Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру. Қожа Ахмет Йасауи - - ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы).
Йасауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал. Йасауидің әкесі - - Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары - - Сайрамда. Ұстазы -Арыстанбаб (Арыстан баба) пен Йасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір кұрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Йасауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің "Хикметтер" ("Диуани хикмет") кітабында баяндайды.
"Диуан" - жинақ, "хикмет" - Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді. Йасауидің жүзге жуық хикметтері бар. Кітапта бес жасынан дін жолына түскенін, жеті жасында Арыстанбабты іздеп тапқанын айтады. Өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану жол-дарын баяндап береді. Аузымен "Аллалаған", бірақ көңілі таза емес пенделерден жоғары болғанын медет етеді. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақырады.
Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұста-зының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы -- Түркияға дейін таратып алып кеткен.
Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғам-бардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына - - қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуга, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған.