а) Жүзден бастап жүз онға дейін бір – бірден қоса отырып, сана және жаз.
ә) Жүзден бастап екі жүзге дейін он – оннан қоса отырып, сана және жаз
Есепті шығар. Мал төлдету кезінде 12 құлын, 22 бұзау және 50 қозы күтімге алынды. Барлығы қанша төл күтімге алынды?
ІІ деңгей Ұзын жіпті тең етіп жиырма бөлікке бөлу үшін оны қанша рет қию керек?
Мәні 50 – ге тең болатын екі таңбалы және бір таңбалы сандардың қосындысын жаз.
ІІІ деңгей Әкесі екі баласын ертіп жолға шықты. Біраз жүргеннен кейін олардың алдынан өзен кездесті. Өзен жағасында тұрған қайық екі баланы ғана немесе олардың әкелерән көтере алады. Олар өзеннен осы қайықпен қалай өтеді?