Қоршағыш құрылғы - адамның, болмаса оның киімінің бөліктерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі-қоршау ретінде жасалады. Олардың кұрылымы әр түрлі, және барлығы да берік те оңтайлы болу керек. Олар тұрақты, алмалы-салмалы, уақытша болып үш түрге бөлінеді.
8- Сурет. Станоктардың тұрақты қоршағыштарының түрлері;
а — толық қоршау(құндақ); б — кескіш құралды жартылай қоршау; в — — кесу аймағын жартылай қоршау; 1 — бұрылмалы экран білігі; 2 — рамка; 3 — әйнекті экран.
Сақтандырғыш қорғау жабдықтары - қауіпті факторды қас қағым сәтте тоқтатуға арналады. Авариялық жағдай туған кездерде - (қысымның, температураның, жұмысшы жылдамдықтың, ток күшінің, айналу моментінің артуы) сақтандырғыштың іске қосылуы нәтижесінде, құрылғы, машина, жарылыстан, сынудан, өртенуден аман қалады.
Машиналардың тетіктерін сынудан сақтау мақсатында қозғалуды шектегіш немесе тежегіш механизмдер қолданылады. Тежегіш механизмдер тасымал және көтергіш транспорт машиналарында кеңінен пайдаланылады.
9- Сурет. Серіппелі фланецсті сақтандырғыш клапан
Герметикалық нормасы ТУ 3742-004-07533604-95.
Достарыңызбен бөлісу: |