ІІІ топ. Ақын Мұқағали Мақатаев туралы естеліктер кітабынан.
1965 жылы Мұқағали қасында бұйра бас,сіріңке қара,арықша бір жігіт бар,редакцияға келді.Әлгі жігітті «Сарыағаштық Төлеген Айбергенов» деп таныстырды да Төлегенге:
- Бір өлең оқып жіберші, - деп өтініш білдірді.
Төлеген орнынан тұрып, «Әнші Ғарекеңе» деген ұзақ өлеңін жатқа оқыды.Менің таң қалғаным: өз өлеңін жатқа оқыған ақынды алғаш рет көруім.
Мұқағали тұрып:
- Бұл бір болайын деп тұрған ақын.Бұл да Алматыға келгісі кеп,пәтер,жұмыс іздеп жүр.Төкеңнің бір ғажабы өз өлеңін басынан аяғына,аяғынан басына қарай жатқа оқи береді.Мұның анау бұйра шашының астында Сократтың басы жатыр, - деді. (Естеліктер. «жалын», 1995 жыл, 129-бет)
Достарыңызбен бөлісу: |