Кванттық теорияның пайда болуы Макроәлем және микроәлем. 19-ғасырдың басында-ақ Дальтон және Авогадро



бет3/10
Дата12.05.2020
өлшемі1,24 Mb.
#67423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 дәріс

Электромагниттік сәулелену

Электромагниттік сәулеленуді яғни оның қасиеттерін және заттармен өзара әрекеттесуін зерттеу кванттық химия үшін өте үлкен маңызға ие.

Қызған денелердің электромагниттік сәулелерді шығаруы 1900 жылы Макс Планкты энергияның квантталуы постулатын жасауға мәжбүрледі. Атомдық спектроскопияның нәтижелері, яғни микроскопиялық жүйелердегі электромагниттік сәулелердің шығарылуы және сіңірілуін зерттеу, 1913 жылы Н. Бордың атомның алғашқы теориясын (сутек атомы) ұсынуға қозғау салды. Жалпы барлық атомдардың және молекулалардың құрылысы туралы егжей-тегжейлі мағлұматтар олардың электромагниттік сәулелермен өзара әрекеттесулері арқылы алынған.

Біздің макроскопиялық әлем туралы да көптеген біліміміз электромагниттік сәулеленуге тәуелді болады.

Жарық - бізге белгілі электромагниттік сәулелену түрі, ең бастысы - адамға көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің ғаламшардағы тіршілікті қолдайтын Күннен Жерге келіп түсетін энергияның барлық түрлері, электромагниттік сәулелер түрінде келіп түседі.



Әдетте электромагниттік сәулеленуді талқылаған кезде толқындар туралы ұғым қолданылады. Біз көптеген толқын түрлері және толқындар қозғалысымен таныспыз. Теңіз жағалауларынан қозғалыстағы толқындарды көреміз. Муызкалық аспаптардың ішектеріне сасусақтың ұшы тиген кезде ішек бойында тұрғын толқындар пайда болады, біздің құлақтарымызға акустикалық толқындар арқылы жеткізіген дыбыс үндерін естиміз. Осы толқындардың барлығы сол немесе басқа тербелмелі қозғалыстармен байланысты болады. Егер толқындар қандай да бір ортаға таралу жылдамдығымен тарайтын болса, мұндай қозғалыстар амплитудамен, жиілікпен және толқын ұзындығымен сипатталады. Соңғы үш қасиет өзара мына қатынаста байланысқан:



Кең диапазондағы толқын ұзындығы мен жиіліктегі электромагниттік сәулеленуді өндіру мен табудың әртүрлі тәсілдері бар. Әртүрлі жиілік диапазонындағы бұл толқындар әдетте арнайы атауларға ие, мысалы радиотолқындар,көрінетін жарық және рентген сәулелері; алайда олардың барлығы бірдей құбылыс болып табылады және айырмашылықтары тек толқын ұзындықтары мен жиіліктерінде ғана болады.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет