ІІ топ.Ақынның қолтаңбасы (Ханбибі Есенғараеваның естелігі). Мектепте оқып жүріп бір күні өлеңдерімді аудандық газет редакциясына алып бардым.Өзімді таныстырып, келген шаруамның жайын баяндадым.
Өй,айналайын,өлең жазып жүрген қарындасымыз өзің екенсің ғой! – деп редактор жылы тіл қатты.
Жолың болады екен,қарағым.Өзіміз де сирек көретін мына Төлеген ағаң да бүгін біздің редакцияға бас сұққан екен,өлеңдерді көрсетіп ал, - деді.Ақын аға маған қадалып бір қарады да:
Өлеңдеріңді әкелші! – деді.
Менің талай күн жазған өлеңімді қас қағымда-ақ парақтап шықты.
- Мынауың үлкен арнаның бастауы сияқты екен,қарағым, - деп өлең дәптерімнің ашық тұсына бірдеңе жазуға оқталып біраз отырды.Аз-кем уақыттан соң өлеңмен жазылған қолтаңбасын қалдырды.
Сен шыққан биік жоқ әлі.
Сен шықпақ биік жоғары.
Қайралмай жатқан жас талант
Қиып түссем деп соғады, - деп қолын қойды.