Тақырыбы: Шаршыны еркін өлшеммен сызу және оның периметрін табу.
І деңгей
Шаршының ерекшілігін белгіле.
Барлық бұрыштары тік
Қабырғасының ұзындықтары бірдей
ІІ деңгей
Нүктелерді қос . Қабырғаларын өлше.
* *
* *
ІІІ деңгей
Қабырғалары 4см тең шаршы сыз және периметрін тап.
4 сыныптарға арналған ашық тесттер.
№ 1
№
|
Тапсырма
|
Жауап
|
1
|
Ең кіші екі таңбалы санды жаз
|
|
2
|
Есепте 884 : 4 + 696 - 400
|
|
3
|
Салыстыр 3 км 8м 4дм * 4дм 8см
|
|
4
|
1 қап күріштің салмағы 40 кг. Осындай
6 қаптың салмағы неше килограмм болады?
|
|
5
|
Тікбұрыштың периметрін тап (6м5дм және 3м)
|
|
6
|
Секундқа аудар. 4мин, 8мин 3 сек
|
|
7
|
Теңдеуді шеш: 15000 + х = 27000
|
|
8
|
Дүкенге 9 рулон көк мата ,әрқайсысында 20 метрден және 140 метр жасыл мата әкелінді. Дүкенге барлығы неше метр мата әкелінді?
|
|
9
|
Есепте 4866 : 2
|
|
10
|
Автомеханик 76 дөңгелекті жөндеді. Бұл дөңгелектер неше жеңіл машиналарға жеткілікті болады?
|
|
11
|
Тексер 45 *3 + 450 = 450 + 3 * 45
|
|
12
|
Пойыз 6 сағатта 540 км жол жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді?
|
|
13
|
Керекті санды қой ...г* 100=7 кг
|
|
14
|
Ұзындық өлшем бірліктерін өсу ретімен жаз.
5дм ², 50см ², 500дм², 5000см².
|
|
15
|
Шаршының ауданын тап. Қабырғасының ұзындығы 6 мм.
|
|
№ 2
№
|
Тапсырма
|
Жауап
|
1
|
Ең кіші натурал санды жаз
|
|
2
|
Алтыншы разрядтың үш және төртінші разрядтың алты бірлігінен құралған санды тауып жаз.
|
|
3
|
Миллион саны қалай жазылады?
|
|
4
|
95 :5 + 27 * 3 – 54 : 3 өрнегінің мәнін тап.
|
|
5
|
Жұлдызшаның орнына тиісті таңбаны қой. 5кг 708г * 5700 г
|
|
6
|
Дециметрмен өрнекте. 3м 9 мм = ... дм
|
|
7
|
Өрнекті ықшамда: 615 + а + 710 + 812
|
|
8
|
260*5+260 260*3 + 260 * 2 өрнегін салыстыр.
|
|
9
|
Теңдеуді шеш: х + 10 = 14
|
|
10
|
Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қой: 2*2*2*2 =10
|
|
11
|
Атты адам екі ауыл арасын 12 км\сағ жылдамдықпен 3 сағат жүрді. Ал қайтар жолда 9 км\сағ жылдамдықпен жүрсе, үйіне неше сағатта жетеді?
|
|
12
|
Мектептің ауласында 15 қыз бала жүр. Бұлардың ұлдардан 5 – еуі артық. Мектеп ауласында неше ұл бала жүр?
|
|
13
|
Бір масақ бидайда 75 дән болса, 10 масақ бидайда қанша дән бар?
|
|
14
|
Үшбұрыштың бірінші қабырғасы 7 см, екінші қабырғасы 7см, үшінші қабырғасы 2см. Үшбұрыштың периметрін тап.
|
|
15
|
Шаршының периметрі 20 см. Осы шаршының ауданы қандай?
|
|
№ 3
№
|
Тапсырма
|
Жауап
|
1
|
Ең үлкен екі таңбалы санды жаз
|
|
2
|
Есепте 812 : 4 + 500 - 541
|
|
3
|
Салыстыр 8м 4дм * 9дм 8см
|
|
4
|
1 қап күріштің салмағы 45 кг. Осындай 3 қаптың салмағы неше килограмм болады?
|
|
5
|
Тікбұрыштың периметрін тап (2м5дм және 4м 5дм)
|
|
6
|
Секундқа аудар. 5мин, 3мин 3 сек
|
|
7
|
Теңдеуді шеш: 6000 + х = 9500
|
|
8
|
Дүкенге 8 рулон көк мата, әрқайсысында 30 метрден және 160 метр жасыл мата әкелінді. Дүкенге барлығы неше метр мата әкелінді?
|
|
9
|
Есепте 9633 : 3
|
|
10
|
7 бірдей жәшіктерде 49 кг алмұрт бар. Осындай 10 жәшікте неше кг алмұрт болады?
|
|
11
|
Тексер 560*9-560 = 560*8
|
|
12
|
Велосипедші 3 сағат аралығында 120 км жол өтті. Велосипедші қандай жылдамдықпен жүрді?
|
|
13
|
Керекті санды қой ...г* 100=9 кг
|
|
14
|
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 9см, ені белгісіз 5 см кем.Ұзындығы 2см және 4см. Ауданын тап.
|
|
15
|
Шаршының ауданын тап. Қабырғасының ұзындығы 7мм.
|
|
№ 4
№
|
Тапсырма
|
Жауап
|
1
|
Ең үлкен үш таңбалы санды жаз
|
|
2
|
Есепте 884 : 4 + 696 - 400
|
|
3
|
Салыстыр 7м 4дм * 9дм 6см
|
|
4
|
1 қап күріштің салмағы 50 кг. Осындай 6 қаптың салмағы неше килограмм болады?
|
|
5
|
Тікбұрыштың периметрін тап (2м және 3м 5дм)
|
|
6
|
Секундқа аудар. 7мин, 1мин 3 сек
|
|
7
|
Теңдеуді шеш: 600 + х = 7800
|
|
8
|
Дүкенге 7 рулон көк мата, әрқайсысында 40 метрден және 120 метр жасыл мата әкелінді. Дүкенге барлығы неше метр мата әкелінді?
|
|
9
|
Есепте 2584 : 2
|
|
10
|
8 бірдей жәшіктерде 72 кг алма бар. Осындай 10 жәшікте неше кг алма болады?
|
|
11
|
Тексер 170*3 +170 = 170*4
|
|
12
|
Велосипедші 4 сағат аралығында 180 км жол өтті. Велосипедші қандай жылдамдықпен жүрді?
|
|
13
|
Керекті санды қой ...г* 100=3 кг
|
|
14
|
Тіктөртбұрыштың ені 4 см, ұзындығы белгісізү 2 есе артық. Ауданын тап.
|
|
15
|
Шаршының ауданын тап. Қабырғасының ұзындығы 4мм.
|
|
№ 5
№
|
Тапсырма
|
Жауап
|
1
|
19 миллион 5 жүздік 7 ондық 8 бірлік
|
|
2
|
Өрнектің мәні неге тең? 950 – 74 * 0 – 820 + 89 + 100 * 0
|
|
3
|
Өрнекті жаз: 379 санынан 203 пен 5 – тің көбейтіндісін азайт.
|
|
4
|
Х – тің мәнін тап. (х + 90 ) : 7 = 100
|
|
5
|
Бөлінгіште неше цифр бар? 48024 : 6
|
|
6
|
Тік төртбұрыштың ұзындығы 12 см. Ені ұзындығының екіден бір бөлігін құрайды. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
|
|
7
|
Шаршының бір қабырғасы – 3см. Оның ауданын тауып, квадрат миллиметр түрінде көрсет.
|
|
8
|
Зергер бірінші күні 20 сақина жасады. Ол екінші күні бірінші күнгіден 7 сақина артық жасаған еді. Зергер екі күнде қанша сақина жасады?
|
|
9
|
7 гектарда қанша квадрат метр бар?
|
|
10
|
Таңертеңгі сағат 8 – де балық аулауға барған бала кешкі сағат 7 – де қайтып келді. Бала балық аулауға қанша уақытын жіберді?
|
|
11
|
Өрнектің мәнін тап: 9м 7см – 245 см
|
|
12
|
Қыста үйде тұрған 3 сиырға 30 кг жем беріледі. Осындай мөлшермен 8 сиырға қанша жем беріледі?
|
|
13
|
Бір – біріне қарама – қарсы бағытта жеңіл машина мен жүк машинасы шықты. Жеңіл машинаның жылдамдығы 60 км\сағ, ал жүк машинасының жылдамдығы 40 км\сағ. Олардың 4 сағаттан кейінгі ара қашықтығы неше км болады?
|
|
14
|
Тиынмен өрнекте. 4 теңге 05 тиын
|
|
15
|
Бақшаның периметрі 320 метрге тең. Шаршы тәрізді бақшаның ауданы неге тең?
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер.
Оспанов Т.Қ., Қайыңбаев Ж.Т., Құрманалина Ш.Х., Ерешева К.А. Математика 1,2,3,4 сыныптар «Атамұра» баспасы 2002 ж
Оспанов Т.Қ., Қайыңбаев Ж.Т., Құрманалина Ш.Х., Ерешева К.А. Математика оқыту әдістемесі 1,2,3,4 сыныптар «Атамұра» баспасы 1998 ж
Математикадан қызықты тапсырмалар. Құрманалина Ш.Х., Сәрсенбаева С.Ш., Өміртаева Р.Қ «Атамұра» баспасы 1997 ж
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар. С. Елубаева Методикалық құрал . Алматы «Мектеп» 1985ж
Достарыңызбен бөлісу: |