Ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым-қатынас


ҚҰРДАС ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



бет2/2
Дата12.06.2020
өлшемі27,69 Kb.
#73240
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым сынып сағат



ҚҰРДАС ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС


Жасөспірім шақта есейген сезім пайда болғанда жасөспірімді өзіне жаңа «ересек» іс-әрекеттерді меңгеруге  итермелейді. Бұған әрине, дененің қарқындап (физикалық) өсуі, жасөспірімді ересектермен сәйкестендіру себеп болады. Белгіленген факторлар ұлдар мен қыздардың арасындағы қарым-қатынастарының өзгеруіне ықпал етеді: ұл мен қыз ретінде бір біріне деген қызығушылықтары оянады. Бұл байланыста жасөспірімге басқа адамдардың қалай қарым-қатынас жасайтыны ерекше маңызды болып табылады. Бұнымен, ең алдымен, өзінің меншікті сырт келбетіне: бет әлпетіне, сәнделген шашына, дене бітіміне, өзін өзі ұстауына, жыныстық: «Мен еркек сияқтымын», «Мен әйел сияқтымын» деген сәйкестікке байланысты  болады. Бұл байланыстағы ерекше маңызы жеке сүйкімділікке беріледі – бұның  құрбы-құрдастарының алдында аса маңызы бар. Қыздар мен ұлдар арасында дамудағы сәйкессіздіктің бірі күйзеліс болып табылады. Сонымен, қыздар денесінің  өсуі жағынан  ұлдардан озып кетеді, олар ірі және биіктеу болады. Басқа балалардан бойы өсіп кеткен, қыз бала, бұны дұрыс  емес деп ойлап қайғыруы мүмкін болады. Ұлдардың бойы қысқа болса да қайғырады. Әсіресе осы кезде бойын, толықтығын, арықтығын қатты қайғырады. 

Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым- қатынастың түрлері.

Ұл баланың қыз балаға деген қызығушылығы пайда болған кезде кіші сыныптағы жасөспірімдерде алдымен сәйкес келмейтін түрде білінеді. Сонымен, ұл балалар үшін, өзіне назар аудартуға  «соқтығу», жабысу және жанға бататын іс-әрекеттер сияқты түрлерін  жасау тән болады. Қыз балалар әдетте бұндай әрекеттердің себебін түсінеді де қатты ренжімейді, өз кезегінде сезбегендей, ұлдарды елемейтіндей қыр көрсетеді. Ұлдарда қыздардың бұндай қылықтарына сезіммен қарайды.

Ары қарай қарым қатынас күрделене түседі. Қатынастағы табиғилық жоғалып кетеді. Бұл көбінесе қатынас кезінде ұялшақтық, немесе қызға, не ұлға деген немқұрайдылық қатынасты көрсету кезінде көрінеді.

Сол кезде ересек балалар қыздарға деген көмескі ғашықтық сезімнен күшейген сезімді бастан кешіреді. Ұлдардың қыздарға деген құштарлығы күшейе түсетін кезең келеді, дегенмен ұлдар мен қыздардың өзара сыртқы қарым қатынастарында көп жекешелену пайда болады. Бұл ортада кім кімге ұнайды деген қалыптасқан қарым қатынасқа құштарлық пайда болады. Қыздарда бұл құштарлық әдетте ұлдардан қарағанда ертерек оянады: өзінің бір адамды ұнатуы туралы құпия түрде жалғыз дос қызына айтады, бірақ көбінесе құрбыларына да айтып қояды. Тіпті екі жақты ұнату кезінде шын көңілден болатын достық қатынас сирек білінеді, себебі ол үшін жасөспірімдерге тек қана өзінің кешеуілдетуін жеңіп қана қоймай, құрдастырының мазақтауына және күлкіге қалуына да  қарсы тұруға дайын болуы керек.

Ересек жасөспірімдерде қыздар мен ұлдар арасындағы қатынас айқынырақ болады: қатынас ортасында ұлдар мен қыздар бірге жүреді. Қыздың құрдас ұлға не ұлдың құрдас қызға деген ынтықтығы үдемелі болуы мүмкін, әдеттегідей оған үлкен мән беріледі. Екі жақтың бірдей болмауы кейде жағымсыз әсерлердің себебі болып табылады.



Бозбала жігіттің құрдас қыздарға деген құштарлығы сәйкестендіруге және ойлау қабілетін дамытуға, басқа адамның қылықтары мен күйзелістерін бағалау және айыру мүмкіндіктерін арттыруға жетелейді. Басқа адамға деген алғашқы құштарлық, құрдас баланы түсінуге ұмтылу адамдардың әрдайым қабылдауды дамытудың бастамасы болып табылады. Басқа айқын көрінетін жеке қасиеттерін және күйзелістерін біртіндеп арттыру, оларды бағалаудың қабілеттілігі өзін өзі бағалауды арттырудың мүмкіншілігі болады.

Өзінің күйзелістерін бағалаудың тура себебі өзіне ұнайтын құрдас қыз не ұл баламен қарым қатынас жасау болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет