Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақтың эпостық жырларының ерекше бір бөлімі-ғашақтық жырлары. Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты-басты үш ерекшелігі бар.
Ең алдымен, батырлардың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет –зары,махаббаты.
Екіншіден,батырлық дастандарда шешуші рол атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласана заңды түрде қабысады.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан лиро-эпостық жырлар туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.
Топпен жұмыс: .Лиро-эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Айман-Шолпан
Сұлушаш
Қыз жібек Ләйлі-Мәжнүн
Құсырау-Шырын Қалқаман-Мамыр
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Лиро-эпостық жырының батырлар жырынан қандай айырмашылығы бар?
Ғашықтық жырлардағы қайсысының киносын көргенсіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |