Инвестициялар – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне капитал жұмсау. Мақсатына және мерзіміне қарай инвестициялар келесі топтарға бөлінеді:
аннуитеттер – сақтандыру және зейнетақы қорларына жасалынатын салымдар.
қоржынды – бағалы қағаздарды сатып алу және оларға басқару жүргізу.
тура – шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жарғылық капиталына жасалынатын салымдар
Инвестицияға деген қажеттілік:
Iқаж = I01 + I02 +... + I0n
I01, I02 – сәйкесінше инвестиция қажет ететінинвестиция объектілері.
Инвестиция қажет ететін сатистикалық көрсеткіштерді есептеуге негізделген динамикалық көрсеткіштер мен табыстарды, пайданы алудың , уақыттық құраушыларды ескермейтін инновациялық жобаларды бағалаудың бірнеше әдістері бар.
Инновациялық жобаларды бағалау әдісі қарастырылып отырған жобалар ішінен ең перспективті жобаны таңдап алудың ережесі болып табылады. Барлық әдістер жобаны іске асырудан түскен болашақ ақшалай түсімдермен жоспарланатын инвестицияларды салыстыру және бағалауға негізделген.
Iн =Iб/(1+rd)t
Болашақ ақша ағымдарының қазіргі немесе ағымдағы құнын анықтау үшін келесі формула қолданылады:
Рн = Рб/(1+rd)t
Iб = Iн*(1+rd)t
Рб = Рн*(1+rd)t
Iн , Рн – инвестиция мен табыстың қазіргі кездегі (ағымдық) құны
Күрделі шығындардың абсолютты нәтижелігін күрделі шығындар тиімділік коэффициенті сипаттайды. Салыстырмалы экономикалық тиімділік көрсеткіштері бірнеше вариантты салыстыруға мүмкіндік береді.
Есептеу горизонтының ұзақтығы келесі факторларға тәуелді болады:
Инвестициялар кәсіпорын қызметіне ұзақ уақыт ішінде әсер етеді. Шығындарды мен нәтижелерді белгілі бір уақыт шектерінде бағалайды, оны есептеу горизонты (Т) деп атайды.