Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Педагогика факультеті Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
ОБӨЖ
Тақырыбы: Ғылыми жұмыс
Орындаған: 6В03101 -Психология ББ 3 курс студенті Буранова А.Е Тексерген: п.ғ.к доцент Таганова А.М
Тапсырма.Педагогикалық-психологиялық бағытта жазылған бір мақаланы таңдаңыз, оған шолу жасап, қорытынды бөліміне талдау жаса.
Мақала тақырыбы: Ақыл-ой кемістігі бар балаларға педагогикалық-психологиялық қолдау Қазіргі уақыта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелер, отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі бұзылған,психикалық ауытқулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырды. Осының салдарынан, мектепте сабаққа үлгермеушілік, тәртіп бұзушылықтар белгілі бір мөлшерде орын алуда. Қоғамда болып жатқан осындай әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын көрсетіп береді.
ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған «инклюзивті» білім беру жүйесін дамыту туралы мәселені көтерген бағдарлама қолға алынды. Инклюзивті қатынас осындай балаларды оқу мен жетістікке жетуге, өмірін жақсартуға мүмкіндік береді. «Инклюзив»- дегеніміз ағылшын тілінен аударғанда «тартылған,қамтылған» деген мағынаны білдіреді. Инклюзия - бұл балалардың жалпы білім беру үрдісінде, этникалық, діни айырмашылығына, бұрынғы білім жетістігіне, денсаулығына, даму деңгейіне, ата-анасының әлеуметтік-экономикалық статусынан тәуелсіз интеграция үрдісі.
Сонымен қатар кірістірілген білім беру түсінігі де бар. Кірістірілген білім беру инклюзивті білім беруден айырмашылығы – ол тек білім жүйесін ғана қамтиды. Ал инклюзивті білім беру баланы әлеуметтендіре отырып, толығымен дамуы мен тәрбиесін қамтиды. Психологиялық – физиологиялық дамуында айрықша ерекшеліктері бар балаларға түсініктеме берілгенде, халықаралық тәжірибеде кірістірілген білім беру ұғымы қолданылған. Қазіргі таңда осы ұғым инклюзивті білім беру деп өзгертіліп, барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды қамтиды. Инклюзивті білім беру барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды жан-жақты білім мен тәрбие беруін қамтамасыз етеді.
Таным процестерін зерттеу мақсатында жүргізілетін психодиагностикалық зерттеу жұмыстарының негізінде дамыту ойындары арқылы жүйелі түрде түзете-дамыта оқытуды қажет ететін балалар сипатталады, яғни психодиагностика нәтижесінде танымдық деңгейі төмен және өте төмен балалар кездеспей қоймайды. Таным процестері төмен оқушылардың пндагогикалық- психологиялық белгілері :
- Сабақ процесіне жай қосылады
- Оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды;
- Берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз де, көмегімен де орындай алмайды;
- Оқуы да, жазуы да нашар, тіпті жаза алмайтындары да кездеседі;
- Мәтінді оқи алмайды , оқыған мәтінді түсінбейді;
- Есеп шығара алмайды , қате жібереді;
- Сыныптастарынан оқшау жүреді, аз араласады ;
- Өз ойын ашық айта алмайды.
Ақыл-ой кемістігі бар баланың жеке тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеудің жағымсыз жағдайларымен байланысты. Ерте жастан бастап-ақ балаға қолайсыз әлеуметтік жағдайлар әсер етіп, аяғында баланың жүйке-психикалық әрекетінің бұзылуына әкеледі.Бұл жерде жеке тұлғаның дамуының аномалиясы жайлы айтылып жатыр. Психогенді психикалық дамудың тежелуінің негізінен гипоназар аудару немесе гиперназар аудару себебінен пайда болады.
Ақыл-ой кемістігі бар балалардың ерекшеліктері: жұмыс қабілетінің төмендігі,эмоция және еріктік толық жетілмегендігі, жалпы елестер мен мағлұматтар қорының шектеулілігі, зиян әрекет дағдыларының қалыптаспағандығы,қабылдаудың баяулығы, сөздік-логикалық операциялардың қиындығы, өзін бақылаудың төмен деңгейі, негізгі ойлау операциялары қалыптаспаған, өз әрекеттерін ұйымдастыра, жоспарлай, реттей алмайды. Қалыпты балаларға қарағанда балалық «сөз шығармашылығы» кеш пайда болады,фонематикалық естудің толық қалыптаспағаны байқалады,көбінде дыбыс айту кемістіктері болады,сөздік қорлары кедей болады. Мұндай балаларда сезім де эмоцияда болмайды. Жалпы эмоция, сезім дегеніміз не? Соған тоқталып өтсек.
Эмоциялар
Сезімдер
1.Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын,жағдаятты көңіл күйлері,адам қуанғанан,қамыққаннан көзіне жас алса , не болмаса бір нәрсеге мәз болып,шек сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.
1.Сезімдер-адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық , адалдық сезімдері адамда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі.
2.Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар «адамның сырт пішінен байқалатын ым-ишаралар» көбірек байқалады.Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады.
2.Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.
3. Эмоциялардың қызыметін лимби жүйесі мен (ми бағанасының үлкен ми сыңарларына жақын жері) гипоталамус бөлігі ( дененің зат алмасуын, температурасын реттестіретін жүйке орталығы) басқарып ортырады. Мәселен, осы жүйкелік орталықтарға зақым келсе, адам тойғанын білмейтін немесе өмірде шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды.
3.Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда, динамикалық стереотиптер жасалып, өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда екінші сигнал жүйесінің басқарушылық рөлі күшті болады. Сөз арқылы адам сөзімдерінің өрісі кеңиді. Мәселен, сөз адамның интеллектік, эстетикалық, моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды тәрбиелеуге кең жол ашылды.
4.Эмоциалар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында кездеспейді.
4.Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық-тарихи сипатта болып отырады.
Нейропсихологиялық ерекшелік дегеніміз – жұмыс істеу қабілетінің динамикасының бұзылуы. Еске сақтау және назар аудару мүмкіншілігінің төмендеуі,ол қызметтің әрекеттің жетілмеу мотивацияның салдарынан болады. Жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі. Назар аударудың аса төмендеуі не жойылуы. Есту және көру қабілетінің азаюы. Психикалық дамудың бұзылуы. Психикалық үрдістердің бір қалыпты дамымауы.Миымен жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы. Тұрақтылықтың жетілмеуі,қабылдау мөлшері азаюы.
Адамның белесенділігінің табиғатын тани білу,еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау педагог-психологтың басты міндеті. Белсенділік пен адамның іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін –өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға кешенді көмек көрсетуде психолог:
- Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған түрлі арнайы білім беру мекемелерінің үлгісін жасауға қатысуға ;
- Дамуынан артта қалған балаларды ерте анықтау, олардың оқыту қабілеттерін қанағаттандыруға;
-Түзету-оқыту процесін ұйымдастыру ерекшелігін анықтау мақсатында педагогикалық,психологиялық, медициналық анықтау жүйесін жетілдіруге;
- Білім беру тәжірибесін нормативтік және оқу- әдістемелермен қамтамасыз етуге;
- Кәсіптік еңбек даярлау,кәсіптік бағдар беру мазмұнын және міндеттерін анықтауға;
-Жеке,топтық,коррекциялық сабақтар өткізуге белсенді қатысу керек.
Оқушының танымын жетілдіру мақсатында психологтың ата-ана, педагогтармен жүргізетін негізгі жұмысы-психологиялық ағарту:
-лекция;
-әңгіме;
-ашық сабақтар;
-тренинг;
-педагогикалық жағдаяттарды шешу;
-тәрбие мәселесіне байланысты ата-аналармен бірлескен конференциялар;
-диспут;
-практикалық сабақтар:
Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын баланың бойындағы икемділіктері мен білімдерін анықтап алудан бастаған жөн .Бұл мәліметтер баланың дамуы жөніндегі жеке картасына енгізіледі,онда баланың сөйлеу тілінің дамуы туралы барлық мәліметтер белгіленеді. Осының негізінде жасалатын жұмыс жоспарланады.Сөйлеу тілін дамытуға арналған сабақтар баланың көріп қабылдауы мен естіп қабылдауын дамытудан басталады. Балаларды мұғалімнің айтып жатқанын тыңдауға ,сөйлеп тұрған адамның бетіне көз жанарын тоқтатуға,әңгімелесушінің бетіне қарауға үйретеді.Бұл мұғалім мен балалардың жиі әңгімелесуі арасында жүзеге асады.Тіпті бала сөйлемейтін жағдайда болса да,оның импрессивті сөйлеу тілін дамыту үшін жұмыстар жүргізу қажет.