Л. Н. Гумилев атындағы



Дата25.02.2018
өлшемі34,58 Kb.
#38287
Л.Н.Гумилев атындағы

Eуразия ұлттық университетінің

баспасөз қызметі
баспасөз хабарламасы

БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ
2013 жылы 14 тамыз күні сағат 12:00 ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының қатысуы барысында ұлттық тарихты зерделеу тақырыбына арналған баспасөз брифингі өтеді. Модератор - ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметкері Болат Садықов.

Баспасөз брифингінің мақсаты:

«Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресi» ұлттық бірлестіктің жұмысы арқылы ұлттық тарих ғылымын реформалау жолдарын түсіндіру;

тарих ғылымымен айналысатын ғалымдардың қызметін үйлестіру;

толыққанды тарихи көзқарасты қалыптастыру;

қазіргі қоғамның идеялық негізін қалыптастыру мақсатында бүгінгі күннің жағдайына байланысты қоғамдық тарихты көпшілікке жеткізудің тұжырымдамалық негіздерін жазу.

2013 жылғы 5 маусым күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында, Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Елбасы тапсырмасы бойынша «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің ар­наулы бағдарламасы жасалаты­нын жеткізген болатын. Бағдарлама мақсаты, Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатар­лы әдіснама және әдістеме ар­қылы дамытуды, қазақтың ұлт­тық тарихының көкжиегін ке­ңейтуді және ұлттық жаңа тарихи дүниетанымды қалыптастыруды көздейді. Осы арқылы Қа­зақ­станның жаңа тарихының 20 жылының мәні пайымдалады делінді.Тарихшылардың алдында сөз етілген тапсырмалар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарында бей-жай қалдырмады. Бүгінгі таңда, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың төрағалық етуімен тарихи-гуманитарлық және жалпы тарихи білім беруде, «жаңа қазақстандық патриотизмді» қалыптастырудың стратегиялық дамытудың негізгі алғышарттарын анықтауға бағытталған «Қазақстан тарихшыларының ұлтық конгресi» жұмыс істеуде.

Қазақстан тарихшыларының ұлтық конгресi қызметінің аясында он кітаптан тұратын «Отан тарихы» - «Отечественная история» сериясының 20-томдық басылым тұжырымдамасы дайындалды.
2012 жылы сәуір айында Ұлттық тарихшылар конгресі «Қазақстан тарихы: ғылыми зерттеулердің қорытындысы атты халықаралық конференция өткізілді. Тарихшылардың мұндай басқосуы тәуелсіз қазақстанда тұңғыш рет өткізілуде.

2012 жылы 10-11 қазан күндері Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми форум өткен болатын. Л.Н. Гумилевтің шығармашылығына және еуразияшылдық идеясына арналған «Диалог Евразия» журналының жеке нөмірі жарияланып, университет ұжымы еуразияшылдық мәселелеріне арнап «Гумилев әлемі» және «Еуразия мәселелері» сериясымен жиырмадан астам кітап, қазақша оқу құралын дайындап, басып шығарылды. Сонымен қатар, оқырманға тұңғыш рет даңты ғылымның өмір жолы мен ғылыми шығармашылығына арналған «Лев Гумилев» энциклопедиясы ұсынылды. Сол іс-шараның жалғасы іспеттес Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы алғашқылардың бірі болып бағындырған Алтайдың ұшар басында түркітанушы Лев Гумилевтің шыңы пайда болды және университет ұжымының бастамасымен еуразиятанушы ғалымның құрметіне бірегей марка шығарылды.

Сонымен қатар, елімізде тұңғыш рет университет қабырғасында Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының тұсауы кесілсе, ЮНЕСКО кафедрасын ашу мәселесі қарастырылуда.

Тағы бір айта кетерлік жайт, жуырда мақтан тұтатын жоба өз ісін бастамақ. Қазақстан тарихшыларының ұлтық конгресi аясында алыс және жақын шетелдегі жиырма бес елге таралатын халықаралық ғылыми-танымал «MANGI EI» журналы жарық көрмек.

Тарих толқынындағы әр бір азаматты толғандыратын тарих мәселелерінің сұрақтарына тарих саңлақтары Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік Гербінің авторы Жандарбек Мәлібеков, қазақстандық публицист, сценарист, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі, «Мир» ТРК негізін қалаушы, ҚР Президентінің тұңғыш баспасөз хатшысы Ғаділбек Шалахметов, «Мемориалдық аймақ» іздеу отрядының командирі Майдан Құсайнов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеулер орталығының директоры Зиябек Қабұлдинов жауап береді.

Бүгінгі тақырып ұлттық тарихты терең түсіну мен ұғыну болмақ.



БАҚ өкілдері +7 (7172) 55-93-38 телефондары немесе – ОКҚ Қоғаммен байланыс қызметінің info@ortcom.kz. электрондық адресі арқылы хабарласып, аккредитация жасай алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет