Лаборатория жұмысына даярланғанда және оларды орындағанда сақтыққа қажет қауіпсіздік техникасы ережелері



бет1/4
Дата03.07.2020
өлшемі17,94 Kb.
#74871
  1   2   3   4
Байланысты:
Лабораториядағы қауіпсіздік техникалары


Лаборатория жұмысына даярланғанда және оларды орындағанда сақтыққа қажет қауіпсіздік техникасы ережелері

Химиялық реактивтердің аз мөлшерімен тәжірибе жүргізу – қауіптілікті азайтады, бірақ қауіпті жағдай болмайды дей алмаймыз. Сондықтан химиялық лабораторияда тәжірибе жасайтын әрбір оқушы да, оқытушы да барлық қауіпсіздік техника ережелерін білу және міндетті түрде орындау қажет.

1. Химиялық лабораторияда жұмыс жасағанда өте сақтықты орындау керек.Ұқыпсыздық, аңқаулық, ынтасыздық, химиялық заттардың қасиеттерін және қондырғылармен жұмыс жасауды білмейтіндік сәтсіз оқиғаға әкелетінін ұмытпау керек.

2. Тәжірибе жасауға тек оқытушының рұқсатымен кірісу керек.

3.  Тәжірибе жүргізгенде, химиялық реакцияға қажетті реактивтер, олардың концентрациясы және мөлшері, қолданылатын ыдыстары – әдістемелік нұсқаудағы, сол тақырыпқа арналған жұмысқа көрсетілгендерге сәйкес болуы керек.

4. Тәжірибені таза ыдыста жүргізу керек.

5. Реактивтерді қолданарда олардың ыдысында жазылған атын ұқыптылықпен оқу керек.

6. Тәжірибе кезінде улы иісті немесе жағымсыз иісті заттар алынған болса (мысалы құрамында галогендер, аммиак, күкіртсутекті т.б. заттар бар немесе қышқылдар ерітіндісін қыздырып, қайнататын болса) ондай жұмысты суырғыш шкаф ішінде жүргізу қажет.

7. Қопарылғыш және тез жанатын заттармен немесе концентрлі қышқылдар, сілтілермен тәжірибе жүргізгенде, қауіпсіздік техника ережелерін орындаумен қатар, тәжірибені отырып емес, тіке тұрып орындау керек. Бөлінген газды және буды жандыру керек болса, әуелі оның тазалығына көз жеткізгеннен кейін ғана орындау керек, әйтпесе газдар қоспасы ауамен араласқанда қопарылуы мүмкін.

8. Реактивтерді құйып жатқанда немесе қыздырғанда ыдысқа еңкейіп, үңілмеу керек, себебі бетке шашырауы немесе сұйықтық қопарылыс беруі мүмкін. Колбаны, пробирканы немесе стаканды қыздырғанда, олардың ауызын өзіне немесе кісі өтетін жаққа қаратпау керек.

9. Егер бөлінген газдың иісін байқау керек болса, онда алыстан буды немесе газды қолмен сілкіп, өзіне қарай ығыстырып иіскеу керек.

10.   Еш уақытта реактивтердің дәмін көруге болмайды, себебі олар негізінен улы заттар .

11.   Реакция жүретін пробиркамен жалғанған газ жүретін түтік қабылдағыш ыдыстағы сұйықтыққа батырылған болса, реакция біткен соң горелканы пробиркадан айыру үшін әуелі газ жүретін түтікті сұйықтықтан суыру керек, егер олай жасамаса, горелканы алғаннан кейін пробирка ішінде қысымның төмендеуімен байланысты, қабылдауыш ыдыстағы сұйықтық газ жүретін түтік арқылы реакция жүрген пробиркаға атылып кетуі мүмкін.

12.   Лаборант отыратын бөлмеде өрт сөндіргіш, құм салған жәшік және аптека болу керек.

13.   Тез тұтанғыш заттарды бензин, эфир, спирт, бензол т.б-ды от, жылу көздерінен алыс сақтау керек. Егер жанып, өрт болған жағдайда асбестпен (егер үстел үстінде болса), немесе құммен жауып сөндіру керек.

14.   Газ горелкаларымен және спиртовкалармен жұмыс жасағанда сақ болу керек. Сәл иісі білінсе, тез газ кранын жауып,барлық жылу көздерін сөндіру керек. Газ кранын ашпас бұрын сіріңке жағып, ауада газ жоқ екенін анықтау қажет. Жанып тұрған спиртовкаға қисайтып, екінші спиртовканы тұтандыруға болмайды. Спиртовканы өшіру үшін оны өзінің қақпағымен жауып өшіру керек.

15.   Егер лабораторияда өрт шықса, тез өрт сөндіргіштерді шақыру қажет. Өрт сөндіргіштер келгенше құммен, өрт сөндіргішпен, сумен сөндіре беру керек.

16.   Егер қышқылмен немесе сілтімен бетін, қолын күйдіріп алса, тез бірінші көмекті көрсетіп, онан кейін медпунктке баруына көмектесу қажет.

17.   Қауіпсіздену техника ережелерімен толық танысқаннан кейін, әр танысқан оқушы, оқытушы немесе лаборант арнайы журналға танысқанын білдіріп қолын қояды.

18.   Лабораторияда ақ халат киіп жүреді, халатсыз лаборатория жұмысын жүргізуге болмайды.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет