Л. Г. Матвеенкова Е. Н. Ивлева, А. К. Мубаракова



бет5/11
Дата26.08.2017
өлшемі17,71 Mb.
#29326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Өнеркәсіптік экология және химия

кафедрасының оқытушысы

е-mail: aman.1968@bk.ru


КАСПИЙ ТЕҢІЗІ – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ІРІ ЖАБЫҚ СУ ҚОЙМАСЫ
Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің түйінді элементі болып табылады. Әлемдік деңгейдегі мұнай мен газдың ірі қорына ие біздің еліміз энергетикалық саладағы өзінің сенімді стратегиялық серіктестік және өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір адымға да кері шегінбек емес [1].

Каспий – әлемдегі ең ірі тұйық му қоймасы. Көбіне ірі көл ретінде қаралады. Бірақ бұл анық емес, себебі көлеміне, даму процестері мен тарихының сипатына қарасақ, теңіз болып табылады. Бұған арнасының мұхит типіндегі қабат болып табылатындығы айғақ. Гипотезалардың біреуіне сүйенсек, Каспий теңізінің атауы Ксапий теңізінің оңтүстік-батыс жағалауында б.д.д. 1 мыңжылдықта тіршілік еткен ат өсіретін көне тайпа – каспи тайпасының құрметіне берілген.

Үшінші мыңжылдықтың басында экологиялық қауіпсіздік мәселесі ерекше тереңдікке ие болды, оның шешілуі әлемдік қауымдастықпен адамзаттың тірі қалуының маңызды факторы ретінде мойындалады. Экологиялық қауіпсіздік экологиялық тепе-теңдіктің тұрақтылығы, қоршаған ортаға шамадан тыс стихиялық (табиғи) және антропогендік әсер етуінен қоғамның қорғалуының деңгейімен анықталады.

Кейінгі жылдарда шамадан тыс тереңдікке бірден-бір табиғи объект болып табылатын Каспий теңізінің экологиялық денсаулығын сақтау мәселесі ие болды. Каспий теңізі — бірегей су айдыны, оның көмірсутекті ресурстары мен биологиялық байлықтарының дүниежүзінде ұқсастықтары жоқ. Каспий — әлемдегі ең көне мұнай өндіру бассейні. Сонымен, мысалы, Әзербайжанда, Апшерон түбегінде мұнай өндіру 150 жылдан астам уақыт бұрын басталды [1, 9 б.].

Каспий өңірі аудандарында (кең мағынада) Каспий теңізінің периметрі бойынша орналасқан бел елді белгілейді: бұл Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Иран және Түрікменстан. Оларды «Каспий теңізінің бассейні» мемлекеттері деп атау қабылданған. Дипломатиялық тәжірибеде дәл осы термин аймақтық елдерді белгілеу үшін пайдаланылады. Бүгінгі күні Каспий мәселесі өте өзекті, бірақ халықаралық-құқықтық статусы және Каспий өңірі мемлекеттері арасында мұнай ресустарын бөлу туралы мәселе қалай шешілетіндігіне тәуелділіктен тыс Каспий аймақтың экологиялық объектісі болып қала береді. Оның бөліктерінің біріндегі дағдарыс жалпы, біртұтас апатқа айналады, ең соңында бұл әрбір мемлекеттің және оның болашақ дамуына әсер етеді.

Теңіздің басты ластаушысы, сөзсіз, мұнай болып табылады. Мұнай ластанулары жасыл-көк және диатомды балдырлармен көрсетілген Каспийдің фитобентосының және фитопланктонының дамуын басым етеді, оттегінің өнімділігін төмендетеді. Ластанудың көбеюі су беті мен атмосфераның арасындағы жылу-, газ-, ылғал айналымына әсер етеді. Үлкен аудандарда мұнай қабыршықтары таралуының салдарынан булану жылдамдығы бірнеше рет төмендейді. Каспий теңізінің ластануы сирек балықтардың және басқа тірі организмдердің басым бөлігінің жойылуына әкеледі. Мұнайлық ластанудың әсер етуі суда жүзетін құстарда көрнектірек көрінеді. Осетр балықтарының қоры азайып барады.

2000 жылы Атырау қаласында 70 ш. оңтүстік-шығысқа қарай теңіздің таяз аймағында ең ірі Шығыс-Қашаған мұнай және газ кен орны ашылды. 2001 ж. Батыс Қашаған кен орнының мұнай-газдылығы дәлелденген. Солтүстік Каспий теңізінің қайнары үлкен дәлелденбеген қорлар бар болғандықтан, Қазақстанның мұнай-газ болашағы келесі үш Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарымен тікелей байланысты. Дәл Қашаған, Теңіз бен Қарашығанақтағы өндірістің мүшкіл деңгейіне тоқталмай, 7-9 млрд. баррель қорымен экономикалық өсудің негізгі қозғалтқышы болады. Сонымен қатар, 2015 ж. қарай Қарашығанақтағы газ өндірісін жылына 25 млрд. м3, ал Теңізде - жылына 8-9 млрд. м3 жеткізу жоспарланады. Осы уақытта Қашаған ҚР ең ірі газ шығару көзі болып отыр. Себебі одан алынатын қор 1 триллион м3 құрайды. Қашағанда жолай газ Теңіздегі сияқты күкірттің мөлшерінен жоғары. Кен орнының өзі жоғары температурамен және қысыммен сипатталады. Бұрғылау жасанды құрылған аралдан жүргізіледі. Теңіздің тереңдігі мұнда 3,5 м.

Мұнайлық ластану әсіресе Каспийдің солтүстігінде теңіздің ауданынан 27.7 % ауданы, судың 6.2 м орташа тереңдігі кезінде жалпы көлемінен 0.94 % судың өте төмен деңгейінен қауіпті. Яғни, егер теңіздің әр түрлі бөліктерінде су көлемінің бірлігіне мұнайдың бір тоннасын құйса, онда Солтүстік Каспийде шамамен экожүйеге ластағыштар 100 есеге қатты әсер етеді. Волга мен Оралдың қатты ағысының арқасында солтүстік Каспий, Орталық және Оңтүстік Каспийге қарағанда едәуір өнімді, басты азық қоры, балықтардың, итбалықтардың «балалар бақшасы», құстардың ұя салу орны болып табылады.

Каспий теңізінің табиғи ортасының негізгі ластану көздері өзен ағындысымен (материктік ағыс) шығару және тазартылмаған өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы ағындыларының, қалалар мен жағалаудағы ауылдардың коммуналдық-тұрмыстық ағынды суларының төгінділері; өзен және теңіз кеме қатынасы, каспий кемежайларындағы кемелердің ағынды сулары; құрлық пен теңіз қайраңында мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану; теңіз жолымен мұнай тасымалдау, құбырлардағы апаттар; теңіздің түбін тереңдететін жұмыстар кезіндегі екінші рет ластану, мұнай газ және энергия кешендерінің объектілерін жылытумен және тазартылмаған төгінділеріне байланысты Каспийдің ластануы; жер бетіндегі, су және теңіз экожүйелерінің био әр түрлілігінің және іске қосылған механизмдердің жоқтығынан өнімділігінің азаюы; нормативті-құқықтық құжаттардың жетілмегендігі, халықтың жеткіліксіз экологиялық сауаттылығы; мұнай өндіру аудандарында халықтың ауру-сырқаулығының өсуі болып табылады.

Өзен ағысымен Каспийге жыл сайын 40-45 км3 ағынды сулар келеді, олардың 60 % Волга бассейні береді. Ағындардың жаға бойындағы циклондық сипатының болуы себебінен, теңіздің кез келген бөлігінің ластануы шарасыз басқа бөлігінің ластануына әкеледі. Сонымен қатар, теңіздің биологиялық маңызды бөліктері де ластанады.

Ерекше қауіпті мұнай көмірсутектерінің, хлор-органикалық қосылыстардың, ауыр металдар мен радионуклидтер жоғары мөлшерімен анықталатын химиялық ластану болып табылады. Қазірдің өзінде Каспийде мұнай көмірсутектілердің орташа шоғырлануы 1.5-2 есе балық шаруашылығы су қоймаларының нормасынан жоғары. Каспийде биологиялық жансыз және ең ластанған Баку бухтасының мысалында теңіздегі қарқынды мұнай өндірісінің салдарын көруге болады. Ресей жағалауында мұнай көмірсутектілерінің Теректің сағаларында шоғырлануы, сондай-ақ ықтимал нормадан асты, бұл Шешенстандағы соғыс әрекеттерімен байланысты болды. Жыл сайын 20-30-ға жуық көп төгінділер тіркеледі, үнемі техногенді апаттардың саны көбейіп отырады [2, 277 б.].

Апшеронға ұқсас жолдан жаңа мұнай өндіру орталықтары – Теңіз (Қазақстан) және Челекен (Түрікменстан) өте бастайды. Мұндағы экологиялық жағдай көбінесе Каспийдің батыс жағалауында қалыптасқан жағдайды қайталайды. Бірақ, ол мұндағы мұнай құрамы бойынша жоғары күкіртті, құбыр жүргізу транзитінің алдында арнайы тазартуды талап ететін меркаптандардың көп мөлшерлі болуымен күрделілене түседі. Оның теңізге түсуі үлкен экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін. Ал мұнай өндірудің пластылық жағдайлары (жоғары температуралар мен қысымдар) апатсыз пайдалануға маңызды қосымша шығындарды ғана емес, сонымен қатар, барлау мен өндіру кезінде өте қатты экологиялық стандарттарды сақтауды талап етеді. Каспий сулары орташа ластанған болып бағаланғанда, аздап, жасанды тұндырғыштардың ролін атқаратын өзеннің су қоймаларына, каспийлік түптік шөгінділерге және теңіздің қыздырылатын жоғары қабаттарында өзін-өзі тазарту процестерінің жоғары жылдамдығына міндетті.

1978 ж. бастап Каспий трансгрессивтік кезеңде тұр. Кейінгі бірнеше жылдарда Каспийдің деңгейі тұрақтандырылды, мұнай өндіру аудандарындағы теңіздің деңгейін артуы кез келген апаттық жағдайларға, қорғау бөгеттерінің және үйінді ғимараттардың бұзылуына, құбыр жолдарының жарылуына, жер асты суларының ластануына және т.б әкелуі мүмкін.



Орталық Каспийдің оңтүстік және үлкен бөлігі үлкен геодинамикалық қауіптілікке ұшырайды. Ол жоғары сейсмикалылыққа байланысты. Ал, дәл осы учаскелер бойынша транскаспийлік су асты мұнай құбыр жолдарының жобаларын: жылына 20 млн.т. дейін қазақстандық мұнайды Теңізден және Түрікменстан - Әзербайжан - Грузия - Түркия транскаспийлік газ құбырынан тасымалдау іске асыру жоспарланды. Ресей сейсмологтарының қорытындыларына сәйкес, Каспийдің түбі бойынша мұнай құбырларын салу апаттарға және жер астындағы жер сілкіністерінің салдарынан ауқымды мұнай құйылуына ұшыратады. Қатты жер сілкінісі кезінде 1000-ға жуық атм. миллион қысыммен үстіңгі бет пен атмосфераға құрамында күкірт-сутектілері бар көмірсутектілер тоннасының төгінділері болуы ықтимал, бұл үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Ал Каспийдің тұйық жүйесіне, теңіз «өлімінің» басын бастау үшін мұнай құйылысымен шағын апат жеткілікті. Теңіз қайраңында мұнайды өндіру, бұрғылау, дайындау және тасымалдау процесі кезінде жағалау мен су мұнаймен ғана емес, сондай-ақ, бұрғы шламымен, ауыр жуу сұйықтарымен және әсіресе, құрамында теңіз флорасы мен фаунасына зиянды әсер ететін әр түрлі химиялық қосылыстары бар ағынды сулармен ластанады [2, 278 б.].

Каспий теңізінің мұнай кен орындарын пайдаланудың ерекшелігі - құрамында мұнай бар жыныстарының нашар тұрақтылығынан ұңғымалардан алынатын сұйықта құмның көп көлемінің болуы. Құрамында қалдықты мұнайдың 5-10 проценті бар құм кейде пайдалану колоннасында және сорғы-компрессорлық құбырларда жиналады және тіпті кептеліс жасауға да қабілетті. Барлық дерлік өндірістік мұнай және газ өнеркәсібінің объектілері (соның ішінде құбыр жүргізу жолдары) сәйкес жағдайларда қоршаған ортаны әр түрлі экологиялық маңызды көптеген зиянды заттармен ластайды. Әр түрлі зерттеулер бойынша мұнай физиологиялық процестерге кері әсер ететіні, әр түрлі тіндер мен органдарда патологиялық өзгерістерге әкелетіні, ферментативтік аппарат пен нерв жүйесінің жұмысын бұзатындығы қалыптасқан. «Зиянсыз» болып саналатын салыстырмалы шағын мұнаймен ластанулар балықтарда, ұлуларда қан құрамының өзгеруіне әкеледі және зат алмасуын бұзады. Ластану көздерін талдау, теңіздік мұнай және газ кенорындарын Каспийде әзірлеу және барлау кезінде теңіз көбінесе мұнаймен, химиялық өңделген құм ерітіндісімен, ЖММ, химиялық реагенттермен, сондай-ақ, техникалық йодтармен ластанатынын көрсетеді [2, 280 б.].

Кейінгі жылдары Каспий теңізінің ластануы тікелей теңіз жағалауында орналасқан мұнай өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының ағынды суларының төгінділерінің, құрамында әр түрлі жемірлі синтетикалық үстіңгі-белсенді заттары бар өнеркәсіптік және тұрмыстық қала ағындыларымен болды. Бұл ластанулардың негізгі себептері мыналар болды:



- гидротехникалық ғимараттардың құрылымдық жетілмегендігі, технологиялық жабдықтың жеткіліксіз сенімділігі;

- кенорындарды игерудің технологиялық процестерінің жетілмегендігі;



- диагностиканың жеткілікті деңгейі және қауіпті объектілердің жұмысын бақылау;

- мұнай газ кенорындарын бұрғылау және әзірлеу кезінде теңіз ортасының ластануын, сонымен қатар, теңіздің бетінен төгілген мұнайды оқшаулау және жинау бойынша құралдарды жоюға арналған арнайы құралдардың жоқтығы және жеткіліксіздігі.

Гидрохимиялық зерттеулердің нәтижелері Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінің фенолдармен (18 ПДК дейін) бұзылу қауіптілігін дәлелдейді, ал Маңғыстау облысының аудандарында теңіз суының мұнаймен ластану деңгейі 10-13 ПДК құрайды. Сонымен қатар, Каспийдің солтүстік бөлігінде сынаппен, ауыр металдармен және хлорланған көмірсутектілермен ластанудың жоғары деңгейі байқалды.

Қоршаған ортаның сапасына өндірістік кәсіпорындар мен объектілердің кері әсері қатты климаттық жағдайлармен, тұзды шөгінділерден өндірілетін және қайта өңделетін көмірсутекті шикізаттағы күкіртті қосылыстардың көп шоғырлануымен, Каспий деңгейінің жоғарылауымен және жағалаудағы мұнай кенорындарын жылытумен, теңіз кенорындарын игеру процесінің қарқынды өсуімен, континент аралық магистраль құбыр жүргізу жолдарының салынуымен және т.б күшейеді.

Каспийдің теңіз кеңістігінде көмірсутектілер қатар ластағыштар ауыр және ауыспалы металдар – жасанды және өзен ағындысымен өнеркәсіптік қалдықтардың (ерітілген және шөгінді) құрамды бөлігі түрінде ұсынылғандар болып табылады. Металдар қоршаған ортаның түрлі әсер ету және қайта құрылу түрлеріне бейім (физикалық, химиялық, биологиялық). Микроэлементтер сияқты металдар балықтар мен басқа да гидробионттардың өмірінде маңызы зор. Олар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың құрамына кіреді, балықтардың организмдерінде өтетін биохимиялық процестерге қатысады. Бірақ, көп көлемде суда бола отырып, өмірлік процестердің пайда болуына антибиотикалық әсер етеді және генетикалық өзгерістер әкеледі. Шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын су пунктілерін гидрохимиялық зерттеу кезінде, олардың қатарында қорғасынның, кадмийдің, бромның, нитраттардың, хлоридтердің және сульфаттардың ПДК арттыру байқалды. Жағалаудағы мұнай кен орындарын (Шығыс Кокарна, Жағалау, Шөл, Тәжіғали) жылыту және Мартыши, Қорсақ, Прорва, Терең-Өзек кен орындарының бөгеттері арқылы теңіз суын тазарту кезінде Каспийде мұнай өнімдерін шоғырландыру жеке орындарда 100 ШМШ дейін ұлғаяды.



Маңғыстау облысында мұнай кен орындарының «тарихи ластануы» проблемасы, соның ішінде, Каспий теңізінің суларымен жайылу және басу зонасында бұрғыланған ұңғымаларды жою проблемасы бар. Каратурун (4 дана) және Комсомольская (10 дана) аудандарында консервацияның өткен мерзімдерімен жағалаудағы ұңғымалардың жағдайы ерекше қауіп төндіреді. Осы ұңғымаларды жою бойынша шұғыл шаралар қолданбау Каспий теңізінің акваториясы үшін үлкен салдарларға әкелуі мүмкін. Каспийге жақын зоналарда, БАҚ деректері бойынша, қазіргі таңда, Каспий теңізінің топырағы мен суын ластайтын 200 қараусыз қалған мұнай ұңғымалары бар. Тек Маңғыстау облысында ғана мұндай ластау объектілері – 23.

Каспийге басқа теңіздер мен көлдерден басқа организмдердің енуі басталды. Мысалы, Каспий теңізінің нақты зардабы мнемиопсис гребневигінің көбеюі болды. Оны, мүмкіндігінше, Солтүстік Америка жағаларынан кемелерде балласт суларымен бірге әкелінген болуы керек; Каспийге одан әрі енуі қиындық туғызған жоқ. Гребневик көбінесе зоопланктонмен қоректенеді, тәулік сайын шамамен 40% тұтынады, сонымен, каспий балықтарының азықтық базасын жояды. Нақты жаулардың көбеюі мен жоқ болуы оны планктонның басқа тұтынушыларымен бәсекелестіктен тыс ұстайды және осетр сияқты құнды балықтар үшін қауіп төндіреді.

Құнды балықтар түрлерінің әсері жанама ғана емес, сонымен қатар азық базасын азайту арқылы, және де тікелей оларды жоюда пайда болады. Егер Каспийдегі жағдай Азов және Қара теңіздерде сияқты дамитын болса, онда 2012-2015 жж. аралығында теңіздің балық шаруашылығы мәнін толық жоғалтады. Теңіздің және оған құйылатын өзендердің жоғары деңгейі бұрыннан Каспийде оттексіз зоналарын, әсіресе оңтүстік Түрікмен аудандары үшін қалыптастыру қаупін әкелді. Сонда да бұл проблема өзекті болып саналмайды. Сонымен қатар, органикалық заттың синтезі мен құлдырауы балансының бұзылуы үлкен және тіпті апаттық өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Ендеше, жоғарыда айтылғандардың бәрін қарастыра келе, Каспий ауданның жалпы экологиялық объектісі Каспий болып табылатынын көре аламыз және оның бір бөлігінде болған дағдарыс ортақ, бөлінбейтін экологиялық апатқа ұшырайды. Ал бұл, соңында әр мемлекеттің жеке жоспарына және оның даму перспективаларына әсер етеді. Каспий маңындағы мемлекеттердің арасында мұнай ресурстарының бөлінуі туралы сұрақтың қалай шешілетіндігіне тәуелсіз, мұнай операцияларына және Каспийдегі жалпы жағдайға тиімді экологиялық бақылау жүргізу осы мемлекеттердің бірлесіп бақылау кезінде ғана мүмкін екені айдан анық. Мұндай бақылау Каспий маңындағы мемлекеттермен құрылған және сәйкес өкілеттіктермен басқарылатын мемлекетаралық экологиялық орган, соның ішінде мұнай жобаларын алдын ала экологиялық сараптау, жоғары тәуекелге баратын экологиялық қауіпті болған жағдайда осы жобаларды тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ, экологиялық сипаттағы бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру құқығы арқылы іске асырыла алады [3, 197 б.].

Сонымен, Каспийдің және оның жағалауының экологиялық проблемалары аймақтың елдерде қарқынды экономикалық дамуының салдары болып табылады. Бұған ұзақ мерзімді табиғи өзгерістермен (теңіз деңгейінің ғасырлық тербелісі, климаттың өзгеруі) қатар, бүгінгі күннің терең әлеуметтік-экономикалық проблемаларының да (ауыспалы кезең, экономикалық дағдарыс, қақтығыстар, трансұлттық корпорациялар және т.с.с) негізі бар.

Мұнаймен ластану қауіпі және теңіз деңгейінің қарқынды көтерілуі мен Каспийдің Қазақстандық бөлігінде мұнай және газ кен орындарын өнеркәсіптік әзірлеуді бастаумен байланысты да ұлғаяды. Каспий теңізі қайраңының мұнай-газ кен орындарын игерудің технологиясын таңдау және әзірлеу кезінде қажет экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ҚР мұнай-газ саласының маңызды міндеттерінің бірі.

Каспийдің жағдайы мен ластануы бойынша туындаған мәселелер аумақта қоршаған ортаны қорғау бойынша шұғыл шаралар қолдануды талап етеді. Каспий теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту және қалпына келтіру үшін 1998 жылдан бастап жағалауындағы бес мемлекет үкіметінің шешімімен Каспий Экологиялық Бағдарламасы (Тасис, ЮНДП, Бүкіләлемдік банк) жұмыс істей бастады, оның шеңберінде аумақтағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Стратегиялық Іс-әрекеттер Жоспары әзірленетін болады. Каспий теңізінің бассейнінде көмірсутектілер ресурстарын игеру және іске қосылғандарын пайдалану кезінде табиғатты қорғау шараларын жүргізу қажет. Каспий теңізі аумағы дағдарыс шегінде тұрған экологиялық зоналардың категориясына кіреді. Аймақтың нақты экологиялық сыйымдылығын ескерумен мұнай өндірудің теңгерілген көлемі кезінде, Каспийдің балық шаруашылық мәні бірнеше онжылдықтар барысында тұрақтандырылады, және тұру ортасы болашақ ұрпақ үшін қанағаттанарлық күйде толық сақталады [3, 287 б.].


Әдебиеттер тізімі
1. Послание Президента Республики Казахстан – Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана» Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» //Казахстанская правда, 2012, 15 декабря.

2. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. – Москва: ФАИР-ПРЕСС, 2012. – 320 с.



3. Габов Ю. А. Экологическая безопасность Казахстана (мифы и реальность). – Астана: Книга сервис, 2006. - 407 с.




С.С. Жұмаділов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Өнеркәсіптік экология және химия

кафедрасының аға оқытушысы

e-mail: zhssk777@mail.ru


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕР ПРОБЛЕМАСЫ
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның көптеген экологиялық проблемалары трансшекаралық сипатта екенідігін бірнеше рет атап өтті. Бұл, бірінші кезекте, су проблемасына қатысты. Сумен қамтамасыз ету өзекті проблема болып табылады. Бізде сапалы ауыз су жеткіліксіз. Бірқатар өңірлер суға өте зәру. Бұл проблеманың геосаяси аспектісі де бар. Қазіргі кездің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалауға қатысты маңызды сұрақтармен бетпе-бет кездестік. Бұл мәселе қаншалықты күрделі болғанымен, біз оның саясилануына жол бермеуіміз керек [1].

Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар, өзендер, көлдер, мұздықтар, су қоймаларын, басқа да жер үсті су көздерін, жер асты суларына енетін бірыңғай су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 км3 дейін бағалайды.

Қазақстан өзендерін қоректендіретін негізгі көздер мұздықтар болып табылады, олардың ауданы 2 мың км2, ал көлемі98 км3 артық немесе Балқаш көліндегі судың көлеміне тең. Абляция мерзімінде (маусымнан қыркүйек айының ортасына дейін) мұздықтар қалыңдығы орташа алғанда 3 м-ге азаяды, жаз өте ыстық болғанда – 6 м-ге азаяды. Ірі мұздықтар Жоңғар Алатауында (көлемі 46 км3), Іле Алатауында (28 км3), Теріскей Алатауында (11 км3), Алтайдың қазақстандық бөлігінде (3,5 км3) және Талас Алатауында (2,3 км3) болады.

Қазақстанда шамамен 39 мың өзен және уақытша иірімдер кездеседі, олардың 8 мың өзен ұзын арнасымен, олардың ұзындығы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Ойыл, Тобыл, Есіл, Сағыз, Жем, Үлкен және кіші Өзен, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Ақсу, Лепсі және т.б. өзендерді жатқызуға болады. Үлкен және кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендері бастауын таулардан алады, оларда сел тасқындары жиі қайталанады. Көптеген өзендердің суы таяз, тек көктемгі тасқын мерзімінде жағадан асып кетеді. Қазақстан өзендерінің орташа алғандағы көп жылғы ағыстары шамамен 101 км3 құрайды, олардың ішінде тек 56,5 км ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған көлемі - 44,0 км3 шекаралас мемлекеттерден келіп түседі.

Республикада 48 мың көлдің ауданы 1 га астам жерді алып жатыр. Орташа тереңдігі – 1 метрден 8 метрге дейін. Неғұрлым терең жерлері де бар, мысалы, Алакөл көлі, тереңдігі 45 метрге дейін, Үлкен Шабақты – 37 м, Шортанды – 31 м, Марқакөл – 27 м және Балқаш – 26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкен көл Балқаш көлі, оның ұзындығы 605 км, ені 74 км-ге дейін, судың көлемі 112 км3. Екінші орында Алакөл көлі, ұзындығы 104 км және ені 52 км, судың көлемі 56,6 км3. Ірі көлдер қатарына Сасық көл, Ұялы, Сілеті, Теңіз, Үлкен Қарой, Шағын Қарой, Шағалалы Теңіз, Теке, Қосмұрын, Марқакөл, Шалқар, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Жалаулы, Қарасор, Индер және т.б. жатады. Қазақстан көлдеріндегі судың жалпы көлемі 190 км3, олардың ішіндегі ең тұщысы – шамамен 20 км3.



Бұдан басқа республикада шамамен 4,0 мың тоған мен 204 су қоймасы бар.

Жер үсті су ресурстары республика бойынша біркелкі таралмаған. Шығыс Қазақстанда – 200-290 мың м3/км2 барынша қамтылған, ең аз қамтылған – Батыс Қазақстан, соның ішінде әсіресе Маңғыстау облысы – 0,36 мыңға дейін м3/км2.

Қазақстанның жер асты суларының қоры 61 км3деп бағаланады, соның ішінде тұщысы – шамамен 58 км3. Жер асты суларының ресурстары жылына 15,1 км3 балансталған пайдалану қорлары бар жер асты суларының 623 кен орнына шоғырланған, соның ішінде: шаруашылықты - ауыз сумен қамтамасыз ету үшін – жылына 6,1 км3; өндірістік-техникалық – жылына 0,95 км3; суармалы жерді суару – жылына 8,0 км3; бальнеологиялық (минералды) сулар – жылына 0,01 км3.

Ең үлкен қор – республиканың шығысы мен оңтүстігіндегі тау етегіндегі аудандарда жинақталған, ең аз қор – солтүстік және орталық аудандарда, Каспий мен Арал маңында [1, 116-118 б.].

Қазіргі кезде орналасқан жер асты сулары деп белсенді түрде қолданылатын суларды атау керек, өйткені қалғандары олардағы судың көтерілуі мен оларды игеруге кететін маңызды шығындарды талап етеді. Жер асты суларын пайдалану деңгейі әзірше жоғары емес және жылына 1,2 км3 немесе 7,9 % құрайды.

Қазақстанның барлық өзендері ішкі және трансшекаралық деп бөлінеді.



Қазақстан Республикасының барынша созылып жатқан ішкі-жер үсті өзендері - Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Ембі, Ырғыз, Сағыз, Үлкен Өзен (1000 км-ге дейін) болып табылады.

Қазақстанның ішкі-жер үсті сулары экологиялық апат жағдайында. Бұл аталған өзендердің негізгі проблемасы көктемгі-жазғы су тасқындары тудыратын тасқындар мен ластанудың жоғары деңгейімен сипатталады.

2002 жылы республикада үстіңгі сулардың улы заттармен (мұнай өнімдері, фенолдар, мыс, мырыш, бор және т.б.) жоғары 396 жағдайы тіркелген. Ішкі-жер үсті суларды негізгі ластаушылар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кешендері болып табылады.

Қазақстан Республикасының негізгі ірі трансшекаралық су объектілері Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу мен Талас болып табылады.

Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану тек экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар [2, 108-110 б.].

Трансшекаралық су объектілерінің жағдайы айрықша қатер төндіріп тұр. Соңғы жылдары бұл өзендердің ластануы шекті рауалы концентрация деңгейінен бірнеше есе асып кетті (1-5 ПДК).

Трансшекаралық сулардың нашарлаған жағдайына байланысты өңірлер бойынша өзендердің қазіргі заманғы жағдайын талдауды жүргізу қажет.

Су ресурстарының экологиялық жүйесі жеткілікті байланысқан, біртіндеп құлдырау үстінде және су ресурстарының биожүйесін сақтау мен қолдау бойынша келісілген бірлескен әрекет ету үшін барлық трансшекаралық мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді.



Тиісті ведомстволармен көршілес елдермен трансшекаралық өзендер ресурстары мен су қоймаларының суды пайдалану проблемасын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның бұл мәселедегі іс-әрекеті халықаралық құқықтық актілер негізінде, көбінесе, 2000 жылы 23 қазанда республикада ратификацияланған трансшекаралық су ағыстары және халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану туралы Конвенция негізінде жасалады. Көршілес мемлекеттер ҚХР, Тәжікстан, Түрікме­нстан, Қырғызстан және Өзбекстан – осы конвенцияға қатыспаған елдер болып табылады, сондықтан трансшекаралық су проблемаларын реттеу бойынша жұмыс күрделілігін тудырады.

Республиканың барлық су объектілерінің сапалы жағдайы өндірістің құлдырауы мен ағынды сулар көлемінің азайғанына қарамастан әлі күнге дейін қанағаттанарлық жағдайда қалып отыр.

Ірі өнеркәсіптік қалалардың әсер ету аймағындағы жер үсті суларға ластану деңгейі нормадан 40 есеге дейін артып кетеді. Қазақстан Республикасының СЭС деректері бойынша, химиялық ластанған ашық су қоймаларының меншікті үлесі артуда және 11,1 % құрайды (Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 29,2, Қызылордада - 18,9, Ақтөбеде - 17,6, Астанада - 16,0 %). Микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін су сынамасының меншікті салмағы республика бойынша тұтастай алғанда 8% құрады (Қызылорда облысында - 18,7, Алматы қаласында - 41,0 % құрайды). Қазақстан бойынша ағынды сулардың жылысып түсуі 4,0 млрд. м3 құрайды (соның ішінде Қарағанды облысы - 1036, Павлодар облысы - 921,1, Маңғыстау облысы - 667 млн. м3 құрайды).

Өнеркәсіптің (32,6-41,7 %), тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың (58,3-67 %) жер үсті су объектілеріне ластанған ағынды сулардың жылыстап келуіне қосқан үлесі жоғары.

Орал мен Ертіс өзен бассейндері барынша ластанған болып табылады, ол өзендерге өнеркәсіп пен түсті металлургия салаларының химия, мұнайды қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары қалдықтарын төгеді [3, 114-116 б.].


Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет