Күзембаева а. М. ҚҰрманова м. Е. «МамандықҚа кіріспе»



бет13/18
Дата10.11.2022
өлшемі201,5 Kb.
#157455
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
СРС.doc

Перцептивті іскерлік

қарым-қатынаста басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табатын іскерлік.

Педагогикалық техника

мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.

Педагогикалық мораль

мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап-тілектердің, қағидаережелердің, қалыптыңмазмұндық тұжырымның жүйесі, жиынтығы.

Педагогикалық_іс-әрекет'>Педагогикалық іс-әрекет

аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.

Педагогикалық
импровизация

жасау мен қайта жаңғырту уақыты жағынан сәйкес келгенде кездейсоқ жағдаятқа жауап ретінде пайда болатын педагогикалық үдеріс барысындағы әрекет. Егер мұғалімфундаменталды білімдерді меңгерген, реакциясы жылдам,қиялыжәне интуициясы дамыған, қабылданатыншешімді сол сәтте жүзеге асыра алатынболса,онда импровизация жасау қиын емес.

Педагог

білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратынбасқада ұйымдарда білім алушылармен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын қызметкерлер.

Педагогтар

құл иеленушінің баласына жауапты құлдардың атауы (грек тілінен аударғанда баланы жетелеп жүруші құлдар дегенді білдіреді) Грек қоғамындағы ауқатты шенеуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.

Рефлексия:

адамның өз-өзіне тоқтатуы, іс-әрекетін талдауы, негізгіні дұрыс ойлауы, іс-әрекетінің дұрыстығындәлелдеу.

Рефлексия

педагогтың өзін, өзінің психикалык жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін калай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет