Kz $$$umkd name$пэоәК атауы Еңбек қорғау


Бейсебаев Шәріп Төлежанұлы



бет3/12
Дата04.07.2018
өлшемі9,6 Mb.
#46516
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бейсебаев Шәріп Төлежанұлы

Академиялық дәрежесі:

Жоғарғы білімді

Қызметі:

Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының аға оқытушысы

Мамандандыруы:

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.Еңбек қорғау

Байланыс мәліметтері:

Жұмыс телефоны:

+7 (7222 53,-19-70, 51-84-08

Электрондық пошта:

жоқ

Skype:

жоқ

Жалпы мәліметтер:

. 2010жылы Қазақстан-Ресей университетінің 72 сағат көлеміндегі «Қашықтықтан оқыту технологиялалары» біліктілікті жоғарылату курстарын тамамдады.



&&&

###002-000#2 Жұмыс бағдарламасы

Қолдану саласы

2. Нормативті сілтемелер

3. Жалпы ережелер

4. Әдебиет және қорлар

5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі

6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

8. Курс форматы

9. Курс саясаты

10. Баға қою саясаты

11. Студенттер білімін бақылау

12. Оқу үдерісінің және қашықтық кеңестердің графигі

&&&

###002-001#2.1 Қолдану саласы

«_Еңбек қорғау __» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені қашықтықтан оқыту технологиялалары (ҚОТ) бойынша оқитын «5В073100» – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған. ПЭОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.

Пәнді ҚОТ бойынша оқу кезінде ПЭОӘК негізгі құрал болып табылады.


&&&

###002-002#2.2 Нормативтік сілтемелер

Осы «Еңбек қорғау» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:

5В073100» – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша элективті пәндер катологі, 22.09.2008ж. бекітілген.

«Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқу үрдісіне қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану туралы ережесі»
&&&

###002-003#2.3 Жалпы ережелер




  • Оқытушының тегі, аты, жөні – Бейсебаев Шәріп Төлежанұлы ______________________, ғылыми дәрежесі, атағы;

  • Кафедра – __ Экология және қоршаған ортаны қорғау ____________________________________________;

  • Хабарласу ақпараты – тел: 53-19-70, Оқу ғимараты № 6г, кабинет № 8; e-mail: xxx@xxx

  • Контактілі сабақтардың өткізілу орны – аудитория № 8;

  • Пән атауы – «Еңбек қорғау»;

  • Кредит саны – 2;

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

4

7

2

8

Кесте бойынша

82

90

емтихан


2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны
Кәсіпорындарында қауіпсіз, зиянсыз еңбек жағдайларын жасау үшін, еңбек қорғау саласынан білікті мамандар қажет. Ондай мамандар өндірістегі еңбек қорғау мен қауіпсіздік сұрақтарының кез келгенін шеше алатындай, қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру әдістерін меңгерген болуы керек. Яғни, «Еңбек қорғау» пәнінің мақсаты жоғарыда айтылған мәселерді шешу.

«Еңбек қорғау» пәні – студенттерді еңбек және қауіпсіздік заңдары, қарарлары, ережелері, нұсқауларымен таныстырады, еңбек жағдайларын сараптау, өндірістік мәдениет, өндіріс орындары мен жабдықтарға қойылатын талаптармен, апаттың және жарақаттанудың, кәсіби қауіптің алдын алу, электр қауіпсіздігі, техниканы қауіпсіз пайдалану және өрт қауіпсіздігі шараларымен таныстырады.


2.3.2 Курстың мақсаты студенттердің «Еңбек қорғау» пәнін оқу барысында өндірістегі еңбекті қауіпсіз ұйымдастыруға қабілетті, жоғарғы және кәсіби дайындығы бар маман дайындау. Өз білімдерін үздіксіз тереңдете және толықтыра алатын, өндірістің,қоршаған ортаның қауіпсіздігі туралы пікірлерін, теориялық және кәсіби білім деңгейін көтеретін, ғылыми техникалық прогресті жетілдіруге ашық қатысатын болуы керек. Қоршаған табиғи және өндірістік орта қауіпсіздігі туралы білімді жақсы меңгеруге, жауапты шешімдерді қабылдай алатын, өндірісте белсенді және еңбек қорғау және қауіпсіздік сұрақтарын басқаруды студенттерге үйрету қажет.
2.3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері – кәсіби дайындық және жоғарғы жалпы ғылымға негізделген, шығармашылық жұмысқа бейімделген мықты мамандар дайындау. Жоғарғы мектептің негізгі тапсырмасы қазіргі жағдайда өндірістік процестерді қауіпсіз ұйымдастыра алатын, еңбеккерлерге қолайлы жағдай жасай алатын, жан-жақты мамандарды даярлау болып табылады

2.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

  • Еңбек қорғаудың ғылыми және заңдылық негізін білуі;

  • Техника мен технологияны дұрыс таңдау және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға ие болуы;

  • Еңбек жағдайларын сараптай білуді игеруі;

  • Кәсіби зияндылықтармен күресе білуі;

  • Жарақаттанудың себептерін түсінуі;

  • Техника қауіпсіздігі, электр және өрт қауіпсіздігі мәселелерін шешуге құзыретті

болуы;

  • Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыруды үйренуі тиіс.


2.3.5 Курс пререквизиттері:

  • Тіршілік әрекетінің негіздері

  • Техника мен технология қауіпсіздігі

2.3.6 Курс постреквизиттері:

  • Өндірістік санитария

  • Қауіпсіздікке байланысты арнайы пәндер

&&&

###002-004#2.4 Әдебиеттер және қорлар

1. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж.

2. М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау пәнінен студенттерге арналған қысқаша дәрістер» Семей 1994.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.

4. Қ.Т.С.Ж “Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу ережелері

5. Бейсебаев Ш.Т. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибе сабақ-тарын орындауға арналған оқу құралы.Шәкәрім атындағы СМУ.Семей қаласы.2011-80бет.


2.4.2 Қосымша әдебиеттер.
6. Ф.М. Канарев и другие “Охрана труда” Москва 1988г

7. Б.И.Зотов и другие. Безопасность жизнедеятельности на производстве. Москва.

Высшая школа, 2000г.

&&&

###002-005#2.5 Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі

Модульдар бойынша пән мазмұны

2-кесте


Модульдің аталуы

Тақырыптың аталуы

Мазмұны

Әдебиеттер

1

2

3

4

1 модуль. Еңбек қорғау-дың заңдылық, ұйымдас-тырушы-лық негіздері.



Кіріспе дәріс. Еңбек қорғаудың заңдылық және теориялық негіздері .



Оқытылатын курстың мазмұнымен, міндеттерімен, нысанымен танысу. Еңбек қорғаудың заңдылық және теориялық негіздері .

1,2,5,6

Кәсіпорында еңбек қорғау-ды ұйымдастыру .Қауіпті және зиянды өндіріс фак-торларының топтастыры-луы

Қауіпті және зиянды өндіріс факторларының топтастырылуы.Кәсіпопрында еңбек қорғау жұмыста-рын ұйымдастыру реті.

2,5,6


Өндірістік жарақаттану және кәсіби сырқат мәселе-лері. Еңбек гигиенасы туралы түсінік.Өндірістегі еңбек жағдайларын сараптау.

Кәсіби зияндылықтармен, өндірістік жарақаттанумен күресу мәселелері.Еңбек жағдайларын сараптау.

2,4,5,6

Модуль 2 Өндіріс-тік санитария туралы түсінік.

Кәсіпорындағы өндіріс санитариясы. Жұмыс ор-нындағы микроклиматтың көрсеткіштері және оны реттеу.

Микроклиматтың адам организміне әсері және оны мөлшерлеу.

1,2,5,6

Өндірістік шу, ультра-дыбыс, дірілдің ,көрсеткіш-тері және олардан қорғану жолдары



Өндірістік шу,ультрадыбыс, дірілдің адам организміне әсері.Оларды бақылау және реттеу.

2,5,6

Жұмыс орындарын жарық-тандыру мәселелері

а) Жарықтың өлшем бірліктері

б) Жұмыс орындарын жарықтандыру әдістері


Жарықтың өлшем бірлік-тері,адам организміне әсері.Оларды бақылау және реттеу. Жұмыс орындарын жарықтандыру әдістері

2,5,6

Модуль 3 Қауіпсіз-дік техника-сы негіздері


Электр қауіпсіздігі негіз-дері

а)Электр тоғының адам организміне әсері

б)Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері


Электр тоғының адам организміне әсері

Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері



2,4,5.6

Техниканы қауіпсіз пайда-лану негіздері

а) Машиналарға, жабдық-тарға, технологияларға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

б) қауіпсіздікті қамтамасыз етуші құрылғылар мен міндетті шаралар


Машиналарға, жабдықтарға, технологияларға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуші құрылғылар мен міндетті шаралар



2,4,5,6

Өрт қауіпсіздігі негіздері

а) Өндірістің, технология-ның өрт қауіпі дәрежелері. Жанудың түрлері

б) Өрт сөндіруші заттар.

с) Өрт сөндіру техникасы мен жабдықтары



Жанудың түрлері. Өрт сөндіруші заттар. Өрт сөндіру техникасы мен жабдықтары Өндірістің, технологияның өрт –жарылыс қауіпі дәрежелері.

2,5,6

Практикалық сабақтар




Тақырыптың аталуы

Мазмұны

Әдебиеттер

1 модуль. Еңбекқор-ғаудың заңдылық ұйымдас-тырушы-лық негіздері.

Кәсіпорында еңбек қорғаудан нұсқауларды жүргізу реті.

Кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама , кезектен тыс, мақсатты нұсқауларды жүргізу реті.

1,2,5

Өндірістік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру реті.

Өндірістік жазатайым оқиға-ларды тергеп-тексеру нұсқаулы-ғына сәйкес жұмыстарды атқару

1,4,5

2 модуль


Өндірістік санитария туралы түсінік

Жұмыс орнындағы микроклиматтың көрсеткіштерін бақылау және реттеу жолдары.

Температура,ауа ылғалдылығы және қозғалыс жылдамдығын өлшеу әдістері мен құралдарын білу.

5,6,7

Жұмыс орындарын жарықтандыруды мөлшерлеу.

Жұмыс орындарын жарық-тандырудың жолдарын білу.Оны есептеу шығару.


2,5,7

3 модуль


Қауіпсіз-дік тех-никасы негіздері


Өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдық-тардың қауіпсіздігіне баға беру.

Өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтардың қауіпті аймағын анықтай біліп, оларды қауіпсіз пайдалануды іске асыратын құрылғылардың түрлерімен танысу.

2,5,6,7

Бастапқы өрт сөндіргіш құралдар



ОХП-10, ОВП-10, ОП-1, ОУ-5 от сөндіргіштерінің құры-лысымен мұқият танысу .

Олардың пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін білу.


5.6,7

&&&

###002-006#2.6 СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны
СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

3 кесте





СӨЖ тақырыптары

СӨЖ мазмұны

Тапсыру мерзімі

(апта)


Қойылатын баллдар

1

Еңбек қорғаудың заңдылық негіздері.

ҚР «Еңбек кодексі». Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі

5 апта

3,67

2

Өндірістік бөлмелерді желдету жолдары

Өндірістік бөлмелерді желдету түрлері. Желдетуді есептеу жолдары.

Аудиториялық сабақта тапсырылады

3,67


&&&

###002-007#2.7 Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар


Курс барысы: 15 тақырып «Еңбек қорғау» курсының барлық мазмұнын қамтиды. Оқу жоспары бойынша пәнді оқытуға 8 аудиторлық сағат, сонымен қатар кестеге сәйкес қашықтан кеңес беру, 82 сағат студенттің өздік жұмысына қарастырылған.

«Еңбек қорғау» курсын берілген бағдарлама бойынша реттелген түрде оқу керек. Нәтижелердің логикалық жолдарын ұғынып, анықтамалар мен негізгі түсініктерді ажырата білу қажет. Теориялық материалдарды оқу кезінде міндетті түрде өндірістік жағдайды қауіпсіз ұйымдастыруды өту кезіндегі құбылыстардың мағынасына көңіл аудару қажет. Студенттер пәнді оқып-үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулармен танысып пәнді толық меңгерулері керек. Әдістемелік нұсқау пәннің студенттермен жұмыс жасау ретінде жүргізіледі.

Әдістемелік нұсқаулар құрамына:


  1. Пәнді оқуда қажетті жоспарлау, уақытты ұйымдастыру (орындау уақыты);

  2. Оқу-әдістемелік кешенін қолдану нұсқасы;

  3. Әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана білу;

  4. Емтиханға даярлану үшін берілетін кеңестер кіреді.

Пәнді оқыту барысында дәрістерде студенттерге «Еңбек қорғау» курсының негізгі терминдар мен түсініктері,оның ғылыми жұмыстары мен заңдылық негіздері бойынша, еңбек гигиенасы ,өндірістік санитария,өрт қауіпсіздігі сұрақтары бойынша жоспар құруды, қорытынды жасап, оны мекемелердегі еңбек жағдайларын жақсарту үшін қолдана білуді оқытады, бағытталған шаралардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және орындалуы жан-жақты оқытылады.



Дәріс – берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны. Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.
Студенттер тәжірибе сабақтары мен СӨЖ кезінде тақырып бойынша еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу, оның ерекшеліктерін, әдістерін пайдалану және қолдануды оқып талдайды.

СӨЖ - Өндірістік қауіпсіздік бойынша тақырыптар берілген. СӨЖ- ұйымдастырудың мақсаты:

Өз бетінше орындалатын жұмыстарының тақырып бойынша оқылған дәріс материалдары мен көрсетілген әдебиеттерді пайдалана отырып, мекемелерде еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын жүргізуді мақсат етеді.



СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Еңбек қорғау» курсы бойынша қашықтан оқыту технологиясы студенттерімен СӨЖ компьютерде Интернет жүйесі арқылы орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген тақырыптардың сұрақтарын жан-жақты зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен, А4 стандартты парағында орындалады. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.

Сессияға жіберу, 1-ші және 2-ші рейтингтің қорытындысы және сабаққа қатысуы бойынша емтихандық сессия уақытында, Академиялық календарьда белгіленгендей жүргізіледі. Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау – емтихан жүргізіледі. Емтихандарды жүргізу түрлері (форма) – жазба емтиханы. Жазбаша және ауызша емтихандары әр пәннен бөлек билет бойынша жүргізіледі. Билеттегі сұрақтар түсінікті және ықшамды (қысқа) болуы керек, қысқа, бірақ мазмұнды жауап ұйғарылуы керек. Пән бойынша емтиханның қорытынды бағасын қою кезінде, емтиханнан алған және семестр ішіндегі бірінші және екінші рейтинг жүргізудегі қорытындысының ағымды үлгерімінің орташа балы есептелінеді. Емтиханның қорытынды бағасының өлшемдік үлесімі келесідегідей қабылданған: емтиханнан алған нәтижесі 60% және ағымды үлгерімінің нәтижесі 40% құрайды.


&&&

###002-008#2.8 Курс форматы

Пән бойынша офф-лайн және он-лайн сабақтар жүреді. Офф-лайн сабақта студенттер материалды дербес оқып игереді, практикалық сабақтарды, модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтық он-лайн семинарларда ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір он-лайн семинардың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады. Осы семинарларға белсенді қатысу керек. Сонымен қоса, пән бойынша он-лайн кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі курс ішінде жазылады. Офф-лайн кеңес алу үшін оқытушыға хат жазып, жауап алуыңызға болады.

&&&

###002-009#2.9 Курс саясаты

Пәнді студент дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқыңыздыр, оқытушының жұмыс бағдарламасында немесе практикалық сабақтарда берген әдістемелік нұсқауларын мұқият оқыңыздар. Тек дәрістер материалымен шектелмей, курс ішінде көрсетілген электрондық қорларды, әдебиетті оқыңыздар. Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындаңыздар, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек. Бақылау тапсырмаларын уақытында орындап, тексеруге жіберу қажет, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек. Бақылау мерзімдері: 1-8 апталардағы тапсырмалар мен тестілер үшін – 8-аптаның соңы, қалғандары үшін 15-аптаның соңы.
&&&

###002-010#2.10 Баға қою саясаты


Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны:

1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 300 балл,

2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 300 балл.

Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.

Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:

1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша – максимум 120 балл)

2. Он-лайн семинарға қатысқаны және белсенділігі үшін (қатысу үшін – 20 балл, белсенділігі үшін максимум 100 балл)

3. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)

Курстық жұмыс жеке бағаланады.

Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.

Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.
&&&

###002-011#2.11 Студент білімін бақылау


Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:

  • ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)

  • межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)

  • қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың МЖМБС-на сәйкес).

Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.

Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте).

Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы

4 кесте


Әріптік жүйедегі баға

Баллдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А–

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы


В

3,0

80 – 84

В–

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық




С

2,0

65 – 69

С–

1,67

60 – 64

D+

1.33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарсыз

I

NA

-

Аяқталмаған

P

-

өтті

Пәнді өтті


&&&

###002-012#2.12 Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі



5 кесте

№ р/б

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Жиыны

1-рейтинг

1

Бақылау түрі










ТМ1

СРСП







МБ1

300

балл

2

Баллдар










150

40







30

3

Кеңестер

OF

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

№ р/б

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Жиыны

2-рейтинг




1

Бақылау түрі




ТМ2










ТМ3

МБ2

300

балл


2

Баллдар




120










150

30

3

Кеңестер

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

Белгілеулер: ТМ-модуль бойынша тапсырма; ОС-он-лайн семинар; МБ-межелік бақылау;

OL – он-лайн кеңес; OF- офф-лайн кеңес




&&&

$$$002-000-000$3.2 Дәрістер
&&&

$$$002-001-000$3.2.1 Дәріс №1 Дәрістің атауы.
Кіріспе дәріс. Пәнінің негізгі міндеттері.құрылымы, негізгі анықтамалары.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

  1. «Еңбек қорғау» пәнінің негізгі міндеттері.

2. «Еңбек қорғау» пәнінің құрылымы, негізгі атаулары мен анықтамалары.

3. «Еңбек қорғау» ілімінің дамуы, ғалымдардың оған қосқан үлестері.

4. «Еңбек қорғау» заңдарының және қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негіздері.
&&&

$$$002-001-001$3.2.1.1 Сұрақ атауы 1 «Еңбек қорғау» пәнінің негізгі міндеттері.

1. «Еңбек қорғау» пәні арнаулы сабақ ретінде қоғам тану және мамандық алудың негізгі пәндерімен тығыз байланысты.

Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Өйткені, сіздер өз қол астында еңбек ететін қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіз еңбек етуі үшін жауап бересіздер. Бір нәрсеге жауап беру үшін оны өзің жақсы білуің керек.

Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен өндіріс санитариясымен, қауіпсіздік техникасымен және өрт қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді.

Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: «Еңбек қорғау» туралы нормативті-правалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне әсері, оларды қалыпты мөлшерге келтіру әдістерін, еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру, еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т.б.

Істей білулері керек:

Өндіріс қауіпсіздігін бағалай отырып, өз бетімен шара қабылдай білу, қауіпсіз еңбекке оқыта, үйрете білу, қауіпті-қатерлі жұмыстарды ажырата білу, өндірістегі жазатайым жағдайларды тіркеу және тексеру жолдарын, жарақат алғандарға алғашқы көмекті көрсету жолдарын.




&&&

$$$002-001-002$3.2.1.2 Сұрақ атауы 2 «Еңбек қорғау» пәнінің құрылымы, негізгі атаулары мен анықтамалары.

2. «Еңбек қорғау» сабағы негізгі пән ретінде мынандай сұрақтарды қамтиды:

а/ еңбек қорғау, нормативті-праволық және ұйымдастыру жұмыстарының негізі, олар мына құжаттармен шектеледі-Қазақстан Республикасының конститутциясы, «Еңбек кодексі» және басқа қауіпсіздікке, санитарияға, өрт қауіпсіздігіне байланысты мемлекеттік құжаттар.

б/Өндіріс санитариясы мен еңбек гигенасы, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі , санитарлық нормамен /СН/, санитарлық норма және құрылыс ережелерімен /СНж/еЕ/ т.б. құжаттармен.

с/ Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесімен, ЕҚСЖ.

д/ Өрт қауіпсіздігі стандарттарымен.

ҚР «Еңбек кодексіне» сәйкес мынандай анықтамалар мен терминдер қолданылады Қауіпсіз еңбек дегеніміз- еңбекшіге қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты.



Еңбек жағдайы- еңбек ортасының, өндіріс факторларының жұмысшының еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсері.

Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз- жұмыс кезінде ойламаған жағдайда еңбекшінің жарақаттануына және денсаулығының нашарлауына апарып соқтыратын өндірістік фактор.

Зиянды өндіріс факторы дегеніміз- жұмыс кезінде еңбекшінің ауруына және еңбек қабілетінің төмендеуіне соқтыратын өндірістік фактор.

Тағы басқа терминдер мен анықтамалар тақырыптарға байланысты беріліп отырады. Студенттер-болашақ мамандар жоғарыдағы анықтамалардың мағынасына ойлы, саналы сезіммен қабылдайды деп ойлаймын.


&&&

$$$002-001-003$3.2.1.3 Сұрақ атауы 3 «Еңбек қорғау» ілімінің дамуы, ғалымдардың оған қосқан үлестері.

3. Азамат өз еңбегін қорғауды тіпті ертеден-ақ қолға алған ойлаған, еңбектің қауіпсіздігін азайту әдістерін тапқан. Адамның еңбегі қауіпті болса, оның өмір сүру мүмкіндігі де азаяды. Ал адам болса өмір сүру үшін еңбек етеді, білімін жоғарлатады, жетілдіреді. «Еңбек қорғау» негізі И.М.Сеченовтің мына қағидасына сүйенеді: «Адам организмі мен оны қоршаған ортаның бірлігі. Адамның еңбегі мәнді де қауіпсіз болуы үшін өзі өмір сүретін ортаның тепе-теңдігін сақтауы шарт. Бұл қағида сақталмаса, бұзылса адамның өзіне, өміріне қауіп төнеді. Мысалы Арал теңізінің суының кейін қайтуы, Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуі, топырақтың улануы т.б.

Қазіргі кездегі «Еңбек қорғау» негіздері отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып дамиды, тереңдетіледі, жетілдіріледі.

Тіпті, 1742 жылдың өзінде М.В.Ломоносов тау-кен өнеркәсібіндегі еңбек қауіпсіздігіне көңіл аударып, желдеткіштер орнатуды және оның кейбір үлгісін ұсынды. Осы ғалым жай тартқыштың үлгісін жасады, оны есептеу жолдарын тапты.

Ғұлама ғалым-физолог И.М.Сеченов жұмыс уақытын белгілеудің гигеналық, физиологиялық негіздерін беріп, оны еңбек қорғаумен байланыстырып қарады.

М.Д.Зеленский химиялық заттардың адсорбция теориясын ашып, противогаз т.б. адамдарды улы газдардан қорғайтын құралдардың негізін салды.

Академик С.И.Вавилов люминесцентті жарық көзін ашты.

А.А.Сочинский-ауадағы зиянды газдардың мөлшерін айыратын аспапты ұсынды.

Е.О.Патон-электр тоғының күшімен дәнекерлеу әдісін ұсынды.

Гигиенист оқымыстылар қомақты үлес қосты, олар:В.В.Левицкий /1867-1936/ кәсіби аурулар және шаршаудың негіздерін түсіндірді. Эристман Ф.Ф /1842-1915/ өнеркәсіптегі еңбек жайын реттеудің гигеналық нормаларын берді. Қазіргі кезде еңбек қорғау заңдары толықтырылуда.
&&&

$$$002-001-003$3.2.1.4 Сұрақ атауы 4 «Еңбек қорғау» заңдарының және қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негіздері.
4.Еңбек қорғау жұмыстары Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі»-не байла-нысты жүргізіледі. Бұл заң 40 тараудан және 341 баптан тұрады. Заңды іске асырушы Қазақстан Республикасының Минстрлер кабинеті ,Халықтың еңбегін қорғау және әлеуметтік қорғау Министрлігі осы кодекстің практикалық іске асыру механизмін қамтамасыз ететін тиісті бағдарламалар мен шаралар кешенін әзірлеуді қамтамасыз етуі керек.

Осы заңда «Еңбекті қорғау» саласындағы ұлттық саясаттың негізгі принциптері берілген , солардың кейбіреулері мыналар:



  • меншік иесінің қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғау құралдарымен, емдеу-алдын алу, тамағымен қамтамасыз етуге;

  • өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;

  • жоғары және арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға...

Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:

  1. Бағдарлау- дегеніміз негізгі идеялар жиынтығы бола тұра қауіпсіз еңбектің басты бағыттарын айқындайды және методологиялық, хабарлау негізгі болады.

  2. Техникалық-физикалықт заңдарға сүйене отырып қауіпті факторларды жоюға негізделген.

  3. Басқару-жұмыстың жекелеген сатысында немесе кезеңінде еңбек қауіптілігін азайтуға негізделген.

  4. Ұйымдастыру-еңбекті ұйымдастыруды ғылыми жолмен басқаруға негізделген.

Осы принциптерді басшылыққа алып еңбек ұйымдастырылса оның қауіптілігі азаяды.
&&&

$$$002-001-100$ Дәріс №1 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер}

1. Еңбек қорғау пәнін оқытудағы негізгі мақсат қандай?.

2. «Еңбек қорғау» пәнінің заңдылық негіздерін атап көрсетіңіз?

3.«Еңбек қорғау» ілімінің дамуына ғалымдардың қосқан үлестері қандай ?

4. Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері қандай?



&&&

$$$002-002-000$3.2.2 Дәріс №2 Еңбекті қорғаудың теориялық негіздері

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. «Адам – техника – материал - өндіріс ортасы» жүйесіне түсініктеме.

«А» «Т» «М» «Өо»

2. Қауіпті, зиянды өндіріс факторларын топтастыру және олармен күресу жолдары.

3. Қауіпсіз еңбектің психологиясы (рухани қалпы) және оны ұйымдастыру
&&&

$$$002-002-001$3.2.2.1 Сұрақ атауы 1 «Адам – техника – материал - өндіріс ортасы» жүйесіне түсініктеме.

«А» «Т» «М» «Өо»

1. Жүйе деген түсінік ертеден белгілі. Жалпы алғанда ж ү й е (система) дегеніміз – жеке бөліктердің қосындысы және олардың өзара байланысы.

Ж ү й е деп тірі организмдер мен машиналарды да айтуға болады. Жүйе деп кезкелген өндіріс объектісін де айтады. Осындай жүйелердің бірі – «А»- «Т»- «М»-«Өо».

Еңбек қорғаудың негізгі мақсаты осы жүйені еңбекшігеқолайлы жағдайға келтіру (оптимизация).

Халық шаруашылығындағы жұмысты биоэкологотехникалық жүйе деп отырып, төрт элементке бөлеміз, олар: Адам – техника-материал-өндіріс орны.

Error: Reference source not found


Әр элементтің бір-біріне әсері – көрсетілген.

Бұл элементтер бір-біріне әсер етеді және бәрі адамға (жұмысшыға) әсер етеді. Жеке элементтердің жұмысы көп факторлардан (себептерден) тұрады.

Жүйе теориясына сүйене отырып осы элементтердің белгісіз байланысы – Н (күйі) мына формуламен шешіледі Н – 2И мұндағы, И = п(п – і) ең көп байланыс саны – И, п – факторлар саны. Мысалы жоғарғыдағы жүйеде адамға үш фактор әсер етеді, олар: «Т», М,Өо демек п=3 болса, Н = 2 п (п-і) = 23*2 = 26=64.

Жеке факторлардың саны көбейген сайын жүйенің күйі (Н) көбейеді.

Егер жүйедегі байланыстың біреуі бұзылса қауіпті жағдай пайда болады да, кейін жазатайым жағдайға ұшыратуы мүмкін.

Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті жүйенің адам үшін дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Егер осы жүйені бөлшектеп, оларға жеке-жеке қарасақ қауіп-қатерді азайтуға болады.

Егер жүйенің қауіпсіздік деңгейін уақыт мөлшерімен қарасақ жоғарыдағы жүйені мынадай түрге бөлуге болады:

Б і р і н ш і іске қосу уақыты – жүйені жөнге келтіру кезеңі.

Е к і н ш і – негізгі пайдалану кезеңі, пайдалы өнім алу уақыты.

Ү ш і н ш іқайта құру кезеңі (реконструкция) қауіпті жағдайлардың көбеюімен байланысты, себебі жүйенің бөліктері әртүрлі жағдайда жұмыс істейді.

Сондықтан жүйенің қауіптілігін азайту үшін, оны уақытында жөндеу, реттеу керек.

...

&&&

$$$002-002-002$3.2.2.2 Сұрақ атауы 2 Қауіпті, зиянды өндіріс факторларын топтастыру және олармен күресу жолдары.
2. Қауіпті зиянды өндіріс факторлары

Физикалық

химиялық

Биологиялық

психофизиологиялық




2

3

4

Машиналардың қозғалатын бөлшектері,шаң, шу, діріл, ылғалдылық,электр кернеулігі, жарықтың жетпеуі, өткір-үшкір заттар т.б.

Адамның организміне әсеріне қарай- уландырғыш, жүйкеге әсер етуші, тыныс органына әсер етуші, тітіркенткіш т.б.

Патогенді микроорганизмдер, бактерия, вирус, таз ауруы және олардың өсіп-өнген бөлшектері.

Адам организміне әсері бойынша: а) денежұмысы-шаршау, б)жүйкенің шаршауы, в) А+Ә, г)ақыл-ой.

Е с к е р т у: Таза дене жұмысы немесе ақыл-ой жұмысы болмайды.

Жұмыс кезінде адамға қауіпті, қатерлі, зиянды заттар әсер етеді. Олардың көбі кәсіби жұмыспен байланысты. Сондықтан оларды к ә с і б и қ а у і п т е р

дейді.


Кәсіби қауіптер – кәсіби аурулар мен уландыруды туғызады.

Жұмыс уақыты ішіндегі кәсіби улану – қ а т т ы у л а н у деп аталады. Сіңісті улану – ұзаққ созылған қауіптің (зиянның) әсерінен болады. Мысалдар: бруцеллез, құрт ауруы, буынның аурулары. Бояулармен, лактармен, скипидармен жұмыс істегенде санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтамаса-қышыма (экзема) ауруына ұшырайды.

Қауіпті- қатерлі, зиянды заттардың мөлшерін арнаулы құралдармен анықтайды, өлшейді.

Өндірісте кездесетін қауіп-қатерді екіге бөлеміз:

1) Көзге көрініп тұратын – айқын қауіп: көзге анық көрінетін қимылдар, қозғалыстар, айналатын заттар. Мысалы: жанып тұрған от, көтерулі тұрған жүк, сүзеген бұқа т.б.

2) Бірден байқалмайтын-жасырын қауіп: машиналармен, саймандардағы (инструменты) көзге көрінбейтін, бірақ жұмыс кезінде білініп апатқа соғатын жағдай.

Жасырын қауіп жұмыс орнының ретсіздігі, саймандардың шашылып, жүретін жолдардың бітелуі, жұмыс саймандарын өз ретінсіз пайдалану т.б. себептер туғызады.

Өндіріске байланысты алған жарақаттың алдын алу өте қиын, сондықтан әр басшы адам өз жұмысына сергек те білгір көзбен-қарап оны болдырмауға тиіс.

Қауіпсіз еңбектің өндіріс үрдісіне (процесс) талабы:


  • Жұмысшы денсаулығына қауіп, зиян келтіретін өндіріс материалдарымен, қалдықтармен тікелей байланыста болмауы керек.

  • Зиянды өндіріс факторлары бар жерлерді механикаландыру керек.

  • Технологиялық процестерді бақылау және басқару қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру, апатты тоқтату жүйелері болуға тиіс.

  • Шаруашылық қалдықтарын дер кезінде тазартып отыру керек, т.б. шаралар.

  • Тасымалдау кезінде қарама-қарсы жүрістер болмауы тиіс.


&&&

$$$002-002-003$3.2.2.3 Сұрақ атауы 3 Қауіпсіз еңбектің психологиясы (рухани қалпы) және оны ұйымдастыру.

3. П с и х о л о г и я дегеніміз – адамның / біздің / түйсіктерінің, қабылдауының, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, сезім еркінін объективті шындықтың бейнелеу жиынтығы туралы ғылым.

Жалпы психологиямен қатар психологиялық ғылымның жеке салалары да болады. Мысалы: еңбек психологиясы, дәргерлік, әскери, көркем өнер, спорттық, инженерлік, космостық т.б.

Кейінгі кезде « Э р г о н о м и к а » пайда болды.

Психология ғылымының қай саласы болса да, міндеті-еңбек етудің тиісті түрлерінде адамның жұмысын жеңілдету және жетілдіру болып табылады.

Э р г о н о м и к а дегеніміз – ғылыми пән бола тұра, техникалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық ғылымдардың жиынтығынан туған.

Эргономика – жұмысшының машинамен және өндіріс қатынасын байланыстыра отырып еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

И н ж и н е р л і к п с и х о л о г и я эргономикамен тығыз байланысты бола отырып, өндіріс эстетикасының, машиналардың көркемдеудің (дизайн) негізін түсіндіреді, оқытады, үйретеді.



Қауіпті жағдай (ҚЖ) қауіптің уақыты (ҚУ) мен себебі (ҚС) дәл келгенде пайда болады:

немесе ҚЖ = ҚУ + ҚС осыдан қауіпті жағдайды болдырмас үшін қауіптің себебі мен уақыты дәл келмесе болғаны.

Е ң б е к т і ұ й ы м д а с т ы р у – дегеніміз еңбектің тәртібін бір жүйеге келтіру.

Еңбектің ғылыми жолмен ұйымдастырудың міндеттері:

1) Экономикалық – жоғары еңбек өнімділіне жету.

2) Психофизологиялық – еңбекшіге ең жақсы еңбек жағдайын жасау және оның еңбек қабілетін сақтау.

3) Әлеуметтік- жан-жақты дамуына, дұрыс дем алуға, еңбектің мазмұнын төмендетпеуге арналған шаралар.

Еңбектің қаупін азайту үшін жұмыстың түріне байланысты ұйымдастыру керек.

Жұмыс күні ішінде еңбекші жоғалтқан қуатын (энергиясын) толықтыратындай жағдай болуы тиіс.

Жұмыс түрі е к і г е бөлінеді:



  1. Дене жұмысы; 2) ақыл-ой жұмысы.

Өз кезегінде дене жұмысы екіге бөлінеді:

а) қозғалысы аз (статикалық) жұмыс,

ә) қозғалысы көп (динамикалық) жұмыс.

Энергиялық қуаттың бөлініп шығуына байланысты жұмыс ү ш к е бөлінеді:

Ж е ң і л ж ұ м ы с – бұлшық еттерге түскен күштің мөлшері >50Н, жоғалтылған энергия мөлшері 0,628 МДж/сағ. 150 ккал/сағ (172 Дж/с).

О р т а ш а ж ұ м ы с – бұлшық еттерге түскен күштің мөлшері>100Н, жоғалтылған энергия мөлшері 0,628. . . 1,05 МДж/сағ. 250 ккал/сағ/293 Дж/с/.

А у ы р ж ұ м ы с – бұлшық еттерге түскен күштің мөлшері 100Н, жоғалтылған энергия мөлшері 1,05 МДж/сағ, 250 ккал/сағ. /528 Дж/с/.

...


&&&

$$$002-002-100$Дәріс №2 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Өндірістегі еңбек процесін ұйымдастыру қандай жүйеге жатады ?

2. Қауіпті, зиянды өндіріс факторларын қалай жіктеледі.?

3. Қауіпсіз және зиянсыз еңбекті ұйымдастырудың негіздері қандай ?



&&&

$$$002-003-000$3.2.3 Дәріс №3 Өндірістегі еңбек қорғауды ұйымдастыру.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1.Мамандар мен басшылардың еңбек қорғауды ұйымдастырудағы міндеттері мен жауапкершілігі .

2.Еңбек қорғауды басқару және бақылау .

3.Еңбек ету және демалу жолдары .



&&&

$$$002-003-001$3.2.3. Сұрақ атауы 1 Мамандар мен басшылардың еңбек қорғауды ұйымдастырудағы міндеттері мен жауапкершілігі .

І. Кәсіпорындағы Еңбек қорғау жұмысын Қ Р «Еңбек Кодексі» баптарына сүйене отырып жұмыс орнының басшылары мен мамандары ұйымдастырады .

Еңбек қорғауды ұйымдастырудың қысқаша жүйесі .


  1. Қауіпсіз еңбек ету әдістеріне оқыту-үйрету ( нұсқаулар жүргізу ).

Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей бо-лып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұс-қау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- жоспардан тыс нұсқау (внеплановый); 5шi – мақсатты нұсқау (целевой).

Алғаш жұмысқа орналасуға келген адаммен кiрiспе нұсқауды еңбек қорғаудың инженерi, ондай маман болмаған жағдайда , бұйрық бойынша , оның мiндетi жүктелген адам өткiзедi. Егер еңбеккер сол кәсiпорынның iшiнде бiр саладан екiншi салаға қызметiн ауыстырса мысалы: механизатор, құрылысшы болып ауысса, онда сол саланың бас маманы кiрiспе нұсқауды өткiзе алады.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды , қайталама және мақсатты нұсқауды - жұмыс берушi - бөлiмше бастығы өткiзедi.

Басшылар мен мамандар жоғарыдағы көрсетілгендерден басқа мынадай жұмыстарды ұйымдастырып, орындауға тиісті :

2 ) жұмысшыларды жұмыс киімімен және жеке басты қорғайтын құрал – жабдықтармен қамтамасыз етулері керек ;

3 ) шаруашылықта қолданылатын машиналар мен қондырғылардың ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету ;

4 ) фермалардағы , кешендегі , сүт және сою цехтарындағы т.б. ветеринарлық


    • санитарлық жағдайларын қадағалау керек ;

ауру малдарды күтудегі ережелерді сақтауды , жұмысшыларға аурудың

жұқпауын қадағалау керек ;

5 ) Жоспарлау .

ҚР Еңбек заңнамаларының баптарына сәйкес Еңбекті қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтік актілерді бұзуға кінәлі , не қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік , тәртіптік , материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады " .

Мамандар үшін жауапкершілік :


  1. Әкімшілік – иман – шарт жазалауы ( моральдік ) , ескерту жасау , көпшілік алдында ұйалту , жұмысын төмендету , жұмыстан босату т.б.

  2. Тәртіптік – қызметкерлердің бастықтың алдында шаруашылықтың ішкі тәртібін бұзғаны үшін беретін жауапкершілігі .

  3. Материалдық – шығынның құныны төлеу ( егер айыпты болса ) :

а ) толық төлеу , б ) жартылай төлеу - бұны көпшілік жиналысы шешеді .

  1. Қылмыстық жауап – а ) бас бостандығынан айыру , ә ) жұмыс орнынан айыру т.б.

...

&&&

$$$002-003-002$3.2.3.2 Сұрақ атауы 2 Еңбек қорғауды басқару және бақылау .

2 . Еңбек қорғауды басқарудың негізгі м а қ с а т ы - қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру , денсаулықты және еңбекшінің еңбекке қабілетін сақтау болады .

Еңбек қорғауды " ж ү й е " әдісімен басқарған тиімді деп саналады . Бұндай әдіспен басқарғанда мыналарды бөліп алуымыз керек : объект , субъект , басқару тәсілі .

Басқару объектісіне – еңбек ету жағдайы , еңбекшілер қауымының еңбек тәртібі , оларға әсер ететін өндірістік қауіп – қатерлер және кәсіптік қорғау .

Басқару субъектісі ( цехтық басқару ) дереу қимыл жасауға да ыңғайлы болуы керек .

Басқару тәсілінің негізгі басқаруға келіп түскен хабарлардың дәлдігіне , толықтығына байланысты .

Осындай бөлшектеген " ж ү й е " әдісінің кемшіліктері байқалады . Бұнда басқару субъектісінің жетілмегені байқалады .

Сондықтан шаруашылықтардағы е ң б е к т і қ о р ғ а у төмендегідей ү ш ш а р т т ы қанағаттандыруы керек :



  1. " Жүйенің " алдына қойылған айқын мақсат ;

  2. " Жүйеден " бөлініп шығатын кіші жүйелер болуы ;

  3. " Жүйе " өзінен жоғары сатыдағы жүйеге бағынышты болуы керек , осының бәрі басқарудың бақылау , тексеру , тіркеу және талдау , жоспарлау , тәрбиелеу , тәртіпті қатаңдату т.б.

Еңбекті қорғаудағы бақылаудың ең тиімді жолдарының бірі үш сатылы бақылау :

  1. Шаруашылық бөлімінің басшысы – күнделікті .

  2. Бас мамандар – жұмысына немесе он күндікте бір рет .

  3. Шаруашылықтың басшысы - айына немесе тоқсанына бір рет ( тексеру нәтижесін жазба түрде шығарады ) .

...

&&&

$$$002-003-003$3.2.3. Сұрақ атауы 3 Еңбек ету және демалу жолдары

3. Еңбек ету және дем алу жолдары Қазақстан Республикасының Конституциясымен шектеледі . Онда әйелдер мен жасөспірімдердің еңбектену және дем алуы ерекше көрсетілген . Жарымжан адамдарға да ерекше қамқорлықтар жасалған .

Жұмыс уақытының түрлері мынадай : т о л ы қ ж ұ м ы с күні , қ ы с қ а р ғ а н ж ұ м ы с күні , т о л ы қ е м е с ж ұ м ы с күні .

Жұмыс аптасы : бес күндік , алты күндік .

Жұмысты ұйымдасырудың негізгі түрлері : ш е к т е л м е г е н жұмыс күні , ұ з а р т ы л ға н жұмыс күні , у а қ ы т т а н т ы с ( сверхурочный ) және к е з е к ш і жұмыс күні .

Демалыстың түрлері : жұмыс арасындағы үзіліс , жұмыстан кейінгі үзіліс , жұманың аяғындағы демалыс , мейрам күндері , жаздық демалыс , еңбек ақысыз демалыс .

Жұмыс уақыты мен демалыс уақытын дұрыс пайдалану еңбек өнімділігін өсірудің және қауіпсіз еңбектің кепілі . Сондықтан оны дұрыс ұйымдастыра білу мамндардың міндеті .


...

&&&

$$$002-003-100$ Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1. Мамандар мен басшылардың еңбек қорғауды ұйымдастырудағы міндеттері мен жауапкершілігі ?

2.Еңбек қорғауды басқару және бақылау түрлерін қандай ?

3. Еңбек ету және демалу жолдарын атап көрсет ?

4. Өндіріс орындарында еңбек қорғаудан қандай нұсқау түрлері жүргізілуге міндетті ?



&&&

$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4 Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) және кәсіби ауру мәселелері.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}


  1. Өндірістегі жарақат түрлері. Жазатайым оқиғалардың түрлері және оларды тергеп-тексеру реті.

  2. Кәсіби аурулардың себептері.

  3. Өндірістік (зардап шегуді) жарақат-тануды сараптау тәсілдері.

...

&&&

$$$002-004-001$3.2.4.1 Сұрақ атауы 1 Өндірістегі жарақат түрлері. Жазатайым оқиғалардың түрлері және оларды тергеп-тексеру реті.

{Дәріс конспектері}



1) Өндірісте еңбеккерге қауіпті және зиянды факторлардың бірнешеуі қатар әсер етуі мүмкін. Олардың көбі еңбеккердің мамандығына, яғни кәсіби жұмысына байланысты. Сондықтан оларды кәсіби қауіптер және кәсіби зияндылықтардейді. Өнеркәсіпте кездесетін еңбек қауіпін ү ш к е бөлеміз :

Техникалық – тез жүретін , үлкен алқымды машиналарды және жаңа техни-каны пайдаланған кезде жиі кездеседі , себебі олардың құрылысы мен пайда-лану тәртібін толық игермегендіктен .

Технологиялық – технологиялық процестардің өзгеруіне байланысты .

Жергілікті – еңбекті ұйымдастырудан және техникалық жабдықтануына байланысты .

Еңбек процесінде туған қауіпті, зиянды жағдайлардан – адам еңбек ету қабілетінен айрылып қалуы, тіпті өмірімен қоштасуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өндірістік жазатайым оқиға деп аталады. Өндірістік жазатайым оқиға деп - өзінің еңбек(қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде қызметкердің жарақат алуы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтыратын өндірістік фактордың әсері.



Жарақат алу- адам организмінің жұмысының бұзылуы немесе зақымдануы.

Жарақаттың 4 түрі болады:

1.Механикалық түрі- сынық, қол-аяқ буындарының шығуы, еттің шаншылуы, кесіп кету т.б.

2.Ыстық-суықтан болған- ыстық тию, күйіп қалу, үсіп қалу.

3.Химиялық- қышқыл, сілті немесе басқа химиялық заттардан күйіп қалу.

4.Электр жарақат- электр тоғы әсері(механикалық, жылулық, химиялық және биолгиялық).

Жарақаттың зардабы материалды және моральді деп бөлінеді.

Өндірістік жазатайым оқиғалардың жіктелуі:

Қандай жерде болғанына байланысты -

- өндірісте болған(мекеме аумағында және жұмыс уақыты кезінде )



  • жұмыспен байланысты (мекеме аумағынан тыс жерде, бірақ кәсіпорын мүддесі үшін, мемлекеттік, көпшілік міндетін атқару кезінде т.б.)

  • тұрмыстық жазатайым оқиға

Жұмыспен байланысты және тұрмыстық жазатайым оқиғалар кәсіподақ ұйымының мүшелері тарапынан тексеріліп мекеменің еңбек қорғау бөліміне хабарланады.

Қанша адам зардап шеккеніне байланысты - бірегей (бір ғана адаммен болған) және топтық (екі немесе одан да көп адам зардап шексе) болып бөлінеді.

Ауырлығына байланысты – жеңіл (сырып кеткен, түртіп кеткен), ауыр (сүйектің сынуы, мидың шайқалуы) және өлімге әкеп соққан.

Өндірістік бірегей жазатайым оқиғаларды кәсіпорын мамандарынан құралған топ 3 күн ішінде тексеріп акті толтырып, нәтижесін тексерулері қажет. Сонымен қатар мекеме әкімшілігі жазатайым оқиға жөнінде жоғарғы шаруашылық органдарына, мемлекеттік бақылау органдарына мерзімдік есеп беруге міндетті.

Кісі өліміне әкеп соққан бірегей жазатайым оқиғалар ауыр жазатайым оқиға, топтық жазатайым оқиғалар арнайы тексеруге жатады.Арнайы тексеру тобының мүшелерінің дәрежесі, құрамы, жазатайым оқиғаның салдарына байланысты аудандық немесе республикалық деңгейде болуы мүмкін...

...


&&&

$$$002-004-002$3.2.4.2 Сұрақ атауы 2 Кәсіби аурулардың себептері.

{Дәріс конспекті}



  1. Кәсіби аурулардың себептері.

Кәсіби ауру дегеніміз- өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.

Кәсіби зияндылықтар еңбекшінің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты : ұзаққа созылатын , аз уақытқа созылатын , әрдайым әсер ететін, құтылмас ( неизбежный ) болады .

Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:


  1. Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы кәсіби улану- зиянды, улы заттардың әсерінен болады. Өндірістен бөлінетін шаң, газдар, мөлшерден артық шу,діріл, толқындар мен сәулелер әсерінен.

  2. Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты.(Шахтерлерге күннің ультра күлгін сәулесінің жетіспеушілігі, малшыларға мал ауруының жұғуы, жұмыс қалыпы т.с.с.)

  3. Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты.(ылғалды ауа, жарықтың жетіспеуі, ыстық, суық микроклимат т.с.с)

  4. Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты(ашық аспан астындағы еңбек, жер асты, таулы жер, су астындағы жұмыстар)

К ә с і б и у л а н у – зиянды , улы заттардың әсерінен болады ...
&&&

$$$002-004-003$3.2.4.3 Сұрақ атауы 3 Өндірістік (зардап шегуді) жарақат-тануды сараптау тәсілдері.

{Дәріс конспекті}



  1. Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.

Өндірістік жарақат-танудың себептері.

Өндірістегі зардап шегумен күресудің негізгі жағдайының бірі- жазатайым оқиғалардың себептерін талдап, сараптап отыру. Сараптау нәтижесінде орын алған кемшіліктермен күресуге немесе олардың алдын алатын нақты шараларды ойластыруға, еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік туады.

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет