Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлиннің прозасы. (1915-1983) Сабақтың мақсаты: а) Жазушының шығармаларының тақырыбы мен идеясын оқушылардың өздеріне ашқызу; әдеби-теориялық талдау жүргізу арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу;
ә) Сын тұрғысынан ой қорытындысын жасауға үйрету,тіл мәдениетін жетілдіру;
б) адамгершілік,достық қасиеттерді бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау. Үйге берілген І.Есенберлиннің поэзиясын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.І.Есенберлин өмір сүрген кезеңі туралы не білесіңдер?
2.І.Есенберлин шығармашылығы неліктен поэзиядан бастау алады деп ойлайсыңдар?