған болатын У.Эшби ". Осы іргелі ережемен шиыршықтың құлдырайтын пішінінің нақ өзі өте дәл келіседі. Эшбидің сөзі максималды энтропия ("тепе-теңдік") деңгейінен алшақ кеткен тепе-тең емес жүйенің гэнтропиялы емес тұрақтылығы мағынасындағы тепе-теңдік жайында;
өзін-өзі ұйымдастыру процестерінің сызықтылық емес процестерін бейнелейді».
Қарастырылып отырған тақырыпқа қолданымды ретінде Р.Ф.Абдеевтің қорытындыларымен келісуге болады, өйткені, кез-келген экономикалық формацияларға дамудың көтеріліп келе жатқан және құлдырап келе жатқан сызықтары тән. Осы формацияның өндірістік қатынастары өндірістік күштердің деңгейіне азды-көпті сәйкес келіп тұрғанда, соңғылары көтерілу сызығы бойынша жеделірек дамиды. Ал тұрып қалған өндірістік қатынастар өндірімдік күштердің жалғасып келе жатқан өсімін тежей бастағанда, осы формация дамуының тоқырау немесе тіпті құлдырау сатысы басталады, бұл нәтижесінде қоғамды төңкерістік жағдайға, дамудағы жаңа бәйгеге алып келеді.
Эволюция процесінде циклдар көрініс береді. Олар әлемге имманентті. Мен әлемде өсіп келе жатқан ретсіздіктің қазіргі заманғы кезеңі тепе-тең емес «Жер» жүйесінің гэнтропиялық емес тұрақтылығы пайда болуының арқасында біздің өміріміздің қолайлы кезеңдерімен ауысатындығына сенімдімін.
Сондықтан мақаланы И.Р. Пригожиннің мына сөздерімен аяқтағым келеді: «Біз соқыр сенімділік сезімін емес, тек бір қалыпты үміт сезімін ғана тудыратын қауіпті және дүдамал әлемде тұрып жатырмыз» [15]. Осы сезіммен тұрақты даму жолына шығамыз.
Әдебиет
О.Л. Кузнецов, Б.Е. Большаков «Табиғат-қоғам-адам жүйесіндегі жобалаудың ғылыми негіздері». Баспа. Гуманистика, С.-Петербург-Мәскеу-Дубна, 2002 ж. 38,5 баспа.п.
О.Л. Кузнецов «Табиғат-қоғам-адам жүйесі, Өзара әрекеттестіктер арқылы даму философиясы» РТҒА баспасы 2010, 19,4 б.п.
О.Д. Доронина, О.Л. Кузнецов, Ю.А. Рахманин «Жаһандандыру жағдайларындағы тұрақты дамуға арналған БҰҰ стратегиясы» М. РТҒА, 2005
Н.Н. Моисеев «Универсум, ақпарат, қоғам» Тұрақты әлем 2001ж.
Н.Н. Моисеев «Замануи ұтымдылық» М. МГВП КОКС, 1995
С.А. Подолинский «Адам еңбегі және оның энергия таратуға қатысы» Спб: Сөз 1880, М. Нооқабат 1991
В.И. Вернадский «Табиғат зерттеушінің философиялық ойлары». А.Л. Яншин редакциясымен, М. Ғылым 1988
Стивен Хокинг және Леонард Млодинов «Жоғарғы ой» С.-Петербург, «Амфора», 2012
Ф. Ройзман, С. Белов «Жер және адам. Жұмбақтар мен заңдылықтар» М. 2006
М.Г. Мнеян «Нақтылық шектері, уақыт қиялдары және оптимизм көздері»
О.П. Иванов, А.А. Оксогоев «Синергетика және күрделі жүйелер фракталдары» Томск, ТМУ, 2008 – 280 стр.
С.П. Капица, С.П. Курдюмов және басқалары. «Синергетика және болашақ болжамдары» М. Ғылым 1997 – 285 стр.
Г. Хакен «Синергетика» М. Әлем, 1980
Р.Ф. Абдеев «Ақпараттық өркениет философиясы» М. Владос, 1994.
И.Р. Пригожин «Хаостағы тәртіп. Адамның табиғатпен жаңа диалогы» М.Прогресс 1986
Достарыңызбен бөлісу: |