Тақырыбы: Әдептілік – адамгершілік бастауы Мақсаты: Білімділік



Дата15.12.2016
өлшемі120,72 Kb.
#3852
Тақырыбы: Әдептілік – адамгершілік бастауы

Мақсаты: Білімділік оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, әдепті т.б. адамдық қасиетерді игеруіне ықпал ету;

Тәрбиелілікадамгершілік құнды сапаларды оқушылар бойына сіңіру, ұлтжандылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру, топпен жұмысқа тәрбиелеу;

Дамытушылық – ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.

Көрнекілігі: бейнепроектор, жүрек макеті, жағдаятты кәртішкелер, шар, түрлі-түсті гүлдер

Барысы

Жүргізуші:

-Сәлеметсіздер ме, балалар, көңіл- күйлерің қалай?Сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне жинала қояйық.Шаттық шеңбері

Жүргізуші:-Балалар, «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» дегендей, әдепті адамға ең алдымен сәлемдесу қажет. Әрбір халықтың сәлемдесу әдебі бар екен. Қытайлар қолдарын қысып, басын иіп амандасады екен. Айтқан сөзінің мағынасы, яғни ол «Қарныңыз тоқ па? Тамақ ішесіз бе?» дегені екен. Ал енді ауған халқы бастарын ұстап амандасады екен. Ол «Бастарың аман ба?» дегені екен. Ал біздің қазақ халқы қалай амандасады? Иә, өте дұрыс. Біздің халық төс қағыстырып амандасады. Қане, бәріміз бір-бірімізбен амандасып алайық. (бәрі осылайша амандасады).

Жүргізуші:Ал, енді амандасып болсақ, мына үстел үстінде 3 түсті қима қағаздар тұр. Оның ішінде әннің тақырыбы жазылған.

Енді, балалар, кімге қандай әннің тақырыбы түсті? Қолдарыңыздағы тақырыптары бірдей әндері барлар топтаса қойыңыздар.

Топтасып болсақ, қолымыздағы әніміздің тақырыбы бойынша ән шырқап, орнымызға отырайық.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді: «Достық», «Мейірім», «Инабат».



Жүргізуші: Жақсы, рахмет, орнымызға жайғасып болсақ, үйге қандай тапсырма беріліп еді?

Әр топ ортаға шығып, жағдаятты сахналаймыз. Қалған топ талдайсыздар.

1-топ. Мектеп дәлізіндегі әдептілік («Достық» тобы)

2-топ. Сынып ішіндегі әдептілік («Мейірім» тобы)

3-топ. Мәдени-көпшілік орындағы әдептілік («Инабат» тобы)

Осы жағдаяттар бойынша әр топ көрініс сахналап, қалған топтар бір-бірінің көрінісін талдап, өз ойларын айтады.



Жүргізуші: Міне, балалар, өздеріңіз сахналап талдап отырған жағдаяттарыңыз осы өмірде кездеседі екен.

  1. Өз іс-әрекетіңізден ұялған кезіңіз болды ма ?

  2. Әдепті адам бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

  3. Адамгершілік деген не?

  4. Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?

Қандай ой түйеміз?

І топ

  1. Дәлізде жүгірмей мәдениетті жүру керек.

  2. Үлкендерге орын беру

  3. Кішілерге ізет көрсету

  4. Дауыс көтеріп айқайламау

ІІ топ

  1. Сабаққа кешікпеу

  2. Тыныштықты сақтау

  3. Амандасу

ІІІ топ

  1. Ең алдымен таза, үйлесімді киіну керек.

  2. Кешікпей бару керек.

  3. Кешіксеңіз, көрермендерден кешірім сұрай отырып, өз орныңызды табыңыз.

  4. Қатты қол шапалақтап, ысқыру – әдепсіздік белгісі.

  5. Концерт аяқталмай орныңнан тұрып кетпеу керек.

  6. Қоғамдық орындарда тыныштық сақтау керек.

Жаңа ақпарат

Біздің қазақ халқы ерте кезден-ақ адамгершілікті жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Бүгінгі тақырыбымызды әрі қарай өрбіту үшін мен сіздерге мынадай аңыз әңгіме айтайын.

Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрады. Қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. Оқып басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.

Қасындағы бай:

- Сіз зор біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйтіп тұрып жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? – деп сұрайды.

Сонда ғалым не деп жауап берді деп ойлайсыздар?

Ғалым: - Ешбір ғылым-білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде мен одан әдепсіз болып көрінсем лайық па ? – деген екен.

Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс-әрекеті арқылы көрінеді?

Міне, осы әңгімеден-ақ біз адам баласының әдептілігі жоғары болса, ол адам бойында адамгершілік, сыпайылық, мейірімділік,т.б. жақсы қасиеттер болатынын ұқтық.

«Әдептілік, ар-ұят-

Адамдықтың белгісі.

Тұрпайы мінез, тағы жат-

Надандықтың белгісі».

«Әдепті бала - арлы бала,

Әдепсіз бала - сорлы бала».

«Әр жастың әдепті, инабатты, сыпайы болуы әр адамның өзіне байланысты екен» деген ой осыдан шықса керек. Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Әдептілік - адамгершілік бастауы» деп аталады.



Мәтінмен жұмыс

Бүгінгі сабақ тақырыбын кеңірек меңгеру мақсатында мәтінге назар аударайық.

Әдептілік әліппесі


  • Өз ортаңмен үйлесімді болудың мәні неде?

  • Әдепті әдетке қалай айналдыру керек?

  • Үстел басында өзін-өзі ұстау.

  • Адамгершіліктің қатып қалған қағидасы жоқ, бірақ негізгі қағидалары қандай?

1 оқушы: Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық т.б.



2 оқушы: Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

3 оқушы:Әділ болу – адамгершіліктің асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне, қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

4 оқушы:Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Имандылық. Әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды. Ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.



5 оқушы: Кешікпеу. Бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге кештерге кешігіп бару – барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

6 оқушы: Сабырлылық адам бойына екі жолмен дариды: бірі - туа біткенінде, екіншісі –адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала – қашанда ата-анасының мақтанышы.



Жүргізуші: Адамгершіліктің басты қағидаларын орындау –адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?

7 оқушы: Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамастан заң алдында бірдей.

Дәйексөз

Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.



Дәптермен жұмыс

Мақал-мәтелдің жалғасын табу

Бала тәрбиесі

арлы бала.

Адам

тіл.


Тәрбие басы

өзгеден сый дәметпе.

Әдеп басы

алғыс орады.

Өзіңді-өзің сыйламасаң

тағалы атпен тең.

Жақсылық еккен

кіші сені сыйлайды.

Үлкенді сен сыйласаң

тәртіппен өскен тал артық.

Тәрбиелі адам

тал бесік.

Әдепсіз өскен адамнан

әдебімен көрікті.

Әдепті бала

бесіктен.



Жүргізуші: Енді осы сабақтан алған білімдеріңді қорытындылау мақсатында сіздер мына сұраққа жауап беріңіздер.

Түйін сөз

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі сабағымызда өз ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Адамгер-шіліктің қатып қалған қағидасы жоқ. Әр адам адамгершілікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғатынан бойына сіңіреді. Сіздер өмірде қиындыққа мойымай, еш кедергісіз алға қадам басыңыздар. Ғабиден Мұстафин «Адамшылықты айта бергеннен гөрі көрсете біл» деген. Біздің мектебімізде адамгершілігі мол оқушылар көбейе берсін деп сабағымыз-ды аяқтаймыз.

Тақырыбы: Әдептілік – адамгершілік бастауы.

Мақсаты: Білімділік оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, әдепті т.б. адамдық қасиетерді игеруіне ықпал ету;

Тәрбиелілікадамгершілік құнды сапаларды оқушылар бойына сіңіру, ұлтжандылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру, топпен жұмысқа тәрбиелеу;

Дамытушылық – ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.

Көрнекілігі: бейнепроектор, жүрек макеті, жағдаятты кәртішкелер, шар, түрлі-түсті гүлдер

Барысы:

    Жүргізуші:

-Сәлеметсіздер ме, балалар, көңіл- күйлерің қалай?

Сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне жинала қояйық.



Шаттық шеңбері

Жүргізуші:-Балалар,   «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» дегендей, әдепті адамға ең алдымен сәлемдесу қажет. Әрбір халықтың сәлемдесу әдебі бар екен. Қытайлар қолдарын қысып, басын иіп амандасады екен. Айтқан сөзінің мағынасы, яғни ол «Қарныңыз тоқ па? Тамақ ішесіз бе?» дегені екен. Ал енді ауған халқы бастарын ұстап амандасады екен. Ол «Бастарың аман ба?» дегені екен.  

    Ал біздің қазақ халқы қалай амандасады? Иә, өте дұрыс. Біздің халық төс қағыстырып амандасады. Қане, бәріміз бір-бірімізбен амандасып алайық.

(бәрі осылайша амандасады).

Жүргізуші:Ал, енді амандасып болсақ, мына үстел үстінде 3 түсті қима қағаздар тұр. Оның ішінде әннің тақырыбы жазылған.

    Енді, балалар, кімге қандай әннің тақырыбы түсті? Қолдарыңыздағы тақырыптары бірдей әндері барлар топтаса қойыңыздар.

   Топтасып болсақ, қолымыздағы әніміздің тақырыбы бойынша ән шырқап, орнымызға отырайық. 

   Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді: «Достық», «Мейірім», «Инабат».



Жүргізуші: Жақсы, рахмет, орнымызға жайғасып болсақ, үйге  қандай тапсырма беріліп еді?

      Әр топ ортаға шығып, жағдаятты сахналаймыз. Қалған топ талдайсыздар.

       1-топ.  Мектеп дәлізіндегі әдептілік («Достық» тобы)

       2-топ. Сынып ішіндегі әдептілік («Мейірім» тобы)

       3-топ. Мәдени-көпшілік орындағы әдептілік («Инабат» тобы)

    Осы жағдаяттар бойынша әр топ көрініс сахналап, қалған топтар бір-бірінің көрінісін талдап, өз ойларын айтады.



Жүргізуші: Міне, балалар, өздеріңіз сахналап талдап отырған жағдаяттарыңыз осы өмірде кездеседі екен.

1.      Өз іс-әрекетіңізден ұялған кезіңіз болды ма ?

2.      Әдепті адам  бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

3.      Адамгершілік деген не?

4.      Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер?  Әдепсіз бала қандай болады?

 Қандай ой түйеміз?



І топ

1.      Дәлізде жүгірмей мәдениетті жүру керек.

2.      Үлкендерге орын беру

3.      Кішілерге ізет көрсету

4.      Дауыс көтеріп айқайламау

ІІ топ

1.      Сабаққа кешікпеу

2.      Тыныштықты сақтау  

3.      Амандасу 



ІІІ топ

1.      Ең алдымен таза, үйлесімді киіну керек. 

2.      Кешікпей бару керек.

3.      Кешіксеңіз, көрермендерден кешірім сұрай отырып, өз орныңызды табыңыз.

4.      Қатты қол шапалақтап, ысқыру – әдепсіздік белгісі.

5.      Концерт аяқталмай орныңнан тұрып кетпеу керек. 

6.      Қоғамдық орындарда тыныштық сақтау керек.

Жаңа ақпарат

Біздің қазақ халқы ерте кезден-ақ адамгершілікті жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Бүгінгі тақырыбымызды әрі қарай өрбіту үшін мен сіздерге мынадай аңыз әңгіме айтайын.

    Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрады. Қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. Оқып басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.

   Қасындағы бай:

    - Сіз зор біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйтіп тұрып жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? – деп сұрайды.

    Сонда ғалым не деп жауап берді деп ойлайсыздар?

    Ғалым: - Ешбір ғылым-білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде мен одан әдепсіз болып көрінсем лайық па ? – деген екен.

    Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс-әрекеті арқылы көрінеді?

Міне, осы әңгімеден-ақ біз адам баласының әдептілігі жоғары болса, ол адам бойында адамгершілік, сыпайылық, мейірімділік,т.б. жақсы қасиеттер болатынын ұқтық.

     «Әдептілік, ар-ұят-

Адамдықтың белгісі.

      Тұрпайы мінез, тағы жат-

       Надандықтың белгісі».

   «Әдепті  бала - арлы бала,

      Әдепсіз бала - сорлы бала».

«Әр жастың әдепті, инабатты, сыпайы болуы әр адамның өзіне байланысты екен» деген ой осыдан шықса керек. Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Әдептілік -  адамгершілік бастауы» деп аталады.



  Мәтінмен жұмыс

  Бүгінгі сабақ тақырыбын кеңірек меңгеру мақсатында мәтінге назар аударайық.

        Әдептілік әліппесі

-          Өз ортаңмен үйлесімді болудың мәні неде?

-          Әдепті әдетке қалай айналдыру керек?

-          Үстел басында өзін-өзі ұстау.

-          Адамгершіліктің қатып қалған қағидасы жоқ, бірақ негізгі қағидалары қандай?

1 оқушы: Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық т.б.



2 оқушы: Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

 3 оқушы:Әділ болу – адамгершіліктің асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне, қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана  әділдік жеңеді.



4 оқушы:Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

     Имандылық. Әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды. Ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

 5 оқушы:   Кешікпеу. Бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге кештерге кешігіп бару – барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

 6 оқушы:   Сабырлылық адам бойына екі жолмен дариды: бірі - туа біткенінде, екіншісі –адам  өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

    Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала – қашанда ата-анасының мақтанышы.



Жүргізуші: Адамгершіліктің басты қағидаларын орындау –адам   құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?

 7 оқушы:   Барлық  адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамастан заң алдында бірдей.

  Дәйексөз

Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.



Дәптермен жұмыс

Мақал-мәтелдің жалғасын табу  



Бала тәрбиесі

 

арлы бала.

Адам

 

тіл.

Тәрбие басы

 

өзгеден сый дәметпе.

Әдеп басы

 

алғыс орады.

Өзіңді-өзің сыйламасаң

 

тағалы атпен тең.

Жақсылық еккен

 

кіші сені сыйлайды.

Үлкенді сен сыйласаң

 

тәртіппен өскен тал артық.

Тәрбиелі адам

 

тал бесік.

Әдепсіз өскен адамнан

 

әдебімен көрікті.

Әдепті бала

 

бесіктен.

Жүргізуші.Енді осы сабақтан алған білімдеріңді қорытындылау мақсатында сіздер мына сұраққа жауап беріңіздер.

 

 



 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет