Студент-практиканттың өндірістік практика бойынша қорытындысы



Дата17.05.2020
өлшемі14,54 Kb.
#69250
Байланысты:
ТогжанСайын


Студент-практиканттың өндірістік практика бойынша қорытындысы

Өндірістік практика бойынша 20 қаңтар – 29 наурыз аралығындар Индер аудандық «Dender» қоғамдық-саяси газетінен практикадан өткен болатынмын. Редакцияның жұмыс жоспары мен бас редактордың Жанай Исламғалиұлының тапсырмасына сәйкес редакцияға келген хаттарды қорытып, қатені тексерумен қатар аудандағы түрлі іс-шараларға, жиындарға қатысып, өзіме жүктелген тапсырмаларды орындадым.

Практика уақытында газетке шыққан мақалаларымның саны – 7, газет сайтына -6. «Жастар ән салып жүр», «Студенттік шақтар-ай» атты мақалаларым аудандық мәдениет үйінде өткен концертке қатыстым. «Оралдан олжалы оралды» атты мақаланы, дзюдо жарысынан аудан мәртебесін қорғаған жас спортшылардың жаттықтырушысымен сұхбаттасып жазғанмын. «Дала академигі» жарық көрді, «Еңбек дауы бақылауда» атты мақалаларым бір күнде музейде өткен кітаптың ашылуы және НұрОтандағы жиын уақыты қатар келіп, журналист шапшандығын іске қосып өзіме берілген тапсырманы орындағанымда редактордан мақтау сөз естігенімді айта кетсем болады. Бұл да мен үшін шабыт. «Құмаршық қағатынбыз» атты мақаланы ардагерлер қатысуымен өткен жиынға қатысып жаздым. «Несиелендірудің жай-күйі түсіндірілді» - бұл мақала халыққа қызмет көрсету мәжіліс залында өткен жиыннан жазылған. Өзім түсінбейтін саланы жазу мен үшін қиындық тудырды. Алайда редактордың орынбасары өзінің ойымен бөлісіп, жазылу жолын көрсеткенен кейін бұл саланы да үйрендім.

Сонымен қатар, сайт жұмысын үйреніп мақалаларымды өзім жариялай алатын сенімге ие болдым. Өйткені мені практикант емес журналист ретінде қабылдағандарын айтты.

Газеттің әр санының сапалы әрі уақытылы шығуына атсалысып, тапсырмаларды орындап, жураналистердің ақыл-кеңестерін тыңдап, үйрендім. Ұжымға және жетекшіме, бас редакторға рахметімді айтамын. Мені керемет әсермен қабылдап, мамандығыма баулығаны үшін алғысымды білдіремін.

Дипломдық практикамды Индер аудандық «Dender» қоғамдық-саяси газетінен жалғастырамын деп шешім қабылдадым. Бұл шешімім бас редактор Жанай Исламғалиұлының қолдауымен қабылданғанына қуаныштымын!



Студент: Сайын Тоғжан

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет