СҰРАҚ 3. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштер.
4.Қарапайым өтеу мерзімі
Простой срок окупаемости
Payback Period (PP)
Қарапайым өтеу кезеңі - бұл түскен табыстың таза сомасы, жобаға салынған инвестицияның көлемін жабатын кезеңі.
Инвестициялық жобаның қарапайым өтелу мерзімі болып ақшалай қаражаттардың таза ағындарының жиынтық құны теріс мәннен оңға өзгерген кезең болып табылады.
нормативтік талаптарды өтеу кезеңін таңдау субъективті болуы мүмкін;
әдіс ақшаның уақытша құнын ескермейді;
әдіс жобаның мерзімінен тыс кірістілігін ескермейді
Инвестицияны бағалаудың ең басты қарапайым әдісі бұл инвестицияның өтеу мерзімі есептеу әдісі болып табылады.Бұл әдіс инвестицияның бастапқы сомаларын жабу үшін мерзімін анықтаудан тұрады. Инестицияның өтелу мерзімін (PP- payback perіod) есептеу формуласы келесідей:
CFt– нвестициялық жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдердің жылдық сомасы
∑– индексіне көңіл бөлу CFt шамасын анықтауда екі жақты мүмкіндік көрсетеді.
І-мысал, Егер инвестициялық жобадан 600 млн. тг. инвестиция жұмсағанда 8 жыл ішінде 150млн. тг. жыл сайын табыс әкелсе, онда өтелу мерзімі:
PP = 600млн/150млн = 4жыл.
Ендеше 4 жылда жоба өзін өзі өтеп, қалған 4 жылда инвестор таза пайда алады.
II мысал, жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдердің шамасы жыл сайын өсіп отырса, онда (å) өолданылады. Мысалыға, жоғарыда қарастырылған жобадан түсетін ақшалай түсімдер жыл сайын өсуіне байланысты әр түрлі делік.
1-жылы – 50млн. теңге
2-жылы – 100млн. теңге
3-жылы – 200млн. теңге
4-жылы – 250млн. теңге
5-жылы – 300млн. теңге
Онда біз жобаның 4 жылда өтелетінін білеміз, себебі (50+100+200+250), ақшалай түсімдер кезеңі бастапқы жұмсалған инвестиция 600 млн. теңгені құрайды.
Инвестиция көлемі – 115000
бірінші жылы инвестициялардан түскен кірістер – 32000