Лабароториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау



Дата26.01.2022
өлшемі27,72 Kb.
#114859
түріҚұрамы
Байланысты:
(1)


Лабароториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау
Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоцитердің , тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Терінің тесетін жерлері: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған садақ-скарификаторын, мақта шариктерін, қолғаптарды, тері антисептигін, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

Мейірбике зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу туралы алдын ала науқасқаескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді.


Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.


Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Тері антисептигіне ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғаптарды киіңіз.


Сол қолыңызбен науқастың сол қолының 4 саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады.


Тесілетін жерді тері антисептигінеылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және оның кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.


Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейінжылжытып теріні тесіңіз.


Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері сызығы бойына орналасқан тілік жылдам түседі. Тілікті тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды.


Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз.


Әрбір қанды зерттеу үшін жаңа тамшыдан жинайды.


Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз.


Қолданылған құралдарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту:

қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалыңдап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады;


ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.

Науқастарды  зерттеудің түрлі  әдістері  бар. Соңғы кездері  олардың сандары  күннен күнге көбейіп  келеді. Зертханалық  әдістерді  жүргізу үшін  түрлі  аспаптар  мен құралдар  және  арнайы дайындық  алған медицина  қызметкерлер «дәрігер- лаборант, техниктер, қажет. Клиникалық  және зерттеулік  практикада аспаптық  және  зертханалық   әдістерді  кеңінен қолдану, ауруларды тереңірек  зерттеуге , бүгінгі  күнге  дейін белгісіз  ауруларды  ашуға, сонымен қоса  аурулардың  ерте диагностикасын жүргізуге мүмкіндік  береді.  Кейбір зерттеулер барлық пациенттерге жүргізіледі, ал кейбіреулері диагнозына қарай қатаң көрсетпелермен жүргізіледі.

Нәжісті тексеру арқылы ас қорыту мүшелеріндегі патологиялық функционалдық өзгерістерді, нәжіс құрамында  болатын  құрттарды, паразиттер, басқада аурулар  анықталады. Лабораторияға нәжісті қағазбен, картон не сіріңкенің қораптарымен жіберуге болмайды. Ыдыстың сыртында пациент фамилиясы, аты жөні, жатқан бөлімшесі мен палатасы, зерттеу мақсаты мен жіберіп отырған адамның қолы қойылған жолдама заттаңбасы болуы тиіс

Зертханалық зерттеу әдістері пациенттерді зерттеудің өте маңызды қосымша әдістерінің бірі болып саналады. Кейбір жағдайларда лабораториялық мәліметтер диагноз қоюда,пациенттің жағдайын бағалауда шешуші рөл атқарады.

. Нәжісті зерттеуге алу әдістері туралы  түсінік

Науқастарды  зерттеудің түрлі  әдістері  бар. Соңғы кездері  олардың сандары  күннен күнге көбейіп  келеді. Зертханалық  әдістерді  жүргізу үшін  түрлі  аспаптар  мен құралдар  және  арнайы дайындық  алған медицина  қызметкерлер «дәрігер- лаборант, техниктер, қажет. Клиникалық  және зерттеулік  практикада аспаптық  және  зертханалық   әдістерді  кеңінен қолдану, ауруларды тереңірек  зерттеуге , бүгінгі  күнге  дейін белгісіз  ауруларды  ашуға, сонымен қоса  аурулардың  ерте диагностикасын жүргізуге мүмкіндік  береді.  Кейбір зерттеулер барлық пациенттерге жүргізіледі, ал кейбіреулері диагнозына қарай қатаң көрсетпелермен жүргізіледі.

Нәжісті тексеру арқылы ас қорыту мүшелеріндегі патологиялық функционалдық өзгерістерді, нәжіс құрамында  болатын  құрттарды, паразиттер, басқада аурулар  анықталады. Лабораторияға нәжісті қағазбен, картон не сіріңкенің қораптарымен жіберуге болмайды. Ыдыстың сыртындапациент фамилиясы , аты жөні, жатқан бөлімшесі мен палатасы, зерттеу мақсаты мен жіберіп отырған адамның қолы қойылған жолдама заттаңбасы болуы тиіс.

Нәжістің маңызына  сипаттама.

Нәжіс тоқ ішекте түзіледі және қорытылмаған, негізінен өсімдік клетчаткасынан тұратын қалдықтардан тұрады. Нәжісте тірі және өлі микробтар болады. Нәжістің құрамы тағамның сипатына  және ас қорыту жолының қызметіне байланысты.

Нәжістің жалпы  анализі нәжістің  физикалық    қасиеттерін тексереді, химиялық және  микроскопиялық  зерттеулер жүргізеді. Жалпы талдау үшін  нәжісті құрғақ , таза мүмкін болса, шыны ыдысқа жинау қажет.

Нәжістің мақсаты ас қорыту мүшелеріндегі патологиялық,   өзгерістер болса,  және басқада   ауруларға күдік болған жағдайда.

Зерттеу нәтижелері науқасты дұрыс дайындауға, материалды дұрыс жинау, сақтау және тасымалдауға тікелей байланысты.

Нәжісті бөлінгеннен 8-12 сағатқа дейін, 3-5С  температурада сақтаған жағдайда зерттеу қажет, өйткені  бұл тағам    нәжістегі  жасырын қанды  анықтау  реакциясының  катализаторлары  болып есептеледі.

Нәжістің   маңызы: Тәулік бойынша  бөлінетін  нәжістің  мөлшері 120-200гр болады. Өсімдік тектес  ас ішкенде  нәжіс мөлшері  көбейеді. Ал ашыққанда  немесе  белокқа бай ас қолданғанда   нәжістің мөлшері азаяды. Нәжіс  мөлшерінің 1,5 кг-ға  дейін көбеюі  созылмалы энтерит созылмалы, панкреатит  ауруларында кездеседі. Тәулігіне  нәжіс  1-2 рет бөлінеді. Колит энтерит  ауруларында 3-5 рет , дизентерия ауруында  тәулігіне 20 ретке дейін бөлінеді.

Нәжістің  түрі, консистенциясы   оның      құрамындағы  суға  байланысты болады..

Нәжістің қалыпты формасы   шұжық тәріздес, біркелкі  массалы болады. Патологиялық  жағдайда нәжістің  түрі өзгереді. Спастикалық колит  кезінде  нәжіс  қой  құмалағы түрінде,тік ішек  обырында     лента тәріздес  болады.  Нәжістің түрі қалыпты жағдайда  қоңыр болады. Сүт  тағамдары мен тамақтанғанда  ашық сары болады.  Патология кезінде  жалпы  өт өзегі  таспен  бітелгенде  нәжіс  тұрақты түрде  түссіз болады, А-вирусты гепатит кезінде  уақытша  түссіз  болады,  асқазаннан қан кеткен кезде  қара түсті болады. Іш сүзегі  кезінде  күріш  қайнатпасын  еске салады. Темір  висмут  қабылдағанда  қара  түске  боялады.

Нәжіс  спецификалық иісті болады. Өте мүңкіген  иісі шіріген  диспепсия  кезінде, обыр ыдырауында  байқалады. Кілегей  нәжісте  әрең байқалатын  қабат ретінде  болады. Энтерит кезінде   ол ұсақ тамшы  ретінде көрінеді. Ал  сигмоидит, колит кезінде  түйір  ретінде  байқалуы мүмкін. Паразиттер  нәжіс    құрамында  көзбен  көріну  мүмкін (аскарида, острица).

 

Нәжісті копрологиялық зерттеуге жинау мақсаты, ерекшеліктері.



Копрологиялық зерттеу –асқазан-ішкек  қызметін бағалауға   мүмкіндік береді. Нәжістің жалпы  анализі  нәжістің физикалық  қасиеттерін тексереді . Химиялық  және  микроскопиялық  зерттеулер жүргізеді. Жалпы талдау үшін  нәжісті құрғақ, таза шыны ыдысқа жинайды. Нәжісті бөлінген уақыттан бастап 8-12 сағат  аралығында  зерттеу керек.

Зерттеу нәтижелері науқасты дұрыс дайындауға, материалды дұрыс жинау, сақтау және тасымалдауға тікелей байланысты. Тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дэрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Певзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы болады. Клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.

Капрлогиялық зерттеудің қалыпты көрсеткіштерінде нәжісте қан, ірің, паразиттер болмау керек.

Ішекті дисбактериозға, копрограммаға материал (нәжіс), ішекқұрт жұмыртқаларына және қарапайымдарға зерттеулер антибактериалды және химиятерапиялық препараттармен емделу алдында жиналады. Зерттеу үшін жаңадан шығарылған нәжісті жинайды.

Зерттеуге 3-4 күн қалғанда іш жүргізетін препараттарды, майсана және вазелин майларын қабылдауын тоқтату, ректалды шамдардың енгізуін тоқтату қажет. Клизмадан кейін, сондай ақ барийді қабылдағаннан кейін (рентгенді тексеруде) алынған нәжіс зерттеуде қолданбайды.

Анализді жинар алдында унитазға несеп шығарыңыз, содан соң кәдімгі нәжіс шығару арқылы нәжісті таза ыдысқа жинаңыз, нәжістің соңғы бөлшегін жинаған жөн (несеп араласып кетпеуін бақылаңыз). Ыдыс алдын ала тазартылады, қайнаған сумен бірнеше рет жақсылап жуылады және ыстық сумен шайылады.

Нәжіс таза, бұралмалы қақпағы мен контейнердің 1/3 бөлігінен артық аспайтын қасығы бар бір реттік контейнерге жиналады. Материал зертханаға анализді жинаған сәттен 3 сағаттан кеш болмайтын уақытта жеткізіледі, биоматериалды қабылдау кестесіне сәйкес (08:00-ден 10:00-ге дейін). Белгіленген уақыт аралығында материалды суықта (температура +2 +8. Қатқызбау!) ұстаған жөн.

Контейнерде сіздің аты-жөніңізді, инициалдарды, тұған күніңізді, күнін және материалды жинау уақытын жазу қажет, жазба түсінікті болуы керек. Жолдама бланкінде міндетті түрде диагноз, аурудың басталған күні мен антибиотиктерді қабылдау туралы ақпарат жазылуы тиіс. Материалды алу барысында стерильдікті сақтау қажет. Мүмкіндігінше материалды зерттеуге жинау антибиотиктерді тағайындар алдында жасалуы тиіс (егер мүмкін болмаған жағдайда препаратты тек 12 сағаттық тоқтатудан кейін).

Орындауға міндетті шарттар:

Қатқыздыру болмайды;

Ұзақ уақыт сақтау болмайды (3 сағаттан астам уақыт);

Еш көліктік орта жағымсыз;

Контейнер қақпағының ашық болуын болдырмау;

Ең соңғы уақытта жиналған биоматериал зерттеуге жатпайды.

Зертханалық зерттеулерге зәрді алу Зәрді зерттеуге алу: - жалпы зерттеуге жинау; - Нечипоренко бойынша ; - Зимницкий бойынша зәр анализі; - Ацетон және кетонға анализ; - Диастазаға зәр; - Зәрді қантқа тексеру; - Амбюрже бойынша зәр анализі; - Аддис-Каковский бойынша; - Уробилин және өт пигментіне

Зәрді зерттеу зәрдің физикалық қасиеттерін, химиялық құрамын, тұңба микроскопиясын анықтауға көмек береді және бүйректердің жағдайын және олардың қызметін анықтайды, сонымен қатар басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдануын көрсетеді. Сондықтан зәрді зерттеу науқасты жалпы тексерудің негізгі бөлігі болып саналады. Зәр жиналғаннан кейін 1 сағат ішінде зертханаға жіберу керек. Зәрге арналған ыдыс мұқият жуылған болуы керек. Егер зерттеуді дереу өткізу керек болса жолдамаға « cito!» деп жазу қажет. Несепті жалпы зерттеуге жинау Жалпы анализга түсін, мөлдірлігін, несептің тығыздығын, меншікті cал- мағын, оның реакциясы мен патологиялық элементтері барын анықтау жатады. Керекті заттар: таза шыны ыдыс, антисептикалық ерітінді немесе қайнаған жылы су, заттаңба.

Зертханалық зерттеулерге нәжісті алу Нәжісті лабораториялық зерттеу: - копрологиялық зерттеу; - нәжісті глист жұмыртқаларына тексеру; - нәжісті жасырын қанға тексеру; - нәжісті қарапайым құрттарға тексеру; - нәжісті бактериологиялық зерттеу; - нәжісті диз топқа тексеру;

Зертханалық зерттеулерге қанды алу. Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар: жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық. Қанды жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты - қандағы пішінді элементтердің (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) сапасын және мөлшерін анықтау, гемоглобин (Нв) мөлшерін, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау. Қанды биохимиялық және иммунологиялық зерттеуге мейірбике егу бөлмесінде таңертең ашқарынға күре тамырдан 5-7 мл мөлшерде таза құрғақ пробиркаға алады, жолдамамен клиникалық лабораторияға жіберіледі. Қанның клиникалық анализі –мейірбике кешке қарай науқасқа жалпы қан анализін аш қарынға алатындығын түсіндіруі қажет.



Бүйрек ауруларын диагностикалауда аспаптық зерттеу әдістері кең ауқымда қолданылады. Оларға келесі визуализациялық зерттеу әдістері жатады: 1.Ультрадыбыстық зерттеулер; 2.Рентгенологиялық әдістер (көктамырлы немесе экскреторлы урография, ретроградты пиелоуретерография, компьютерлік томография, ангиография, цистография); 3.Радионуклидті зерттеулер (радиоизотопты ренография, динамикалық және статикалық нефросцинтиграфия, радиоизотопты урофлоуметрия); 4.Магниттік-резонансты зерттеулер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет