Тұжырымдама (концепция):
|
ғылыми ізденуге қызмет ететін теориялық жағдайлардың жүйесі.
|
Тәрбиелеу:
|
бұл жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибелі, моральды дүниетанымды, еңбек мәдениеті мен мінез-кұлықтарын беру іс-әрекеті.
|
Тәрбиелеу іс-әрекеті
|
бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлғалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі.
|
¥ғым (понятие)
|
Рационалды танымның бір түрі. Мәнді нәрсенің сөзбен негізделген ең сирек кездесетін құбылыста бейнеленуі. Ол адамға ғана тән ойлау элементі және ойдың қарапайым формасы ретіндегі психикалық құбылыс
|
Үлгерім (успеваемость)
|
Оқу бағдарламасымен белгіленген білім, біліқ, дағдыны олардың тереңдігі, саналылығы, толықтығы мен беріктілігі тұрғысынан меңгеру дәрежесі. Сыртқы бейнеленуі балдық бағалаумен көрсетіледі. Бағалардың жекелеген пәндер бойынша салыстырмалы мәліметтер әрбір оқу пәні, пәндер циклі, сыныпта немесе мектеп бойынша үлгерімді көрсетеді. Оқушылардың жоғары үлгеріміне дидактикалық әдістер мен құралдардың жүйесі, сондай-ақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы қол жеткізуге болады.
|
Үздіксіз педагогика-лық білім беру
|
нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау және тұлғаның білім беру қажеттеліктерін өтеу мақсатындағы педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс - әрекеті
|