Л1 Инклюзивті білім беру пәні және мақсат-міндеттері


Л7 Арнайы сыныптардың қызметін ұйымдастыру ұстанымдары



бет5/9
Дата06.03.2023
өлшемі44,63 Kb.
#171252
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция

Л7 Арнайы сыныптардың қызметін ұйымдастыру ұстанымдары
Жалпы білім беретін мектептерде түрлі кемтарлық бойынша ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушылар үшін арнайы сыныптар ашу туралы шешім білім беру саласындағы жергілікті атқарушы ұйымдармен қабылданады. Бала арнайы сыныпқа заңды өкілдің өтініші жәнепсихологиялық-медициналық – педагогикалық кеңестің (ПМПК) оқу бағдарламасы көрсетілген тұжырымдамасы негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен қабылданады. Арнайы сыныптар қажетті Арнайы жағдайлар (материалды, кадірлік,оқуәдістемелік) жасалғанда ғана ашылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырында бекіткен №499 қаулысымен бекіткен жалпы білім беру ұйымдар (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің Үлгілік ережелеріне сәйкес жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың барлық санаттары үшін ашылуы мүмкін: − есту қабiлетi бұзылған (нашар еститiн және естiмейтiн); − көру қабiлетi бұзылған (нашар көретiн және көрмейтін); − сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар; − тірек-қозғалыс аппраты бұзылған; − психикалық дамуы тежелген; − жеңіл ақыл-ой кемістігі бар; − орташа ақыл-ой кемістігі бар; Арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру ұстанымы оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктері сәйкес сапалы білім алу құқтары ұстанымы негізінде іске асырылады. Негізгі ұйымдастыру ұстанымдарына келесіні жатқызуға болады: 1) оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін ескеру; 2) орта білім беру ұйымдарында арнайы білім беруге жағдай жасау; 3) ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялықпедагогикалық қолдауды іске асыруда командалық тәсіл; 4) арнайы сыныпта оқитын оқушылардың кез-келген оқыту кезеңінде жалпы білім беруге бірігуі. Оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін есепке алу Арнайы педагогикада «ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар» терминінің мазмұны, қалыпты даму жағдайындағы қоғамда жаппай білім беруге дәстүрлі және қабылданған тәсілдермен қол жетізуді көздейтін мәдени даму міндеттерін шешуді «айналма жолдармен» жүзеге асыруды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалар түсінігімен мағыналас болып келеді . Қазіргі заманауи ғылыми көзқарастар мен зерттеулер даму мүмкіндігі шектеулі балалардың әртүрлі категориялары үшін ортақ, жалпы білім беруге қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен, арнайы педагогикалық қолдау мен оқытудың бастапқы кезеңі тұрғысынан алып қарағанда – бұл бала дамуындағы бұзылыстарды анықтау мен мақсатты оқытубасталуының сәйкес келуіне деген қажеттілік.Егер есту немесе көру бұзылыстары балаөмірге келген бастапқы айларда анықталса, онда оқыту да өмір сүруінің бірінші айында басталуы керек. Біздің елде қалыптасқан бала дамуындағы ауытқуларды анықтау жүйесінде мұндай бұзылыстардың бала мектепке барған кезде ғана анықталуы мүмкін. Осыған байланысты даму ерекшелігіне сәйкес оқушылардың қиындықтарын дұрыс тұжырымдауға және білікті көмек көрсете білуге дайын болу үшін жалпы білім беретін мектептердегі педагог кадрлардың кәсіби құзыреттіліктерін кеңейту қажет болады. Ауыр жағдайларда педагог мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызмет мамадарының көмегінежүгінуі тиіс. Оқушының ата-аналарын психологиялық-медициналық –педагогикалық кеңес (ПМПК) мамандарының білікті кеңесін алуға көндіре білудің де аса маңызды екені белгілі. Білім мазмұны тұрғысынан қарағанда, бұл қажеттілік – қалыпты даму үстіндегі оқушыға берілетін білім мазмұнына кірмейтін, арнайл оқыту бөлімдерін енгізу (мысалы, естімейтін, нашар еститін,кейiннен естімейтін болып қалған балаларға есту-көру немесе көру арқылы тілді қабылдауды дамыту бойынша сабақтар өткізу, өз тәртібі мен қоршаған ортадағы адамдармен қарымқатынас жасауды өзбетінше саналы реттеу механизімін қалыптастыру және т.б). Бұл сұраныс қарастырып отырған санаттағы оқушыларды оқыту тәжірибиесіне Арнайы және бейімделген оқу бағдарламаларын, сонымен қатар түзету кезеңіндегі бағдарламаларды енгізу арқылы қанағаттандырылады. Арнайы және бейімделген оқу бағдарламалары мазмұндары оқушының мектепке дейінгі оқу мен дамуындағы олқылықтарды толықтыруға бағытталған болса, түзету кезеңіндегі бағдарламалар мазмұны оқушылардың дамуындағы ауытқуларды қалпына келтіруге немесе жеңуге бағытталған. Бұл ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды Арнайы пәндер цикіліндегі (жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін) және даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың барлық санаты үшін түзету пәндерін (үлгілі оқу жоспарлары) қамтитын Арнайы оқу жоспарларымен оқытуды көздейді. Оқыту құралдары мен әдістер тұрғысынан алғанда,бұл – «айналмалы жолдарды» құруға, айрықша оқыту құралдарын қолдануға, қалыпты дамудағы оқушылармен салыстырғанда, бұл балалар үшін анағұрлым қажет болатын, даралап, «қадамдап» оқыту тәсілдерін құруға(мысалы естімейтіндерді оқытуда 9 дактилологиялық және ым-ишараттық сөйлеу тілін қолдану, көрмейтіндерді оқытуда Брайльдің рельефті-нүктелік шрифті қолдану, естімейтін балаларды жазу мен оқуға ерте үйрету) деген қажеттілік. Дамуында мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды оқытуда Арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдану, заманауи техникалық құралдар мен АКТ қолдану тәсілдері Арнайы педагогикада, оның бөлімдерінде әзірленген:сурдопедагогикада, тифлопедагогикада, олигофренопедагогикада, логопедияда және оқу пәндерін оқытуда Арнайы әдістер. Бұл әдістер мен тәсілдер жалпы білім беру мұғалімдерінің игілігі болу керек, ол үшін педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары арқылы Арнайы дайындықтан өтулері, сонымен қатар тұрақты негізде жалпы білім беру педагогтерін кәсіби кеңестік қолдау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет