Kz $$$umkd name$пэоәК атауы Еңбек қорғау



бет4/12
Дата04.07.2018
өлшемі9,6 Mb.
#46516
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Монографиялық(моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты. Зерттеу, сараптау барсында бір тектес жұмыс жағдайлары, жұмысты ұйымдастыру әдісі, жабдық, құрылғы, пайдаланған материал әсері, технология сбептері қарстырылады.

Топографиялық сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін талдау жасалатын мерзімдегі мекеменің картасын, жазатайым оқиға болған бөлімшелерін, жұмыс орнын, құрылғы, жабдықты шартты белгімен көрсетіп отырады. Жазатайым оқиға көп болған орынға ерекше көңіл бөліп, еңбек жағдайларын жақсарту қажет екендігі картада көрінеді.

Статистикалық(салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффи-циенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сан-дық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.

Жиілік коэффициенті ( Кж)- кәсіпорындағы есеп беру мерзімі кезінде 1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиға санын көрсетеді.

Кж=H/Р*1000; мұндағы

Н- есеп беру кезеңіндегі, үш күннен артық жұмыс күнін жоғалтуға әкелген жазатайым оқиғалар саны;

Р- кәсіпорындағы жұмысшылардың орташа тізім саны;



Ауырлық коэффициенті (Ка )- кәсіпорындағы, есеп беру кезіндегі әр жазатайым оқиғаға келетін жоғалтылған жұмыс күндері саны.

Ка=Д/Н; мұндағы

Д- жазатайым оқиғалар нәтижесінде жоғалтылған жұмыс күндерінің жалпы саны;

Н- есеп беру кезеңіндегі жазатайым оқиға саны;

Аталған екі коэффициенттің көбейтіндісін пайдаланып жұмыс күнінің жоғалу коэффициентін Кк.ж табуға болады.

Кк.ж= Кж*Ка= Д/Н*1000, мұндағы

Кж- жарақат, ауру нәтижесін 1000 адамға шаққандағы есеп мерзіміндег жоғалған жұмыс күндері.

Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.

Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а; мұндағы

Шб – барлық шығын;

Σ Шж – есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;

Σ Шк.а – есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын

...


&&&

$$$002-004-100$ Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1.Өндірістегі жарақат түрлері қандай және олар қалай жіктеледі ?

2. Өндірістік жазатайым оқиғағалар қалай тергеп-тексеріледі ?

3. Өндірістік жарақаттанудың себептері және оны сараптау тәсілдері

4.Кәсіби аурулардың себептері ?


...

&&&

$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс №5. Еңбек гигиенасы туралы түсінік. Өндірістегі еңбек жағдайларын сараптау.

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Еңбек гигиенасы түсінігі

  2. Еңбек жағдайларын сараптау

...

&&&

$$$002-005-001$3.2.5.1 Сұрақ атауы 1. Еңбек гигиенасы туралы түсінік.
І. Е ң б е к г и г и е н а с ы – медицина ғылымының бір бөлігі бола тұра , жеке еңбекші мен ұжымның өз ара байланысын сыртқы ортамен бірыңғай қарап , өндіріс жағдайын сауықтырудың мөлшері мен шараларын жетілдіреді

Сыртқы ортаны оқып – түсіндіру негізі ретінде еңбек гигиенасы қоршаған орта мен организмнің бірлігі қағидасына негізделген . Еңбек гигиенасының мақсаты ауру адамды емдеу емес , аурудың алдын алу . Сондықтан оның негізгі объектісі сау адам .

Еңбек гигиенасы негізінен мына шараларды қамтиды : өндіріс жағдайы ( құрал – жабдықтар , малдар , материалдар және өндіріс қалдықтары т.б.) және оның адам организмі мен жұмыс қабілетіне әсері ;

Физика – метрологиялық жағдай ( жылылық , ылғалдылық , ауаның қозғалысы , шу , діріл , жарық т.б. ) .

Жұмыстың түрлері мен жұмыс режимдерін ұйымдастыру әдістері ( зиянды факторлардың мөлшері және химиялық заттардың бөлмедегі мөлшері ) ;

Санитарлық – техникалық жабдықтардың гигиеналық жағдайы мен тұрмыстық қондырғылар мен жеке басты қорғау құралдары .

Еңбек гигиенасының негізгі мақсаты қоршаған ортаны ластамау және ластау себептерімен күресу .

Е ң б е к г и г и е н асы ғылымының негізгі қағидасы :


  1. Гигиеналық мөлшерлеу ;

  2. Өндіргіш күштердің орналасуын реттеу және алдын ала жобалау – еңбекшіге ыңғайлы жағдайға келтіру .

  3. Қоршаған ортаны ластандыратын техникалық жүйелерді жетілдіру .

Еңбек гигиенасы – еңбек жағдайларының организмге әсерін зерттеп, оның әсерін мөлшерлеумен айналысатын ғылым. Гигиенист ғалымдардың міндеттері еңбек жағдайларының қауіпті және зиянды әсерлерінің адам денсаулығына зиянсыз (қауіпсіз) және кәсіби ауруларға ұшыратпайтын мөлшерін анықтап, қауіпті және зиянды факторларды жоюға бағытталған шараларды белгілеу

...


&&&

$$$002-005-002$3.2.5.2 Сұрақ атауы 2. Еңбек жағдайларының топтастырылуы.
Ғалымдар еңбек жағдайлары 4 топқа бөлінеді деп есептейді

Кестеде еңбек жағдайлары элементтері, олардың сипаттамалары және өлшем бірліктері көрсетілген:

Кесте № 1


Элементтер аты

Элементтердің негізгі сипаттамалары

Өлшем бірліктері

І топқа жұмыс орнын қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық элементтері жатады

1. Жарық шамасы

А) табиғи жарық шамасы, е

Б) жасанды жарық шамасы

Е – жарық шамасы

Ф – жарық ағыны

J – жарық күші


Е – люкс

Ф – люмен

J - кандела


2. Жұмыс орнында ауаға бөлінетін зиянды заттар

Шаң, булар, газдар, аэрозолдер

Мг/м3

3. Микроклимат

- Температура, Т

- Салыстырмалы ылғалдылық, W

- Ауа козғалысы жылдамдығы, Ư


- 0С

- %


-м/сек

4.Механикалық тербелістер

а) шу


б) діріл

Шу – толқын жиілігі - f

  • дыбыс қысымы - p

дірі – жиілігі - f



  • тербеліс жылдамдығы

  • амплитуды - A

Герц (Гц)

Р Децибел (ДБ)


Гц

ДБ

мм,



5. Сәулелер әсері

а) жарық сәулелер; толқын ұзындығы

б) иондық сәулелер

с) электромагниттік

д)радио жиіліктегі толқындар



мм, нм

БЭР


км, м, дм

Гц, КГц, МГц



6. Атмосфералық қысым

Қысым деңгейі

Па, мм. Сн.бағ

7. Кәсіби жұқпалы зерттер, биоагенттер

Микроорганизмдер, кәсіби улану

Улану дәрежесі; мг/м3

ІІ-ші топқа еңбек процесінде туатын элементтер жатады – психологиялық элементтер

1. Физикалық жүктеме

Жүк тасымалдау, энергиялық қуат шығыны

Ккал/гр

кгм


2. Жұмыс қалпы (рабочая поза)

Жұмыс кезіндегі қолайлы қалып

Бал

3. Жүйкеге түсетін жүктеме

Ойлау жүктемесі көңіл-күйге әсер сезу орган-на әсер (көз, құлақ)

бал

4. Еңбек процесінің бірқалыптығы (монотонность)

Еңбек процесін ұйымдастыру әдістері

Бал

5. Еңбек ету және демалу режімі

а) 1 күндік

б) апталық

в) жылдық



Үзілістердің уақыты мен ұзақтығы, түнгі және кезекші жұмыстарды ұйымдастыру.

Демалыс ұзақтығы



Мин,

сағат
күндер



6. Жарақат қауіпі

а) жарылғыш

б) өрт қауіпі

в) жер сілкініске тұрақтылық

г) жабдықтан жарақат алу


Қауіп дәрежесі

Бөлменің көлемі мен ауданының санитарлық нормаға сәйкестігі



м3

м2



Ш Эстетикалық, әдемілік, көркемдік

1. Жұмыс аймағындағы сәйкестік

а) Жарық және түс сәйкестігі

б) дыбыс ортасы

в) ауадағы хош иіс



Әдемілік, көркемдік дәрежесі
Әдемілік, көркемдік дәрежесі

Бал
Бал

2.Жарасымдылық

а) табиғи көрініс пен жұмыс орны

б)Жұмыс бөлмесінің ішкі жабдықтары

в) көгалдандыру және безендендіру



Әдемілік, көркемдік дәрежесі

Әдемілік, көркемдік дәрежесі



Бал

бал


ІҮ Әлеуметтік психологиялық

1. Ұжымның ұйымшылдығы

Жұмыс барысында бірін бірі алмастыру, жолдастық көмек, тәртіп

Бал

2. Ұжымдағы топ аралық қатынас

Әр топтың сыйласымдылығы

бал

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

2,3,7,9,12,14.

.

&&&



$$$002-005-100$ Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}


1. Еңбек гигиенасы түсінігінің анықтамасы қандай ?

2. Гигиенист ғалымдар еңбек жағдайларын қалай сараптайды?




&&&

$$$002-006-000$3.2.6 Дәріс №6 Кәсіпорындағы өндіріс санитариясы. Жұмыс орнындағы микроклиматтың көрсеткіштері және оны реттеу
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1.Ғылыми техникалық жетістіктердің өндіріс санитариясымен байланысы.

2.Микроклиматтың негізгі параметрлерінің сипаттамасы және оны реттеу жолдары.

...


&&&

$$$002-006-001$3.2.6.1 Сұрақ атауы 1 Ғылыми техникалық жетістіктердің өндіріс санитариясымен байланысы.

1. Өндіріс санитариясы дегеніміз ұйымдастырылған гигеналық және санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі ретінде еңбекшілерге әсер ететін өндіріс факторларын жоюға бағытталған шаралардың жиынтығы.

Өндіріс санитартясы негізінен мына шараларды қамтиды: технологиялық процестердегі қауіпті-зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық-техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасымен т.б.ж. қамтиды.

Қазіргі кезде ғылыми техникалық жетістіктер өндіріс санитариясына үлкен әсерін тигізеді, ондай факторлар негізінен үшке бөлінеді:


  1. Гиподинамия- дене қозғалысының жетіспеуі.

  2. Тамақтың жетіспеуі /санитарлық мөлшерде/.

3. Әртүрлі хабарлардың көптігі немесе жетіспеуі /шындықтың жетіспеуі / т.б.

Ғылыми техникалық прогрестің /жетістіктің/ әсері мына үш қайшылықтарға соқтырады:



  1. Макро және микро өзгерістердің желе болуы- адам организмінің өзгеруіне /аз/ бейімделмейді, өйткені адам организмінің өзгеруі өте баяу.

  2. Адам өмір сүретін ортаның өзгеру жылдамдығы оның дене өсімінен алда болады.

  3. Табиғаттың шексіз өсу, өзгеру жылдамдығы адамның сол өзгерісіне үйренуінен, қалыптасуынан тез өтеді.

Осы өзгерістер адамға қатты әсерін тигізеді. Мысалы: аллергия ауруының көбеюі, жүйке жүйесі аурулары мен қанның бұзылуы т.б.

Осы қиындықтардан шығу жолдары:



  1. Қоршаған ортаны өзгертуді ғылыми жолға қою немесе оның табиғи қалпын сақтау.

  2. Табиғаттағы өзгерістерге адамның машықтануын женілдіру /денені шынықтыру, білім жетілдіру/.

  3. Өзгертілген ортаны адам өзінің игілігіне парасатты түрде асыра білуі керек.

...

&&&

$$$002-006-002$3.2.6.2 Сұрақ атауы 2 Микроклиматтың негізгі параметрлерінің сипаттамасы және оның адам организміне әсері.
Жұмыс ортасыныц микроклиматы деп - сол ортадағы физикалық, химиялық және биологиялық әсерлердің қосындысын айтамыз. Олардың негізгі корсеткіштері болып - ауа температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа қозғалысы, ауаның тазалығын айтуға болады. Сонымен қатар өндірістік шу, діріл, жарық мөлшері, электромагниттік, иондық т.б. сәулелер де қоршаған орта жағдайына әсер етеді.
Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Қолайлы (комфортный)

  2. Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)

  3. Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)

  4. Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)

  5. Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)

Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын – қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.

Ыстықтан – адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде – артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су – тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.

Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары – неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.

...

&&&

$$$002-006-003$3.2.6. Сұрақ атауы 3. Микроклиматтың негізгі параметрлерін реттеу жолдары.
Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:


  • жылы арнайы киімдерді пайдалану;

  • жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.

Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:

  • орталықтандырылған

  • немесе жеке орнын жылыту

Жылытатын ортасына байланысты:

Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.

Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.

Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:

Бөлмені салқындату – желдету қондырғыларын орнату. Олар да:



  • жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын

  • жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.

Ауа алмастыру әдісіне байланысты:

а) – ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);

б) – сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;

в) – немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;



Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:

Табиғи:


  • желдің қысымы арқылы;

  • сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;

Жасанды:

  • желдеткіш қондырғыларды пайдалану;

Бөлмедегі ауаны жылыту әдістері

Ыстық микроклиматты цехтарда – адамдарға жағдай жасау әдістері.

  1. Жалынды, ыстық беретін қондырғыларды оқшаулау немесе адамның сол аймақта болмауын қамтамасыз ету;

а) Технологиялық процесті өзгерту

б) Ыстық заттармен адам жанаспас үшін, барлық жұмыс процестерін механикаландыру, автоматтандыру

в) Жылу шығаратын қондырғыларды құрсаулау (теплоизоляция), жылу шығатын бөліктерге тосқауыл қою. (Бұл әдіс пештердің қабырғасындағы жылуды 130 0С тан 50 0С қа дейін төмендетеді).

г) Су немесе суық ауадан перде жасау (воздушная или водяная завеса)

д) Жұмысшыларға салқындауға, дем алуға бөлме ұйымдастыру, жұмыс уақыттарын қысқарту, үзілістерін ұзарту, сумен салқындатуды ұйымдастыру.

е) Сусын беруді ұйымдастыру

ж) Арнайы киімдер мен жеке қорғану құрал – жабдықтарымен қамтамасыз ету.

Жұмыс орнының ауасының әртүрлі шаң-тозаң немесе газдармен ластануы - өкпе ауруларын тудырумен қатар басқа, мұрынның, тамақтың ылғалды қабаттарының қабынуына, бронхит, астматүрлеріне, көздің ылғалды қабатының қабынуына, тері ауруларына соқтырады. Шаңнан зиянды әсерін ауыр жұмыс, дененің тоңазуы және кейбір улы газдар еселеуі мүмкін.

Организмге шаңның зиянды әсерін азайту мәселелері де ауа алмастыру, микроклиматты реттеу әдістеріне ұқсас.

...


&&&

$$$002-006-100$ Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер}

1.Гиподинамия дегеніміз не ?

2. Микроклиматтың негізгі параметрлеріне сипаттама беріңіз ?

3. Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері қандай ?

4. Еңбеккерлерді суық микроклиматтан қорғау әдістері қандай?


...

&&&

$$$002-007-000$3.2.7 Дәріс №7. Өндірістік шу мен діріл әсерінен қорғану.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Шудың көрсеткіштері, шудың түрлері. Шудың адам организміне әсері.

2. Дірілдің көрсеткіштері,түрлері, адам организміне әсері.

3. Өндірістегі шу мен дірілден қорғану әдістері.

...

&&&

$$$002-007-001$3.2.7.1 Сұрақ атауы 1. Шудың көрсеткіштері, шудың түрлері. Шудың адам организміне әсері.
Өндірістік шу-адамға зиянды әсер ететін, уақыт сайын ретсіз өзгеріп отыратын, жиілігі мен қарқыны әртүрлі дыбыстардың жиынтығы.

Шу, ультрадыбыс және дірілдің табиғаты бір. Тек айырмашылықтары таралатын газды, сұйық және қатты денелер ортасындағы тербелістің берілуі.

Дыбыс энергия көзі болып табылады. Дыбыс толқындарының тербеліс жиілігі герцпен өлшенеді (1Гц-секундына 1 тербеліс).

Тербеліс жиілігі көп болса-дыбыста жоғары (қатты). Адам құлағы 16-дан-20 000 Гц аралығындағы дыбыс толқындарын қабылдай алады.

20 000 Гц-тен жоғары тербелістер-ультрадыбыс.

16 Гц-тен төмені-инфрадыбыс деп аталады.

Ультрадыбыс және инфрадыбысты адам құлағы қабылдамайды.

Туындау көзіне байланысты шу төмендегідей бөлінеді.

-Механикалық-станоктар шуы, іштен жану қозғалтқыштарының шуы.

-Соққы түрі-темірді соққандағы, шегелегендегі.

-Аэродинамикалық-газдардың шығуы кезінде.

-Гидравликалық-сұйықтар қозғалысы кезінде.

Адам организміне физиологиялық әсеріне байланысты шулар тербеліс жиілігіне, тербеліс ендігіне, қарқындылығына және әсер ету уақытына байланысты жіктеледі.

Жиілігіне байланысты:

Төмен жиіліктегі ,Орташа жиіліктегі ,Жоғарғы жиіліктегі

Спектр ендігі бойынша:

Тар ендіктегі шу,Кең ендіктегі шу.

Қарқынының өзгерісіне байланысты:

Импульстік шу, Тұрақты шу.

Әсер ету уақытына байланысты:

Қысқа уақыт әсер ететін шу,Ұзақ уақыт әсер ететін

Адам организміне зияны көп шулар-бұл жоғарғы жиіліктегі, тар ендіктегі, импульстік және ұзақ уақыт әсер ететін шулар.



Шудың адам организміне әсері.

Көп уақыт әсер еткен шудың есту органдарына жүктеме түседі, еңбеккердің бейқамдығын арттырады, бұл дегеніміз ескерту белгілеріне жауап реакциясын төмендетіп, қатерге ұрыну мүмкіндігін арттырады. Шу нерв жүйесі, жүйке аурулары, жүрек қан-тамыр ауруларына әкеліп соғады, адамның ұйқысы қашып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Өте жоғары дәрежедегі шудан адам саңырау болып қалады, бүкіл ағзасын ауруға әкелетін шу сырқатына әкеліп соқтырады.



...

&&&

$$$002-007-002$3.2.7.2 Сұрақ атауы 2. Дірілдің көрсеткіштері, түрлері, адам орга-низміне әсері.
2. Діріл дегеніміз қатты денелердің тербелісі ретінде адам ағзасына әсер ететін шайқалудың шамасы.

Дірілдің салыстырмалы жылдамдық дәрежесі және салыстырмалы үдеуі дәрежесі децибелмен беріліп, төмендегі формуламен анықталады:


Lυ=20 lg υ/5*10-8; La=20 lg a/3*10-4;
мұндағы 5*10-8 м/с тербеліс жылдамдығының ең төменгі (0) деңгейі.

3*10-4-тербеліс үдеуінің ең төменгі деңгейі м/сек2.



Организмге берілуіне байланысты, діріл: жергілікті-қол машиналарымен жұмыс кезінде, машинаның басқару тетіктері арқылы қолға берілетін және жалпылама-адамның отырған немесе тұрған жері арқылы берілетіндері болып бөлінеді.

Жалпылама дәріл үш дәрежеге бөлінеді.

І дәреже-транспорттық діріл, ІІ дәреже-технологиялық-транспорттық, ІІІ дәреже-технологиялық діріл.



Дірілдің адам организміне әсері.

Аз қарқындағы жергілікті дірілдің организмге пайдасы да бар (медицинада). Ал діріл қарқыны өскен сайын зияны артып патологиялық өзгерістерге-діріл ауруларына әкеп соғады. Төменгі жиіліктегі (35 Гц дейін) діріл нерв-булшық ет, қозғалыс аппараттарының патологиясына әкеледі. (Қолдың, нерв тамырларының бұзылуы, терінің сезгіштігінің төмендеуін, сүйектер мен буындардың микрожарақаттары, сүйектерде пайда болатын бұлтықтар т.с.с.).

Төменгі жиіліктегі жалпы діріл іш құрылыс органдарының қозғалуына, олардың булшық еттерінің өзгеруіне, омыртқаның жүктемесіне, нерв жүйесі жұмысына әсер етеді.

Ішкі органдарға дірілдің әсері, ағза мүшелерінің жиілігінің өзгеруіне әсер етеді (адамның денесінің жалпы жиілігі 6 Гц, ішкі органдар жиілігі 8 Гц, бастың жиілігі-25 Гц, орталық нерв жүйесі 250 Гц).



...

&&&

$$$002-007-003$3.2.7.3 Сұрақ атауы 3. Өндірістегі шу мен дірілден қорғану әдістері.

3. Шу мен дірілдің әсерін азайту шаралары:

1) Шу мен дірілді пайда болған жерінде жою.

а) техникалық үрдістегі шу, дірілді көп беретін машиналарды шу, дірілі аз машиналарға ауыстыру.

б) машина детальдары арасындағы саңылауды реттеу.

с)машина құрылысына шу, діріл шығармайтын материалдарды пайдалану.



2) Шу мен дірілді олардың таралу жолында жою.

а) Машинаның шулы бөліктерін құндақтау, қоршау, оқшаулау.

б) Шуды азайту үшін жұтқыш қалқандарды пайдалану (экрандау).

3) Жеке басты қорғау құрал-жабдықты пайдалану.

4) Санитарлық және ұйымдастыру шараларын ойластыру (Мекеме жұмыс орындарына санитарлық қорғау аймақтарын жасау, шулы машиналарды оқшаулау, адамның шулы, діріл мөлшері көп жерлерде болуын азайту т.с.с.).

...

&&&

$$$002-007-100$ Дәріс №7 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер}


  1. Шудың көрсеткіштерін атап көрсетіңіз?

  2. Дірілдің көрсеткіштерін атап көрсетіңіз?

  3. Шу мен дірілді азайту шаралары қандай?


...

&&&

$$$002-008-000$3.2.8 Дәріс №8 Жұмыс орындарын жарықтандыруды мөлшерлеу.
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1.Жарықтың адам ағзасына әсері, жарық көзінің түрлері

2.Жарықтың техникалық көрсеткіштері және жарықтандыруды мөлшерлеу

...

&&&

$$$002-008-002$3.2.8.1 Сұрақ атауы 1. Жарықтың адам ағзасына әсері, жарық көзінің түрлері.
1. Жарық – тіршілік көзінің бір бөлігі. Жарық ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етіп қана қоймай оған биологиялық және қуат күшін береді.

Жарық негізгі биологиялық процестерінің жүруін жандандыратын қуат көзі. Соның әсерінен ағзаның зат алмасу, өсу, тұқымды жалғастыру жүйелері жұмысы да реттеледі.

Ал өндіріс ортасын жарықтандыру дәрежесі еңбеккердің жұмыс жағдайын жақсартады, шаршауын төмендетеді, еңбек өнімділігі мен өнімнің сапасының жоғары болуына тікелей әсері бар.

Жарықтың күн көзіне немесе аспан денелерінен пайда болған түрін – табиғи жарық дейміз де, электр шамы арқылы пайда болған жарықты – жасанды жарық дейміз. Күн көзінің жарық шамасы жердің күнді айналуына, атмосфераның оптикалық жағдайына, ауа райына, жарықтың шағылысуы мен жұтылуына байланысты.

Жасанды жарық шамасы электр шамдарының техникалық көрсеткіштеріне байланысты.

Күн сәулесі спектрі өзінің биологиялық әсері бойынша үш түрге бөлінеді. Күн сәулесі спектрінің толқын ұзындығы 380-760 нм бөлігі көздің көру нервтеріне әсер етіп жарық құбылысын тудырады.

100-380 нм ұзындықтағы сәуле толқындар ультра күлгін (радияциялық)

760-340000 нм сәуле толқындар инфрақызыл (жылу сәулелері) деп аталады. Олар (көру) жарық құбылыс тудырмайды.



...

&&&

$$$002-008-002$3.2.8.2 Сұрақ атауы 2 Жарықтың техникалық көрсеткіштері және жарықтандыруды мөлшерлеу
2. Жарықтандырудың сапасын көрсететін негізгі техникалық жарық көрсеткіштері болып – жарық күші (J), жарық шамасы (Е), шағылыстыру коэффициенті αж , жұту коффициенті βж , өткізу коэффициенті γж , жарық ағыны (Ф) , жарықтану дәрежесі Я (Яркость), көру нысаны мен фон арасындағы контраст, жарықтың шамасының өзгеруі және жарықтың біргелкілік коэффициенті саналады.

Жарық ағыны (Ф) – көзге әсер ететін сәулелі энергияның күші, өлшем бірлігі Люмен (лм). Жарық күші (J) – жарық ағынының кеңістікте таралу тығыздығын көрсетеді.



 ; мұндағы ω – кеңістіктегі таралу бұрышы

Жарық күші өлшем бірлігі кендела (КД).

Жарық шамасы (Е) деп – жарық ағынының аудан бірлігіне түскен тығыздығын айтамыз.

Е, өлшем бірлігі люкс (лк)

Жарық шамасын өлшейтін аспап люксмтр деп аталады.

Ғимараттарды жарықтандыруды мөлшерлеудің екі әдісі бар: геометриялық және техникалық жарық көрсеткіші арқылы.

Табиғи жарықтандыру күн сәулесін бүйірден түсіру , жоғарыдан түсіру және аралас болып бөлінеді. Бөлмені табиғи жарықтандырудың геометриялық мөлшерлеу мәні болып жарық түсетін ойық пен бөлме едені ауданы арасындағы қатынасты анықтау болып табылады. Ол әрине бөлменің пайдалану жағдайына байланысты. Өндірістік бөлмелер үшін – табиғи жарық коеффициенті е = F*n/f = 1/10

F – терезе ойығы ауданы, n – терезе саны, f – еденнің ауданы .

Ал табиғи жарықтандыруды техникалық өлшеу құралымен анықтауға мүмкіндік болғанда табиғи жарық коеффициенті төмендегі

e= Ei/Ec *100% формуласымен анықталады.

Мұндағы Ei - бөлме ішіндегі нүктенің жарық шамасы, Ec – күн көзі берген сырттағы жарық шамасы.

Бұл жағдайда е табиғи жарық коеффициенті бөлмеге күн көзі берген жарық шамасының қанша пайызы түсіп тұрғанын көрсетеді. Өндірістік жарықтандыруды мөлшерлеу бойынша табиғи жарық коеффициенті мәні, жарықты түсіру әдісіне байланысты 0,5-тен 10 бірлік шамасында болуы керек.

Ал жасанды жарықтандыруды мөлшерлеу –жарық шамасы (Е) люкспен көрсетіледі. Оның мөлшері көру жұмысының сипаттамасына (ең жоғарғы дәлдіктегі-I разряд , өте жоғары дәлдіктегі – II разряд, жоғарғы дәлдіктегі – III, орта дәлдіктегі – IV разряд , аз дәлдіктегі Vразряд, жарық шығарылатын заттармен жұмыс кезінде VII және жалпы бақылау үшін дәлдіктегі - VIII) көретін нысанның размеріне (0,15мм-ден 5мм-ден артық) контраст, фон көрініске қарай беріледі.

...

&&&

$$$002-008-100$ Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Жарықтың адам ағзасына қандай әсерлері бар?

2.Жарық құрылысын қандай теориялармен түсіндірміз?

3.Жарықтың негізгі көрсеткіштері қандай?

...

&&&

$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9. Жұмыс орындарын жарықтандыруды мөлшерлеу.
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Өндірістік бөлмелерді жарықтандыруға қойылатын талаптар

2.Өндіріс орындарын жарықтандыру әдістері

...

&&&

$$$002-009-001$3.2.9.1 Сұрақ атауы 1 Өндірістік бөлмелерді жарықтандыруға қойылатын талаптар
1. Бөлмені жарықтандыруға және жасанды жарық көздеріне төмендегідей санитарлық – гигиеналық талаптар қойылады.:


  1. Жарықтану дәрежесі (Я) барлық жұмыс қабаттарында бірдей болуы керек.

  2. Жұмыс орындарындағы жарық шамасы көру нориасына сәйкес болуы керек.

  3. Жарық түсетін жазықтықтарға көлеңке түспеуі қажет. Көлеңке көретін өзгертіп , көзді шаршатады. Әсіресе қозғалмалы көлеңкелер қауіпті, жарақаттанудың көбеюіне соқтырады.

  4. Түскен жарық тікелей немесе қайтара шағылыспауы қажет. Жарықтың түскен беттен шағылысуы да жарық дәрежесін өсіріп , көзді шаршатып , жрақат алуға әкеп соғады.

  5. Жарық шамасы уақыт өткен сайын өзгеріп (жыпылықтап) тұрмауы керек.

  6. Жарық ағыны нысанға бағытталып, шам – жағдайға сәйкес таңдалынып алуы керек.

  7. Жарық көзі құрылғысы пайдалануға қолайлы, сенімді , күтуге қарапайым және қауіпсіз болуы қажет.

...

&&&

$$$002-009-002$3.2.9.2 Сұрақ атауы 2. Өндіріс орындарын жарықтандыру әдістері.
Жасанды жарық көздеріне

  • Қыл-қызулы шамдар

  • Люминесцентті (газоразрядты) шамдар пайдаланады

Ғимартаттағы шамдардың орналасуына байланысты жарықтандыру:

  • Жеке жұмыс орнын жарықтандыру

  • Жалпы бөлмені жарықтандыру

  • Аралас жарықтандыру болып үшке бөлінеді.

Жарықты пайдалану мақсатына байланысты жарықтандыру:

  • Жұмысшы жарықтандыру (нормаға сәйкес)

  • Апаттық жарықтандыру (апат кезінде адамдарды эвакуация жасау үшін немесе жұмысты уақытша жүргізе тұру үшін, норманың 5-15% құрайтын)

  • Кезекші жарықтандыру – норманың 15-20% құрайтын болып бөлінеді.

...

&&&

$$$002-009-100$ Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1.Жұмыс орындарын жарықтандыруға қандай санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады?

2.Жұмыс орындарын жарықтандырудың қандай тәсілдерін білеміз?


...

&&&

$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10. Электр қауіпсіздігі негіздері
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1.Электр тоғының адам организміне әсері

2.Электр тоғының қауіпті факторлары.

...

&&&

$$$002-010-001$3.2.10. Сұрақ атауы 1. Электр тоғының адам организміне әсері
Сонымен, электр тоғының адам организміне қандай әсері бар десек, олар: жылулық (термикалық); химиялық; биологиялық; механикалық.

Электр тоғының әсерінен адам екі түрлі жарақат алады: олар - Электр соққы және Электрошок.

Электрожарақат дегеніміз электр тоғының және электр доғасының әсерінен пайда болған зиянды айтады.

Электр соққы дегеніміз тірі ткандардың ретсіз жұмысын қоздыратын процесс.

Электр соққының әсерінен организм ткандары төрт түрлі патологиялық өзгерістерге ұшырайды:

1.Бұлшық еттердің тітіркенуі /тартылуы/ адам есінен танбайды.

2.Бұлшық еттердің тітіркенуі адам есінен танады, өздігінен босай алмайды.

3.Жарақаттануша есінен танып, тыныс және жүрек жұмысының жүйесібұзылады.

4.Клиникалық өлім.

Электрошок дегеніміз электр тоғының әсерінен болатын адам организміндегі жүйке рефлекторының өзгерісі.

Электршок кезінде қан айналымы, жүйке жүйесі, тыныс жүйесінің жұмысы бұзылады. Қан айналымы көтеріліп, дененің ауруы шыдамнан асады. Одан кейін тежеу кезеңі басталып жүйке жұмысы талықсиды, қысым азаяды, дем алу нашарлайды, тамыр соғысы азаяды немесе жиіленеді де, адам сұлық жатады. Бұл кезде адамға тыныштық керек. Бұл кезең бірнеше минуттарға, бір тәулікке дейін созылады, соңында адам не толық сауығады, не біржола тұрмайды /өледі/.



...

&&&

$$$002-010-002$3.2.10.2 Сұрақ атауы 2 Электр тоғының зақымдаушы әсерлері /факторлары/:
1.Электр тоғының түріне байланысты, олар: =,≈ (тұрақты немесе айнымалы)

2.Электртоғының жиілігіне, Гц /f/ бізде айнымалы тоқ көзі /≈/ пайдаланылады да жиілігі 50 Гц, ал адам организміне қауіптісі 20 - 1000 Гц.

3.Электр тоғының күшіне байланысты, J, А,мА. Адам организміне әсер ететін ең кіші токтың мөлшері 0,5...1,5 мА, жібермейтін ток 10...15 мА, қауіпті ток 50 мА және одан жоғары.

4.Электр тоғының кернеулігі, И, В, біз пайдаланатын электр көздерінде 127, 220, 380В болады, бұлардың бәрі тірі организмдерге қауіпті, қауіпсізі 12, 24, 36В.

5.Тоқтың денеден өту уақытына байланысты Т, С, уақыттың мөлшері 1...30 с болуы мүмкін.

6.Адам денесінің кедергісіне байланысты R, Ом. Адам денесінің кедергісі 100000...500 Ом арсында болады.

Ескерту-тері диэлектрик, қан мен бұлшық еттер өткізгіш болып саналады.

7.Адамның электр тоғына жанасу түрінен, олар: бір фазалы, екі фазалы болуы мүмкін.

8.қоршаған ортаның жағдайына байланысты: олар құрғақ болуы, ылғалды болуы, ионданған болуы мүмкін.

...

&&&

$$$002-010-100$ Дәріс №10 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1.Электр тоғы жарақатының адам ағзасына қандай әсерлері бар?

2.Электр тоғының қауіпті факторларын атап көрсет?



...

&&&

$$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Электр тоғы әсерінен қорғаудың техникалық және ұйымдастырушылық әдістері.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1.Электр тоғы әсерінен қорғаудың ұйымдастырушылық әдістері.

2.Электр тоғы әсерінен қорғаудың техникалық әдістері.

3.Электр тоғы зақымына ұшырыған адамға алғашқы көмек көрсету жолы.



...

&&&

$$$002-011-001$3.2.11.1 Сұрақ атауы 1 Электр қондырғыларының қауіптілігін азайтудың ұйымдастырушылық түрлері бар:

1.Еңбеккерлерді электр қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулармен таныстыру.

2.Қауіпті жерлерге ескертпе белгілерін қою.

3. Кіші кернеулікті пайдалану әдісі – кішірейткіш трансформаторлар, түзеткіштер арқылы.

4.Тоқ көзіне қол жетпестігін қамтамасыз ету арқылы.

5.Еңбеккерлерді арнайы киім және жеке қорғау құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы.



...

&&&

$$$002-011-002$3.2.11.2 Сұрақ атауы 2 Электр қондырғыларының қауіптілігін азайтудың мынадай техникалық түрлері бар:

1.Қос бейтараптандыру дегеніміз бір тоқ қабылдағыштағы екі оңашаландырылған бейтарап қондырғы, олардың біреуі-жұмысшы, екіншісі-қосымша болады. Оладың паспортында белгі болады. Бұндай белгі трансформаторларда кезігеді.

2.Потециалды теңестіру дегеніміз жанасу және қадам аралық кернеулікті азайту әдісі.

3.Қорғау айыркы – тез іске қосылатын автоматтандырылған тоқ көзін айырғыш.

4.Кіші кернеулікті пайдалану әдісі – кішірейткіш трансформаторлар, түзеткіштер арқылы.

5.Жермен тұйықтандыру - әдейі істелген қорғағышты жермен тұйықтандыру арқылы.

Жермен тұйықтандыру жанасу мен қадам аралық кернеулікті төмендетеді.

6.Нөлдік сыммен тұйықтандыру.



...

&&&

$$$002-011-003$3.2.11.3 Сұрақ атауы 3. Электр тоғы зақымына ұшырыған адамға алғашқы көмек көрсету жолы.
Эл. тоғынан жарақат алған адамға көмек көрсетуші өзі тоқ көзіне түсіп қалмау жағын ойластырғаны абзал. Ол үшін жарақаттанған адамға көмектесудің мынадай түрлері бар:

1. Жарақаттанушыны тоқ көзінен ажырату үшін өшіру құрылғысын пайдалану

2.Жарақаттанушыны тоқ көзінен ажырату ол үшін тоқ өткізбейтін, құрғақ заттарды пайдаланған жөн. Жәбірденген адамды киімнен ұстап тоқ көзінен босатады.

3.Тоқ көзінен босатқаннан кейін алғашқы көмек көрсету жолдары зақымдану-шының жағдайына байланысты.(қанды тоқтату,жарақатты байлау,жасанды дем алдыру, жүрекке тура массаж жасау).



...

&&&

$$$002-011-100$Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Электр тоғы әсерінен қорғаудың ұйымдастырушылық әдістері қандай?

2.Электр тоғы әсерінен қорғаудың техникалық әдістері қандай?

3.Электр тоғы зақымына ұшырыған адамға алғашқы көмек көрсету жолы неден басталады ?
...

&&&

$$$002-012-000$3.2.12 Дәріс №12. Қауіпсіздік техникасы негіздері
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Өндіріс құрал-жабдықтарына қойылатын қауіпсіздік талаптары.

2.Өндірістің технологиялық процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары.

3.Жалпызауыттық құрылғыларды пайдаланудың қауіпсіздік шаралары.



...

&&&

$$$002-012-001$3.2.12.1 Сұрақ атауы 1 Өндіріс құрал-жабдықтарына және өндіріс процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары.
Қандай да болмасын өндіріс ортасының еңбеккерге әсер ететін зиянды және қауіпті факторлары болатынын жоғарыда атап өттік.

Яғни, еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – жұмысшыға (қызметкерге) қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты. Осындай еңбек шартын ұйымдастыру үшін белгілі бір ережелерді сақтап, нақты шараларды іске асыру қажет екен.



Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жабдықтардың көмегімен жұмысшыға өндірістің қаціпті факторлар әсерін болдырмау (жұмысшыларды қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, технологиялық процесті дұрыс ұйымдастыру, оны жетілдіру, автоматтандыру т.с.с.)

1.Өндірісте қауіпті жағдайды тудырмас үшін онда пайдаланылатын құрал-жабдық, құрылғыларға төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Құрылғыларды, жабдықтарды жобалау, құрастыру кезінде олардың қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жасалуы.

  2. Өндірістік құрылғылар, оларды іске қосу, пайдалану, жөндеу, сақтау кездерінде қауіпсіз болып, қоршаған ортаға зиян әкелмеуі қажет.

  3. Құрал-жабдықтың құрылғысы, қорғау, сақтандырғыш бөлшектермен жабдықталған, автоматтандыруға, механикаландыруға ыңғайлы, эргономикалық және көркемдік талаптарға сай болуы қажет.

  4. Құрал-жабдық – оған сыртқы ортаның зиянды әсеріне төтеп беріп, жарылғыштық, өрт қаупін тудырмайтын болуы қажет.

  5. Құрал-жабдықтың жасалған материалдары белгілі беріктік, төзімділік дәрежелерін қамтамасыз етіп, оны алыстан басқару, белгі беру, өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етілуі керек.

    1. Арнайы талап

а) Тамақ шикізатымен жанасатын құрал-жабдықтардың бөлшектеріне антикоррозиялық қасиет беріліп шикізатқа зиянды әсері болмауы қажет (иіс, дәм).

б) Жасалған материалдары сілті, қышқыл, тұздардың әсеріне төзімді, жоғарғы немесе төменгі температурадан қасиетін өзгертпейтін, жүйенің тұйықтылығын сақтайтын, жұмыстан соң беттері тамақ қалдықтарынан, кірден оңай тазаратындай болуы қажет.

в) Құрал-жабдық шаң-тозаң, зиянды газдарды ұстау құрылғысымен жабдықталып, міндетті түрде санитарлық-техникалық шарттарға сай болуы қажет (шу, діріл, өрт қаупі, т.с.с.).

...

&&&

$$$002-012-002$3.2.12.2 Сұрақ атауы 2. Технологиялық процестерге қойылатын Е.Қ-гі талаптары (бұл талаптар техникалық құжаттарда көрсетіледі):


  • Технологиялық процестерді басқаруға, онымен жұмыс істеуге, сол процесті кәсіби игерген, денсаулығы жақсы және қауіпсіздік техникасы ережелері-мен танысқан адамдар жіберіледі.

  • Технологиялық тізбектер мен жұмыс орындарындағы жағдайлар санитар-лық-техникалық, көркемдік, гигиеналық талаптарға сай болуы қажет (микроклимат, жұмысты ұйымдастыру, жарық, шу, діріл, асхана, демалыс, жұмыс уақыты, т.с.с.)

  • Әкімшілік еңбекті дұрыс ұйымдастырып (дем алу, жүк көтеру, бірқалыпты-лықты азайту), ұжымдық қорғау, еңбекті механикаландыру, автоматтанды-ру әдістерін іске асырып, еңбеккерлерді арнайы киім, ж/б қорғау құралдары қамтамасыз етулері қажет.

  • Технологиялық құрылғылардың орналасуы, шикізат, өнім, қалдықтардың орналасуы қолайлы болып, еңбеккерлердің қауіпсіздігіне әсер етпеуі қажет.

Технология бойынша бір-бірімен жалғасқан екі цех (бөлімше) арасында екі жақты ақпарат алмасу немесе хабар беру жүйелері болуы қажет.

...

&&&

$$$002-012-003$3.2.12.3 Сұрақ атауы 3 Жалпы өндірістік (зауыттық) құрылғыларды пайдаланудың қауіпсіздік шаралары.

  1. Жалпы өндірістік құрылғыларға негізгі өндірісті жүргізуге қажетті қосымша өндіріс бөлімшелері жатады.

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға химиялық, жылулық процестерді атқаруға арналған, газдар мен сұйықтарды сақтауға, тасуға арналған тұйық ыдыстар жатады. Жоғарғы қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар – қосымша қауіпсіздік ережелерін сақтауды қажет ететін құрылғыларға жатады. Сондықтан олардың жұмысын мемлекеттік тау-кен техникалық бақылау органы қадағалайды.

Қадағалауға қысымы 0,07 МПа (0,7 кг /см2) асатын ыдыстар жатады. Оларды дайындаған мекемелер әр ыдысқа техникалық паспорт береді. Онда жасалған жері (завод), жасалған уақыты, жұмысшы және бақылау қысымы, ыдыс қабырғасының температурасының щегі көрсетіледі. Дайын болған ыдысты сынақтап, тексеру қысымы (1,25-1,5 Па). Әр ыдыс арнайы жапқыш арматурамен (вентиль, кран) қысым және температураны көрсететін аспаппен, сақтандырғыш құрылғысымен және сұйықтық деңгейін көрсететін тетікепен жабдықталады.

Ыдыстарды техникалық байқаудан өткізу алғашқы (жұмысқа қосар кезде) қайталама (жарты жылда бір) немесе мерзімнен тыс болып үшке бөлінеді Бұл байқаулар кезінде – ыдысқа жасалған құжаттарды тексереді.

Ішкі жағын көзбен қарап шығады және сұйық қысымымен тексереді. Тексеру нәтижесін ыдыстың каскартына және есеп беру кітабіне жазады.

Ыдыс келері- мекемелер- ыдыс ішін байқауды 2 жылда бір рет , ал тлердің татып тудыратын ортада жұмыс істейтің ыдыстарды жылына 1 рет байқаудан, тексеруден өткізулері қажет.

Қауіпсіздік ережесі бойынша ыдыстағы қысылған газына, сұйық түріне байланысты ыдыстар белгілі сырмен сырланып, ыдыс сыртына сұйық ,не газ екені белгілі боямен жазылып тұруы керек.




Газ

Баллон бояуы

Түсі

Жазу

Белгі сызығы

Аммияк

Сары

Қара

Қара

Аацителен

Ақ

Қызыл

Қызыл

Бутан

Қызыл

Ақ

Ақ

Қысылған ауа

Қара

Ақ

Ақ

Оттегі

Көгілдір

Қара

Қара

Көмір қышқылы

Қара

Сары

Сары

Фреон – 12

Алюминий түстес

Қара

Сары

Фреон – 22

Алюминий түстес

Қара

Сары

Хлор

Қорғау түсі

Қара

Сары, жасыл

Күкірт ангриді

Қара

Ақ

2 Сары

II дәрежелі бу және су қазандықтары деп от жағатын бөліктері бар, өндіріске қажетті бу немесе ыстық су беретін құрылғыларды айтамыз.

Қазандықтар:

а) қысым 0,07 МПа-дан жоғары су температурасы 115°С-тен жоғары.

б) қысым 0,07 МПа-дан төмен су температурасы 90°С-тен дейінгі болып бөлінеді.

Әр қазандықтардың техникалық көрсеткіштері жазылған қарастырып оларды құру, пайдалану ережелері жазылған жол нұсқасы болуы тиіс.

Әр бу қазандық қысымды көрсететін (монометр), су деңгейін көрсететін аспаппен, сақтандыру клапанымен, ауа және су беретін, отын беретін жүйемен және басқару жүйелерімен қамтамасыз етуі тиіс.

Қазандықтарды бақылайтын мемлекеттік орган - салааралық бақылау органы. Әр кәсіп орын қазандықтардың жұмысын, техникалық жағдайын жылына бір тексеріп, бақылау органдарына тіркетіп отырулары қажет. Ал оларды, сынақ мерзімі қысымның жұмыс істейтін ыдыстардың мерзімдерімен бірдей.

Қазандықтарда жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, дәрігерлік тексеруден өткен, құжаттары бар мамандар жіберіледі. Қазандықты төтенше жағдайда тоқтату әдісі


  • отын және ауа беруді тоқтату; тарту (тағу) азайту

  • от жанатын жерден ыстық шоқты тез алу

  • шоқ алынған соң түтін жүретін жолдарды ашу (заслонка клеш есігін)

  • қазандықты негізгі бу, жылу жүйесінен ажырату.

...

&&&

$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Жобалау, құрастыру кезінде өндіріс құрал-жабдықтарына қандай қауіпсіздік талап-тары қойылады?

2.Технологиялық процестерге қандай қауіпсіздік талаптары қойылады?

3.Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар қандай құрылғылармен, аспаптармен жабдық-талуға тиіс?

4.Сығылған газды баллондардың бояуы мен жазулары түсі қандай қауіпсіздік ереже-сіне сәйкес болуы керек?


...

&&&

$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құрылғылар.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
1.Қ а у і п т і а й м а қ туралы түсінік.

2. Машиналар, құрылғылардың еңбек қауіпсіздігін төмендететін құралдармен жабдық-талуы.

3.Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларды, Көтеру – тасымалдау құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері.


&&&

$$$002-013-001$3.2.13.1 Сұрақ атауы 1 Өндірісте жарақат алуды болдырмас үшін осы заманғы ескерту ,қорғау құралдарын пайдаланған тиімді .

Қ а у і п т і а й м а қ деп машинаның, құрылғының айналасындағы еңбеккерге тұрақты немесе құбылмалы, қауіпті болмаса зиянды жағдай туатын кеңістікті айтады.

Сондықтан машиналар, құрылғылар еңбек қауіпсіздігін төмендететін құрал – жабдықтармен жабдықталады. Олар-қоршағыш, сақтандырғыш, тосқауылшы ,белгі беруші және қашықтан басқарушы болып бөлінеді.



Қоршағыш құрылғы – адамның дене мүшесінің болмаса оның киімінің бөліктерінің машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі , қоршау ретінде жасалады. Олардың құрылымы әр түрлі және барлығы да берік те оңтайлы болуы керек. Олар тұрақты, алмалы-салмалы, уақытша болып үш түрге бөлінеді.

Тұрақты қорғағыштар тұтас немесе желбезекті қақпақ, құндақ, қорап тәріздес болып келеді.

Алмалы—салмалы қорғағыштар негізінен сыртқы беріліс механизмдерін жабуға арналған. Сондықтан олар жеңіл материалдардан, тұтас, тор көз немесе кереге көз тәріздес істелген сыртқы қорап, қабық, қақпақ болып келеді.

Уақытша қорғағыштар белгілі-бір жұмыс процестерін атқарған кезде жұмыс орнын қоршау мақсатында, қалқан тәріздес бір орыннан екінші орынға ауыстырып қоя салатындай болады.



...

&&&

$$$002-013-002$3.2.13.2 Сұрақ атауы 2 Сақтандырғыш және тосқауылшы қорғау жабдықтары
Сақтандырғыш қорғау жабдықтары қауіпті факторды қас қағым сәтте тоқтатуға арналады. Авариялық жағдай туған кездерде (қысымның, температураның, жұмысшы жылдамдықтың, тоқ күшінің, айналу моментінің артуы) сақтандырғыштың іске қосылуы нәтижесінде құрылғы, машина жарылыстан, сынудан, өртенуден аман қалады.

Атмосфералық қысымнан жоғары қысыммен жұмыс істейтін құрылғыларда рычагты, серіппелі, мембраналы сақтық клапандары пайдаланылады.

Сақтандырғыш қорғау механизмдері, өздері істен шығып, бірақ жалпы құрылғының машинаның істен шықпауына жағдай туғызады, жарақаттандыруды болдырмайды.

Тосқауылшы құрылғылар адамның қауіпті аймаққа баруын болдырмайды, не болмаса қауіпті фактордың алдын алады. Олар механикалық, электірлі, гидравликалық, ауа қысымымен істейтін, құрама болып әр түрге бөлінеді.

Тосқауылдың механикалық түріне трактор мен машиналардың беріліс қорабының тосқауылы жатады. Ажыратқыштың педалін басқан кезде ғана қораптың берілісін өзгерте аламыз. Әйтпесе беріліс дөңгелектерінің тістері сынады. Фотоэлементті тосқауылдар соңғы кезде көп пайдалынылады. Мысалы адамның дене мүшесінің бірі қорғау аймағына барса, онда фотоэлементке көлеңке түседі де, ол машинаның, құрылғының қозғалтқышын өшіріп тастайды.

Бұл құрылғылармен қатар еңбеккерге технологиялық процестердің барысын көрсететін немесе қауіпті не зиянды жағдай жөнінде белгі беретін құрылғыларда кеңінен пайдаланылады. Мысалы жол тәртібі белгілері (знаки) дыбыс белгісі, жарық арқылы белгі беру, немесе түрлі ескерту бояулары.Бұл құрылғылардың қорғау принципі - қауіпті жағдай туралы ескерту,белгі беру,ақпаратты ертерек беру.

...

&&&

$$$002-013-003$3.2.13.3 Сұрақ атауы 3 Аммиакты тоңазытқыш қондырғылар.

Аммиак өте күшті улы зат. Ол көзге, дем алу органдарына, жүрек бұлшық еттеріне және тамақ, мұрынның жұқа сілекей қабықтарына әсер етеді. Сұйық аммиак теріні күйдіреді.

Сондықтан, машиналар бөліміне немесе тоңазытқыш камераларға ерекше талаптар қойылады. Бөлмелердің есік, терезелері үлкен және сыртқа ашылатын болулары қажет. Құбырлар көк, сары, қызыл, сұр түрге боялуы керек. Бөлмелердің желдету жүйелеріне де қосымша талаптар қойылады.

Тоңазытқыш қондырғыларда жұмыс істейтін адамдар жылына бір рет қауіпсіздік ережелерінен емтихан тапсырып отырады. Жұмыс орындарында жұмыс режимі жазылып отыратын кітап әрбір екі сағатта бір толтырылып отырылуы қажет. Машина бөлімінде противогаз, резина қолғап және аптечка болуы керек. Компрессордағы сақтық клапандарын жылына бір рет, аппараттағыларын 6 айда бір, манометрлерді 6 айда бір рет тексереді. Аммиак ыдыстарын тексеру, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды тексерумен бірдей.

Ауа компрессоры қондырғыларын бақылау - өлшеу аспаптарымен, серіппелі сақтық клапандарымен, автоматты қысым реттегішпен жабдықтайды. Сонымен қатар суытқыштағы су азайған кезде компрессорды тоқтататын автоматты жүйе болуы қажет.
Көтеру – тасымалдау құрылғылары.

а)Өнеркәсіптерде жүктің орнын ауыстыру үшін әр түрлі механизмдер, жүк көтергіш және жүк тасымалдау машиналары қолданылады.

а) Бұл айтылған механизмдер мен машиналарда жұмыс істеуге жастары 18 – ге толған, денсаулықтары жақсы, мамандығына байланысты білімдері және аттестациядан өткен адамдар жіберіледі. Жүк көтеру механизмдерін пайдаланылғанда күнделікті ілгек, сым арқан, строптарды қарап, тексеріп отыру қажет және жұмыс негізінде қолғап, каска және басқа қорғау құралдарын пайдалану қажет.

Әр кран, лифт, көтергіш мемлекеттік тау – кен техникалық бақылау органдарында тіркелуге міндетті. Мекемеде, әр жылдағы тексеру барысын жазып отыратын журналдар болуы қажет. Көтеру механизмдерін жылына бір рет тексеріп, куәландырады. Куәландыру барысында құрылғылар-Стати-калық сынақ және Динамикалық сынақтан өтеді

б) Жүк тасымалдаушы механизмдер – конвеерлер мен транспортерлер.

Өндірісте конвеерлердің аспалы (монорельс) шнекті, шынжырлы және элеваторлы (жоғары төмен жүретін, тік орналасқан) түрлері пайдаланылады. Олардың жетегінің айналып тұрған қозғалмалы бөліктері, тісті немесе ременді берілістері қақпақтармен жабылуы қажет. Конвейерлердің басы мен аяғында және әр 10 метр ұзындықта тоқтату түймелері болуы қажет. Конвейерді майлау, жөндеу үшін жетекті өшіріп, оны тоқтату қажет.

Конвейердің жылдамдығы 0,1-0,5 м⁄с аспауы керек.

Транспортерлердің үстінен адамдар өтетін жерлерді арнайы көпірлермен жабдықтайды. Көпірдің екі жағы ені 1 метр болуы керек.

Аспалы және көлбеу орналасқан конвейерлерді жұмыс істеушілер бастарына каска киюлері керек.



в) Жүк көтеруші машиналардың (лифтер, көтергіштер, крандар) бәрін қорғау құралдарымен жабдықтайды-олар жүкті жоғары шектен тыс көтергізбейтін, электр двигатель өшкенде жүкті төмен түсірмей ұстап тұратын тежегіштер. Көтергіш механизмдермен жұмысты бастамас бұрын, жүк көтергіш шынжыр, арқан, ілгек, тіреуіш бөлшектерінің мықтылығын тексеріп алу керек. Сондықтан мекеме оларды дұрыс пайдалануға, жөндеуге жауапты бір адам болуы керек. Ол адам жұмысшылардың білімдерін тексеріп, уақытымен жөндеу, байқау жұмыстарын жүргізіп, машиналарды уақытымен сынақтан өткізіп, куәлендіріп отырады.

г) Өздігінен жүретін көтергіш-түсіргіш машиналарда жұмыс істеуге жасы 18-ден асқан, қолында куәлігі бар мамандар жіберулері керек. Іштен жану қозғалтқыштарымен жүретін автокөтергіштерді бөлме ішінде пайдалануға болмайды. Түтіні адам денсаулығына зиян. Сондықтан бөлмелердің ішінде электрмен жүретіндері пайдаланылмайды.

...

&&&

$$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Қауіпті аймақ дегеніміз не?

2.Машиналар, құрылғылар еңбек қауіпсіздігін төмендететін қандай құралдармен жабдықталады ?

3.Өздігінен жүретін көтергіш-түсіргіш машиналарда жұмыс істеуге неше жастан асқан адамдар жіберіледі?



...

&&&

$$$002-014-000$3.2.14 Дәріс №14. Өрт қауіпсіздігі негіздері

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1.Жану түрлері және материалдардың жанғыштық қасиеттері.

2.Өрт сөндіргіш заттар және олардың сипаттамалары.

...

&&&

$$$002-014-001$3.2.14.1 Сұрақ атауы 1 Жану және материалдардың жанғыш қасиеті.

1.Өрт пен су тілсіз жау деп халқымыз тегін айтпаған. Адамдар от жағуды білмеген кездің өзінде найзағайдан, вулкандардан шыққан өрттерден көп зиян шеккен. Адамдар от шығаруды /алуды/ білгелі олардың өміріне үлкен өзгеріс әкелсе, от алудың әдістері көбейген сайын өрт қаупі де көбееді.



Арнайы жану құрылғыларынан тыс, бақылап реттеуге келмейтін залал-зиян келтіретін жануды өрт дейміз.

Жану дегеніміз күрделі физико-химиялық процесс. Жану көзінде жанатын зат пен тотықтырушылар қосылады да жылу және жарық шығарады. Қандай зат болмасын жану үшін мөлшерлі жылулық және тотықтырғыштар /оттегі/ керек.

Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертолет тұзы т.б.

Жанатын заттар: қатты, сұйыө және газ күйінде кездесуі мүмкін, олардың барлығы да жанған кезде жарық пен жылу шығарады.

Жанудың бірнеше түрлері бар, олар:

Жарық етіп жану, Тұтанып жалындау, Өздігінен жалындау ,Өздігінен жану, Атылып жану

Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары 3 түрге бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын /СНжЕ П-А 5-70/, жанатын.

1.Жанбайтын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанбайды бықсымайды, көмірге айналмайды.

2.Қиын жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанады, бықсиды, көмірге айналады.

3. Жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтынып жанады, бықсиды, және әрі қарай жана береді.

Өрт кезінде өзінің тіреуіш және қорғағыш күйін сақтау қасиетін заттардың отқа шыдамдылығы дейді.Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың отқа шыдамдылығы(огнестойкость) сағатпен беріліп –I,II,III,IV,V әріптермен белгіленген дәрежелерге бөлінеді.

Өрт қауіптілігіне байланысты өңдіріс орындағы технологиялық процестердің қауіптілігі 5 категорияға бөлінеді:

А,Б,В,Г,Д. Бұл СНжЕ 01-М 2-92 құжаты бойынша қабылданған.

...

&&&

$$$002-014-002$3.2.14.2 Сұрақ атауы 2 Өрт сөндіргіш заттар және олардың сипаттамалары.

2. Халық шаруашылығында өртті сөндіруге негізінен мына заттар пайдаланылады: су, құм, топырақ, химиялық көбік егер бар болса инертті газдар мен арнайы ұнтақтар т.б. пайдаланылады.

Суды өрт сөндіруге жиі пайдалану себебі. Ол шаруашылықтың әр жерінде кезігеді, оның өртті сөндіруге суығы әсер етеді (жылу сыйымдылығы 2213,8 КДж/кг, град ) және буымен әсер етеді мысалы: 1кг су 1700 л буға айналады. Су тоқ өткізеді, кейде жануды да қолдайды. Сондықтан оны пайдаланған кезде байқау керек.

Химиялық көбіктер от сөндіргіштерде пайдаланады. Бұл көбіктер тік қабырғада да жабысып тұрып жанып жатқан заттың сөнуін тездетеді, ал су болса ағып кетеді.

Инертті газдар мен арнайы ұнтақтар ол: тоғынан шыққан, жанар-жағар майлардан щыққан да өртті өшіре алады, бірақ олар шаруашылықтарда сирек кездеседі. Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әртүрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын от сөндіргіштер, гидропульттер, су құйылған ыдыс, құм салынған жәшік, киіз т.б. заттар жатады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет