Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет6/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Зерделіой
Оралхан Бөкей - ой айтуға бейім жазушы. Жазушы көксеген жан тазалығын, ар тазалығын, маңдай термен нан табудың мехнат-рақатын, ұлттық мүдделер, ұлттық рух идеалын оның әрқилы тағдыр, әр қалыпты ғұмыр кешіп жатқан кейіпкерлері өмірлік мұрат еткен.
«Атау-кередегі» Нюра кемпірдің жалғыздық күйі - қарт адамның өмір көшінің соңындағы тына бастаған қалпымен де, баласы Еріктің қалауымен болған ортадан жырақтау жағдайымен де, тіпті қала берді, қаншама жерден қазақтың отанасы болғанымен де, діл, орта, арғы негіздер тұрғысынан да қылаң беруі тиіс жалғыздығы.
Гүлжан Ыбырайқызы
Пікірлесейік

  1. Шығарманың идеясы қандай? Романда өмір шындығы қалай көрінеді?

  2. Шығармадағы кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас қалай өрбиді?

  3. Жазушы антогонистік қайшылықтар арқылы нені көрсетпек болған? Өз пікіріңмен бөліс.

Себебін анықта

  1. Не себепті шығарма «Атау-кере» деп аталған? Бұл сөз күнделікті өмірде неге жиі қолданылмайды?

  2. Неліктен Нүрке кемпірдің ақырғы аманаты орындалмады?

Тобыңда талдап көр

  1. «Шеринг» әдісі арқылы шеңбер бойымен отырып, жүргізуші бастап, кезекпен романдағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын талдаңдар.

  2. Қаламгер Талаптан Ахметжанның: «Оралхан Бөкей - ақын. Әр әңгімесі, әр повесі ақындық жүрекпен өмір тылсымын терең түйсініп, сол жұмбақтан өзіндік тың пәлсапа түйе отырып жазылған. Оралхан Бөкей - суреткер. Табиғат пен адам жанын ақындық көзбен жіті тінтіп, екінің бірі байқай бермейтін тылсым құпияларды өрнектейді. Және де сол суреттері өзі көргендегідей тылсым күйінде, жұмбақ қалпында тұңғиығына сыр бүгіп тұрады», - деген сөзін талқылаңдар. Романнан осы пікірдің дәлелін көре аламыз ба? Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңдар.

  3. «Ашық микрофон» әдісі бойынша жазушының статусы әртүрлі адамдардың әлеуметтік-психологиялық бейнесін беру тәсілін және олардың мінезін суреттеудегі шеберлігін дәлелдеңдер.

  4. «Джигсо» тәсілімен топқа бөлініп, дәйексөздерді қолдана отырып, кейіп- керлерді талдаңдар. Әр топтағы 1-оқушының тапсырмасы: Еріктің сипаты. Қаламгердің адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатуы. Әр топтағы 2-оқушының тапсырмасы: Шалдың образы. Шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары. Тағанның монологі. Әр топтағы 3-оқушының тапсырмасы: Шығармадағы Ерік бейнесі. Будан тұқым. Әр топтағы 4-оқушының тапсырмасы: Шығармадағы Айнаның бейнесі. Нюра Фадеевна. Әр топтағы 5-оқушының тапсырмасы: Романдағы мифтік бейнелер. Романдағы кейіпкерлердің сөздерінен мысалдар келтіріп, автордың оларды берудегі мақсатына талдау жасау арқылы олардың көркем бейнесін ашып, кейіпкерлер жүйесін жинақтап, тура және жанама мінездеулерді жіктеп жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет