ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 2. Античная цивилизция.М.,2006,
Древнейшие цивилизации. Под ред. Г.М. Бонгард-Левина. М., Мысль, 1989
Яковец Ю.В. История цивилизации. М., Владос, 1997
Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М., Политиздат, 1992
История Европы с древнейших времен до наших дней. Т. 1-4. М., Наука, 1989
Матошко И.В. Жизненные ресурсы земли. Минск, 1989
Массон В.Н. Экономика и социальный строй древних обществ. Л., 1976.
Сергеев В.С. История древней Греции. М., 1963
Шнирельман В.А. Возникновение производящего хозяйства. М., 1989.
Хачатурян В..М. История мировых цивилизаций. М., 2003
Даниловский Н.Я. Россия и Европа. М., 1991
История Древнего мира. Под ред. А.Б.Бокшанина М., 1982
История Древнего мира Под ред. И.М.Дьяконова, В.Д.Нероновой,
4- тақырып. Ежелгі Рим өркениеті
1. Ерте Рим
2. Рим империясы дәуірі
3. Рим өркениетінің ерекшеліктер.
Рим бастапқы кезеңде Апенин түбегіндегі ең жоғарғы мәдениеті бар Этрускілерге бағынды. Этрускілердің шығу тегі туралы бірнеше қарама- қайшы пікірлер бар. Олардың шығыстан келгендігі, әрі грек алфавитін қолданғандығы туралы пікірлер басым. Бүгінгі таңдағы Тоскана аумағында құрылған этрускілер қоғамы б.з.д. ҮІ ғасырда күшті династиялық жолмен басқарылып, б.з.д. I ғасырда римдіктерден бірнеше рет жеңіледі.
Ежелгі римдіктерді б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғасырларда патшалар биледі. Тибр өзенінің төменгі ағысындағы Лацияда орналасқан халықтар руларға бөлініп, басшысы әрі патша, жоғарғы абыз, басқолбасшы, сот істерін басқарды. Ақсақалдар кеңесі (сенат) жоғарғы үкімет органы болып, қоғамда маңызды рөл ойнады. Рулық қоғам біртіндеп тарап, фамилиялар (жанұялар) күшейді. Фамилияларда ет жақын туыстармен қатар құлдар да кіріп, маңызды рөл ойнады. Фамилия басшысының билігі шексіз деуге болатын дәрежеде болып, өз туысқандарын өлтіруге құқықты болды. Рим қоғамындағы ерекше орын алатын басқа бір топ - патрицилер болып, ежелгі тұрғындардан тараған ұрпақтар ерекше құқықтарға ие болды.
Жеке басы бос тұрғындар - плебейлер (латынша - жай халық) халық жиналыстарына қатыса алмай, патрицилермен некеге тұруға тиым салынды. Бұл кезеңде күшейген Рим құрамында 47 тайпа бар латын одағын басқарды. Ішкі құрылыстағы шиеленіс әрі плебейлердің күресі, әрі патшаның билігіне деген наразылықтың артуымен күшейді. Соңғы патша Тарквини Өркөкіректі сенаттың қуып жіберуімен (б.з.д.509ж) республика жарияланып, патрицилерден сайланатын 2 адамнан тұратын консул пайда болды. Бірақ сенатқа және консулдыққа тек патрицилердің сайлануына наразы болған плебейлер ұзақ мерзімге созылған күрес нәтижесінде сенатқа өз өкілдері "халық трибундарын" кіргізді. Алғашқы жазба заңдардағы "әдетке сүйенген" бабтардың орнына енді плебейлерді қорғайтын заңдар орын алды. Патрицилердің шексіз деуге болатын жерге иелік құқығына шектеулер келтіріп, енді азаматтар байлығына сәйкес қоғам үшін салық төлеуге мәжбүр болды.
Тоқтаусыз жүргізілген соғыстар нәтижесінде Рим б.з.д. III ғасырға дейін бүкіл Апеннин түбегін бағындырып бітірді. Түбек тысында алғаш рет Римдіктер маңызды арал Сицилия үшін Жерорта теңізі жағалауындағы күшті мемлекет Карфагенмен қақтығысып, ұзаққа созылған Пуни соғыстарын жүргізді. (б.з.д. 264 - б.з.д. 146 жылдар). Сол жылдары Грецияны да бағындырған Рим Жерорта теңізі бассейніндегі күшті державаға айналды.
Жаулап алынған аса зор аумақтар рим өркениетінің өсуіне де себеп болды. Сауда жанданып, тоқтаусыз ағылған құлдардың көбеюі нәтижесінде жер қатынастары өзгеріп, ірі жер иеленушілер қатардағы шаруаларды ығыстырды. Жай шаруалар батраққа немесе арендаторға айналды. Империяның үлкеюі бұрынғы қоғамға арналған жер қатынастарының игере алмауына себеп болды.
Бұл жер қатынасындағы ыдырауды тоқтатуға тырысқан халық трибуны Тиберий Грах б.з.д. 133 жылы әр азаматқа белгілі жер тілімін беру туралы реформалық қозғалыс бастаса да, ірі жер иеленушілерінің ұйымдасқан түрде жүргізген қарсылығы нәтижесінде Тиберий Грах өлтірілді. Оның інісі Гай Грахтың ісі де ілгерлемей соңында қала ішінде шайқас басталып, Гай Грах өзінің 3000 жақтасымен өлтірілді. Баяғы жер қатынастарын қайта жаңғырту мүмкіндігінен айрылған Римде б.з.д. 90 жылы көтеріліс шығып, үкімет бүкіл Италия тұрғындарына азаматтық беруге мәжбүр болды. Бұл қоғамдағы азаматтардың роліне әсер етіп, бай римдіктер Греция мәдениетіне ден қоя бастады (филэллиндер). Ұжымдық түрде өсуге негізделген ерекше Рим өркениетіндегі қоғамның бір бөлігінің Грецияға ден қоюы оның дамуына кері әсерін тигізді.
Азамат соғыстарының толассыздығы, құлдар көтерілісі (Спартак көтерілісі б.з.д.74-71) мемлекетті әлсіретіп, орталықтануына нұқсан келтірді. Римдіктер соғыс кездерінде "диктатор" атағын жеке тұлғаларға беру арқылы мемлекетті күшейтуге талпынса дағы, бұл атақты алушылардың билікке деген құмарлықтары нәтижесінде өмір бойы осы атаққа ие болуға ұмтылушылықты туындатты. Алғаш рет бұл атаққа қол жеткізген Сулла өз қалауымен кетсе, қолбасшы Цезарды өз қарсыластары өлтірді. Б.з.д. 27 жылы билікке келген Цезардың жиені Октавианға сенат "Август" (қасиетті) деген атпен өмірбақилық императорлық атақ берді. "Алтын ғасыр" аталған Октавиан билігі кезеңінде сенат өз ықпалын сақтап қана қоймай, сонымен қатар келешекте республикалық жүйеге оралуды да қарастырды. Бірақ бұл жағдай императордың жеке тұлға ретінде жақсы болуына байланысты еді. Енді даму билікке келген "жақсы" немесе "жаман"императорларға байланысты еді. І-ІІ ғасырларда империяның құлдырауы онша байқалмады. Бұрынғысынша ірі құрылыстар салынып, жылына 180 күндік мейрамдар жасалынды.
Иудей жерінде туындаған жаңа дін "Христиандық" тез арада империя тұрғындарының арасында жайылды. Христиандық "жердегі мен аспандағы" арасындағы жікті ашып көрсетті. Адамшылдыққа шақырған христиандық империя түрғындарының негізгі сүйенішінен айырды. Баста қатты қуғындауға ұшыраған христиандықты 313 жылы император Константин ресми түрде тануымен, өз жақтастарын ашық түрде ғибадат етуге мүмкіндік берді.
Римдегі құлдырау ашық көріне бастап, бұрынғы ірі қалалар өз рөлдерін жоғалтты. Константиннің өз астанасын Босфорға көшіруімен жағдай толығымен нашарлай бастады. Бұл 395 жылы империяның екіге бөлінуімен бітті. Әлсіреген империяға III ғасырдан бастап, варвар шапқыншылығының басталуы, бұл шабуылдардың ІVғасырда күшеюімен 476 жылы Батыс Рим империясы құлады.
Ежелгі Рим өркениеті көп жағынан грек өркениетіне ұқсастығымен көзге түседі. Кейбір зерттеушілер екеуі бір өркениет десе дағы, мамандардың көпшілігі Рим өркениетінің айырмашылықтары болды деп санайды.
Римнің тарихи дамуының ерекшеліктерімен байланысты оның азаматтық қауымында қалыптасқан айрықша құндылықтар жүйесіне шоғырланған өзіндік Рим өркениеті жаратылды десе болады. Мұндай ерекшеліктерге патрицийлер мен плебейлердің ортасындағы күрес нәтижесінде басқарудың демократиялық түрінің орнатылуы және Римді кішігірім италиялық қаладан орасан үлкен державаның астанасына айналдырған тоқтаусыз ұрыстар жатады. Осы факторлердің ықпалы астында Рим азаматтарының құндылықтар жүйесі, идеологиясы қалыптасады. Оны бірінші кезекте римдіктердің Римге ең жоғары құндылық ретінде қарауы, оған бар жігерімен күшін және өмірін аямастан қызмет етудің азаматтық борыш екені туралы патриоттық ұғымы айқындады.
Құлшылық тарай бастаған кезде идеологияда құлдар мен еркін азаматтың арасындағы қарама қайшылық айтарлықтай рөл ойнай бастады. Еркін азамат үшін «құлдарға тән ақаулар» да (өтірік сөйлеу, жарамсақтық, арамдық) немесе «құлдық кәсіптерімен» (қолөнер, сценада ойнау, пьесалар жазу, мүсіншілік немесе суретшілік) айналысуда айыпталу масқара саналған. Римдіктерге, әсіресе, ақсүйектерге тек саясат, ұрыс, егіншілік, заңдар жарату, тарихнама лайықты істер деп мойындалды. Римнің ерте мәдениеті осындай негізде қалыптасты.
Рим державасының құрылуымен Рим қоғамы мәдениетінде үлкен өзгерістер болып өтті. Экономикалық және саяси өмірдің күрделенуі білімді адамдарға, провинциялардың басшылары- құдіретті гистраттарға, көбейіп кеткен қолөнер ұстаханаларын басқаруға мұқтаждықты тудырды. Бұл мұқтаждықтар білімді «құлдар- гректердің» есебінен қандырылды. Жерорта теңізі обылыстарының барлығымен байланыстар кеңейді және күшейді. Алайда гректер римдіктерді іштен жек көрді, оларды қатыгез варварлар деп санады. Ұзақты болжағыш саясатшылар бұның римдіктердің абыройын түсіретінін түсінді.
Римдіктер Греция мәдениетіне ден қойып (филэллиндер), грек тілін, әдебиетін, философиясын үйрене бастады. Гректер үшін грек тілінде Рим тарихы жазып басталады. Римнің ұлы миссиясын насихаттауда Полибий көп еңбек сіңірді. Ол «Бүкіләлем тарихын» жазды. Гректердің әсерімен халық жиналыстары мен соттардағы тартыстарда жеңіп шығу үшін қажетті болған шешендік өнері жетілісті. Осыған байланысты логика және психология білімдері дамыды. Заң шығару дамыды және күрделенді.
Қорытынды сұрақтар:
1.Ежелгі патшалық пен республикалық кезеңдердегі Рим қоғамын салыстырыңыздар
2. Империялық кезеңде Римдік өркениеттің құлдырауы басталды деген пікірге көзқарасыңыз
4. Ерте Рим өркениетінің ерекшеліктерін атаңыз
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 2. Античная цивилизция.М.,2006,
Древнейшие цивилизации. Под ред. Г.М. Бонгард-Левина. М., Мысль, 1989
Яковец Ю.В. История цивилизации. М., Владос, 1997
Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М., Политиздат, 1992
История Европы с древнейших времен до наших дней. Т. 1-4. М., Наука, 1989
Ковалев С.И. История Рима. Курс лекций. Л., ЛГУ, 1986
Матошко И.В. Жизненные ресурсы земли. Минск, 1989
Массон В.Н. Экономика и социальный строй древних обществ. Л., 1976.
Сергеев В.С. История древней Греции. М., 1963
Шнирельман В.А. Возникновение производящего хозяйства. М., 1989.
Хачатурян В..М. История мировых цивилизаций. М., 2003
Даниловский Н.Я. Россия и Европа. М., 1991
История Древнего мира. Под ред. А.Б.Бокшанина М., 1982
История Древнего мира Под ред. И.М.Дьяконова, В.Д.Нероновой,
II - бөлім. Орта ғасырлық өркениеттер
5- тақырып. Византия өркениеті
1. Византия -Рим империясының мұрагері
2. Византиядағы әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері
3. Византияның рухани өмірі
Батыс Рим империясының құлауымен антикалық дүние дәуірі аяқталды және осы 476- жылдан бастап оның тікелей мұрагері ретінде Византия империясы қалыптасты. «Византия» атауы Қайта өрлеу жылдарында пайда болған, ал жергілікті халық өздерін - Ромей патшалығы, Константинопольді-"Жаңа Рим", өз билеушілерін болса Рим императорларының тікелей мұрагерлері деп санады. Империяның орналасқан жері Шығыс пен Батыс арасында орналасқандықтан әрі сауда, әрі өркениеттердің түйіскен жері болды. Византия өркениетінің алып жатқан жері орасан зор болып, Балқан түбегі, Кіші Азия түбегі, Кавказддың бір бөлігі, солтүстік Африканы қамтып, шамамен 750 млн шаршы метрді қамтып, 30-35 милион халқы болды. VІІ ғасырға дейін негізгі тілі латын тілі болып, араб шапқыншылығы қарсаңында грек тілі белең алды. Византия территориясында шикізат қоры мол болып, антикалық дүниеден қалған ірі қалалар орналасқындықтан мәдениет деңгейі өте жоғары болды.
Шығыс мәдениеттерінен де қорек алған Византия өркениетінің өзіне тән әрі шығыстық, әрі батыстық ерекшеліктері болды. VІ ғасырда шығыс жағындағы көршісі Парсы мемлекетімен ұзаққа созылған қанды соғыс жүргізіп, артынша VІІ ғасырларда жаңадан қүрылған Араб халифалығымен соғыс нәтижесінде Византия территориясы үш есе кішірейді. Солтүстіктен славян тайпаларының шапқыншылығы нәтижесінде күшті Болгар патшалығы құрылды. IX ғасырда Византиядағы жағдай тұрақтанды.
Византия тарихының алғашқы кезеңдерінде құл иеленуші мемлекет болғанымен феодалдық қатынастар қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері болды. Европа елдерінде феодализм варвар шапқыншылығы нәтижесінде туындаса, Византияда басқыншылық соғыстарының болмау себебінен баяу дамыды. VІ ғасырға дейін Византияда құл еңбегі кеңінен қолданылды.
VІІ-ІХ ғасырларда ғана Византияда феодализм орнай бастады. Батыстағы варварлар ролін Византияда славян тайпалары атқарды. Бұл жердегі феодалдардың құқығы Европадағыларға қарағанда әлдеқайда төмен болатын. Мемекет бүкіл ел территориясындағы жерді өз ықпалында ұстады. Бұл жағдай крестшілердің шабуылы нәтижесінде өзгерді. 1204 жылы империя бірнеше бөлікке бөлініп, феодалдар мемлекет "қамқорлығынан" құтылады. 1261 жылы Константинопольдің қайтарылуымен феодалдардың үстемдігі күшейгендіктен мемлекет бұрынғы беделін қайтара алмады.
Биліктегі жағдай Византияда Батыс пен Шығыс элементтерінің екеуін де қамтыды. Империя түсінігі, императорға табыну Шығыс деспотиясына өте ұқсас болғанымен, римдік дәстүр мығым болатын. Христиан дінінің тарауымен империяның қасиеттілігін дәріптеді. ІV ғасырда император Константиннің үзеңгілесі, Евсевий, христиан дінін мемлекетке ыңғайлап, өзгертті. Оның пікірінше саяси билікпен бірге діни билік те бір адамның қолына жинақталуы тиіс болатын (симфония). Император қос билікті де өз қолына жинақтап, қоғам үшін "қасиетті әке" ролін атқарып, Шығыс билеушілеріне ұқсады. Бірақ жай халықтан шыққан адамдардың да император болуына жол ашық болды. Билікте шектеусіз деуге болатын ықпалға ие императордың өз міндеттері де болды. Ең басты міндеті қол астындағы халқының жағдайын ойлауы керек болды.
Императордың күшті билігі, өркениетті ел болуы мемлекетті күшейтумен қатар әлсіреуіне де себеп болды. Өйткені мемлекеттің хабарынсыз жаңалықтар халық арасында тарап, үкімет оны тоқтатамын дегенде жаңалары кірді. Яғни мемлекеттік аппарат даму сатысына жетісе алмады. Мемлекеттің аристократия мен шіркеу қызметкерлерімен байланысы нашар болды. Аристократия тек императордың сыйлықтарымен күнелтуге мәжбүр болып (Батыс Европадағы сияқты сословие болмады), сол үшін де сарайда әрқашан жанжалдар мен өсек аяң болды. XII ғасырда шіркеу қызметкерлері мемлекеттік биліктен аластатылды. Византия шіркеуі Европадағы тәріздес жеке күш бола алмады. Көпестер мен қолөнершілердің статусы белгілі болмай, мемлекет ешқандай қорғамай, қалағанынша қанап отырды.
Қалалар өз тәуелсіздіктері үшін күресе алмады, өйткені қалаларда күшті орталықтанған басқару жүйесі болмады. XII ғасырдан бастап Византияның саудадағы басты бәсекелесі италян көпестеріне ерекше жеңілдіктер берілуімен империядағы сауда құлдырай бастады. Жалпы империядағы қатаң түрдегі бір орталыққа бағындыру процесі әлеуметтік топтардың өзіндік іс-әрекеттеріне шектеулер қойып тастады.
Византия діннің әр алуандығы және жан-жақтылығымен өте бай мұра тастап кетті. Ол славян тайпаларына дінді үйретуші болумен қатар дамыту жолында да ірі жетістіктерге жетті. Европа елдеріне де құрылыстарын үйретті. Рим империясында христиан діні 313 жылы заңды түрде кірсе де ҮІ ғасырға дейін жартылай пұтқа сенуші мемлекет болып қалды. Өйткені империя территориясында пұтқа сенушілікке тиым салынбады. 361-363 жылдары билік еткен император Юлиан «Жолдан тайған» пұтқа сенушілікті мемлекеттік дін ретінде қайта жандандыруға тырысты. Бірақ шіркеу жеңіске жетіп, император тағынан айрылды. Осы оқиғадан соң христиан діні қатаң түрде жүргізіліп, 415 жылы Александриядағы пұтқа сенушілердің орталығы Серапеум талқандалып, атақты кітапхана өртеліп, философ әйел Ипатия фанат тобыр тарапынан өлтірілді. Пұтқа сенушілікке тиым салынғанымен антикалық дәуірдегі ғылымдар өз маңыздылығын жоғалтпады. Қызықтысы Византияда мектеп Батыстағы тәріздес шіркеу үстемдігінде болмады. Антика дәуіріндегі ғылымдардың көптеген түрлері мектептерде кеңінен оқытылды.
Шіркеу бұл жерде де еретиктермен күрес жүргізіп, негізгі тартыс алаңы қасиетті жазбалар болды. Түрлі Інжілдердегі жазбаларға сенушілер арасында қиян кескі күрес жүрді. Ең маңызды тартыс Иса адам ба әлде құдай ма деген мәселе төңірегінде болды. Католик шіркеуі Исаны әрі адам әрі құдай іздерін тасушы деп сенсе, Византиялықтар оны жоғарғы әлем мен жердегі әлем арасын жалғастырушы, адамдардың езілгендерін сезінуші ретінде таныды. ІV-V ғасырдың өзінде-ақ Батыс пен Шығыс шіркеулерінің арасында айырмашылықтар пайда болды. Бұл тартыс ықпал алаңы үшін болып, тереңінен үңілсе Батыс пен Шығыс арасындағы әдет-ғұрып арасындағы қайшылықтардан қалыптасқан болатын. 1054 жылы христиан шіркеуі заңды түрде екіге бөлінді. Католик шіркеуі адамды абсолютті түрде басқарып, о дүниесі үшін де барлығын өзі шешті. Ал шығыс шіркеуі адамға көптеген таңдаулар берді: яғни адамның о дүниесін өзі құтқаруы тиіс болды.
1204ж Константинопольді крестшілердің жаулап алуымен империя бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Латын империясы католик дінін қабылдап, ішкі қырқыстардан әбден әлсіреді. 1261 жылы Трапезунд империясы (Бұрынғы Византия) крестшілерді Константинопольден қуып шықты. Бірақ империя байырғы күш қуатын қайтара алмады. Сыртқа деген тәуелділік өте күшті болып, Италия қалалары Жерорта теңізіндегі сауданы өз қолдарына алып, бүкіл товарларды өздері шығарды. Сонымен шығыстан күшті түрік-османдардың шапқыншылығы нәтижесінде Византия 1453 жылы құлады. Астана Константинопольді түріктер Стамбул деп өзгертіп, өздеріне астана етіп жариялады.
Византия өркениетінің құлау себебі мәселесі бойынша ғалымдар әлі де тартысып келуде. Кейбір зерттеушілер оны шығыс пен батыс ортасында орналасқандықтан құлады десе, кейбіреулері шіркеудің бөлінуінен болды деген көзқараста. Бұл көзқарас өте күшті болып, католик шіркеуі түрік қоршауы кезінде бірігуді ұсынып, қарсыласына әскери көмек ұсынды. Император бұл көмекті қабылдауға дайын болса да, католиктермен өштескен империя халқы сол кездегі флот қолбасшысының "Кардиналдың шапкасын көргенше, түріктің сарығын қабылдағаным жақсы деген" пікірін қолдады. Алайда Византияның құлау себебі мемлекеттің даму сатысына ілесе алмауында болуы керек.
Қорытынды сұрақтар:
1.Шығыс Рим империясының рухани жетістіктерін атаңыз
2. Византия өркениетінің Шығыстық өркениетке ұқсастықтарын атаңыз.
Византияның саяси құрылысына сараптама жасаңыз
4. Византияның сыртқы саясаттағы ұстанымдарына баға беріңіз
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 2. Античная цивилизция.М.,2006,
Древнейшие цивилизации. Под ред. Г.М. Бонгард-Левина. М., Мысль, 1989
Яковец Ю.В. История цивилизации. М., Владос, 1997
Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М., Политиздат, 1992
Ле Гофф Ж. Цивилизация средневекового Запада. Пер. с фран. М., Прогресс, 1992
Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм. ХI-ХIІІІ вв. Пер. с фран. М., Прогресс, 1992
Всемирная история до ХХ столетия. Систематический справочник. М., 1997
Никифоров В. Восток и всемирная история. М., Наука, 1977
Шнирельман В.А. Возникновение производящего хозяйства. М., 1989.
Хачатурян В..М. История мировых цивилизаций. М., 2003
Гизо Ф. История цивилизации в Европе от падения Римской империи до Французской революции. СПб., 1860
Даниловский Н.Я. Россия и Европа. М., 1991
Шпенглер О. Закат Европы: образ и действительность. М.; Пг., 1923
6- тақырып. Орта ғасырлардағы батысеуропалық өркениет
1. Батысеуропалық өркениеттің негіздері.
2. Батысеуропалық қоғам мен биліктің ерекшеліктері.
3. Орта ғасырлардың рухани әлемі.
4. Ренессанс пен Реформация.
Орта ғасырлардағы Еуропа елдері өркениетінің негізі Рим империясы кезінде-ақ құрылған болатын. Өркениеттің қалыптасуында маңызды орын алған ІV-VІІ ғасырлардағы халықтар көшу болып, варвар тайпаларының жергілікті Рим империясы халықтарының өзара мәдени әсері нәтижесінде жүзеге асты. Алғашқы байланыс Цезарьдың кезінде болып, 418 жылы Галияда алғашқы варвар корльдігі - Вестготтар Батыс Рим империясының территориясында құрылды. Артынша замандастары "құдай қамшысы" атаған Атилла басшылығындағы ғұндар шапқыншылығы басталды. 457 жылы Бургундия аумағында варвар корольдігінің жаңасы құрылды. VІ ғасырда Англия территориясында жеті бірдей варвар корольдіктері құрылды. Бұл жаңадан құрылған корольдіктер Европада тұрақтылықты орната алмады. Тез құрылған мемлекеттер тарих сахнасынан жоғалып, тоқтаусыз ағылған варвар тайпалары шекаралар мен мемлекеттердің өзгеріп отыруына себеп болды.
Варварлар қалайша Еуропа өркениетіне әсер етті? Деген сұраққа мамандар әр түрлі жауап береді. Варварлар бүкіл өркениетті жойып жіберді дегенге Остгот королі Теодорихтің (493-526ж.ж.) билігі кезінде сарайда философтар мен ғылым адамдарының өз еңбектерін жазғандығын баяндауға болады. Барлық варварлардың деңгейі бірдей ме еді? Әр тайпаның даму ерекшеліктері әр деңгейде болды. Ең жабайы тайпаның өзі Рим өркениетінен қалған қалалар мен тұрғындарға қосылу нәтижесінде синтез болды. Герман тайпаларының заңдары бойынша жерді сатуға, сыйлыққа беруге, арендаға беруге болатындықтан ірі жер иеленушілік тез қалыптасты. Осылайша орта ғасырларда маңызды роль ойнайтын екі тап-феодалдар мен шаруалар пайда болды. Бұл феодалдық құрылыстың қалыптасуы Еуропаның барлық жерінде бірдей дамымады. V ғасырда басталған процесс XII ғасырға дейін жекеленген аймақта жалғасын тапты. Еуропаның бір орталыққа бағынуы туралы ойлар VІІІ-ІХ ғасырлардың өзінде бой көтере бастады. Алғаш барлық елдерді бір орталыққа бағындыру процесін жүзеге асыруға тырысқан адам Ұлы Карл (768-814ж.ж.) болып, Барселонадан Ютландияға дейінгі аймақты өзіне бағындырып, 800 жылы папа Лев III оны "Рим императоры" етіп жариялады. Бірақ 843 жылы Верден қаласындағы шартпен держава үш мемлекетке бөлініп кетті. (Франция, Германия, Италия.) Герман королі Оттон I 962 жылы Италияны жаулап алып, "Қасиетті Рим империясын" құрды. Бұл мемлекет соншалықты мықты болмаса да Үлы Карл екеуінің державалары өркениеттің құрылуына әсер етті.
Батысеуропалық өркениеттің бірігуі идеясын күшейткен ұйым-католик шіркеуі болды. Тек рухани алаңда емес сонымен қатар саяси лидерлікке ұмтылған шіркеу, Еуропада өз үстемдігін орнату үшін жалғыз ағартушылық орган монатырьларды VІ ғасырдан бастап қолданды. Монастырьларда тек діни әдебиет емес сонымен қатар барлық қолжазбаларды көшірумен айналысып, күнімізге жетуіне көмегін тигізді. Шіркеу мен саяси биліктің бірігуі туралы пікірлер ғасырлар бойы созылған айтыс-тартысқа себеп болды. Христиан жазушысы Аврелий Августиннің (354-430) "Жаратқан қала" еңбегінде құдайдың билігінің жер мен көкте болатындығын баяндап, шіркеудің де билікке араласуын қамтамассыз етті. Бұл еңбек батыста қолдау тапқанмен шығыс шіркеуі өзіне тән ерекшелікпен жақындады.
Шығыс пен Батыс шіркеулерінің арасындағы айырмашылық догматикалық алаң мен әдет-ғұрыптарындағы айырмашылықпен басталды. Рим қаласы өздерін апостол Петрмен байланыстырып, жұмақтың кілтінің өздерінде екендігін алға тарта отырып, "папа" (шіркеу басшысы) деген атақ алды (ІҮ-Ү ғасырлар). Ұлы Карл кезеңінде шіркеуге арнайы "ондық" салық бүкіл Еуропа аумағын қамтыды. Шіркеудің билігін саяси билеушілер де мойындап, қолданып отырды. Шіркеу мен билеуші арасындағы "одақ" билікке келгенде алауыздықтарға себеп болды. ХІ-ХІІІ ғасырларда билік үшін күресте шіркеу үстем болды. Рим папалары тек мемлекет істеріне араласып қана қоймай, сонымен қатар монархтардың жеке өміріне де араласты. 1096-1270 жылдар аралығында шіркеудің "қүдай табытын құтқару үшін" ұйымдастыруымен 8 крест жорығы жасалынды. Рим папаларының барлығы дерлік рухани өмірге ұмтылмай, арасында өз қамдарын, байлығы үшін жүргендер де болып, сол кезеңдегі әдебиетте орын алды. ХІП-ХІҮ ғасырларда шіркеу билігі саяси алаңца бітті. Күшейген билеушілер өз мемлекеттерінің нағыз қожайынына айналды. Шіркеу мен билеушілердің арасындағы күрес нәтижесінде "диалог" болып, келешек үшін маңызды болды.
Европа елдеріндегі әр түрлі даму болғанына қарамастан, жаңалыққа ұмтылушылық нәтижесінде бүгінгі тандағы демократияның негізі сол кезеңде қалыптасқандығы туралы мамандардың пікірі бірдей. Иерархиялық саты барлық Европа елдерінде бірдей болды деуге болады. Жоғарғы билеуші-король, феодалдар мен шіркеу қызметкерлері (граф, герцог, князь, архиепископ пен епископтар), орташа және кіші феодалдар (барондар мен рыцарлар), ең соңғы сатыда басыбайлы шаруалар болды.
Орта ғасырлардағы иерархиялық саты өз ішінде қарама-қайшылықтарға толы болғанымен ішінара байланыстары мықты болып, барлық топтар белгілі бір бүтіннің бөлшегі корпарациялар (әскери топтар, цех сияқты қоғамдық ұйымдар) ретінде қалыптасты. Корпарациялар өз ішінде күшті байланыстармен, демократиялық түрде дамыды. Бүкіл келіспеушіліктер жиналыстарда шешілді. Коллективті түрде бірбіріне көмектесу рухында қалыптасқан жағдай қоғам мен мемлекет арасындағы келісімге тікелей әсер етті. Күшті корпорациялар мемлекетке қарсы жүргізген күрестері нәтижесінде кейбір жеңілдіктерге қол жеткізе алды. Бұлардың бірі сословиелерге бөліну болып, Батыс Европада үш сослвие қалыптасты: дінбасылар, дворяндар мен қала тұрғындары. Ең құқықтары шектеулісі қала тұрғындары болды.
Қоғам мен билік арасындағы байланыс варварлық кезеңнің өзінде қалыптаса бастаған болатын. Рулық қауымның ыдырай бастауымен король билігі күшейді. Мұрагерлік жолмен жалғасын тапқан крольдіктер сонымен қатар халық арасында қасиеттілік тәріздес түсінікке ие болды. Корольдікке қарсы бірінші болып шіркеу қарсы шықса, артынша ең күшті бәсекелесі феодалдар ортаға шықты. Европаның дамыған аймақтарында VІІІ-ІХ ғасырдың өзінде ірі жер иеленушілік пайда болып, феодалдар өз жерлерінде сот істерін, ақша соғу сияқты маңызды мәселелерді шеше алып, билікке корольмен таласа алды. Сондықтан да корольдер өз биліктерін мұрагерлік жолмен бекітуге тырысты.
Х-ХІІІ ғасырларда саяси билікке қалалар да араласа бастады. Қалалардың күреске шығу себебін үш мәселе бойынша қарастыруға болатын еді : феодалдардың салығын азайтуы, немесе толық тәуелсіздігін беруді, сауда жасауда рұқсат беруді, қалалық өзіндік басқаруға қол жеткізуді көздеді. Бұл күрес орталық үкіметтің әлсіз болған жері Италияда жемісті болып, IX ғасырда Генуя, Венеция, Флоренция, Сиена, Равена сияқты күшті республикалық мемлекеттер пайда болды. Францияың солтүстігіндегі Авиньон, Бовэ, Суассон, Лан сияқты қалалар қол жеткізсе, Германияда еркін қалалар кешірек ХІІ-ХІП ғасырларда пайда болды. (Любек, Нюринберг, Франкфурд-Майн т.б.) Осы Германияда қалалардың құқығы нақты жазылды. XIII ғасырда неміс қалаларының бірінде "Магдебург құқығы" атты заңдар жинағы жазылып, қала тұрғындарының негізгі тірегіне айналды. Коммуна деген ат алған тәуелсіз қалалар өз басқару органдарын құрып, теңге соғуға, соғыс жүргізуге қол жеткізді. Қалалармен қатар ауылды жерлер де өз коммуналарын құрса да жеңіске жеткендері шамалы болды.
Қалалардың өз тәуелсіздігін жеңіп алуы саяси құрылымға елеулі өзгерістер алып келді. XII ғасырдың соңынан бастап Батыс Еуропа елдерінде корольдердің сословиелерді мойындауымен Англияда-парламент, Францияда-бас штаттар, Испанияда-кортестер және т.б. құрыла бастады.
Батыс Еуропа елдеріндегі рухани өмірде христиан шіркеуінің ролі күшті болды. Барлық ғылымдардың патшайымы-теология болып, бұл ғылыммен ескі тілді білетін (латынша) дін адамдары айналысты. Философияда ескі антикалық грек ғалымдарының (Аристотель) еңбектеріндегі қоршаған орта мен адамдардың орны мәселелері қарастырылды.
Еуропадағы дінтану ғылымына Испаниядағы Еврей және мұсылман ғалымдарының еңбектері де қолданылды. Авицена (Әбу Али ибн Сина 980-1037), Авероэс (Ибн Рушд, 1126-1198), Моисей Маймонид (1135-1204) жалпы алғанда мұсылман Испаниясында бұл кезеңде ғылым мен білім барынша дамып, антикалық грек ғалымдарының еңбектері арабшаға ғана емес сонымен қатар, латын тіліне де аударылды. Бұл еңбектер испан рационалист ғалымдары арқылы бүкіл Еуропа елдеріне тарады. Еуропадағы үстем болған теолог-догматтардың ықпалына қарамастан ақылда алға тартатын рационалистер теологияның ішінде ерекше орынға ие бола бастады. Рационализмнің дамуына әсер еткен ғалымдар: француз-Сигер Брабантский (1235-1282), италяндық-Фома Аквинский (1226-1274) өз еңбектерінде сенім мен ақыл арасында байланыс орнатуға тырысты. ХІҮ ғасырда ағылшын дінтанушысы Уильям Оккам (1285-1349) дін ғалымдарының ақыл патшалығы болатын философияға араласуына құқығы жоқ деп баяндады.
Орта ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде рухани өмір шіркеудің ықпалында болса да, ерестік қозғалыстар шығып отырды. ХІІ-ХПІ ғасырларда ерестік қозғалыстардың өршіп кеткені соншалық, католик шіркеуі арнайы сот (инквизиция) құруға мәжбүр болды.
Рухани өмірге әсер етуші басқа бір топ - кезбе артистер бүкіл Еуропада ғана болып қоймай сонымен қатар Византия мен Ресейде де көптеп кездесті. Діни емес әдебиеттер халық ауыз әдебиеті негізінде қалыптасты.
Кеңес тарихнамасы жаңа заманға өтуді Англиядағы буржуазиялық революциясымен байланыстырса, капитализмнің іздері ХV ғасырдың өзінде-ақ белгілі болып, Ұлы географиялық ашылымдар арқылы әлемдік, мүхиттық өркениеттің туындауына себеп болды. Бағалы металдарға деген сұраныстың артуына байланысты 1492 жылы Американың ашылуымен колонизация басталып, өркениеттердің араласуы басталды. Бұл өркениеттер (Африка халықтары, Майя, Ацтек, Инк өркениеттері) батыс Европалық жаулап алушылар тарапынан аяусыз жойылды. Африка халықтарын құлға айналдырған еуропалықтар тегін еңбек күші ретінде негр құлдарды жаңа жерлерге тасыды. Алғашында Португалия құл саудасымен айналысса, уақыт өте Голландия, Англия, Франция мемлекеттері құл саудасымен шұғылданды. Шығыс халықтарының тағдыры өзгеше болды. Өркениетті Қытай, Жапония елдері өз шекараларын еуропалықтар үшін жауып тастады. Еуропалықтар тек XIX ғасырда ғана бұл елдердің шекараларын "зорлап" ашты. Ұлы географиялық ашылымдар шіркеудің әлем туралы түсінігіне соққы берді. Магелланның әлемді айналып шығуы жердің шар тәріздес екендігін дәлелдеп берді.
Н. Каперниктің еңбегі әлем туралы шіркеудің берген ілімін жоққа шығарьш, жер шарының әлемнің тек бір бөлігі екендігіне көз жеткізді. Ғылым мен білімнің өркендеуі шіркеу мен арадағы сызатты тереңдете түсті.
Әлем туралы түсініктің озгеруі философияға да әсер етіп, жаңа көзқарастар пайда болды. Жаңа таптар пайда болып, капиталдардың қорлануымен жаңа өнеркәсіп түрлері пайда болды. Мануфактура алғаш Англия мен Голландияда кең етек жайып, қалалармен қатар ауылды жерлерді де қамтыды. Еуропа елдеріндегі капитализмнің дамуы біркелкі болмай кейбір елдерде баяу дамып, король үстемдігі артты (абсолютизм). Капиталистік қатынастардың бірінші болып Батыс Еуропа елдерінде көрінуі ежелгі Грек, Рим өркениеттеріндегі жоғарғы деңгейде дамыған товар, сауда қатынастарының күшті болып, сол географиялық аймақты мұраға алған Еуропа елдері болғандықтан осы жерде дамыды.
Рухани өмірдегі өзгеріс Батыс Еуропа елдеріндегі ХV-ХVІ ғасырлардағы екі үлкен өзгеріс - Ренессанс пен Реформацияға байланысты болды. Ренессанс антика дүниесіндегі мәдениеттің қайта жандануы болып, Италияда ХІV ғасырда пайда болды. Қазіргі заман мамандары ренессансты орта ғасырлық қараңғылықтан ояну деп білді. Қайта өрлеудің үлкен жетістігі философия мен әдебиетте гуманизмнің (адамгершіліктің) пайда болуы болып табылды. Гуманистердің идеалы болып, барлық ерекшелігімен көзге түсетін адамның орта ғасырлық соқыр сенімге қарсы шығуы болып табылды. Қайта өрлеу кезеңін титандық деп атауға болатын. Бұл титандар жақсылық пен жамандық арасында орналасып, қай жағын өзі таңдаса да болатын.
Адамзаттың жеке басының бостандығы туралы өз тәсілін реформация басқаша қолданды. 1517 жылы Германияда Мартин Лютердің бастауымен 95 тезис атты еңбегінде алғаш рет шіркеуге қарсы (Индульгенцияға) ашық майданға шығып, папалық орнына өз көзқарасын үсынды. Реформация Еуропа елдеріне тез тарап, Швецарияда екінші орталығы туындады. Жан Кальвин Мартин Лютердің іліміне өзінше жаңалықтар енгізе отырып, өз ілімін туындаттты. Реформацияның негізгі жетістігі адамның жеке тұлға ретінде танылуы мен құдай мен адамның арасындағы байланыста адамның атқаратын рөлі болды. Реформацияның пікірлеріне қарсы шіркеу өз үстемдігінен айырылмау үшін күрес жүргізіп, кейбір елдерде қанды шайқастарға себеп болды. Бірақ реформация Еуропаның көптеген елдерінде іске асып үлгерді.
Солай етіп орта ғасырларда Еуропа дүниесінің қазіргі заманғы территориялық және этникалық шекаралары қалыптасты, Еуропаның сыртындағы иені игеру басталды, алғашқы өкілеттік мекемелер (парламент, генерал штаттар, рейхстаг) пайда болды. Орта ғасырлар дәуірі жаңа ойлап табулар мен мәдени ашылымдар бойынша да антикалық дүниеден қалыспайды. Жаңа заман қарсаңында Еуропа өркениеті күресуге дайын, толық шіркеу үстемдігінен құтылған, әлеуметтік қатынастарды қайта құруға дайын күш ретінде қалыптасты.
Қорытынды сұрақтар:
1.Еуропаның «балалық шағы»дегенді түсіндіріңіз
2. . Батысеуропалық қоғам мен биліктің ерекшеліктеріне сараптама жасаңыз
3. Орта ғасырлардың рухани әлемдегі өзгерістерді атаңыз
4. Ренессанс пен Реформация кезеңіндегі жетістіктер
Достарыңызбен бөлісу: |