© Л.Б. Гончаров ат. Қазақ автомобиль жол институты
Қарастырылды:
кафедра отырысында «КТ, ж ТҰ»
Хаттама №
__________ 2010 г
Кафедра меңгерушісі «КТ ж ТҰ»
_________ Рабат О.Ж.
Л.Б. Гончаров ат. Қазақ автомобиль жол институттың Оқу-әдістемелік Кеңесімен қарастырылды және баспаға ұсынылды.
Хаттама № .24. от 11 2010 ж
Төраға: ___________ Айдарбеков Е.К.
© Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институты
МАЗМҰНЫ
|
Белгіленуі және қысқартылуы…………………………….....................
|
5
|
|
Негізгі ережелер.............................................................................................
|
6
|
1
|
Диплом жұмысының (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар...
|
6
|
2
|
Диплом жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар...........................................................................................................
|
7
|
3
|
Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы.......................
|
8
|
4
|
Диплом жұмысын (жобасын) рәсімдеу тәртібі..........................................
|
11
|
5
|
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауды ұйымдастыру тәртібі.........
|
15
|
6
|
Диплом жұмысты (жобаны) қорғауды тәртібі.......................................
|
16
|
7
|
Қолдануға, пайдалануға қажет әдебиеттер…………............................
|
18
|
8
|
Қосымшалар …………………………………………………..................
|
19
|
8.1 Қондыру мен шекті ауытқуларды сызбада белгілеу.................................. 20
8.2. Мәшине метіктерін бастапқы қалпына келтіру мен жазудағы геометриялық параметрлердің дәлдігі......................................................................................... 21
8.2.1Мәшине тетіктерін жасау мен жөндеудегі дәлдік және қателік.............. 21
8.2.2Пішін мен беттердің орналасу дәлдігі........................................................ 22
8.3
|
Негізгі шарт белгілері...................................................................................
|
27
|
8.4
|
Текстік конструкциялық құжаттарға арналған негізгі жазылымдар....
|
31
|
8.5
|
Спецификация формасы..............................................................................
|
32
|
8.6
|
Дипломдық жобаның бейнелік мәліметтерінің қолданылуы..................
|
36
|
8.7
|
Дипломдық жобаның мұқаба үлгісі...........................................................
|
38
|
8.8
|
Тапсырма үлгісі ...........................................................................................
|
39
|
8.9
|
Пікір жазылу үлгісі.......................................................................................
|
41
|
8.10
|
Рецензия жазу үлгісі.....................................................................................
|
43
|
БЕЛГІЛЕНУІ ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛУЫ
К- кинематикалық
Г- гидравликалық
П- пневматикалық
Э- электрлік
КҚБЖ- конструкторлық құжаттаманың біріккен жүйесі
ТҚБЖ - технологиялық құжаттаманың біріккен жүйесі
БҚБЖ - бағдарламалық құжаттаманың біріккен жүйесі
КК - көлік техникасы
ТҚ- техникалық қызмет
АЖ- ағымдағы жөндеу
ТҚКО - техникалық қызмет көрсету орталығы
КМ – көліктік мекеме
ТҚБ - түсініктеме қағаздың бөлімдері
АКМ – автокөліктік мекеме
СТ - стандарт
ҚР - Қазақстан Республикасы
СМЖ – Сапа менеджмент жүйесі
ФС- фирмалық стандарт
МЕМСТ- мемлекеттік стандарт
ККТТ- көлік, көлік техникасы және технологиясы
Негізгі ережелер
2009.09.01. мақұлданған стандарт жоғары оқу орындарында диплом жобанының (жұмыстарын) орындау тәртібін анықтайды.
Осы стандарттың ережелерін ҚР жоғары білім беру ұйымдарында, олардың ведомстволық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық нысандарына, олардың меншік нысандарына қарамастан қолдануға және сақтауға міндетті.
Осы стандарт жоғары оқу орындарында бітіруші курс оқушыларының диплом жұмыстарын (жобаларды) жазу және қорғау талаптары анықталғанда, жоғары оқу орнында мемлекеттік аттестациялауды және аккредитация өткізу барысында қолданылады.
Осы стандарт сонымен қатар мына жағдайда пайдаланылады:
а) жоғары оқу орындарының қызметін іштей және сырттай бағалау (аудит) үшін;
б) нормативтік құжаттарға сәйкесті әзірлеушілерге.
1 Диплом жұмысының (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар
1.1 Диплом жұмысының тақырыптары (жоба) қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болып, мазмұны жағынан 4.5 баптағы талаптарға жауап беруі қажет;
Диплом (жоба) жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.
1.2 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет .
1.3 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленеді, факультет кеңесінде қаралып бекітіледі (жоғары оқу орнының).
1.4 Диплом (жоба) жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.
1.5 Техникалық жоғары оқу орындарында дипломның жобасы факультет деканы ұсыныс жасаған жағдайда ғана ректордың рұқсатымен алмастырылады. Бұл жағдайда дипломдық жұмыс ғылыми-зерттеушілік сипатта болып, оның есептік-графикалық бөлімі болуы қажет.
1.6 Студент диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.
Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын (жобаны) орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.
Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.
1.7 Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.
2 Диплом жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
2.1 Диплом жұмысын (жобасын) жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады;
2.2 Диплом жұмысының (жобасының) ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады;
2.3 Диплом жұмысының (жобаның) жетекшісі:
1) диплом жұмысына (жобаға) тапсырма береді;
2) студентке диплом жұмысының (дипломның жобалануы) орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;
3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;
4) барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;
5) диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді.
2.4 Диплом жұмысына (жоба) тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, улгі), диплом жұмысының (жоба) күнтізібелік кестесінен тұрады.
Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасы диплом жұмысына (жобаға) тігіледі.
2.5 Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.
2.6 Қажет болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жұмысының (жобаның) жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен консультанттар шақырады.
2.7 Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.
2.8 Шығарушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етулері қажет, диплом жұмысының (жобаның) орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.
2.9 Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының (жоба) орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының (жобаның) дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде беріледі.
2.10 Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).
2.11 Әрбір дипломдық жұмыстың (жоба) тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет. Мысалы, инженерлік мамандықтарда дипломдық жұмыс (жоба) негізгі тақырыптан тыс технологияға байланысты жарық көрген сұрақтарды қамтуы қажет, (автоматтандырылған және кешенді өндіріс механизмі, стандарттау, ғылыми еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару т.б.). Әр жобаның экономикалық негіздемесі сонымен бірге еңбек қорғау мен өндірістік экологияға арналған сұрақтарды қамтыған тараулары болуы қажет.
2.12 Диплом жұмысының (жобаның) ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.
2.13 Диплом жұмысын (жобасын) студент жоғары оқу орнында, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да ұйымдарда орындалады.
3 Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы
3.1 Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы.
3.2 Диплом жұмысының (жобаның) көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет (кейбір жағдайларда гуманитарлық мамандықтар бойынша 100 бетке дейін). Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.
3.3 Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- мұқаба (сыртқы беті);
- титул беті;
- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлімдер: а) Дипломдық жұмыстың экономикалық негізделуін, мақсаты мен талаптарын анықтау; б) Технологиялық бөлім; в) Конструкциялық бөлім; г) Экономикалық бөлім; д) Еңбекті қорғау және қолданбалы экология,
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
3.4 Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,
- студенттің тегі және аты-жөні,
- диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы,
- жұмыстың түрі-диплом жұмысы (жоба),
- мамандықтың атауы және коды,
- қала және жыл.
3.5 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,
- дипломдық жұмыс жобасы орындалған, кафедра атауы,
- шектеуіш гриф (қажет болғанда),
- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы,
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),
- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбының, атауы,
- мамандықтың атауы және коды,
- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,
- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,
қала және жыл көрсетіледі,
Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті 5 және 6 қосымшаларына сәйкес келтіріледі.
3.6 Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.
3.7 Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.
3.8 Диплом жұмысының (жобаның) негізгі (а, б, в, г, д) бөлімдерінде келесі талқылаулар, жобалаулар қарастырылады:
3.8.1 а) Дипломдық жобаны (жұмысты) аналитикалық тұрғыдан негіздеу және мақсаты мен талаптарын анықтау бөлімінде, студент өзінің орындайтын жобасын осы күнде қолданып, немесе пайдаланылып жүрген техника немесе технологиялармен салыстырып, орындалатын жұмсының келешекте өндіріс орындарына енгізгенде өзекті пайда келтірілетіндігі қарастырылып, жобаның мақсаты мен міндеттері анықталады;
3.8.2 б) Технологиялық бөлімде, жобаланатын көлік бөлшектерінің материалдарын мен станоктарды таңдау, және жасалу технологиясының алгоритмі қарастырылып, дайын өнімді шығару технологиясы (немесе техникалық күтім, көлік кетіктерінің жөндеу технологиясы) қарастырылады;
3.8.3 в) Конструкциялық бөлімде, көлік техникасын жөндеуде немесе бөлшектерді жасауда қолданылатын қондырғылардың жасалу жобалары немесе жетілдіру қарастырылады;
3.8.4 г) Экономикалық бөлімде, орындалатын технологиялық үрдістер мен конструкциялық жобалау кезеңдері терең зерттеліп, өндіріс орындарына енгізу кезеңдерінде келтіретін пайдасы және қондырғының өзіндік құнының қайтарымдылық мерзімі қарастырылады;
3.8.4 д) Диплом жұмысының (жобаның) еңбекті қорғау және қолданбалы экология бөлімі жетекші мұғалымның берген тапсырмасына лайықты есептеулер орындалады. Барлық орындалатын есептер мен талдаулар дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына сәйкестендіріліп, автомобиль көліктерін жөндеу және бөлшектерін жасау кезінде бөлініп шығатын зиялы өндіріс факторларын мөлшерін азайту жолдары ескеріліп,
диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі. Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).
3.9 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.
3.10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.
3.11 Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.
3.12 Диплом жұмысындағы (жобаға) қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының (жоба) авторы - өз мойнына алады.
4 Диплом жұмысын (жобасын) ресімдеу тәртібі
4.1 Диплом жұмысы (жобасы) компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.
Диплом жұмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.
Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.
4.2 Диплом жұмысының (жобаның) орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.
4.3 Диплом жұмысын (жобаны) әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.
4.4 Дипломдық (жоба)жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.
4.5 Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.
4.6 Диплом жұмысын (жобаны) бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.
Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.
4.7 Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.
4.8 Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.
Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
4.9 Диплом жұмысының (жобаның) беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.
4.10 Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.
4.11 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы (жобаның) беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.
А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.
4.12 Диплом жұмысының (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.
Мысал
1. Типтік және негізгі мөлшері
1
құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі
.1
1.2
1.3
2. Техникалық талаптар
2
құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі
.1
2.2
2.3
4.13 Диплом жұмысының (жобаның) әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.
4.14 Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы, диплом жұмысының (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.
4.15 Диплом жұмысындағы (жобада) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.
Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.
4.16 Диплом жұмысына (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.
4.17 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс .
4.18 Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1.
4.19 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы.
4.20 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.
4.21 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.
4.22 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.
4.23 Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.
4.24 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.
Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.
4.25 Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.
4.26 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
4.27 Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.
4.28 Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.
4.29 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.
Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.
4.30 «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.
4.31 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материялдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.
4.32 Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады.Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.
4.33 Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.
4.34 Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.
4.35 Диплом жұмысындағы (жобадағы) формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.
4.36 Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.
4.37 Бөлімше шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).
4.38 Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.
4.39 Дерек көздері туралы мәлімет диплом жұмысының (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
4.40 Қосымшалар осы диплом жұмысының (жобаның) жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.
4.41 Диплом жұмысының (жобаның) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
4.42 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.
Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.
Егер диплодық жұмыс (жоба) бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.
4.43 Қосымшалардың диплом жұмысының (жобаның) қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.
5 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауды ұйымдастыру тәртібі
5.1 Дипломдық жұмыс (жобаны) алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.
5.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі.
Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
5.3 Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми констультант пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.
5.4 Ғылыми жетекші диплом жұмысына (жобасына) жазбаша сын-пікір жазады.
Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.
Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының (жобаны) қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.
5.5 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына (жобаға) нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.
Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орынының ректорына бекітуге ұсынылады.
5.6 Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы (жоба), пікір жазу үшін факультет деканына жіберіледі.
5.7 Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады.
5.8 Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.
5.9 Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі.
Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі мен квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.
5.10 Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады.
5.11 Факультет деканы шығарушы кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы - студентті жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысын пікірі және сын-пікірімен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.
5.12 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі. Студент кафедраның ұсынысымен диплом жұмысының (жобасының) қорғауда таныстырылып және шетел тілінде сұрақтар қоюға болатын шетел тіліндегі қысқаша мазмұнын тапсырады.
5.13 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауда электрондық қорларды мультимедиялық тұсау кесер түрінде тұстас техникалық қаражат базасында және ақпарат қатынас саласында жетістікте пайдалануда жүзеге асыруға болады.
6 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі
6.1 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.
6.2 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, шығарушы кафедр оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.
6.3 Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет.
Нормалар белгілеу:
|
Дипломдық жобаны (жұмысты) басқару, МАК жұмысы - Дипломдық жобаны (жұмысты) басқару және кеңес беру
- дипломдық жобаны (жұмысты) рецензиялау
- МАК жұмысына қатысу
|
30 сағат әрбір дипломшыға,
оның ішінде
24 ак. сағат бір жобаға (жұмысқа)
3 ак. сағат бір жобаға (жұмысқа)
0.6 ак. сағат бойынша МАК төрағасына және әрбір мүшесіне және әрбір студентке
|
Бір жетекшіге 5 дипломшыдан кем емес бекітіледі, басқа жағдайда, бір профессорға, тәжірибесі бар доцентке 8 дилошыға дейін бекітіледі
МАК құрамы – 5 кем емес, шағын топта 10 студенттен көп болмау керек
|
6.4 Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды.
6.5 Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады.
6.6 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.
6.7 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.
6.8 Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.
7 Қолдануға, пайдалануға қажет әдебиеттер
ОД 14.11.01 Диссертациялық кеңестің 20 жылдығына және халық аралық көлік академиясының академигі, профессор Рахымжан Абылқасымұлы Қабашевтың 70жылдығына арналған «Көлік техникасын пайдалану жүйелерін және құрлымдарын жетілдіру» атты халвқаралық ғылыми-техникалық конференциясының МАТЕРИАЛДАРЫ (1 том), Алматы, 2010.-220б.
Ускенбаев М.Ф «Арифметика Успеха» (книга первая) «Алгебра Власти» (книга вторая).- ТОО Жамбылский издательский центр «Сенім», 484039 г. Тараз, 2004 г.-730 с.
Оханов Е.Л., Самсаев М.Б. Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы.- Полиграфсервис ЖШС, Алматы, 2009ж.-230б.
С. С. Огурейкин., Р.А. Кабашев., В.Г. Кузмин. Основы выполнения и оформления технических чертежей.- Алматы, 2007.-205с.
Рахымжан Кабашев. Дорожные и строительные машины: абразивный износ рабочих органов землеройных машин- Алматы.-1997г-430с.
Воплощение и развитие научных идей Р.А. Кабашева. Юбилейный сборник научных трудов- Алматы, 1999.-420с.
Т.А. Баймолдаев, Р.А. Кабашев. Теоретические основы расчета и создание рабочих органов землеройных машин для разрабтки селевых отложений и завалов-Алматы, 2006.-200с.:илл
Каржспаев А.А. Дипломное проектирование.-Алматы, 2009ж. 78б.
Напольский Г.М. Технологические проектирование АТП и СТО.–М.: Транспорт, 1993.-271с.
Ремонт дорожных машин,автомобилей и тракторов./Под редакцией В.А.Зорина-М.:Академия,2006.-510 с.
Попрежедзинский Р.А. Технологическое оборудование для ТО и ремонта легковых автомобилей.- М.: Транспорт, 1998.-176с.
Кузнецов Е.С. Техническая эксплуатация автомобилей.- М.: Транспорт, 1991г.
Напольский Г.М.Основные положения и нормативы технологического проектирования автотранспортных предприятий.- М.: МАДИ, 1992г.
Салов А.И. Охрана труда на предприятиях автомобильного транспорта.-М.: Транспорт, 2005г.
Справочная книга по охране труда в машиностроении. /Под редакцией проф. О.Н.Русака.- Ленинград.: Машиностроение, 1989г.
Карташов В.П. Технологическое проектирование автотранспортных предприятий.- М.:Транспорт, 1998г.
Типовые нормы времени на ремонт грузовых автомобилей в условиях автотранспортных предприятий.- М.: Экономика, 1999г.
8. ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша
8. 1 Қондыру мен шекті ауытқуларды сызбада белгілеу
ҚДБЖ жүйесіндегі сызбада білік жүйесіндегі тесік және тесік жүйесіндегі білік өздеріне сәйкес А, В, С және а, в, с ауытқуларымен белгіледі. Әріптің қасында дәлдік квалитеті саны қойылады. Сызбада шекті ауытқулар үш түрлі белгілеу тәсілімен белгіленеді (8.1 сурет): дәлдік шектер өрістерінің шартты белгілеулерімен (8.1 а,б,в -сурет); шекті ауытқулар санды мәндермен (8.1-а,б,в,г сурет); аралас белгілеулерімен (8.1 г, д - сурет),кейде (8.1 е- сурет) қондыруды белгілеуде қосылыстың бір тетігін ғана көрсетеді б.а. дәлдік шектер өрістерінің шартты белгілеулері және жақша ішінде шекті ауытқулардың санды мәндері беріледі.
Тетіктердің қондыруы мен мөлшерлер шекті ауыт- қулары құрастыру сызбасында бөлікше түрінде беріледі: (8.1 г, д - сурет) алымында тесіктің шекті ауытқуы әріпімен немесе санды мәнімен беріледі, кейде әріптің оң жағында жақша ішінде санды мәндері беріледі де, ал бөлімінде осыған ұқсас етіп,біліктің дәлдік шек өрісі беріледі.
Дәлдігі 12 квалитеттен дөрекілеу тетіктерге ауытқулары көрсетілмей,жалпы жазулар былайша жазылады:
1. мөлшерлер шекті ауытқулары көрсетілмеген: тесік - Н14, білік - h14, қалғандардарына
2. мөлшерлер шекті ауытқулары көрсетілмеген: Н12, h12 - диаметрлерінен қалғандарына .
Біріншісінде Н14 ауытқуы барлық ішкі элементтер мөлшерлеріне , ал h14 ауытқуы – барлық сыртқы элементтер мөлшерлеріне, жалпы жазудағы белгілеу симметриялы ауытқуларға ұсынылады (центр аралықтары, биіктік, тереңдік).
а,б,в – дәлдік шектер өрістерінің шартты белгіленулері; а,б,в,г – шекті ауытқулар санды мәндері; г,д – аралас белгілеулер; е – қосылыстың бір тетігін ғана көрсету.
8.1 - сурет .Шекті ауытқулармен қондыруларды сызбада белгілеу мысалдары
Достарыңызбен бөлісу: |