Металқұрамды пломбылық материалдар деп құрамында бір немесе бірнеше металдардың құймасы (сплав) бар материалдарды айтады. Металқұрамды пломбылық материалдарды тіс емдеу саласында қолдана бастағалы бір ғасырдан аса уақыт өтті. Олардың ішінен соңғы кезде стоматологияда қолданыс тапқандары – амальгамалар және галлий құймалары.
Амальгама
Бір немесе бірнеше металдың сынаптағы ертіндісін айтады. Сынапты металл үгінділерімен араластырған кезде жұмсақ жәнеөз бетімен қатаятын құйма пайда болады. Бұл үрдіс амальгамдану (амальгамирование) деп аталады. Стоматологиялық тәжрибеде қазіргі кезде екі түрлі – күміс және мыс амальгамасы қолданылады.
Күміс амальгамасы
Күміс амальгамасының классикалық ұнтағының металдар құймасы: күмістен (65-66%), қалайыдан (29-32%), және мыстан (2-6%) тұрады. Бұл құйма жақсы жабылатын шыны құтыда шығарылатын сынаппен араластырылады (қолданар алдында белгілі мөлшермен).
Ал металдар құймасының үгіндісі пластмасса құтыда шығарылады. Қазіргі кезде Ресейде СРСТ-43 маркалы күміс амальгамасы арнаулы қос камералы капсулаларда шығарылады және сапасы жағынан шетелдік амальгамалардан кем түспейді.
д) құрамындағы сынаптың булануы нәтижесінде, тіс емдеу кабинетіндегі медицина қызметкерлерінің денсаулығына зиянды әсер ету мүмкіндігі бар (техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда).