Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет1/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Р.Зайкенова
Р.Сакенова
Л.Н.Нұрланова
ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІ
Жалпы білім беретін мектептің
11-сыныбының жаратылыстану-математикалық
бағытына арналған оқулық



ӘОЖ 373.167.1


КБЖ 83.3. (5Қаз) я72
З-15
Шартты белгілер
Зайкенова Р. ж.б.
Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова - Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 2020 – 112 бет.

ISBN 978-601-298-8


Оқулық жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып жазылды. Оқулықтың тілі жеңіл, оқушылардың өз бетімен білім алу жағдыларын қалыптастыруға бағытталған.


ӘОЖ 373.167.1


КБЖ 83.3. (5Қаз) я72



  • Зайкенова Р.,

Сакенова Р.,
Нұрланова Л.Н., 2020

  • «Арман-ПВ» баспасы, 2020

Барлық құқығы қорғалған. баспаның рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды
Алғыс сөз!

Қымбатты шәкірт! Жаңа оқу жылының басталуы мен құттықтаймыз!


11-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқу-әдістемелік кешеніне оқулық, С^ электронды қосымша және хрестоматия кіреді.
Қолыңдағы оқулық арқылы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары мен таныс боласың.
Пәннің мақсаты - ойларыңды ауызша да, жазбаша да дәлелді түрде жеткізуге, шығармаларды салыстыра отырып, талдау жасауға үйрету, бағалау дағдыларын қалыптастыру арқылы креативті оқуға бағыттау.
Пәннің міндеті - қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын, мәдениет аралық қарым-қатынастағы рөлін құрметтей отырып, халықтың қалыптасқан тарихын, ондағы қарама-қайшылықтары мен қиындықтарын анықтап, өмірдегі түрлі жағдайларға бейімделе білуге және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға, заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымыңды дамытуға жетелеу.
Оқулық «Кеңістік пен уақыт», «Заман шындығы», «Ғасырлық туынды», «Табиғат және адам» бөлімдерінен тұрады.
«Кеңістік пен уақыт» бөлімі Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» романын, Жарасқан Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасын қамтиды.
«Заман шындығы» бөлімі Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы мен Ерболат Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінен тұрады.
«Ғасырлық туынды» бөлімі Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына арналған.
«Табиғат және адам» бөлімінде экологиялық мәселелерді көтеретін Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасы мен Сұлтанәлі Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы ұсынылған.
Оқулықта әрбір шығармаға эпиграф берілген. Осы эпиграфтардың мағыналарын тақырыптармен сәйкестендіріп, идеясын, берілу мақсатын ашып, өз ойыңмен толықтырып, кері байланыс жасауды үйренесің.
Негізгі материалдармен бірге «Зерделі ой», «Білгенге маржан», «Міне, қызық!» айдарларындағы мәліметтерді де оқи жүрсең, білімің де, ой-өрісің де арта түседі.
«Пікірлесейік», «Себебін анықта», «Тобыңда талдап көр», «Дәптеріңе жаз», «Түйінде», «Қалай ойлайсың?», «Үйде орында» тапсырмалар тобын орындау барысында жаңа тақырыпты жеңілірек меңгересің.
«Әдебиет теориясы» айдарында жинақталған мәліметтермен танысып, «Қолданып көр» тапсырмасын орындау арқылы әдебиеттану ғылымының түсініктерін игере аласың.
Оқу бағдарламасын толық қамтып, материалдарды жан-жақты түсіну үшін тек оқулық мазмұны аздық етеді, сондықтан «Кітап - асыл қазына» айдарында қосымша оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі берілді. Сонымен қоса БАҚ және Интернет желілері мәліметтері де қаперіңнен тыс қалмасын.
«Эксперименттік тапсырма» айдарындағы тапсырмаларды орындау ба- рысында ой-өрісіңді дамыта отырып, шығармашылығыңды, біліктілігіңді арттырып, түрлі эксперименттер жасайсың. Мысалы, берілген мәтін бойынша аннотация, сыни пікір, БАҚ беттеріне мақала, сценарий жазуды, сахналық қойылымдар дайындауды, телебағдарламалар, пікірталас ұйымдастыруды, сұхбат жүргізуді меңгеріп, әлеуметтік желілерде хабарламалар, жарнамалар, репортаж жариялауды үйренесің.
Осы оқу мақсаттары мен міндеттеріне толық қол жеткізу үшін электронды қосымша мен хрестоматияны оқулықпен қатар пайдаланасың.
С^-дегі қосымшаларда тапсырмаларды орындауға қажетті презентация, рецензия, аннотация үлгілері және зерттеу жобаларын жасау әдістемесі ұсынылған.
Дискідегі кейбір шығармалардың аудионұсқасын тыңдап, басқа да ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы ақпарат құралдарымен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастырасың.
Ал хрестоматияда оқулықта талданған көркем шығарма үзінділері, сөздік, тапсырмалар берілді.
Авторлар білім айдынындағы сапарыңа сәттілік тілейді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет