оқушының өмірдегі тәжірибесі мен меңгерген білімі негізінде тез, саналы орындалатын практикалық-теориялық әрекеттерге даярлығы. Жетіле, автоматтандырыла келе білік дағдыға айналады. Біліктің негізгі белгілері: икемділік, тұрақтылық, беріктілік, шынайы жағдайлар мен міндеттерге барынша жақындау.
Білім беру
білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі.
Білім беру
процесс ретінде бүл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі, яғни педагогикалық процесс. Ол мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқуы арқылы жүзеге асады.
жүйе ретінде бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті жүзеге асыратын арнайы ұйымдастырылатын әлеуемттік жүйені атаймыз.
Білім беру
ол арнайы ұйымдастырылған, тарихи қалыптасқан оқу-тәрбие мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз.
Білім берудің дағдарысы:
қызмет етудің қиындауы, тұрақтылықтың бұзылуы және дұрыс дамудың бұзылуы, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының дағдарысы. Бұл қоғамның және білім берудің жаңа сатысына өтудің кезеңі болуы мүмкін.