Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті


Новеллалары мен әңгімелерi



бет37/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Новеллалары мен әңгімелерi. Жазушы, драмашы, публицист Ғабит Мүсіреповтің көп қырлы, сан сырлы шығармаларының бiр саласы - новеллалар мен әңгімелер. Әдебиет табалдырығын алғаш аттағанда, жазушының қалам сілтесi мен қаркынын танытқан осы жанрлар болатын. 1928 жылы жазылған "Қос шалқар" мен алпысыншы жылдар туындысы "Боранды түнде" атты әңгіменің аралығында бұл жанрдың талай көркем белестерi жатыр.
Әдетте, жазушы шығармасының мәні мен нәрiн айыру үшін, алдымен, екі нәрсе ескерiлетiн салт бар. Олар: қаламгердiң алған әдеби тәлiмi мен замана алға тартқан талаптар. Суреткерлік ерекшелікті қалыптастыруда білім мен әсердің маңызы да күшті. Ғ.Мүсіреповтің орыс әдебиетінің айдынында ертерек жүзiп, оның шырыны мен сөлiн тұшынып тануы "Автобиографиялық әңгімеден" әйгілі. Табиғатынан дарынды, тiл өнері сүйегіне біткен, қазақтың ауызекі әдебиетiн бiр кiсiдей-ақ ұққан адамның орыс әдебиетiне жетiктiгi үлкен бір асу еді.
Ғ.Мүсіреповтің "Автобиографиялық әнгімесінде" мынадай бiр өте мағыналы мойындау бар. "...Он тоғызыншы ғасырдағы орыс классиктерiн мен сол рабфакта ұғынып шыққандаймын. Әсіресе Гоголь, Чехов, Горький бағыты ойыма қона калушы еді", - дейді ол. Жазушының кейiнгi күллi прозалык туындыларында осы аталған суреткерлер тәсілін терең қабылдағандық сезіледі.
Ғ.Мүсіреповтiң қазақ әдебиетіне әкелген идеялык көркемдiк жаңалықтары аз емес. Мұның бiр кыры ана туралы новеллалар еді. Ана тақырыбына жазылған сегiз новелланын әркайсысынын мазмұндық, оқиғалық өзгелігіне қарамастан, солардың бәріне ортақ сарын да бар. Осы новеллалардағы ана тұлғалары - әдебиетімізге тұңғыш рет қосылған көркемдiк жаналықтар. Бұлардың iшiнен үш әңгіме "Адамның анасы", "Өлiмдi жеңген ана", "Ана кесiмi айнымайды" - М.Горький шығармаларының iзiмен жазылган.
"Адамнын анасы" (1934) деген новеллада ертедегi жаугершiлiк заманда самсаған сары қолдан қаймықпай, туған қызын азат ету үшін қайрат көрсеткен ананың тұлғасы елестейді. Негiзi аңыз әңгімеге құрылғанымен, шығарманың айтпақ идеясы анық. Ол - қарапайым ананың өз баласы үшін қаһармандық көрсетуі. Жалпы, адам баласы ойы мен санасының өктемдiгi мен өршiлдiгiне, iрiлiгiне таңдану, сүйсiне мадақтау - романтизмге тән сипаттың бiрi. Ғ.Мүсірепов новеллаларындағы аналар тұлғасы бұрынғы ауыз әдебиетімен ғана емес, тiптi бергі жазба әдебиет тәжiрибесiмен салыстырғанда да айрықша құбылыс. Намыс, азаттық, бақыт жолындағы аналар бейнесi өмiрдi көркемдiкпен танудың тың үрдiсiн танытты.
Ендi бiр новелладан ("Ашынған ана") жасы жетпеген баласын майданның қара жұмысына ерiксiз жіберген озбыр болыс, обыр әкімге өштігі ішінде шемен болып қатқан ана Қапия көрiнедi. Ал "Ананын арашасында" жаралы қызыл әскерді құтқару үшiн қауiпке басын тіккен, адамшылығы, аяушылығы мол Нағима тұлғасы бейнеленген. Жазушының бертiндегi әңгімелерiнiң бiрiнде ("Ақлима") майданда өлген баласына деген сағынышы мен перзенттен айырылу өкiнiшi күшті ананың мүгедек жарадар өзге бiр жауынгердi өзiне бала етуге бекінгені айтылады. Оқиғаның өрілімінде, мiнездің толысуында шарттылық басым. Сонда да болса, мұндай шыгарманың әсері реалистік мәнердегi туындыдан әсте кем түспейді. Ол - қазақ әдебиетiндегi өзiндiк өрнек, дәстүрi бар революциялык романтизмге тән тәсілдер, көркемдік келістер.
Ғ.Мүсіреповтің әңгiме, новеллаларын тұтастай шолғанда, оларда социалистік реализм iшiндегi өзгеше ағын - революциялык романтизм тәсiлi дендеп орын алатыны байқалады. Жазушының қазақ әдебиетiне қосқан ерекше үлесi де осы мәселеге катысты.
Өмір кұбылыстарынан сирек кездесетін ерекше нәрселерді іріктеп көрсету, оларды тәптіштеп, ұғындырмай, өзіне тән сипатын ғана баса айту, жақсыны көтерiңкiреп, ұнамсызды түйреңкiреп отыру, психологиялык мiнездемелерде, стильде обьективтік қатал заңдылыктар орнына кездейсоқтық, алдын ала мөлшерлегендiк элементi кездесуі - романтизмге тән нышандар.
Оқиғалар мен мiнездерді тану мен суреттеудегi романтизмге тән келістер Ғ.Мүсіреповтің новеллалары мен әңгімелерінің көбiнде-ақ кездеседі. Адам бойындағы абзал қасиеттерді ардақтау және сол сипаттарды биіктетіп көрсету, құбылыстың қалтарыстарына көп үңілмей, осылай болуға тиiс деп санайтын жарқын жақтарына, нұрлы тұстарына көңіл қою жазушының реалистік кестесi қалын шығармаларында да аңғарылады.
Жазушының туындыларында кездесіп отыратын ерекшеліктің бiрi - баяндау мен суреттеу арасына автордың тiкелей араласып отыратындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет