Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр –ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған,өзін-өзі іздеген ,өткен күндерін аңсай еске алып, ,бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басы әдебиеттің шын толысып, ауыз әдебиеті кемеліне келіп,жазба әдебиетінің жарағын сайлап, өзге өркениетті елдермен бой таластырған уақыты десек те қателеспейміз.
Бұл дәуір Абай кезі болатын. Бір ғасырдан аса әр тарапты, әр бағыттағ жолдар Абай маңайында түйісіп, ары қарай Абай әсерін сездіре,ұлттық рухты бойына сіңіре ұласты.
Достарыңызбен бөлісу: |