Лекция 1 Топырақтың негізгі физикалық сипаттамалары



Дата23.09.2023
өлшемі42,8 Kb.
#182165
түріЛекция
Байланысты:
Лекция 1


Лекция 1
Топырақтың негізгі физикалық сипаттамалары.
1. 1. Топырақтың тығыздығы, ылғалдылығы және кеуектілік сипаттамалары.

Топырақтың құрамдары, құрылымы мен жағдайларының әр-түрлігіне байланысты көп физикалық – механикалық сипаттамалары қарастырылады.


Кейбіреулері топырақты негіздер мен топырақ ғимараттарының есептеулерінде қолданылса, басқалары топырақ жіктемелеулерінде қолданылады.
Топырақ тығыздығы, ылғалдылығы және кеуектілік сипаттамалары:



  1. Топырақ тығыздығы (г/см ; т/м ) – ρ- деген, ол топырақ массасымен оның көлемі араларындағы қатынас

ρ = M/V = (m + m ) / (V + V + V );
m, v – қатты, сүйық және газ түрді топырақ компоненталарының көлемі мен массасы;



  1. Топырақтың меншікті салмағы (кН/м ) – γ - деген, ол топырақ тығыздығын еркін құлау үдеуіне көбейтіп анықтайды, яғни

γ = ρg;
g = 9,81(м/с );



  1. Топырақ ылғалдылығы (℅) – W –деген, ол су массасы мен қатты бөлшектер массаларының қатынасы, яғни

W = m /m = (M - m )/m ;



  1. Топырақ бөлшектерінің тығыздығы (г/см ; т/м ) – ρ - деген, ол қатты бөлшектер массасымен олардың көлемі араларындағы қатынас, яғни

ρ = m /V ;
Бөлшектер тығыздығы тек олардың минералдық құрамдарына байланысты:



  • тасты топырақтың тығыздығы - 2,4 ...3,3 г/см ;

  • тасты емес топырақ тығыздығы – 2,4 ... 2,8 г/см ;

  • құм тығыздығы - 2,65 ... 2,67 г/см ;

  • құмайт тығыздығы - 2,68 ...2,72 г/см ;

  • саздақ тығыздығы – 2,69 ...2,73 г/см ;

  • балшық тығыздығы - 2,71 ...2,76 г/см ;




  1. Бөлшектердің меншікті салмағы γ – деген, ол бөлшек тығыздығын еркін құлау үдеуіне көбейтіп анықтайды, яғни

γ = ρg;
Жоғарыда көрсетілген ρ, W, ρ сияқты топырақтың негізгі физикалық сипаттамалары эксперимент арқылы анықтап басқа сипаттамаларды есептеуге қолдану мүмкін.



  1. Құрғақ топырақтың тығыздығы /топырақ қанқасының/(г/см ; т/м ) - ρ – деген, ол құрғақ топырақ массасы(топырақ бөлшектері) мен топырақтың жалпы көлемі араларындағы қатынас, яғни

ρ = m /V;
ал егер топырақ тығыздығы мен ылғалдылығын ескерсек формула келесі түрге өзгереді:
ρ = ρ/(1 + W);

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет