Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, бейне көрініс, нақыл сөздер, Мұхаммед пайғамбардың хадистері, діни кітаптар. Барысы



Дата28.02.2020
өлшемі28,89 Kb.
#59261
Байланысты:
тарбие

Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Исламдінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, бейне көрініс, нақыл сөздер, Мұхаммед пайғамбардың хадистері, діни кітаптар.

Барысы:

Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды.

Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар салла-л-лаһу Ғалейһи уа салам арқылы жіберген ақиқат жолы.

Діни ұғым бойынша Алла бір, ол біреу және бәрі соның қолында.

Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған.

Ислам дін – ол тазалық, тәртіп, адамгершілік бастауы, имандылықтың белгісі. Адам баласын асып-таспауға, ғылым мен білімге және ынтымақта болуға шақырады.



Исламның шарттары: (бір топ оқушылар)

Сіз мұсылмансыз ба?

Әлһамділіллаһи мұсылманмын.

Немен дәлелдейсіз?

Әшһадуанна-ла иллаһи уа ашһдуанна

Мухаммадун Әбудіуһу расуллуһу

Қашаннан бері мұсылмансыз?

Әлмисақтан бері мұсылманбыз.

Қалайша мұсылмансыз?

Аман келтірумен мұсылманмын.

Кімнің құлысыз?

Құдайдың құлымын.

Кімнің үмметтісіз?

Мұхаммед пайғамбардың үмметтімін.

Кімнің досысыз?

Төрт шадиярдың досымын.

Кімнің міллатіненсіз?

Ибраһим қалилланың міллатіненмін.

Кімнің мансабынансыз?

Имам Ағзамның мансабынанмын.

Мансаб нешеу? Мансаб төртеу.


  1. Имама Ағзам мансабы

  2. Имамы шафы мансабы

  3. Имамы Ахмад мансабы

  4. Имаммы Малік мансабы.

Сізді кім жаратты?

Бүкіл әлемді жаратушы құдай жаратты.

Пайғамбарың кім? Пайғамбарым Мухаммед Мұстафа

Дінім Ислам.

Ислам діні қалай орындалады?

1. Иманды жақсы көру.

2. Күнде бес уақты намазды оқып тұру.

3. Рамазан айында ораза ұстау.

4. Дүние малына зекет беру.

5. Шамасы келсе қажыға бару.

 

2. Әрбір халықтың тілі мен діні, ділі – өмір сүру кепілі.



         Тілі, діні жоқ елдің болашағы бұлыңғыр.

         Өзін мұсылман дейтін әрбір қазақ – Ислам дініне – Аллаға құрметпен қарауға міндетті. Мешіт Алла үйі, қасиетті орын. (сл.  көрсетілім)



Видеокөрсетілім: «Тәуба».

Әрбір қазақ өзінің бойында Ислам дініне – сүйіспеншілігін сақтауы тиіс. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деп Абай айтқан, Алла шындық және мәңгілік.



А. Мырзабайқызы. «Аллаға құрмет».

Ей Алла! Жаратушы жаппар ием!

Мәңгілік құдыретті сенің киең!

Жақсымнан табынушы ем бір өзіңе,

Ақиқат ақ жолыңды шексіз сүйем.

Бар әлемді жаратушы бір Аллаһ,

Таласқанды таубалатқан бір Аллаһ.

Дінсіздердің имандарын үйірген,

Калимамыз: «Лә,иллаһа илаллаһ!».

 

Еліміз егемендік алғалы көптеген адам қажылық парызын өтеп қайтып жүр.



Мекке – исламның негізі қаланған жер, әлем мұсылмандарының астанасы, бас қаласы.

Елбасымыз Н.Назарбаев «біз тегіміз түрік, дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек, ол үшін қасиетті кітап Құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» деген болатын. «Отанды сүю - иманнан» дейді.Ұлтына патриоттық имандылық тәрбие алғандар адасудан бойын аулақ салатыны сөзсіз.

Алла сөзі Жәбірейіл періште арқылы төрт  пайғамбарға тапсырылады, яғни Мусаға «Таурат», Ғайсаға «Інжіл», «Дәуітке «Забур» және Мұхаммед пайғамбарға «Құран кәрім».

Құран дегеніміз не?

Құран  - мұсылмандардың қасиетті кітабы. «Құран» сөзі арабтың «оқу» деген сөзінен шыққан, құран кәрім өзге діндер сияқты емес, ол-қағида, әрі түгел ғылыми құрылым. Құран Алла әмірімен Мұхаммед пайғамбарға аят-аятымен, сүре-сүресімен 40 жасынан бастап 23 жыл бойы түскен.

Алғаш рет кітап етіп Осман Халифа бастырған. Құран 114 сүре, 6600 аяттан тұрады.  Алланың сөзін жеткізуші Мұхаммед пайғамбар Ғалейһи-с-салам.

Пайғамбарымыз Алланың сөзін алдымен Меккеде, одан кейін Мәдениде Жәбірейіл періште арқылы естіп, өз қауымына жариялаған. Осыған байланысты құранның сүрелері меккелік және мәденинелік болып екіге бөлінеді.                                    



Ән: « Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір».

Ислам дінін басқа діндерде мойындаған. Ислам дінін рок музыка жұлдызы Майкл Джексон қабылдап, мешіт салдырды. Әлемнің бірінші боксеры американдық Майк Тайсонда Ислам дінін мойындаған.

Мұхит әлемін зерттеген ғалым капитан Кустода өлерінде Аллаға табынып кетті. Өліп бара жатып былай депті: «Мен құранда жазылған өзенді таптым. Алла былай деген екен: «егер сендер, адамдар сенбесендер мен жер бетіне мынадай өзен жасаймын. Яғни, бір арнаға қос өзенді қарама-қарсы ағызамын, бірін ащы, бірін тұшы қыламын». Мен сол өзенді көрдім, дәл құранда жазылғандай екен. Сонда Ислам дінінің құдыретіне табынып, Алланы мойындадым». Ол Атлант мұхитымен Жерорта теңізі, екеуіде бір жерде тоғысқанмен қосылуына мүмкіндік бермейтін бір перде бар.

Құран Алла әмірімен Мұхаммед пайғамбарға аят-аятымен, сүре-сүресімен 40 жасынан бастап 23 жыл бойы түскен.



Н.Ә Назарбаев: «Ислам – дін ғана емес, ол – бізідің мәдениетіміз» деген ойлы сөзін ескерсек, Ислам дінін рухани мәдениеттің де ошағы деп санауға мүмкіндік береді.

Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің, қай-қайсысыда Исламға негізделеді.

«Әдеп» «мәдениет» сөздерінің өзі араб сөздері екенін көп жайыттан сыр ұқтырады. Қазақ тәрбиесіндегі әдептілік қағидалары құранмен хадистерден алынып отыр.

Хадиспен сүннет мұсылман қоғамының ірге тасын қалап, бұл өмірде бағыт- бағдар көрсетуде темір қазық рөлін атқарды. Халық хадистердің мазмұнын мақалға айналдырып дәріптеді. Айталық, «өтіріктен сақтан, себебі өтірік пен иман бір жерде болмайды» деген хадисті, «өтірікшіде иман жоқ» деген мақалға айналдырып, өскелең ұрпаққа өтіріктен бойын аулақұстауды үйреткен.



Мақал – мәтелдер.

1. Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.

2. Жарлы деп сөкпе,

   Пайғамбарға тілің тиеді.

   Жалғыз деп сөкпе,

   Құдайға тілің тиеді.

3. Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

4. Адамгершілік абырой әпереді.

5. Ұяты жоқтың иманы жоқ.

6. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.

7. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

8. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік.

Мейірім мен рақым-жалпы жаратылыстың түп негізі. Абай атамыз айтқандай «махабатпен жаратқан адамзатты» Алла тағала аса мейірімді және тым рақымды. Құрандағы барша сүре «Бисмиллаһир-Рахмани-р-Рахим»  деп басталуы ең алдымен Ислам дініндегі Алла түсінігінен хабар беріп тұр.  Жаратушының Рахман мен Рахим есімі рақымдылыққа тән бүкіл сипаттарды қамтиды. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі де Алланың Рахман  есімін дәріптейді. Алла тағала осы Рахман есімі арқылы пенделерін мұсылман, кәпір деп бөліп жармай, қаншама күнә жасап, астамшылық танытса да жарылқап, ризық-несібесін беруде.  Сондықтан, Құранда Алла тағаланың мейірімділігі мен рақымдылығына байланысты аяттар өте көп. («Бақара», 163-аят, «Али Имран», 129-аят, т.б).

Сол үшін, нағыз мұсылман осы айтылған қағидаларды бәрінен жоғары қойып, Ислам пайғамбарының мейірімге толы ғұмырын терең біліп, одан үлгі алуы керек. Исламда сенім және ар-ождан бостандығы Ислам  дінінің негізгі дәстүрі бойынша дінді зорлықпен қабылдату жоқ. Себебі, әркім иманға өз қалауымен, ықыласпен келуі керек.

«18-бап. Әр адамның ой пікір, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз дінін наным-сенімін өзгерту еркіндігін, өз дінін, наным-сенімін  жеке өзі, немесе басқа адамдармен бірігіп тұтып, жария түрде,немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салт-жораларын орындау  бостандығын  да қамтиды».

Қазақстан Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып саналады. Ар-ождан бостандығы Конституцияда мойындалған маңызды адам құқығы болып табылады.



14-бап: Тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғалықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынща ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды

19-бап: Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.

 

Мұхаммед пайғамбардың таңдамалы хадистері



42 – хадис: Адам баласына ең қасиетті нәрсе – әке-шешесі. Әке-шешесін пайғамбар қатты құрметтеген. «жұмақ – ананың табанында» деді ол. «Әкенің реніші – Алланың реніші». Күнәлардың ең үлкені ата-анаға лағнет айту. Ата-ананы сыйлау керек, ренжітуден аулақ болу керек.

80 – хадис: Қолыңнан келсе адамдарға жақсылық етіп, іштей қуаныш ет. Жаман іске қайғырып, Алладан қайырымдылық сұра. Бұл – имандылықтың белгісі.

165 – хадис: Садақа беріңдер, онда әр адам білген білімін, ғылымын басқаларға үйретеді. Ал ғылым-беру өмірдің азығы. Садақа адамдарды уақытша тойындырады, сүйіндіреді.

Ән: «Ана – әке»

Қонақтарға сұрақ: Бүгінгі біздің қонағымыз аудандық мешіт имамы Евилхан Съезбек ағайға  – «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырып жөнінде сіздің пікіріңіз?

  1. Жастардың діни сауаттылығын қалай бағалаймыз?

  2. Исламды терроризмге байланыстырудағы себептердің бірі, Исламдағы «жихад» ұғымының бұрмаланып көрінуі болып табылады. Жалпы «жихад» ұғымының тура мағынасын ашып, түсіндіріп берсеңіз?

  3. Біздің қазақ бауырларымыздың сепаристерге тез қосылып кету себебі неде?

Дегенмен, бүгінгі таңда жастар ғаламторда ұзақ отырады. Соның салдарынан жастар теріс мәліметтерге тап болып психологиялық өзгерістерге ұшырап жатады. Ғаламтор уақытымызды босқа кетіріп, жалған мәлімет беріп, діни экстремизмге, тіпті азғындыққада итермелеуі мүмкін. Ғаламторды қолданғанда келтірілген мәліметке бірден сене салуға болмайды. Расында да интернет бүкіл теріс пиғылды топтардың тиімді құралына айналып отыр. Ғаламторда көрген, оқыған және естіген нәрсенің барлығын саналы түрде сараптаған жөн. Асығыс шешім қабылдаудан, ойланбай істеген әрекеттерден сақ болған жөн.

Облыстық ішкі саясат басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының Арал ауданы бойынша үйлестіруші, ұйымдастырушы маманы Әбілов Ерлан ағайға сұрақ:

Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған бағдарлама қабылданғаны барлығымызға белгілі, осы бағдарлама аясында жастар арасында қандай игі шаралар атқарылуда?«Жастарды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Арал аудандық аға кеңесшісі Әзілханов Сұлтанбек ағайға сұрақ:

Отанды сүю – иманнан. Отан мен иман ұғымы егіз десекте артық емес. Сондықтан қазіргі жастардың патриоттыққа, имандылыққа бет бұруына сіздің көңіліңіз тола ма?



Ән: «Ана»

Қорытынды: Әрбір адам діни экстремизм мен терроризмнен хақ дінімізді дұрыс ажырата білгендері абзал. Ол үшін барша адам діни тұрғыдан сауаттарын ашқандары дұрыс. Сол кезде ғана, адасушылықтан бойымызды аулақ ұстап,  Ислам дініміздің хақ екендігіне көзімізді анық жеткіземіз..

Қазақтың ұлы ақыны Абай – рухани сауатын жоғары деңгейге жеткізген тұлға. Абай сөзінің қара сөздерінде негізінен ақиқат турасында өзінің біліп түйгендерін халыққа жеткізуге асыққан. «Құранның іші толған игілік іс» деп ақын Ислам дінінің құндылықтарына, ондағы терең тәрбиеге бас иген. Әрі мұның қазаққа қажеттілігін жақсы түсіген.  



Ислам діні – адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиюды, адамзатқа игілік пен адалдық жолында күресуді мұсылмандық борыш санайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет