Кванттық теорияның пайда болуы Макроәлем және микроәлем. 19-ғасырдың басында-ақ Дальтон және Авогадро


Электромагниттік спектрдің қасиеттері



бет8/10
Дата12.05.2020
өлшемі1,24 Mb.
#67423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 дәріс

Электромагниттік спектрдің қасиеттері

  • Барлық электромагниттік толқындардағы магниттік күштің бағыты толқынның толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытталған.

  • Электромагниттік толқындардағы электрлік күштің бағыты магниттік күшке де, толқынның қозғалысының бағытына да перпендикуляр.

  • Электромагниттік толқындардағы магниттік күштің қуаты әрдайым электрлік күштің қуатына тең.

  • Электромагниттік толқындар бірнеше үздіксіз толқындардан тұрады, олар әр түрлі болып топтасуы мүмкін, олардың кішкентай бөлігі ғана көрінерлік болуы мүмкін.

  • Электромагниттік толқындар сонымен қатар элетр және магнит өрістерінің дірілдеуші (вибрацияланған) толқындары ретінде де қарастырылады, олар затта немесе барлық көлем бойынша таралады.

Оптикалық спектр (грек. optіke – көзбен қабылдау жөніндегі ғылым, лат. spectrum – көрсету, бейнелеу) - көрінетін жарықты, инфрақызыл және ультракүлгін сәулеленулерді қамтитын электромагниттіктолқындардың жиынтығы

Оптикалық спектрлер – толқын ұзындығы диапазоны 103 10 – 3 мкм аралығындағы электрмагниттік сәуле шығару спектрлері. Оптикалық спектрлер шығару спектрлері (эмиссиондық спектр деп те аталады), жұту спектрлері (абсорбциялық спектрлер), шашырау және шағылу спектрлері болып ажыратылады. Оптикалық спектрлер физиканың бір саласы – спектроскопияда зерттеледі. Оптикалық жарыққа электромагниттік толқындар шкаласының инфрақызылкөрінетін және ультракүлгін сәулелерінің диапазоны жатады. Түріне қарай оптикалық спектрлер сызықтық (жеке спектрлік сызықтардан), жолақтық (тығыз орналасқан спектрлік сызықтардан тұратын жолақтар) және тұтас (толқын ұзындығының кең ауқымын қамтитын) спектрлер болып бөлінеді. Тұтас спектрді термодинамикалық тепе-теңдіктегі қызған қатты денелер мен сұйықтықтар шығарады. Тұтас спектрдегі энергияның толқын жиілігі бойынша таралуы М.Планктың сәуле шығару заңына бағынады (қ. Жылулық сәуле).

Сызықтық спектрлер атомдардағы электрондардың энергия деңгейлері арасындағы кванттық ауысу нәтижесінде пайда болады (қ. Атомдық спектр). Қарапайым молекулалардың электрондық, айналмалы және тербелмелі энергия деңгейлері араларындағы ауысулар жолақтық спектр береді (қ. Молекулалық спектрлер). Сызықтық және жолақ спектрлерді сиретілген газдар мен булар шығарады. Оптикалық спектрді тіркеу үшін фотографиялық әдістер, сонымен қатар ультракүлгін сәулелер диапозонында фотоэлементтік әдістер мен фотондар есептеуіштері, ал инфрақызылсәуле диапозонында термоэлементтер мен болометрлер кеңінен қолданылады. Заттардың құрылысын, құрамын зерттеуде оптикалық спектрдің маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет