Педагогикалық институт
«Биология және оқыту әдістемесі»кафедрасы
БК-211 тобының студенті:Әбдәлі Аяжан
Оқушыға психо-педогогикалық мінездеме
«№3 көпсалалы гимназия» 8«ә» сынып оқушысы Ибрагим Әділге берілді.
Практика барысында әр оқушының мінезі,талғамы әр түрлі екені байқалады.Әр оқушының өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалға айтатын болсақ, Ибрагим Әділ өте белсенді оқушы. Жеке байқағаным бойынша барлық пәндерді сүйіп оқиды. Әділ мiнезi өте ашық, жайдарлы,белсенді, сыныптастарының арасында сыйлы. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола бiлетiн мiнезi де бар екендiгiн байқадым. Мектеп шараларына белсендi түрде қатысады.Сынып iшiнде туып жатқан қиындықтарды тез шеше бiлiп, бәрiне қолынан келгенше қолдау көрсетуге дайын тұрады. Оқу барысында бiлiм денгейi жақсы, өз білімін жан жақты жетiлдiредi. Ол өз iсiне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Мұғалімнің айтқандарын екi етпей орындайды. Өте белсендi.
Әділ болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя бiледi. Ол сыныпта қанша сабақ өткен болсақта, барлығында да өте жақсы дайындықпен келедi.
Сынып жетекшісі:Жусубалина А.Б._________ (қолы)
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
Педагогикалық институт
«Биология және оқыту әдістемесі»кафедрасы
БК-211 тобының студенті:Әбдәлі Аяжан
Оқушыға психо-педогогикалық мінездеме
«№3 көпсалалы гимназия » 8«ә» сынып оқушысы Өтеген Имранға берілді
Имранның оқу жұмысына деген белсенділігі жоғары.Барлық сабақты ұнатады.Әсіресе дене шынықтыру сабағын қатты ұнатады екен.Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келіп отырады.Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып,сұрақтарына жауап беріп,үнемі тақтаға шығып сабақ айтып,есеп шығарып отырады.Сабақты себепсіз босатады.Оқу үлгерімі бойынша-екпінді.Салауат барлық сабақты жақсы оқиды.Тек математика сабағынан қиналады.Соның өзіне сабаққа белсене қатысып,түсінбегенің мұғалімнен сұрап,шығарып,өз бетімен де жұмыс жасайды.Оқушыларды бастап,ұйымдастыра алу қабілеті бар.Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады.Есте сақтау ұзақтығы орташа.Эмоциялары:мазасыз емес,сабырлы,әр нәрсеге шыдамды лық таныта біледі.Қиялы-ырықты.Мінезі салмақты,сабырлы,бірақ кейде сабырысыз болып кететін кездері болады,адамдармен тез тіл табыса алады,үлкендер құрметтейді.Өз тілінен қатар,орыс тілін өте жақсы меңгерген.
Достарыңызбен бөлісу: |