ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру: «Ер Тарғын» жыры -өзінің идеялық –көркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда елдік,ерлік,жақсылық пен жамандық ,кіршіксіз адал махаббат секілді өзекті мәселелер көтерілген. Басқа батырлар жыры сияқты ,»Ер Тарғын» жырының негізінде де тарихи оқиғалар ізі жатыр. Халқымыздың басынан кешкен тарихи-әлеуметтік оқиғалар,халықтың әдет-ғұрыпы,салт-санасы, рухани тіршілігі көрініс береді.