Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 9



бет193/205
Дата05.02.2022
өлшемі2,38 Mb.
#7794
түріСабақ
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   205
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Үмбетей жырау -дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашқы ұстазы — өз әкесі. Ол халықтың ауыз әдебиетін, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болған. Сонан соң халық шежірелерінен, шешендік сөздерінен, халық дастандарынан көп тағылым алған.
Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгембай өліміне", "Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол" Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген. "Қапшаған қандай ұрыстан" қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай" деп қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін— Баянауыл, Қызыл тау, Абыралы, Шыңғыстау — бүкіл Сарыарқа атырауын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей:
Қалмақты қуып қашырдың, Ақшәуілге қос тігіп,
Қара Ертістен өткізіп. Ауыр қол жидырып алдырдың,
Алтай тауға асырдың! Қалмаққа ойран салдырдың,
—деп, халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді. Жырау тек Бөгембайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың — Қаракерей Қабанбайдың, Қаз дауысты Қазыбектің, Керейде батыр Жәнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.
Үмбетей жырау "Бәкеге", "Жауқашарға" өлеңдерінде жаман қылықтан сақтандырған, жақсы қылыққа адамгершілікке, адалдыққа үндеген.


Кітаппен жұмыс: Кітаптан « Жауқашарға », «Бәке» өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет