Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет26/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
«Тайғақта» деген бірінші тарау Құнанбайдың қажылыққа аттануынан басталады. Семейдегі құдасы Тінібектің (Құнанбайдың Ұлжаннан туған Мәкіш деген қызының атасы) үйінен аттанар алдында жолын тосып тұрған Дәркембай Қодардың інісінен туған жетім Дәрменге құн сұрайды. Дәркембай - «Мұсақұл соғысында» Құнанбайды атпақ болған кедей жатақтардың бас көтерер адамы. Майбасарлар Дәркембайды жолдан ысырып тастамақ болғанда, әкесі үшін намыстанған Абай араша түсіп, Дәрменге қалтасынан 100 сом беріп, жөнелтіп салады. Құнанбаймен бірге баратын Ізғұтты - Құнанбайдың баласындай болып кеткен асыранды інісі. Азан шақырып қойған аты ұмытылып, қарулы, тапқыр және жолы жеңіл болғандықтан, «Ізіқұтты» атанған.
Әкесін шығарып салып, қайтып келе жатқанда Орда тауының етегінде орналасқан Байшора аулына түседі. Жолдан шаршаған Абай мен Ербол тынығып алмақ болып, жатып қалады. Абай әсем әуен үнінен оянады. Ән салған Тоғжан екен деп ұйқылы-ояу далаға атып шыққан Абай ән шыққан үйге Ерболды жібереді. Осылайша, Тоғжан салатын «Топайкөк» әні арқылы Шүкіманмен танысады. Ертеңінде Абай «Керім... Керім... Несін айтасың...» десе, Ербол да «Әй, керім, Әй, керім...», - дейді. Осы сөзден барып, Абай оны Әйгерім атайды. Әйгерім атанған әнші-сұлуға Абай көп ұзамай қыздың да, үй ішінің де келісімін алу үшін Жиренше мен Ерболды жібереді.
Абайдың Ербол сияқты жақсы достарының бірі - Жиренше. Ол - көтібақ Байсалдың немере інісі, Қоңыркөкшеде отырған мамай елінің болысы. Ал Әйгерім - осы мамай елінің қызы. Сөзге шебер, жылпос жігіт Жиренше бұлардың келісімін алып қайтқаннан кейін, Абай енді одан шешесі Ұлжанмен сөйлесіп беруін сұрайды. Ұлжан бұл істі мақұл көрмей, Абайдың өзін шақырып, сөйлеседі. Баласының кейін опық жейтінін айтып, ұзақ сөйлеген Ұлжан: «Ендігісін өзің біл. Өзің ойлап, өзің шеш» - дейді. Абай үндемей кетеді. Біраз уақыт өткен соң, Жақып, Жиренше, Оспан, Ғабитқандар барып, құда түседі.
«Жайлауда» деген тарауда Абай мен Әйгерім отауына атақты Біржан сал қонаққа келеді. Ауылдың өнерпаз жастары жинала бастайды. Осылардың ішінде Сүгірдің Әкімқожа деген баласынан туған Керімбаланың орны ерекше. Ол - Біржанның әнін ғана үйренуші емес, орындаушысы да. Ал Әйгерім ән салғанда, Біржаннан бастап, тіпті Абайдың өзі де қозғала алмай, ұйып қалады. Бәйбішесі Ділдә отырған үлкен үйге шақырылған Абайға «Қу кедейдің қызы басынбасын. Үні шықпасын бұдан былай» деген сөздер айтылады.
Бөкеншінің Сүйіндіктен кейінгі билеушісі - Сүгірдің немересі Керімбала мен жігітектен шыққан қарапайым әнші Оралбай бір-бірін ұнатып қалады. Керімбала Қаракесектің байларының біріне атастырылған. Қос ғашықтың бұл әрекеті жігітек пен бөкенші арасында шайқас тудырады. Базаралы мен басқа жанашырлары екі жасты жасырғанмен, бөкенші жағы тауып алып, Керімбаланың қол-аяғын байлап, атастырған жеріне жөнелтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет